Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆
  1. Білімділік: Дыбыс және әріп туралы білімін тиянақтау;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу. Қазақ тілі пәніне қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, назарларын сабаққа аудару.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 13-жаттығу. Бүгін – әжеңнің туған күні. Әжеңе ашық хат әзірлеу үстіндесің. Өз құттықтауыңды қандай сөзбен бастайсың? Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: Сөз неден құралады? Дыбысты біз не істейміз? Әріпті біз не істейміз? Дыбысты біз естиміз, айтамыз. Әріпті біз көреміз, жазамыз. Дыбыс әріп болып таңбаланып жазылады. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қазақ алфавитінде неше әріп, неше дыбыс бар?

1-жаттығу. Сөздерді оқы.

Отан, ар, ана, ақыл, дана, ұят, намыс, ес, жер, ер, қоян, фильм, ою.

  • Сөздерді дыбыс санына қарай бағандарға топтап жаз.

Мысалы: Ұят сөзінде қанша әріп және қанша дыбыс естіледі. 3 әріп болғанымен 4 дыбыс естіледі. Неге 4 дыбыс? Ұят болып жазылады. Ұйат болып естіледі.

І. Отан, ақыл, дана, ұят, фильм

ІІ. Ар, ес, ер

ІІІ. Ана, жер, ою

ІҮ. Намыс, қоян,

2-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

Отан

Отанды біз атамекен Отанды жас, кәріміз де

Деп аялап атаймыз. Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені оны мекен атамыз. Туып өмір сүреміз.

Өлеңнің соңғы екі жолындағы сөздердің дауысты дыбыс әріптерінің астын –бір, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын екі рет сыз.

3-жаттығу. Берілген буындардан сөздер құрап оқы.

Тырна, күн, арба, панда, ауыл, мекен, пана, заты, ардагер, азамат,

Ү. Бекіту: 4 –жаттығудағы сөздерді оқы.

Жүген, сағалдырық, тоқым, аткөрпе, қанжыға, үзеңгі бау, ауыздық, терлік, тізгін, үзеңгі, қамшы, ер.

  • Ат әбзелдерін әліпби (алфавит) ретімен жаз.

  • Әліпби туралы не білесің?

5-жаттығу. Берілген сөздерді оқы. Олар қалай естіледі?

Хабар, жүзім, театр, жүйрік, қадірлі, беймаза, жауынгер, қарағай, дәптер, қызмет, егінжай.

  • Сөздерді кестеге орналастыр.

Жуан айтылатын сөздер

Жіңішке айтылатын сөздер

Жуан-жіңішке айтылатын сөздер

Қарағай

Жүйрік

Егінжай

Хабар

Жүзім

Қадірлі

Қызмет

Дәптер

беймаза

ҮІ. Қорытындылау 6-жаттығу. Дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерін топтап жаз.

Жуан дауыстылар:а,о,ұ,ы,у. Жіңішке дауыстылар:ә,ө,ү,і,е,и,у,э.

Үнді дауыссыздар: л,м,н,ң,р,й,(у) Ұяң дауыссыздар:б,в,г,ғ,д,ж,з.

Қатаң дауыссыздар:к,қ,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 9- жаттығу, 13-бет.

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Дыбыс және әріп 10-18 жаттығу.

Мақсаты: