Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Шахтада

Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де ұнатамын. Шахтаны көргім келеді. Оның қайда екенін білемін. Анау биік қара таудың қасында. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер есік сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған фонарымды алдым да тура шахтаға тарттым.(40)

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

Тапсырма

1. Фонарь сөзіне дыбыстық талдау жаса. Сөзде қанша дыбыс қанша әріп бар жазып қой

2.

ІҮ. Үйге тапсырма: 3 сөзге дыбыстық талдау жасау. Қыркүйек, күз, аспан.

Ү. Оқушыларды бағалау оқушылардың жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Тақырыбы: Мәтін 1-3 жаттығу.

Сабақтың тақырыбы: Мәтін.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Мәтіннің мазмұнына сай ат қоюға және мәтін түрлерін ажырата алуға мүмкіндік жасау;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың мәтінге ат қою дағдысын одан әрі дамыту, дүниетанымын кеңейту;

  3. Тәрбиелік: Дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, ребус, салынған плакат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар». Осы бірі-бірімізге деген жылулықпен сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығу.Мақалдардың сыңарын оң жақтан тауып жаз.Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ.Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтпас бұрын оқушыларға ребус шештірту:Бірініші суретте не бейнеленген?(желім). Екінші суретте ше? (Әтеш).Үшінші суретте ше? (Тиін).Сонда қандай сөз шығады екен? (Мәтін)

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сызбаны басшылыққа ала отырып, жаңа сабақты еске түсіру.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)Оқулықпен жұмыс,

1-жаттығу. Салыстыр. Қайсысы мәтін.

Біз үшінші сыныпта оқимыз. Інжугүл – хош иісті өсімдік. Мирас ұшқыш болғысы келеді.

- Мәтінді қандай белгісі арқылы анықтадың?

Інжугүлдің гүл шоғының пішіні қоңырауға ұқсас. Оның гүлі аппақ. Тұқымы жануарлар арқылы таралады.

- Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мазмұны жағынан өзара байланысқан. Мәтінге ат қоюға болады.

- Мәтінге атты қалай қояды?

- Мәтінге ат қою – оның тақырыбын немесе ондағы негізгі ойды

қысқаша атау. Тақырып – мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйіні. Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі.

-Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір-бірімен тығыз байланыста болады.

ҮІ.Бекіту: Жаңа материалды қорыту үшін шығармашылық тапсырма орындату.

2-жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Мәтінге ат таңда.

Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай сабақтарын көріп, әжесінен:

  • Мынау өсіп тұрғандар не? – деп сұрады.

  • Науанжан, бұл – пісіп тұрған нан, - деп жауап берді әжесі.

  • Нан болса, таба наны қайда?

  • Таба нан да осы дәннің ішінде.

  • Ақ тоқаш ше?

  • Тоқаш та осы дәннің ішінде.

  • Бауырсақ ше?

  • Бауырсақ та осы дәнге сыйып тұр, Науанжан.

  • Әже, кіп-ішкентай дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? – деп Науан таңғалды.

  • «Ас атасы – нан, нан атасы - дән» деген, Науанжан, осынша мол дүние, тоқшылық әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.

Мәтінге ат таңдау үлгілері: Егіс даласында; Ас атасы – нан.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма:3-жаттығу.Мәтінді сөйлемдерге ажыратып жаз. Мысалы: Ауыл шетінде көл бар. Жазда балалар оның бір жағасынан екінші жағасына жүзіп өтеді.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Мәтін туралы түсінік 4-8 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Мәтіннің мазмұнына сай ат қоюға және мәтін түрлерін ажырата алуға мүмкіндік жасау;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың мәтінге ат қою дағдысын одан әрі дамыту, дүниетанымын кеңейту;

  3. Тәрбиелік: Дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, ребус, салынған плакат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар». Осы бірі-бірімізге деген жылулықпен сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 3-жаттығу.Мәтінді сөйлемдерге ажыратып жаз. Мысалы: Ауыл шетінде көл бар. Жазда балалар оның бір жағасынан екінші жағасына жүзіп өтеді.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ.Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтпас бұрын оқушыларға сұрақтар қою. 2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру

Сызбаны басшылыққа ала отырып, жаңа сабақты еске түсіру.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)Оқулықпен жұмыс,

4-жаттығу. Қыздың көргені бойынша жазған әңгімесін ретке келтіріп жаз.

Бірде қаз балапандарын ілестіріп көлшілікке келді. Суға бірінші болып қаз сүңгіді. Жазда мен қаздың өз балапандарын қалай шомылдырғанын көрдім. Балапандары да сырғи жүзіп барып, суға сүңгіп шығып жатты. Мен қызыға қарап тұрдым.

