- •Vііі. Оқушыларды бағалау
- •Құттықтаймыз
- •Дамытушылық: Сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;
- •Тәрбиелік: дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
- •Дамытушылық: Сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;
- •Тәрбиелік: дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
- •Шахтада
- •Шахтада
- •Сәлем , редакция!
- •Сәлем , редакция!
- •Бүлдіргенге барғанда
- •36 Жаттығу.Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Құдықтан, суға, төлдерді, үйге, ойнап.
- •Диктант
- •Сурет бойынша әңгіме құрастыр
Шахтада
э лектр хоккей
автобус телефон
аэроклуб
16-жаттығу. Көп нүктенің орнына э, ф, х, ц әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Экватор - жер шарының белдігі. 2. Райхан әжесіне хат жазды. Фатима тігін фабрикасында жұмыс істейді. 4. Циркте қонжықтардың өнерін тамашаладық.
Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз
Шаршап кетті қолымыз
Аздап демді аламыз
Көркем етіп жазамыз.
ҮІ.Бекіту: 18-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Мәтіннің соңғы бөлігіндегі сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, көп нүктенің орнына тиістісін жаз.
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ. Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з. Үнді: л, м, н, ң, р, й, у.
ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Х және һ дыбыстары қандай дыбыстар? Олар кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 17-жаттығу. Ребустарды шеш.
Ребустардың шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.
ІХ. Оқушыларды бағалау
Бекітемін:_________________________
Қазақ тілі
Мерзімі:
Тақырыбы: Өзіңді – өзің тексер 1-8 жаттығу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен дыбыстарды қайталау арқылы түсініктерін тексеру, қатесіз жазуға, оларды айта білуге мүмкіндік жасау;
Дамытушылық: Сөздік қорларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеп, зейінін сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар». Осы бірі-бірімізге деген жылулықпен сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 17-жаттығу. Ребустарды шеш. (хат, жиһаз). Ребустардың шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Оқушылардың жазып келген жаттығуларын дауыстап оқытып, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.
Сөз неден құралады? Немен таңбаланады. Дыбысты біз не істейміз? Әріпті біз не істейміз? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Көп нүктенің орнына э, в, ф, ч, щ, ц, х, һ әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.
Жиһаз, хоккей, мультфильм, хабар, тұщы, щуваш, щетка, телеграф, цирк, волейбол, дельфин, мотоцикл, велосипед.
2-жаттығу. Берілген сөздерден жаңылтпаш құрап жаз.
Шахматшы болсаң келе ғой,
Шоқанды қане жеңе ғой.
3- жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, өлеңді көшіріп жаз. Археолог әрі тірі фольклор,
Тарих бетін қайта ашты халқына ол.
Қарапайым, кішіпейіл жан еді,
Академик болса-дағы даңқы зор.
4-жаттығу. Мәтінді қатесіз көшіріп жаз.
Қарындаш дегенің қарапайым таяқша емес. Қарындаштың ішінде графит өзекше бар. Графитті түркі тілінде «қара тас» деп атаған. Содан барып «қарындаш» сөзі шыққан.
5-жаттығу. Өлеңді екі-үш рет қайталап оқып, жатқа жаз.
Ұлан-байтақ жерімді,
Ұлан-байтақ елімді
Қорғап тұрған сенімді –
Армиямыз қаһарман!
6-жаттығу. Мәтінді дауыстап оқу арқылы жазуға дайындал. Форзацтағы екінші нұсқауды басшылыққа ал.
Әбу Насыр әл-Фараби Отырарда дүниеге келген. Арабтар Отырарды Фараб деп атаған. Осыдан барып Әбу Насыр Фараби атанып кеткен.
Әбу Насыр бастауыш білімді Отырарда алып, одан соң Хорасанға барады. Ол ғылымды көбінесе өз бетінше оқып үйренген. Фараби Аристотельдің бай мұрасына ден қойған.
Сергіту кезеңі: Жазу жазып өзіміз
Шаршап кетті қолымыз
Аздап демді аламыз
Көркем етіп жазамыз.
ҮІ.Бекіту: 8- жаттығу. Жұмбақты шеш және оған ат қой. Жұмбақты көшіріп жазып, щ әрпі бар сөздің астын сыз.
Гүрілдейді, гулейді, Көз аштырмай тозаңы,
Тұрақтауды білмейді. Ұйтқып-ұйтқып соғады.
Қар боратып қасқырдай, Кейде иттей қыңсылап,
Жылан болып билейді. Ащы даусын созады.
Бұл не?
ҮІІ. Қорытындылау. Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ.
Ұяң дауыссыздарды ата. Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з.
Үнді дауыссыздарды ата. Үнді: л, м, н, ң, р, й, у.
ҮІІІ. Үйге тапсырма:7-жаттығу.Мақалдардың сыңарын оң жақтан тауып жаз.
ІХ. Оқушыларды бағалау
Бекітемін:_________________________
Қазақ тілі
Мерзімі:
Тақырыбы: Диктант «Шахтада» №2.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу:
Дамытушылық: Танымдық қабілетерін, ақыл-ойын дамыту;
Тәрбиелік: Адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады? Сөйлем неден басталады? Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады? Сөйлем ішінде жер-су аттары, адамның аты кездессе қалай жазылады? Әр жазған сөйлемді тексеріп отыру керек па? Неліктен?
ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді.
