- •Лекция № 1 – 2 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі(фоә) – педагогикалық ғылым.Оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері.Физиканы мектепте оқытудың негізгі міндеттері
- •Оқу материалын күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау
- •2.Физика сабақтарының түрлері мен құрылымы.
- •Физика сабактарында сынып тақтасына салынатын схемалар мен суреттерді, плакаттарды, кестелерді, диапозитивтерді, диафильмдерді және түрлі модельдерді пайдалану
- •Лекция № 6
- •Лекция №7 Жаңа педагогикалық технологиялар
- •Лекция №8 Оқытудың ақпараттық технологиялары және физиканы оқытудың негізгі сатысы
- •4.Кластан тыс эксперименттік маңызы және оны ұйымдастыру тәсілдері.
- •Лекция № 10 Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемесі
- •3.Лабораториялық эксперименттің маңызы және түрлері.
- •Лекция № 11 Физика бойыгша зертханалық сабақтар
- •Лекция № 12 Физикалық есептерді шығару.
- •Лекция № 14-15 Физика бойынша өтілетін экскурсиялар,факультативтік курстар.
- •Лекция № 1.Заттың құрылысы туралы бастапқы мағлұматтар. Қозғалыс-күштер
- •Молекула туралы дәлелді қалыптастырудың кезеңдері.
- •Молекула туралы алғашқы ұғымдарды түсіндірудің әдістемесі.
- •Масса , күш , салмақ ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесі. Ұғымдарды методологиялық тұрғыдан талдау.
- •Лекция № 3 Атом құрылысы және электростатика элементтері
- •Лекция № 6 Денелердің қозғалыстары мен өзара әсерлесу заңдылықтары
- •Үйкеліс күштері. Сырғанау үйкеліс күші. Домалау үйкеліс күші. Тыныштық үйкеліс күші.
- •Лекция № 7 Механикалық тербелістер мен толқындар
- •Резерфорд моделі.
- •Лекция № 9 Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі
- •Лекция № 10 Мектеп курсындағы молекулалақ физика және оны оқып-үйрену әдістемесі
- •Лекция №11 Термодинамика сұрақтарын оқып-үйрену әдістемесі
- •Лекция № 12-13 Мектеп курсындағы «Электродинамика» негіздерін оқыту әдістемесі
Лекция № 11 Физика бойыгша зертханалық сабақтар
Физика – эксперименттік ғылым.Сондықтан, оқушылардың физика бойынша алатын білімдерінің көзі және физикалық құбылыстарды зерттеу әдісі, физика сабақтарындағы негізгі көрнекілік физикадан өткізілетін оқу эксперименті деп аталады.
Ол физиканы оқытудағы ең негізгі көрнекі құрал болып саналады.Себебі,оны пайдалану нәтижесінде негізгі физикалық ұғымдар қалыптастырылады, құбылыстар арасындағы өзара байланыстар тағайындалады, физикалық заңдар (Ньютон, Ом ) тексеріледі.
Физикалық оқыту экспериментінің оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке ,қиыншылықты жеңе білуге , іздекнушілікке , бақылай білу ептілігін дамытуға , политехникалық дағдыларын қалыптастыруға күшті әсер ететіндей тәрбиелік маңызы да зор.
Ұйымдастыру формасына қарай физикалық оқыту эксперименттерінң жүйесі 6 түрден құрылады:
1)демонстрациялық эксперимент
2)лабораториялық эксперимент
3)физикалық практикум
4)кластан және мектептен тыс жүргізілетін эксперимент
5)эксперименттермен есеп шығару
6)қолдан физикалық приборлар мен көрнекілік құралдар жасау
Лекция № 12 Физикалық есептерді шығару.
Физикалық есептердің түрлері
Есеп шығару физиканы оқыту процесінің бөлінбес құрамдас бөлігі, себебі ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдерінде және кластан тыс жұмыстарында кездеседі. Есеп шығару физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері ретінде әр жақты мағынада қолданылады. Әр сабақтың өзінде физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар: 1). Оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заңдар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады. 2) Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірмен байланысына қажеттенеді.3) Оқушыларды тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, төзімділігіне үйретеді. 4). Шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. 5) Оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді. 6). Сабақта проблемалық ситуация қойып, оны шешуге жәрдемдеседі. 7). Физикалық құбылыстар мен теорияларды талдауға, олардың арасындағы байланысты анықтауға жәрдемдеседі. 8). Оқушылардың білімдерін, дағдыларын жүйеге келтіріп дамытады. 9). Пән аралық байланысты күшейтуге ықпал етеді. 10). Оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан физикадан есеп шығару бағдарлама және емтихан талаптары бойынша міндетті түрде қолданылатын оқыту әдістерінің негізгілерінің біріне саналады.
Физиака есептерін шығару арқылы мұғалім оқушының білімін тексереді, бағалайды, үйде өз бетінше жұмыс істетеді, олимпиада мен конкурстарды ұымдастырады.
