Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

36 Жаттығу.Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Құдықтан, суға, төлдерді, үйге, ойнап.

37-жаттығу. Жұмбақтардың шешуін тап.

Жалтыраған бөркі бар,

Жарқыраған көркі бар.

Қарны тойса,

Бой көтереді.

Қарны ашса,

Жата кетеді.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ . Бекіту: 38-жаттығу Түбір сөз бен қосымшалы сөзді сәйкестендір.

Ерін-ерні, ерік-еркі, орын-орны, халық-халқы, тап-тауып, шап-шауып, жап-жауып.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіріңдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 39-жаттығу. 125-бет. Футбол, хоккей, баскетбол сөздерін қатыстырып әңгіме құрастырып жаз.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: ------------------

Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға бір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздердің түбірлес сөздер деп аталатынын түсіндіруге, түбірлес сөздерді таба білуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілік, еңбек, ақыл-ой тәрбиесіне баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 39-жаттығу Суреттегі спортшылар кімдер?

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 40-жаттығу Берілген ертегіні оқу, кітап, кітапша сөздерінің мағынасын ашу, ұқсастық пен айырмашылығын айту. Ертегіні қиялдарына қарай жалғастыру. Білгішбектің айтқанын есте сақтау: кітап, кітапша және кітапхана, кітапханашы – түбірлес сөздер. Кітап деген бір түбірден бірнеше туынды сөз жасалып тұр.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу 41-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазу, жазған сөздердегі түбір сөздердің астын сызу: су, суат, сушы, сулы, сусын, сулық. Барлығының түбірі қандай сөз? Демек бұл сөздер қалай аталады?

42 жаттығу. Түбірлес сөздерді топтап жазу.

Ойын

Бала

Жұмыс

Бас

Ойыншы, ойна, ойыншық.

Балақай, балақан, балалық.

Жұмысшы, жұмыскер,

Бастық, басқар, басшы

43-жаттығу. Өлеңді оқу, мазмұнын ашу, жаттау, жазу. Түбірлес сөздер: аспаз, асхана, аспазшы, ас, астың.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ . Бекіту: 45-жаттығу Берілген жұрнақтар арқылы түбірлес сөздер жасау:

гіш

. ...

гір

лық

. ...

шы

лы

. ...

лық

Үлгі: біл-гір, біл-гіш. Оқу-лық, оқу-шы. Бала-лы, бала-лық.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіріңдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 44-жаттығу, 129-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: ------------

Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті кеңейтуге, олардың бір-бірінен өзгешелігі неде екенін білдіруге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 44-жаттығу Мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздерді (кітапханаға-кітаптарды, спорт-спортшылар, футбол-футболшылар) сөздері түбірлес сөздер болып табылады ма?

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру «Үйрек анаға өз балапандарын табуға көмектес» ойынын ойнату. Ойын шарты: түбір сөзге тиісті жұрнақты табу.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

46-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазу. Түбірлес сөздерді табу: шежіреші, шежіре, шежіресін. Мағынасын ашу.

47-жаттығу. Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жасау.

48-жаттығу. Суретпен жұмыс, түбірлес сөздерді: оқу, оқушы, оқулық, оқуға.

49-жаттығу. Сөздер тобын оқу, түбірлес сөздерді табу, әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгілеу.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: 50-жаттығу. Суретпен жұмыс. Сұрақтарға жауап бере отырып, түбірлес сөздерді табу: дәріхана, дәрігер, дәрі.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіріңдер.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 51-жаттығу, 129-бет.

ІХ. Оқушыларды

Бағалау.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:-----------------

Тақырыбы: Түбір сөз және туынды сөз

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті кеңейтіге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 51-жаттығу, 129-бет. Жұмбақты шешу, жұмбаққа жауап болатын сөзге түбірлес сөз болатын сөздерді көшіріп жазу.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 52-жаттығу. Түбірлес сөздерді теріп жазу, мағынасын түсіндіру: өнер, өнерпаз, өнерлі. Неліктен бұл сөздерді түбірлес сөздер деп атаймыз?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

53-жаттығу. Нұрхан Жанаевтың өлеңін оқу, жаттау, жазу, түбірлес сөздердің астын сызу.

Тасты жонып қашаған,

Әсем мүсін жасаған.

Мүсінші аға өнерін

Өте жақсы көремін.

54-жаттығу. Әңгімені түсініп оқу, мазмұнын айту. Түбірлес сөздерді табу, басқа түбірлес сөздермен толықтыру: ән, әнші.

55-жаттығу.Жұппен жұмыс. Оқушылар бір-бірімен түбірлес сөздер айта отырып жарысады.Мысалы: білім, білімді, білгіш; сый, сыйлы, сыйлық; сән, сәнгер, сәйқой.

