- •Лекция № 1 – 2 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі(фоә) – педагогикалық ғылым.Оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері.Физиканы мектепте оқытудың негізгі міндеттері
- •Оқу материалын күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау
- •2.Физика сабақтарының түрлері мен құрылымы.
- •Физика сабактарында сынып тақтасына салынатын схемалар мен суреттерді, плакаттарды, кестелерді, диапозитивтерді, диафильмдерді және түрлі модельдерді пайдалану
- •Лекция № 6
- •Лекция №7 Жаңа педагогикалық технологиялар
- •Лекция №8 Оқытудың ақпараттық технологиялары және физиканы оқытудың негізгі сатысы
- •4.Кластан тыс эксперименттік маңызы және оны ұйымдастыру тәсілдері.
- •Лекция № 10 Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемесі
- •3.Лабораториялық эксперименттің маңызы және түрлері.
- •Лекция № 11 Физика бойыгша зертханалық сабақтар
- •Лекция № 12 Физикалық есептерді шығару.
- •Лекция № 14-15 Физика бойынша өтілетін экскурсиялар,факультативтік курстар.
- •Лекция № 1.Заттың құрылысы туралы бастапқы мағлұматтар. Қозғалыс-күштер
- •Молекула туралы дәлелді қалыптастырудың кезеңдері.
- •Молекула туралы алғашқы ұғымдарды түсіндірудің әдістемесі.
- •Масса , күш , салмақ ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесі. Ұғымдарды методологиялық тұрғыдан талдау.
- •Лекция № 3 Атом құрылысы және электростатика элементтері
- •Лекция № 6 Денелердің қозғалыстары мен өзара әсерлесу заңдылықтары
- •Үйкеліс күштері. Сырғанау үйкеліс күші. Домалау үйкеліс күші. Тыныштық үйкеліс күші.
- •Лекция № 7 Механикалық тербелістер мен толқындар
- •Резерфорд моделі.
- •Лекция № 9 Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі
- •Лекция № 10 Мектеп курсындағы молекулалақ физика және оны оқып-үйрену әдістемесі
- •Лекция №11 Термодинамика сұрақтарын оқып-үйрену әдістемесі
- •Лекция № 12-13 Мектеп курсындағы «Электродинамика» негіздерін оқыту әдістемесі
Лекция №8 Оқытудың ақпараттық технологиялары және физиканы оқытудың негізгі сатысы
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілеңдіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
• білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
• ақпараттық дәстүрлі әдістері — ауызша және жазбаша, телефон немесе радиобайланыс — қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
• баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінін рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
• мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.
Оқьпу технологиясын жетілдірудін психологаялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
• оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оку мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірнбеде сынап қараудың маңызы зор.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардын басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады:
1. Жоғары деңгейдегі киындықта оқьггу
2. Теориялық білімнің жетекші ролі.
3. Оқу материалын жеделдете оқыту.
4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеуі.
Л.В. Занковтын оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, онын әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың зерттеулері оқу әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оку-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқьпу мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан, танымдық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1. Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күңделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылық бар. Яғни жаңа жағдайдағы «Оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы-мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: Оқьпудын дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат -оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізу алатындай болуы керек.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамьггуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіңдіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Лекция № 9 Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі: әңгіме,баяндау,лекция
Сөйлеу әдісінің жалпы сипаттамасы педагогика курсында беріледі.Бұл жерде біз физика оқу материалдарын ауызша баяндаудың арнайы ерекшеліктерін қарастырамыз.
1.Сөйлеу әдісін қолданудың арнайы ерекшеліктері ауызша баяндаудың (әңгімелесу,түсіндіру,баяндау,телеәңгіме, мектеп лекциясы) физикалық демонстрациямен, графиктер тұрғызу және талдаумен , кестелермен есептің берілгенін талдау және оны шығарумен тығыз байланысты болып табылады.