5-жаттығу. Суреттерге қара. Бұлар қай ертегі бойынша салынған?

Түлкі мен ешкі

Бір күні түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың?-депті.

Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр.

«Қырда әрі сусап, әрі ыстықтан өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен»- дейді түлкі.

Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін»-деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі ешкінің үстіне секіріп мініп, онан мүйізіне шығып, далаға ырғи жөнеліпті.

Сөйтіп, жөніне кетіпті.

«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болады» - деген осыдан қалыпты.

6-жаттығу. «Түлкі мен ешкі» ертегісін айтуға дайындал:

  1. Суреттер мен сөйлемдер арқылы;

  2. Суреттердің көмегімен;

  3. Есіңде қалғаны бойынша

ҮІ.Бекіту: 7-жаттығу. 5-жаттығуда қарамен жазылған сөздерді ертегі мазмұнының ретіне қарай көшіріп жаз. Неліктен бұл сөздер тірек сөздер бола алатынын ауызша түсіндір.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма:8-жаттығу. Ертегіні оқы. Сөйлемдегі сұрау сөздердің көмегімен тірек сөздерді тауып жаз.

Әйел шөптің арасына құмырасын сүтімен қойды. Сүті бар құмыраны түлкі көріп қалды. Түлкі басын құмыраның ішіне сұқты.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің құрылымы, түрлері 9-14 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Мәтіннің мазмұнына сай ат қоюға және мәтін түрлерін ажырата алуға мүмкіндік жасау;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың мәтінге ат қою дағдысын одан әрі дамыту, дүниетанымын кеңейту;

  3. Тәрбиелік: Дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену.

Сабақтың көрнекіліктері: тірек-сызба, ребус, салынған плакат.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Қазақ тілі пәніне қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аудару.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8-жаттығу. Ертегіні оқы. Сөйлемдегі сұрау сөздердің көмегімен тірек сөздерді тауып жаз.

Әйел шөптің арасына құмырасын сүтімен қойды. Сүті бар құмыраны түлкі көріп қалды. Түлкі басын құмыраның ішіне сұқты.

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ.Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың тақырыбын, мақсатын айтпас бұрын оқушыларға сұрақтар қою. 2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру: Мәтін дегеніміз не?

Мәтіндегі негізгі ой дегенді қалай түсінесің?

Мәтіндегі негізгі ой – автордың айтқысы келген басты пікірі. Мәтіндегі тақырып пен негізгі ой бір-бірімен тығыз байланыста болады.

Сызбаны басшылыққа ала отырып, жаңа сабақты еске түсіру.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)Оқулықпен жұмыс,

9-жаттығу. Оқы. Күздің қай айының аты көп нүктемен берілген?

Күз

Қазан айы қыстың хабаршысы. Қараша айында жердің топырағы тоң болып қатады. Бұл айды қараша немесе қауыс деп атайды. Қара суық күшейеді. Су бетіне қабыршық мұз қатады.

Күн қысқарып, түн ұзарады. Кей жерлерді қар басады. Кей жерлерде жауған жаңбырдың арты қарға айналады.

10-жаттығу. Қалай ойлайсың, төмендегідей атпен берілген мәтіндерде не туралы айтылады? Олардың мазмұны бірдей ме, әлде әр түрлі ме?

Күз

Күзгі дала

Күзгі орманға саяхат

Күзгі еңбек

Күздің қызықты бір күні

11-жаттығу. Өлеңді оқы. Олар қандай тақырыпқа жазылған?

  • Автор өлеңді қандай көңіл күймен жеткізеді? Мұндай көңіл күйді сезінуге қандай сөздер көмекке келеді?

  • Осы көңіл күйді өлеңді оқу барысында беруге тырыс.

12-жаттығу. Мәтінді оқу.

Жолбарыс – жыртқыш аң. Ол негізінен Азияны мекендейді. Оның көп аулайтын аңдары – бұғы, жабайы шошқа және киік.

Жолбарыс тордағы тіршілікке де оңай үйренеді. Бұл жыртқышты көптеген хайуанаттар бағынан көруге болады.

Ол үй мысығына ұқсас.

ҮІ.Бекіту: 14-жаттығу. Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, мәтінді қайта құрастырып жаз.

Көптен бері қора сыртында екі таяқ жататын. Екеуі дос еді.

Бір күні Қалтай біреуін қазық қып қағып, бұзауын арқандады. Сол-ақ екен, әлгі таяқтың көкірегіне нан пісіп шыға келді. Өйтпегенде ше? Қазық болып, іске жарады. Жатқан досын мазақтап күлетін болды.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ.Үйге тапсырма: 13-жаттығу. Мәтінді оқы.

Балалардың бәрі сабақта. Ал Ермек болса ауырып, үйде қалды. Жалғыз өзі әбден зерікті.

Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді. Хал-жағдайын сұрады. Олар Ермекке әдемі суретті кітап әкеліпті. Ермектің осындай достары бар.

ІХ. Оқушыларды бағалау.

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Мәтін және оның түрлері 15-19 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды берілген мәтіндердің бір-бірінен айырмашылығын табуға, олардың түрлерін ажырата білуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Қазақ тілі пәніне қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аудару.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 13-жаттығу. Мәтінді оқы.

Балалардың бәрі сабақта. Ал Ермек болса ауырып, үйде қалды. Жалғыз өзі әбден зерікті.

Бүгін оған Алмас пен Нұрлан келді. Хал-жағдайын сұрады. Олар Ермекке әдемі суретті кітап әкеліпті. Ермектің осындай достары бар.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?

Негеш пен Білгішбектің айтқандарын оқып талдау.

Сөйлем арқылы бір нәрсені хабарлаймыз, сұраймыз, көңіл күйімізді білдіреміз. Ал мәтін не үшін құрастырылады?

Мәтін әр түрлі болады:

Әңгімелеу мәтіні қандай да бір оқиғаны баяндап, не істеді? Сұрағына жауап береді.

Сипаттау мәтіні бір нәрсені, затты сипаттайды және қандай? Сұрағына жауап береді.

Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? Сұрағына жауап береді.

Түсіндіру, талдау, мысалдар келтіру.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықтағы суретке қарап, әңгіме кім жайында болатынын табу. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. 15-жаттығуды оқу, Бұл мәтіндердің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Әр мәтінге қандай сұрақ қоюға болады?

1. Сержанның күшігі жоғалып кетті. Ол қатты уайымдады. (не істеді?)

2. Күшіктің түрі қара. Төсі ақ. Құйрығы жылмиған. (қандай?)

3. Күшік не үшін Серженнан қашып кетті? Мүмкін ол күшігін ренжітіп алған шығар. (не үшін?)

  • Осы мәтіндерден әңгіме құрауға бола ма?

  • Сипаттау мәтінін көшіріп жаз.

16-жаттығу. Суреттерге қара.

  • Қай суретпен әңгімелеу мәтінін құрастыруға болады? Қайсысымен сипаттау мәтінін, ал қайсысымен пайымдау мәтінін құрастыруға болады?

  • Мәтіннің үш түріне ауызша мәтін құра. Оларға ат қой.

  • Құраған мәтіндеріңді бір-біріңе айтыңдар.

17-жаттығудағы берілген тақырыптардың біреуіне мәтін құрастыру. Мәтінді ауызша айту, көшіріп жазу.

Ү

Азат жол

І. Бекіту: Мәтіннің белгілерін сызбаға сүйене отырып толықтыру, талдау.

МӘТІН

Негізгі бөлім

Негізгі ой

Тақырып

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ІІІ. Үйге тапсырма: 18-жаттығу, мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Жоспар бойынша әңгіме құрау 20-26 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Қазақ тілі пәніне қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аудару.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:18-жаттығу, мәтін бойынша түсінігін айту, негізгі ойды анықтау. Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру: «Кім жылдам?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: мұғалім мәтіннің тақырыбын айтады, оқушылар сол мәтіннің тақырыбына сәйкес тірек сөздерді таңдап алады. Ең көп және дұрыс таңдаған оқушылар мәтінді толық айтып жеңіске жетеді. Мәтіннің тақырыбы: «Ешкі мен түлкі»Қажетті тірек сөздер: Апанның іші; Ешкінің апанға түсуі; Түлкінің апанға түсуі; Түлкінің апаннан құтылуы; Қажетті емес тірек сөздер: қасқырдың ешкіні алдауы; түлкінің арыстанды тұзаққа түсіруі; Күздің келбеті; Күздің қызықты күндері.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а)оқулықтағы 20-жаттығуды оқу, мазмұнын ашу. Әңгімелеу мәтінге жататындығын дәлелдеу.

ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Сұрақтарға жазбаша жауап беру.

21-жаттығу. Берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Күз

Күз мезгілі. Күзде жапырақтар сарғайып, күн салқындайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал қыстап қалатын құстар қыстық қоректерін жинап дайындалады. Адамдар егістерін, жеміс-жидектерін жинады. Жинаған жемістерінен қысқа да азық етіп сақтап қояды.

22-жаттығудағы мәтінді оқу ары қарай жалғастырып айту. Данияр қандай кемшіліктер жіберді деп ойлайсың? Даниярдың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер? Данияр сияқты баланы қандай бала деп айтамыз?

23-жаттығудағы тірек сызба бойынша әңгімелеу мәтінің құрастыру.