56-жаттығу. Артық сөзді табу:

1. Еңбек, еңбекқор, бейнетқор, еңбекші, еңбектен.

2.Тәрбие, тәрбиеші, тәлімгер, тәрбиелі, тәрбиеле.

Неліктен сол сөздерді артық деп есептейсің? Ол сөздердің мағыналары бір-біріне жақын ба?

Білгішбектің айтқанын оқу, түсіну, есте сақтау.

  • Мағынасы жақын сөздер бір сөз табынан болады, ал түбірлес

сөздер әр түрлі сөз табынан бола береді.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ.Бекіту:

57-жаттығу. Сызбамен жұмыс.

Сызбаға сүйене отырып, шаңғышы

сөзінің қалай жасалғандығын түсіндіру.

Шаңғы – түбір, шы – жұрнақ.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мағынасы жақын сөздер бір сөз табынан болады ма? Түбірлес сөздер неліктен әр түрлі сөз табынан бола береді? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 58-жаттығу, 131-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: -------------------

Тақырыбы: Диктант Соңғы алма

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу:

  2. Дамытушылық: Танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

Сөйлем неден басталады?

Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады?

Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?

ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді. Диктантты жазып болған оқушылар іштерінен оқып, мұғалімнің оқуы бойынша тексереді.

Соңғы алма

Күз айы еді. Рысбек ауланы жапырақтардан тазартып жүрген еді. Бір кезде ағаш басындағы жалғыз алмаға көзі түсті. Рысбек ойланбастан алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлап түсті. Ол жылап қалды. Үзіліп түскен алма кірпінің үстінде кетті. (44)

Тапсырма

1. Мәтінде қанша сөйлем бар?

2.Соңғы сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерді белгіле.

3.Алма деген сөзге бірнеш жалғау қосып жаз

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ІҮ. Үйге тапсырма: пысықтау.

Ү. Оқушыларды бағалау: оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:---------------

Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қосымша жалғанғанда түбір сөздің көп ретте өзгермейтіндігін меңгертуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 58-жаттығу, 131-бет. Жаңылтпашты оқу, жатқа жазу, түбірлес сөздердің астын сызу.

Шалғышы. Шалғы алды. Шаңғышы. Шаңғы алды.

Бұл сөздер қандай сөздер болып табылады?

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 59-жаттығуды «Жеміс жинау» ойынын ойнату арқылы орындау. Ойын шарты: күй, жыр сөздеріне тиісті қосымша белгіленген шиені теру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Білгішбектің айтқананын оқу, талдау, есте сақтау.

60-жаттығу. Берілген сөйлемдерді оқу, мағынасын ұғыну, қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жазу: сұңқар – сұңқардай, пингвин-пингвинді, бүркіт-бүркітші, қарлығаш-қарлығашты.

Ережелерді оқу, жаттау.

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшалар да жуан болады. Мысалы: жұмыс+шы+да.

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады. Мысалы: сурет-ші+лер.

ҮІ. Бекіту: 61-жаттығу. Толықтыру тесті ретінде өткізу. Төменде берілген сөздерді –лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер жалғаулардың тиістісімен толықтыр. Қуыршақ..., өсімдік..., құлын..., шағала..., өрмекші..., қыз..., кітап..., жидек..., жүзім....Жуан айтылатын жалғаулардың астын – бір, жіңішке айтылатын жалғаулардың астын екі рет сыз.

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады?

Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай қосымша жалғанады? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 62-жаттығу. Суреттегі нәрселердің атына жалғау жалғап жаз. Мысалы: мысықтар, көбелектер. 133-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:----------------

Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болып келуіне қарай қосымшанын да жуан не жіңішке болып үйдесіп жалғанантындығы туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

жан дүниемде күн нұрлы,

жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 62-жаттығу, 133-бет. Берліген суреттегі нәрселердің атына сәйкес жалғау жалғап жазу. Мысалы: мысықтар, көбелектер.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

63-жаттығу.

Өнерпазды, ұстаға, жұлдызды, шолпылы, орақшы.

Зергерлік, киізді, күмісті, шегірткеге, білезікті.

Қарамен берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

64-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, қарамен жазылған сөздерді салыстырып, түбір сөздің соңғы дыбыстарына назар аудару. Кітап – кітабыңның.

65-жаттығу. Жұмбақты оқу, шешуін табу, жатқа жазу. (Өрмекші). Қарамен жазылған сөздердің түбірін табу: сирағы – сирақ; құлағы – құлақ. Неліктен түбір сөздің соңғы дыбысы өзгерді?

Ережені оқу, есте сақтау.

Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап – кітабы, құрық – құрығы, әріп- әрпі.

66-жаттығу. Сөздерге ы, і әріптерінің тиістісін жалғап, көшіріп жазу: бұршағы, кірпігі, көбелегі, құлағы, есігі, жаңғағы, өрігі, сандығы, тол\қылдағы, жарығы, бүйрегі, күрегі. Неліктен түбір сөздің соңғы дыбысы өзгерді?

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: 68-жаттығу. Мақалды оқу, мағынасын түсіндіру. Қарамен жазылған (еңбек, еңбегіне) сөздерді салыстыру.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады? Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай қосымша жалғанады? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 67-жаттығу, 135-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қосымша жалғанғанда сөздердің соңғы дыбысының өзгеретінің меңгертуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

жан дүниемде күн нұрлы,

жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 67-жаттығу, 135-бет.Жаңылтпашты жатқа жазу.Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: күрегі- күрек.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 69-жаттығу. Сәйкестендіру тесті. Берілген қосымшалы сөздерге тиісті түбір сөзді сәйкестендір:

қ ұлақ кітап

ә ріп құрық

кітабы құлағы

құрығы әрпі.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

69-жаттығу жақшының ішіндегі тиістісін қойып мәтінді көшіріп жазу. Неліктен сол әріпті таңдадың? Өзгерген әріптің астын бір, жалғаудың астын екі рет сыз. Неліктен бұл әріптер өзгерді?

70-жаттығуда берілген жұмбақты шешу(түйе), қарамен жазылған сөздердің түбірін табу.

71-жаттығу. Мойны-мойын. Түбір сөздегі ы дыбысы неліктен түсіп қалды?

Халық – халқы, ерік-еркі, құлып-құлпы, орын- орны, бөрік- бөркі.

72-жаттығу мақалды оқу:

Ел көркі – мал,

Өзен көркі – тал.

Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: көркі – көрік. Түбір сөздің жазылуындағы өзгерісті түсіндір.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ.Бекіту: 73-жаттығу Тізбектің басында тұрған сөзді тауып, көп нүктенің орнына жазу:

Жақ – жағу, жағады, жағып.

Сөк – сөгу, сөгеді, сөгіп.

Тақ – тағу, тағады, тағып.

Данияр, отты жақ! Жіпті сөк! Әсел, қуыршаққа шолпы тақ.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 74-жаттығу, 139-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: ----------------

Тақырыбы: Түбір мен қосымшаның жазылуы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға түбір мен қосымшаның жазылуы туралы берілген түсінікті бекітуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 74-жаттығу. Жұмбақтың шешуін табу, қарамен жазылған сөздердің түбірін табу.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

75-жаттығу түбір сөздегі п дыбысының у дыбысына өзгергендігін байқату: сеп-сеуіп, қап-қауып, жап-жауып, кеп- кеуіп,шап- шауып

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

76-жаттығу Берілген сеуіп, кеуіп, тауып сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру:

Далада шаң болмасын деп анам жерге су сеуіп қойды. Күннің астына қойған құрт тегіс кеуіпті. Тауып алған кітаптың иесін Айдос хабарландыру арқылы тапты.

77-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу, Қарамен жазылған тауып, таба сөздердің түбірі тап екендігін тапқызу, түбір сөздегі өзгерісті байқату. Мәтінге ат қойып, ары қарай жалғастыру.

78-жаттығу. Мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

Қарағайдың дәрілік қасиеттері бар.

Қарағай ормандары хош иісті келеді.

Қарағайлы алқапқа

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ.Бекіту: 79-жаттығу сөздердің жұптарын таба отырып көшіріп жазу:

Орны-орын, еркі-ерік, халқы-халық, аулы-ауыл, көркі-көрік, бөркі-бөрік.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 80-жаттығу, 139-бет.

Ата, әже, немере, ауыл сөздерін қатыстырып, шағын әңгіме құрап жаз.

Әңгімеге ат қой.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзім

Тақырыбы: Өзіңді-өзің тексер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға өзіндік жұмыс жаздырта отырып, алған білімдерін тиянақтауға, бағалауға, бақылауға мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 80-жаттығу, 139-бет.

Ата, әже, немере, ауыл сөздерін қатыстырып, шағын әңгіме құрап жаз. Әңгімеге ат қой.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Сөздің түбірі неліктен өзгереді?

Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?

Ал, егер түбірдің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қойымша қандай болады?

Ү. Өзіндік жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

1-жаттығу өлеңді оқып жатқа жазу,Қасқалдақ сөзіне дыбыстық талдау жасау.

2-жаттығу мәтінді оқу оған ат қою, өзінің жазғаныңды оқулықтағымен тексер. Қосымшалы сөз: мойнын.

