Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция КАЗ.ФОӘ.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367 Кб
Скачать
☆

Лекция № 14-15 Физика бойынша өтілетін экскурсиялар,факультативтік курстар.

Физиканы оқытудың әдістемесі дамуына байланысты оқытудың әдістемесі мен пелагогикалық еңбек технологиясын жетілдіруде , оқу процессін техникалық жабдықтау кеңейтіп жақсартуда. Қарапайым құмға жасалатын суреттерден оқу теле хабарлар мен оқыту машиналарына дейін оқытудың техникалық құралдарының даму жолы жүреді.

Физиканы оқытудағы келешек жетістіктер оқу процессінде техникалық оқу құралдарын кеңінен қолданумен тығыз байланысты.ТОҚ-на оқу киносы мен телевидение , эпи- , диа-,графопроектор , оқытушы және тексеруші құрылғылар мен жүйелер , радио-видео-дыбыс

жазбалары жатады.ТОҚ мұғалімнің оқушыларға тиімді білім беру мен тәрбиелеуді күшейтуде қолындағы қаруы болып табылады.

Дегенмен ТОҚ-ты барынша құдіретті бәрі соған байланысты деп есептеуге болмайды. Оны қолдану оқытылатын материалдың негізгі ерекшеліктерін мәнерлі көрсетуге , пәннің ерекшелігін анықтауға

мүмкіндік береді.

Физика мұғалімі мектепте қолданылатын барлықТОҚ-тың дидактикалық мүмкіндіктерін және оны қолдануға білуге тиісті.

1) ТОҚ арқылы оқытудың тиімділігі артады.

2)Көрнекілік арқылы түсіндіру жеңілдейді (кино ,диапроектор , теле демонстрация).

3)Өте тез немесе жай өтетін процесстерді , көзбен байқалмайтын құбылыстармен таныстыруға мүмкіндік береді (Мысалы, адамның ашық космосқа шығуын ,салмақсыздықты ,тез өтетін микропроцесстерді).

4)Оқушыларды фундаментальдық физикалық эксперименттермен таныстыруға болады . Мысалы, класта көрсетуге , жасауға мүмкін емес – Штерн , Резерфорд ,Мелликен-Иофф-Стюарт және т.б.

5) Политехникалық білім мәселелерін де шешуге болады . Мысалы , кино және телефильмдер арқылы машиналармен механизмдер конструкциясын, олардың жұмыс істеу физикалық принциптерін . Сонымен қатар экскурсиялық мүмкіндіктерді кеңейтеді (“Механический завод” , ”На оптическом заводе” т.с.с.)

6) Оқушыларға тәрбиелік әсер етуге де болады . Мысалы, осындай мақсатпен ғылыми жаңалықтар мен өнертапқыштардың ашылу тарихы туралы кино- және телефильмдер көрсету.

Барлық ТОҚ аудиофильмдердің және программалық қарапайым ТОҚ-ға статикалық проекциялық құрылғылар жатады.

1)Статикалық экрандық құралдар : оқу кестелері , диапозитивтер , диафильмдер , эпипроекциялар.

2)Динамикалық экрандық құралдар : оқу кинофильмдері мен телепередачалар.

Оқу кинофильмі мен телепередача мұғалім материалын түсіндіруін толықтыру және көзге елестетіп бейнелеу керек болғанда , құбылыстың техникада қолданылуын , экскурсияны алмастыру керек болғанда қолданылады.

Оқу мәселесіне байланысты берілген мәселені шешуге кинофильмнің сабақтағы орны және пайдалану әдісіанықталуы керек , Негізінен кинофильмді көрсету мұғалімнің әңгімесі ,сөйлеп түсіндірумен , тәжірибені демонстрациялауымен үйлесуі керек. Кинофильмдер

1)тұтас (барлық материалды түгел алады)

2)фрагментарлық (бірнеше үзінділер)

3)кинофрагмент (4-5 мин)

4)кинокольцовка (өте қысқа фрагментті ,қайта-қайта бірнеше рет көрсету керек )

6-семестр . ФОӘ-ң дербес мәселелері