Физика есептері мазмұнына қатысты физиканың жеке тарауларына қарай және тарихи, политехникалық мазмұнды, қызықты , шығармашылықты, экспериментті, кешенді болып бөлінеді.
Эксперименттік есептер мынадай болып келеді:
“Пружинаны белгілі масштаппен теңдей өлшем бірліктеріне бөліп, оның ұзаруы мен оған түсірілген күштің байланыстылығын көрсететін формуланы өрнекткңіз”.
Қызықты физикалық есептер көп кездеспейді.
Шығармашылық есептердің ерекшелігі зерттеушілік (неге деген сұраққа жауап беретін) және конструкторлық (қалай істеу керек?) болып екіге бөлінеді.
Өндірістік техникалық мазмұнды есептер физика саабқтарына көп шығарылады:
Есептердің 2-3 түрі бірігіп келсе, оны аралас есеп деп атайды. Олар көп кездеседі.
Барлық физикалық есептер берілу шарты бойынша текстік, эксперименттік, графиктік, суретік есептерге бөлінеді. Дидактикалық мақсатта олар қарапайым жаттығу, күрделі есептер болып саналады.
Қарапайым есептер 1 – 2 формула мен заңдылықтарды, жеңіл экспериментті пайдалану арқылы шығады.
Жаттығу есептері көбінесе жаңа материалдарды бекіту сұрақ ретінде шешіледі.
Қиын есептерді шығаруда бірнеше бөлімдердің заңдары мен формулалары , қорытындылары пайдаланылады.
Шығару әдістеріне қарай сандық, саналық, графиктік, эксперименттік есептер деп бөлінеді.
Математикалық түрлендірулер мен есептеулердің жәрдемімен шешілетін есептер сандық есептер деп аталады.
Ал сапалық есептерде қарастырылатын құбылыстың тек функциялық мәні ғана ашылады (мыс. алюминиді суға батыр, оларға әсер ететін күш бірдей бола ма?)
Есепті шығаруға қажетті мәліметтерді графикті талджаудан алатын болсақ, ондай есептерді графиктік есептер дейміз. Мысалы:”Графиктеріне қарай қозғалыс түрлерін анықта”.
2. Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі
Физика есептерін шығарудың тәсілдерінің мынандай түрлері бар:
1.Арифметикалық тәсілде сеептер математикалық теңдеулер құрылмай, арифметикалық амалдар жәрдемімен сұрақтар қою арқылы шығарылады.
2.Алгебралық тәсіл физикалық формулалар негізінде математикалық теңдеулер құру арқылы есептер шығарғанда қолдданылады.Күрделі, қиын есептердің көбісі осы тәсілмен шығарылады.
3.Геометриялық тәсіл физикалық есептерді шығаруда фигуралардың геометриялық және тригонометриялық қасиеттерін қолдану қажет болған жағдайда пайдаланады. Мұндай тәсіл кинематика, статика, электростатика, фотометрия, геометриялықоптика тарауларында есептер шығаруда көп қолданылады.
4.Графиктік тәсіл арқылы есептер шығарғанда олардың жауаптары, түрлі графиктерді талдау негізінде алынады.
5.Экспериментті тәсіл бойынша есептер , эксперимент жүргізу нәтижесінде шешіледі.
6.Аналитикалық тәсіл. Есептің мазмұны жеке қарапайым элементтерге жіктеліп , жан-жақты талданып , соның негізінде табуға қажетті шаманы бірден анықтаудың заңдылықтары қарастырылады. Бұндай әдіс кластағы оқушылардың білім дәрежесі жоғары болған жағдайда қолдану тиімді.
7.Синтетикалық әдіс. Шығарғанда есептің берілгендері бойынша қандай шамалардыалдымен табуға болса , соны ретімен анықтап, ең ақырында ғана есептің шешуіне жетеміз. Бұл әдіс аралық кезеңдерді дұрыс талдай білуді талап етеді. Яғни қателесіп кетпеуді. Сондықтан аналитикалық тәсілді жоғары , ал синтетикалық тәсілді төменгі кластарда пайдаланған әдістемелік жағынан тиімді деп есептелінеді.
8.Көп жағдайда физикалық есептер біріккен түрде аналитикалық – синтетикалық тәсілмен де шығарылады, кейде 4-5 тәсілді араластырып кешенді формада да шешіледі.
Лекция № 13 Физикадан оқушылардың білімдерін тексерудің әдістері
Оқушылардың білімдерін тексеру: әдетте тоқсан мен оқу жылы алдында өткізіледі; оқушылардан фронталь сұрау,есеп шығарту, сын жұмысын алу. Сабақтың құрылымын алу:
1)мұғалімнің нұсқаулық кіріспе әңгімесі
2)оқушылардың сын жұмысты немесе жеке тапсырманы орындауы , не сұраққа жауап беруі.
3)сабақты мұғалімнің қорытындылауы т.с.с. болып келеді.