3-жаттығу мәтінді тиісті қосымшамен толықтыр:

Тоғай іші тып-тыныш. Қарағай мен қайың ақ кимешек киіп алған сықылды. Шыршалар ақ тыспен көмкерілген алып тымаққа ұқсайды. Үлп еткен желден қар құйылып төгіледі.

4-жаттығу Мәтінді оқу, іштей қайталап, жатқа жазуға дайындалу.

5-жаттығу жұмбақты оқу, шешуін табу.

6-жаттығу мәтінді түсініп оқы, төртінші сөйлемді тап. Жаттап, жаз.

ҮІ. Бекіту: Жұбын табу:

ҮІІ. Қорытындылау:

Балалар, бүгін біз не үйрендік?

Түбір сөздегі соңғы әріптің өзгеруін түсіндір. Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:ережелерді қайталау, пысықтау.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 5.02.2015

Тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сөз таптары туралы алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қайталау. Сөздер неден құралады? Олар мағынасына қарай қалай бөлінеді? Мағыналары жуық сөздер дегеніміз не? Мағыналары қарама-қарсы сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 1-жаттығу арқылы сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру: Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді зат есімдер дейміз.

Заттырдың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер етістіктер деп аталады.

Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер сын есім және сан есім арқылы беріледі.

Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар екен? Олар қандай сұрақтарға жауап береді?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

3-жаттығу сөздерді оқу, сұрақтар қойып мағыналарына қарай кестеге орналастыру:

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Жұлдыз, ата, ақын, адам, құс

оқыды, жуынды, жүзді

Көк, үлкен, биік, жасыл.

Екі, жеті, отыз.

4-жаттығу заттың атын білдіретін сөздерге заттың қимылын білдіретін сөздерді тіркестіріп жазу: қайық жүзеді, бақа секіреді, ұшақ ұшады, ағаш өседі, құс ұшады т.б.

5-жаттығу берілген жаңылтпашты жатқа жазу, сөздерді сөз таптарына талдау, сұрақтар қою.

ҮІ. Бекіту:

Сызбаға сүйене отырып алған білімдерін еске түсіру. Мысалдар келтіру.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Білгендерімізді сәйкестендіру тестін орындау арқылы тиянақтай түсейік.

З ат есім әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл

Е тістік жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың.

Сын есім аққу, емен, оқулық, ауа

Сан есім биледі, өсті, тазалады, ұшты.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, борсық туралы берілген мәтінді оқу, бастапқы бөлігін көшіріп жазу.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 6.02.2015

Тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға зат есім, олардың жазылу емлесі туралы 2-сыныпта өткен білімді еске түсіруге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 6-жаттығу, борсық туралы берілген мәтінді оқу, бастапқы бөлігін көшіріп жазу. Барлығымыз тапсырманы орындап келдік пе? Борсық деген қандай жануар? Борсық сөзіне қандай сұрақ қойылады? Борсық қай сөз табына жатады?

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Сөз дегеніміз не?Сөз таптарына нелер жатады? Олар қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір. 1-жаттығуда нелердің суреттері бейнеленген? (Құстар) 1-суретте қандай құстың суреті? (қарлығаш) Екіншісінде ше? Үшіншісінде ше? (сауысқан мен қарға) Кім? сұрағына қандай сөздер жауап береді?

Зат есім - заттың, құбылыстың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сұрақтары : Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

2-жаттығу суретке қарап, зат есімдерді табу; қарбыз, нан, дастархан, сурет, шәй, жемістер, пышақ, тақтай (не? нелер?) Қыз, ұл (кім?) Неліктен қыз бен ұлға кім деген сұрақ қоямыз?

3-жаттығу мәтінді көшіріп жазу, зат есімдерді тауып астын сызу.

4-жаттығу Балалар, малдың төлдері дегеніміз не? Аңдарға не жатады? Құстарға не жатады? Оларға қандай сұрақ қоямыз?

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

5-жаттығу:

Түйе, жылқы .... – бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (үй жануарлары)

Кесе, қасық .... – бір сөзбен қалай айтады екенбіз? (ыдыс-аяқ)

Қияр, сәбіз ... – көкөністер

Бұл сөздердің әр қайсысына сұрақ қойып көрейік.

- Зат есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Бұларды қандай сөздер айтамыз?

ҮІ. Бекіту:

1. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Үй салайық сәнді кең.

Топырақ үй алдымен.

Құмды еле де,

Тас тасы,

Дайын тұрсын қақпасы.

Өлең жолдарында берілген зат есімдерді тап, сұрақ қой.

ҮІІ.Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді? Кім? деген сұрақты қандай сөздерге қоямыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 6-жаттығу, мәтінді көшіріп жазу, зат есімдерді табу, белгілеу.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 9.02.2015

Тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға жалқы және жалпы есім туралы берілген білімді кеңейтуге және бекітуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Құрал-жабдықтарын түгендеп психологиялық жаттығудан бастау.