КЕРІК

Оқиғаның

басталуы

қорытынды

Жалпы

ерекшелігі

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту:

24-жаттығудағы берілген сұрақтарға жауап беру.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 25-26 жаттығу. 53-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу орындау 27-30 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 26-жаттығудағы тірек сызба бойынша әңгімелеу мәтінің құрастыру.

КЕРІК

қорытынды

Жалпы ерекшелігі

Оқиғаның басталуы

Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Сипаттау мәтініне мысал келтір.

Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықтағы 27-жаттығуды оқу, мазұнын түсіну. Мәтіннің тақырыбын автор қалай қойды деп ойлайсыңдар? Сендер қандай ат қоятын едіңдер? Мәтін ары қарай қалай жалғасты? Мәтін немен аяқталады?

28-жаттығуда берілген үш мәтінді салыстырып, қай түрлеріне жататындығын ажырату.

ә) дәптермен жұмыс.Күн ретін жазу.Көркем жазу.

28-жаттығудағы үш мәтіннің ұнаған біреуін көшіріп жазу.:

30-жаттығудағы мәтінді оқу, мазмұнын ашу: Мәтін кім жайында? Бала неліктен жүре алмай отырады? Оған көмекке нелер келеді?

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Бекіту: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар?Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?

ҮІІ.Қорытындылау. «Кім жылдам?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: мұғалім мәтіннің тақырыбын айтады, оқушылар сол мәтіннің тақырыбына сәйкес тірек сөздерді таңдап алады. Ең көп және дұрыс таңдаған оқушылар мәтінді толық айтып жеңіске жетеді. Мәтіннің тақырыбы: «Көксерек» Қажетті тірек сөздер: Көксеректің баламен достасуы; Құрмаштың итке деген махаббаты; Шолақ қасқырдың ауыл иттерін талауы. Қажетті емес тірек сөздер: Ормандағы қасқырлардың тіршілігі; Ешкінің апанға түсуі; Түлкінің апанға түсуі; Түлкінің апаннан құтылуы;

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 29 –жаттығу.

ІХ. Оқушыларды бағалау

Бекітемін:_________________________

Қазақ тілі

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қайталау 31-34 жаттығу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу;

  2. Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Үлкендерді сыйлауға, адамгершілік тәрбиелеріне баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ. Ондай

болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 29 -жаттығу дағы берілген сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр суретте бейнеленген оқиға, қай мәтін түріне жатады?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ.Жан-жақты білімдерін тексеру. Мәтін дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Пайымдау мәтінге мысал келтір.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықтағы Негеш пен Білгішбектің арасындағы диалогты оқу, түсіну.

ә) дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 31-жаттығуды оқу, көшіру. Білгішбектің айтқанын есте сақтау.

Қызым Сәуле!

Мектептен келген соң, гүлдерге су құюды ұмытпа.

Мектептен келген соң, гүлдерге су құюды ұмытпа. Мысығыңа сүт бер. Мен бүгін сәл кешігіп келемін.

Бетіңнен сүйдім. Анаң.

32-жаттығу Сержанның атасына жазған хатиын оқу, ол нені жазбай кеткенін айту, толықтыру.

Құрметті ата!

Хат жазып отырған немерең Сержан.

Мен жақында күзгі демалысқа шығамын. Осы демалысымды ауылда өткізгім келеді. Күнделікті үй шаруасына көмектескім келеді. Бос уақытымда кітап оқимын. Арасында достарым Нұржан, Дәурендермен футбол ойнауға шығамын. Көріскенше сау болыңыз!

Немерең Сержан.

Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз

Шаршап кетті қолымыз

Аздап демді аламыз

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ.Бекіту: 33-жаттығу жақын достарыңа, ата-әжелеріңе қысқаша хат жазыңдар. Білгішбектің айтқанын есімізден шығармай жазып көрейік.

  • Сәлемдесудің қай түрін таңдадың және кімге арнадың?

  • Хатыңның бірінші бөлігі не туралы? Хат арнаушыңа ризашылығыңды білдіруіңнің себебі неде?

  • Өз басыңнан өткен оқиғалар туралы оған не айтасың?

Ол үшін ойыңды анық, қызықты етіп жеткізуге тырыс.

  • Хат арнаушың туралы не білгің келеді? Одан не туралы сұрайсың? Қандай өтіну сөздерін пайдаланасың?

  • Қалай қоштасасың? Хат соңында күнді және қол қоюды ұмытпа.

ҮІІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Құрастырған мәтіннің тақырыбы қандай? Мәтін болу үшін нелер керек? Олар бір-бірімен байланасу керек пе? Сөйлемдерден құралып, бір негізгі ойды құрағанды не деп айтамыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 34-жаттығу. 71- бет.