Әңгімелесу- ауызшы айтудың (баяндау) бір әдісі, бұл орта мектептің барлық кластарында қолданылады.Әсіресе оқытудың бірінші сатысында көбірек қолданылады. Әңгімелесу жаңа
сабақты айтқанда , оны бекіткендн лабораториялық жұмыстардың нәтижелерін талқылағанда , үйде бақылаударды талқылағанда , үй тапсырмаларын тексергенде тиімді. Оқушылар жаңа тақырыпты хабарлау мақсатындағы әңгімелесу (тапқырлық әңгіме) оқушылар байқаған немесе байқайтын белгілі мысалдар , бақылаулар, тәжірибелер,құбылыстарды салыстырудан бастағанда тиімді. Ә!ңгімелесу кезінде мұғалім оқушыларға алдын-ала дайындалып қойылған сұрақтар жиынын қою арқылы жаңа материалды баяндауға қажетті сұрақтарды қайталайды да , олардың назарын әлі белгісіз жаңа құбылыстарға немесе заттың жаңа қасиетіне бағыттайды, олардың білімін кеңейтед және тереңдетеді.Оқушылардың өздеріне қарастырып отырған құбылыстың заңдылықтарын немесе ерекшеліктерін анықтауға және өз беттерінше осы заңдылықтарға анықтама беруге үйретеді.Тапқырлық әңгімелесудің артықшылығы мұнда оқушы заңдылықтарды өзі “ашып” жатқан сияқты сезеді.
Әңгімелесу алдын-ала жоспарланған кезеңдерден тұруы керек.Әрбір кезеңнін мазмұнын әрбір мұғалім алдын-ала ойластыруы қажет. Жалпы алғанда әңгімелесу мына мәселелерді қарастыруы қажет:
1)Әңгімелесудің әрбір кезеңіне жауапты сұрақтар тобының ретті орналасуы мен логикалық дұрыстығына
2)Тәжірибелер мен демонстрациялардың тізімі және оның сабақ барысындағы орны көрсетілуі керек .
3)Тақтаға және оқушылар дәптеріне сызылатын суреттермен жазулардың тізімі.
Баяндау- Әңгімелеуге байланысты айту , диалогпен өлшенбейді. Физика сабағында баяндау тәжірибен демонстрациялау және көрнекілік қралдармен үйлеседі. Бұны барлық кластарда (әсіресе бір сатыда) егер оқушыларда блім қоры болмаған жағдайда әңгіме бастауға негіз жоқ болған кезде қолданылады.Баяндау физикалық заңдар мен құбылыстардың ашылу тарихын , приборды және қондырғыны ойлап тапқанда , атақты ғалымдардың өмірбаянын , техника ғылымының жетістіктерін айтқанда қолданған тиімді.
Физика сабағында баяндаудың әртүрі қолданылады.
Түсіндіру- оны дәлелдеу , түсіндіру , негіздеу керекболғанда қолданылады. Жоғарғы кластарда баяндау мектептік лекциямен ауыстырады. Логикалық құрылымымен және ұзақтығымен сипатталады.
Лекция оқушылардан орнықты назар аударуын талап етеді. Сондықтан лекцияны физиканың қорытынды кезеңінде қолданған дұрыс. Шебер өткізілген лекция дұрыс алынған демонстрациясымен оқушыларға өте күшті әсер етеді. Олардың сабақтан тыс білімін жетілдіруіне ықпал етеді, естігендерін конспектілеуге үйретеді.Лекцияны диктовкама жаздыруға үйретпеу керек , ол оқу процессін төмендетеді, оқушыларды шаршатады және сабақты қызықсыз етеді. Сонымен қатар анықтамаларды диктовкалауға әуестенбеу керек. Себебі , барлық анықтамалар оқулықта бар. Сабақайтқанда мұғалім оқулықты жетекшілікке алу керек , бірақ мұғалім оқулықтағы материалды қайталағаны дұрыс емес , тіпті қәуіпті. Мұғалім оқулықтағы материалды дәлірек толықтырып , бейнелеп және демонстрация жзасап , оны жандандырып түсіндіру керек.