«5» болсын алар бағамыз,

Бiлiмнен бақыт табамыз,

Өнер бiлiм көп оқып,

Өсе берсiн санамыз.

Ондай болса балалар, алдымызға қойған мақсатымыз «5» ке қол жеткізіп білім алу деп сабағымызды бастайық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 6-жаттығу, мәтінді өшіріп жазу, зат есімдерді табу, белгілеу.

Зат есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Балалар, мынау менім қолымдағы суреттер нелер? (Құстар) Ал егер мен Алматы, Астана, Көкшетау десем, онда олар неге жатады? (Қалалар)

Жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Мысалы, Алатау, Балқаш.

Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Мысалы, қыз, қала, құс. Барлықтарың тақтаға қараңдар. Сонымен зат есім нешеге бөлінеді екен? (екіге, жалпы және жалқы)

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

7-жаттығу сөйлемдерді оқу, дыбысталуы бірдей сөздерді табу, олардың үлкен және кіші әріптен басталып жазылатындығын байқату. Жалқы есімі бар сөйлемді көшіріп жазу:

Қыздардың арасынан Алма суырылып алға шықты. Раушангүл – сыныптағы озат оқушылардың бірі.

8-жаттығу Суреттегі қыздарға ат қоя отырып, үш сөйлем құрастыру. «Кім тапқыр?» ойынын ойнату. Шарты: жалпы есімге жалқы есімді тез әрі шапшаң айту керек. Жалқы есімді айтқанда, керісіңше жалпы есімді айту керек.

  1. көл – Балқаш, Алакөл

  2. теңіз – Каспий, Арал

  3. ер есімі – Айбек, Асан, Дархан

  4. қыз есімі – Айгерім, Айгүл

  5. машина – БМВ, Мерседес

  6. кино – Көшпенділер, Жаралы сезім

  7. кітап – Ана тілі, Абай жолы

  8. тау – Алатау, Көкшетау

10. құс – бұлбұл, аққу

9-жаттығу Көп нүктенің орнына жалқы есімдерді қойып жазу:

Қазақстан қалары: Астана, Алматы, Қарағанды.

Қазақстан көлдері: Балқаш, Зайсан, Алакөл.

Ауыл аттары: Талдыбұлақ, Екібастұз, Бірлік.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

10-жаттығу ауызша орындалады. Суреттегі үй жануарларына ат қою, ол сөздер қандай әріптен басталып жазылады?

11-жаттығу Сызбаға сүйене отырып ой қорытындысын жасау:

жалқы есім дегеніміз - біркелкі заттарды жекелеп айтатын атау, жеке заттарды айтамыз. Мысалы, Алатау, Балқаш.

Жалпы есім дегеніміз біріңғай заттарды жаппай атайтын атау, ұқсастығы бойынша. Мысалы: қыз, қала, құс.

ҮІ.Бекіту: Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс

№1

Зат есім дегеніміз не?

№2

Домбыра сөзіне сұрақ қой. Домбыра жайлы әңгімеле

№3

Дәрігер сөзіне сұрақ қой. Дәрігер жайлы әңгімеле.

№4

Сөйлемді оқы. Жалқы есім сөздерді тап.

Көкшетау – Сәкен Сейфуллин, Біржан сал, Ақан сері, Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың атақты ұлдарының туып өскен жері.

№5

Өлеңді мәнерлеп оқы. Жалқы есімдерді тап.

Бурабай

Қайың, шырша қарағай

Көл жиегін жағалай

Дөңгеленіп тұрады

Қол ұстасқан баладай.

№6

Жалқы есім дегеніміз не?

№7

Жалпы есім дегеніміз не?

ҮІІ. Қорытындылау. 1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?

2. Жалқы есім дегеніз не? 3. Ал, жалпы есім дегеніміз ше? 4. Мысал келтірейікші енді.

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 12-жаттығу.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 11.02.2015

Тақырыбы: Жалқы және жалпы есім

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға жалқы және жалпы есім туралы, көпше және жекеше түрдегі зат есімдерді ажырата білуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 12-жаттығу. Сенің туған күніңе атаң құлын атады. Сен оған қандай ат қоясың? Оның түр-түсін, құлағын, жалын, құйрығын сипаттап жаз.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. «Кім көпшіл?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: бір ғана заттың атауына сәйкес көп заттың атауын айту. Дала-далалар, жер – жерлер, тас – тартар, адам-адамдар, сарай-сарайлар т.б. Ол сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

13-жаттығу мәтінді оқу, сөйлемдердегі сөздерді кестеге толтыру.

