- •Лекция № 1 – 2 Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі(фоә) – педагогикалық ғылым.Оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері.Физиканы мектепте оқытудың негізгі міндеттері
- •Оқу материалын күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау
- •2.Физика сабақтарының түрлері мен құрылымы.
- •Физика сабактарында сынып тақтасына салынатын схемалар мен суреттерді, плакаттарды, кестелерді, диапозитивтерді, диафильмдерді және түрлі модельдерді пайдалану
- •Лекция № 6
- •Лекция №7 Жаңа педагогикалық технологиялар
- •Лекция №8 Оқытудың ақпараттық технологиялары және физиканы оқытудың негізгі сатысы
- •4.Кластан тыс эксперименттік маңызы және оны ұйымдастыру тәсілдері.
- •Лекция № 10 Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемесі
- •3.Лабораториялық эксперименттің маңызы және түрлері.
- •Лекция № 11 Физика бойыгша зертханалық сабақтар
- •Лекция № 12 Физикалық есептерді шығару.
- •Лекция № 14-15 Физика бойынша өтілетін экскурсиялар,факультативтік курстар.
- •Лекция № 1.Заттың құрылысы туралы бастапқы мағлұматтар. Қозғалыс-күштер
- •Молекула туралы дәлелді қалыптастырудың кезеңдері.
- •Молекула туралы алғашқы ұғымдарды түсіндірудің әдістемесі.
- •Масса , күш , салмақ ұғымдарын қалыптастырудың әдістемесі. Ұғымдарды методологиялық тұрғыдан талдау.
- •Лекция № 3 Атом құрылысы және электростатика элементтері
- •Лекция № 6 Денелердің қозғалыстары мен өзара әсерлесу заңдылықтары
- •Үйкеліс күштері. Сырғанау үйкеліс күші. Домалау үйкеліс күші. Тыныштық үйкеліс күші.
- •Лекция № 7 Механикалық тербелістер мен толқындар
- •Резерфорд моделі.
- •Лекция № 9 Бағдарлы мектепте механиканы оқыту әдістемесі
- •Лекция № 10 Мектеп курсындағы молекулалақ физика және оны оқып-үйрену әдістемесі
- •Лекция №11 Термодинамика сұрақтарын оқып-үйрену әдістемесі
- •Лекция № 12-13 Мектеп курсындағы «Электродинамика» негіздерін оқыту әдістемесі
Лекция № 6
Физиканы бағдарлы мектептерде оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы мектептерінде орта білім беруді жетілдіру туралы тың ізденістің нәтижесінде туған жаңаша төл тұжырымдама бойынша физика пәні 7-9 сыныптар үшін «Физика мен астрономия» болып біріктіріліп өтіледі де, 10-11 сыныптарда гуманитарлық, жаратылыстану, физика-математика бағдарларына арналып әр түрлі оңай және тереңдетілген деңгейлерде саралап (бағдарлы) оқытылу көзделіп отыр. Оған сәйкес физикалық білім берудің стандарты мен тұжырымдамасы жасалынды.
Физика-математикалық және техникалық, химия-биологиялық, гуманитарлық бағыттар бойынша, 10-11 сыныптарда оларға сәйкес аптасына 6,3,2 сағаттан физиканы оқыту көзделіп отыр.
Физика-математикалық, және техникалық бағдарлы сыныптарда іргелі физикалық теориялар мен заңдылықтардың ғылыми негіздерін меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағдарламаның мынадай құрылымы ұсынылған: I. Физикаға логикалық және әдіснамалық кіріспе. ІІ.Механика (1.Кинематика; 2.Динамика; 3.Сақталу заңдары). III. Молекулалық физика және термодинамика (І.Молекула-кинетикалық теория; 2.Термодинамика заңдары; 3.Газ, сұйықтар, қатты денелер). IV. Электродинамика негіздері (1.Электр өрісі; 2.Тұрақты электр тоғы; 3.Магнит өрісі; 4.Электрөткізгіштік; 5.Электромагниттік индукция). V. Тербелістер мен толқындар.
Оптика (І.Механикалық тербелістер; 2.Электр тербелістері; 3.Электр энергиясын алу және жеткізу; 4.Механикалық толқындар; 5.Электромагниттік толқындар + жарық толқындары + сәулелену және спектрлер). VI. Салыстырмалық теория. VII. Кванттық физика (І.Жарық кванттары; 2.Атомдық физика; 3.Лазерлер; 4.Атом ядросының физикасы.5. Элементар бөлшектер; 6.Әлемнің Физикалық бейнесі). Бұл бағдарлама бойынша әр бөлімге тиісті оқушылардың зерттеу-тәжірибелік зертханалық жұмыстарды орындауы міндетті болып саналады.
Химия-биологиялық бағдар негізінде оқытылатын физика курсы физикалық заңдардың техника мен технологияда қолданылуын, политехникалық мазмұнды қосалқы білімдер мен дағдыларды қалыптастыруды мақсат етеді.
Гуманитарлық бағыттағы сыныптарда оқытылатын физика курсының да ерекшеліктері бар: 1) физиканың жалпы ғылыми әдіснамасы туралы түсінік беру; 2) табиғаттың бірлігі мен сан қырлылығын ұғындыру. Осы принцип тұрғысынан физикалық білімнің жүйесі мынадай құрылымда құрылған: I.Физикалық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері. II. Классикалық механика - алғашкы іргелі физикалық теория. III. Молекулалық физика мен термодинамиканың элементтері. IV. Электродинамика туралы негізгі ұғымдар. V. Бөлшектер мен толқындар. VI. Әлем және оның эволюциясы, адамзаттың болашағы (олардың толық мазмұнымен келтірілген соңғы әдебиеттерден танысуға болады).
Мұндай вариативті бағдарламалар жасау - республикамызда істелінген алғашқы әрекет. Демек, мұны физика бағдарламасының нарығын жасаудың бастамасы деп түсінуіміз керек. Дамыған басқа елдерде әр пән бойынша (оннан астам) бағдарламалар мен оқулықтардың нарығы әлде қашан-ақ жасалынған. Біздің де сондай дәрежеге жетуден үмітіміз үзілмей, ондай әдістемелік жоғары деңгейге көтеріліп, бұл ұсынылып отырған тұңғыш толтума вариативті бағдарламалар басқалардың да жаңаша нарықтық ұмтылыс жасауына септігін тигізеді деп сенеміз.