Жалқы есім

Жалпы есім

Көпше түрдегі зат есімдер

Жекеше түрдегі зат есімдер

14-жаттығу жаңылтпашты оқу, жатқа айту. Жекеше түрдегі зат есімдер: ара, бал. Көпше түрдегі зат есімдер: аралар, балалар.

15-жаттығу сөйлемдерді тиісті көптік жалғаулармен толықтырып жазу: Ауданда суретшілер жарысы өтті. Балалар сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.

16-жаттығу мәтінді оқу, көптік жалғауы бар сөздерді теріп жазу: хайуанаттар, аңдар, маймылдар, аюлар, түлкілер, барыстар.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ.Бекіту:18-жаттығудағы гүлдердің жапырақтарында берілген сөздеді оқу, сұрақтар қою. көпше түрдегі зат есімдерге өзгертіп айту.

Қап – қаптар, парақ – парақтар, құжат – құжаттар, сабақ – сабақтар.

Әнші – әншілер, кенші – кеншілер, суретші – суретшілер, биші – бишілер, суретші – суретшілер.

ҮІІ. Қорытындылау.

1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?

2. Жалқы есім дегеніз не?

3. Ал, жалпы есім дегеніміз ше?

4. Мысал келтірейікші енді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 17-жаттығу. Кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін бірнеше сөз жаз. Оларды қатыстырып сөйлемдер құра.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 12.02.2015

Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 17-жаттығу Кім? Кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап беретін бірнеше сөз ойлау, оларды қатыстырып сөйлем құрау.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сызбаға сүйеніп білімдерін еске түсіру.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

19-жаттығу сөздерді салыстырып оқу, сұрақтар қою, айырмашылықты байқау. Өнерпаз, күйші, сыйлық, балықшы, орындық.

20-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу, туынды зат есімдерді теріп жазу: кенші, достық, елші, аспаз, малшы.Бұл сөздерді түбірлерін айт.

21-жаттығу жаңылтпашты оқып жатқа жазу: Туынды зат есімдерді ата: еңбекшіл, өрмекші, өрнекші. Түбір сөзге қандай жұрнақ жалғанды?

22-жаттығу Төменде берілген зат есімдерге –шы,-ші жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды зат есім құрау:

Не?

Кім?

Мүсін, егін, би, күй, дойбы, сауын, мал, жылқы, сиқыр.

Мүсінші, егінші, биші, күйші, дойбышы, сауыншы, малшы, жылқышы, сиқыршы.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ.Бекіту:Толықтыру тесті:Төменде берілген сөздерге тиісті жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есім құрастыр: Тігін, кәсіп, өнер, оқу, дос, еңбек, ас.

ҮІІ. Қорытындылау. 1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?

2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не? 3. Туынды зат есімдер дегеніміз не? 4. Мысал келтірейікші енді.

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 23-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.Суретте кімдер бейнеленген? Ол не істеп тұр? Әңгімені ары қарай құрастырыңдар.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 13.02.2015

Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 23-жаттығу Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

24-жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз.

Адалдық, астық, ұзындық, көрік, жолдас, сызғыш, қырат, өшіргіш, татулық.

Сөздерді сөз құрамына талда.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз: ана, жер, көз.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз: іскер, байлық, кезекші.

25-жаттығу туынды зат есімдерден негізгі зат есімдерді сызықша қою арқылы бөліп жазу: Әділдік-әділ, батырлық-батыр, достық-дос, сөздік-сөз, балалық-бала, сыйлық-сый.2-3 сөйлем құрау, оқу.

26-жаттығуда берілген өлеңді оқу, құрылысшы сөзінің туынды зат есім екендігін дәлелдеу.

27-жаттығу Мақалды жатқа жазу:Талант қартаймайды,

Білім ортаймайды.

28-жаттығу берілген жұрнақтарды пайдаланып, туынды зат есімдіктерді өздіктерінен құрастыру, оқу, талдау, дәлелдеу.30-жаттығуда берілген ребусты шешу (білім), туынды зат есім екендігін дәлелдеу. Түбірі – біл, - ім - жұрнақ.

ҮІ. Бекіту: Сөздік диктант:

1) ән, балық, би, оқу, орман, жыр, жазу, жұмыс, жылқы, домбыра, тігін.

Сөздерге –шы, -ші жұрнағының бірін жалғап жаздыру.

2) Адал, ұзын, сұлу, биік, бай, орын, сөздік, таза.

Сөздерге –лық, -лік, -дық, -тық, -тік жұрнақтарының тиістісін жалғап жаздыру.

3) Ұш, сор, ат, өшір, бас,, кес, сыз, сүрт, қыр, жырт, іл, отыр.

Сөздерге –ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнақтарының тиістісін жалғап жаздыру.

ҮІІ. Қорытындылау: 1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік?

2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не? 3. Туынды зат есімдер дегеніміз не?

4. Мысал келтірейікші енді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 29-жаттығу Мәтінді оқу, көшіріп жазу, туынды, негізгі зат есімдерді табу.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 16.02.2015

Тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға негізгі және тунды зат есімдерді ажырата білуге, алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Мәтінді оқу, көшіріп жазу, туынды, негізгі зат есімдерді табу. Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

31-жаттығу Берілген жұрнақтарды жалғап, туынды зат есімдер жасау.

-шы

-лық

-гіш

Малшы, басшы, кітапханашы, балықшы, сауыншы, дойбышы.

сыйлық, тазалық, сұлулық, жаңалық.

өшіргіш, ілгіш, жүзгіш, білгіш.

Туынды зат есім екендерін дәлелдеу.

Зат есім негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.

Мысалы: ана, жер, көз.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.

Мысалы: іскер, байлық, кезекші.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.

32-жаттығу көп нүктенің орнына негізгі зат есімді табу, көшіріп жазу, түсіндіру: кезек-кезекші, сый-сыйлық, көл-көлшік, іс-іскер, сөз-сөздік, дос-достық.

33-жаттығуда берлген мақалды жаттау, мағынасын түсіндіру, жазу. Туынды зат еімдерді тап, олардың астын сыз.

34-жаттығу: сөздерді оқу, талдау.

Бірінші топтағы сөздер етістік, ал екінші жолдағы сөздер сын есімдер.

Етістіктен жасалған туынды зат есімдер:

Сын есімнен жасалған туынды зат есімдер:

ұшқыш, білгіш, ілгіш, сызғыш, өшіргіш.

Адалдық, ұзындық, жаңалық, сұлулық, тазалық, биіктік.

35-жаттығу мақалды жатқа жазу, зат есімдерді сұрақтар қою арқылы табу, олардың негізгі немесе туынды екенін дәлелдеу.

ҮІ. Бекіту:

36-жаттығу мәтінді оқу, қарамен жазылған сөздердің түбірін табу. Оларға жұрнақ жалғау арқылы туынды зат есімдер жаса.

Кітапхана, кітапханашы, малшы, құсшы, аңшы, мүсінші.

Неліктен бұл сөздерді туынды зат есімдер деп атаймыз?

ҮІІ. Қорытындылау

Тірек сызба арқылы туынды зат есімдерді түсіндіру.

1. Балалар, біз бүгін сендермен зат есімнің қандай түрін өттік? 2. Негізгі зат есімдер дегеніміз не? 3. Туынды зат есімдер дегеніміз не? 4. Мысал келтірейікші енді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 37-жаттығу Қатардағы артық сөздерді табу, түсіндіру.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 18.02.2015

Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 37-жаттығу.Қатардағы артық сөздерді табу: көрме, жаңалық. Неліктен бұл сөздер артық болды деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Зат есім қалай болып бөлінеді? Негізгі түбірден болған зат есімді не деп атаймыз? Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді не дейміз?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу

38-жаттығу сөйлемдерді оқу, суреттермен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасына ажырат: Менің сағатым үйде қалды. Сенің мысығың терезенің алдында отыр. Жақсылықтың қаламы партаның үстінде жатыр.

39-жаттығу берілген сөздерді үш жақта тәуелдеп жазу. қосымшалардың астын сызу, қосымшалардың қандай мағына беріп тұрғанын анықтау.

Ережемен жұмыс: оқу, талдау, түсіндіру, есте сақтау.

Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар деп атайды: әке-м, әже-ң, ата-са. Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады.

Жекеше түрде: көрші-м, көрші-ң, көрші-сі;

Көпше түрде: көрші-міз, көршілер-ің, көршілер-іңіз, көршілер-і.

40-жаттығу жұмбақты оқу, шешуін табу, тәуелдік жалғауы бар сөздерді табу, оларға сұрақтар қой.

Қанаты, аяғы, аузы (несі?)

41-жаттығу өлеңді оқу, мағынасын ашу, жатқа жазу. Тәуелдеулі сөздерді табу астын сызу

(түйем, қойым 1-жақ жекеше, боталары 3-жақ, көпше, қозыларым 1-жақ, көпше)

Сөзжұмбақ құрастыру:

Тігінен: 1. Әшекей үшін пайдаланылатын түсі ақшыл бағалы тас не деп аталады? 2. Түрлі түсті жіппен арқау салып, жолақтап тоқитын тоқыр кілем

Көлденеңінен: 1. Пейіл, жақсы ниетті тағы қалай атауға болады?

2. Сәндік үшін әшекейлі алтын немесе күміс теңге таққан шашбау қалай аталады?

ҮІ Бекіту: Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс ұйымдастыру:

№1

Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз

І Менің гүл.... І Біздің гүл...

ІІ Сенің гүл... ІІ Сендердің гүл... Сіздің гүл.. Сіздердің гүл...

ІІІ Оның гүл... ІІІ Олардың гүл...

№2

Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз

І Менің гүл.... І Біздің гүл...

ІІ Сенің гүл... ІІ Сендердің гүл... Сіздің гүл... Сіздердің гүл...

ІІІ Оның гүл... ІІІ Олардың гүл...

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 42-жаттығу.Берілген сөздерді тәуелдеулі ерекшелігіне қарай топтап жазу керек.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 19.02.2015

Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 42-жаттығу Берілген сөздерді тәуелдеулі ерекшелігіне қарай топтап жазу керек.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. 44-жаттығу сөздерге тәуелдік жалғауын тауып айту: Менің халқым, балаларым, қағаздарым, кітаптарым.

Сенің халқың, балаларың, қағаздарың, кітаптарың.

Оның халқы, балалары, қағаздары, кітаптары.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.

45-жаттығу мәтінді оқу, көшіріп жазу, тәуелдеулі сөздерді табу, олардың байланысып тұрған сөзін айту.

46-жаттығу көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жазу: Жайлауымыз, қыстауымыз.

47-жаттығуда берілген жұмбақты шешу (әтеш), тәуелдеулі сөздерді тауып, үш жақта, жекеше және көпше түрде айту:

Жекеше

Көпше

Менің тарағым, орағым, сақалым.

Сенің тарағың, орағың, сақалың

Оның тарағы, орағы, сақалы

Біздің тарағымыз, орағымыз, сақалымыз

Сендердің тарақтарың, орақтарың, сақалдарың.

Олардың тарақтары, орақтары, сақалдары.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту:

48-жаттығу мәтінді түсініп оқу, тәуелденген сөздерді табу, жазу, тәуелдік жалғаулардың астын сызу:

бойы, қол-аяғы, әжесі, шешесі.

Абай Құнанбаев кім болған?

Оның қандай еңбектерін білесің?

«Абай жолы» романын жазған кім?

М.Әуезов туралы не білесіңдер?

ҮІІ.Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 49,50-жаттығу 159-бет.

Мысалы:

Менің шыршам, қайыңым, терегім

Сенің шыршаң, қайыңың, терегің

Оның шыршасы, қайыңы, терегі.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 23.02.2015

Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға зат есімдердің тәуелденуі туралы алған білімдерін кеңейте түсуге, тиянақтауға мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 49,50-жаттығу 159-бет.Тоқымыда жасырылған сөздер: шырша, қайың, терек.

50-жаттығу берілген сөздер қатарынан артық сөзді табу: күлем, үскі.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Үлестірмелі қима қағазбен жұмыс ұйымдастыру:

№1

Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауды жаз

І Менің құлын... І Біздің құлын...

ІІ Сенің құлын... ІІ Сендердің құлын...

Сіздің құлын... Сіздердің құлын...

ІІІ Оның құлын... ІІІ Олардың құлын...

№3

Қай жақта тұрғандығын анықта:

.... кітабым .... кітабың

... кітаптарың .... кітабыңыз

... кітаптарыңыз ... кітабымыз

.... кітабы ... кітаптары

№5

Қай жақта тұрғандығын анықта:

... атам ... атамыз

... атасы ... аталары

... атаң ... аталарың

... атаңыз ... аталарыңыз

№2

Қай жақта тұрғандығын анықта:

.... үйім ... үйіміз

.... үйіңіз .... үйі

.... үйің ... үйлерің

... үйлеріңіз ... үйлері

№4

Қай жақта тұрғандығын анықта:

... добың ... доптарың

... добым ... добымыз

... добыңыз ... доптарыңыз

... добы ... доптары

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу

51-жаттығу түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыру: халық-халқым, білек-білегің т.б. Түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгерістерге ұшырағанын айту, байқату.

52-жаттығу жұмбақты оқу, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздің түбірін табу: ауыз-аузы.

53-жаттығу Жақшадағы сөздерге тисті тәуелдік жалғауды жалғап жазу: Біздің халқымыз бақытты. Сенің дауысың естілмейді. Менің уақытым болмады. Мемлекеттің мүлкін шашпа. Ораз ернін жыбырлатты.

54-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқу. 1. Біздің туған жеріміз, Отанымыз қай мемлекет? 2.Тәуелдеулі сөздерді табу (балаларың, халқың, келбетіңе)

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: 55-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде орындау.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Тәуелдік зат есім дегеніміз не? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 56-жаттығу жұмбақты оқу, ребусты шешімі арқылы жауабын табу: шағала.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі: 25.02.2015

Тақырыбы: Диктант