Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

38 Подшипникті болаттарды қосындылау және термиялық өңдеу.

Жоғары жылдамдықты мойынтіректерді жасау үшін бірігей құрылымымен ерекшеленетін электрошлакты құйылған болаттарды (болат маркасына Ш әріпі қосылады, мысалы, ШХ15-Ш) қолданады. Бұл болаттарды сондай-ақ ажарлау арқылы минималды үйкелуді қамтамасыз ете алатын аса нақты приборлы мойынтіректерді жасауда да кеңінен пайдаланады. Бұл тек металдың жоғары қосындысы бойынша металдың жоғары тазалығы кезінде мүмкін. Мойынтірек бөлшектерін эвтектоидтан кейінгі болаттарға тән термиялық өңдеу операцияларын жүргізеді: 820-850 °С кезіндегі толық емес шынықтыру мен 150-170 °С кезіндегі төменгі босату. Шынықтырудан кейін болат құрамында қалдық аустенит (8-15%) болады, оның түрөзгеруі мойынтірек өлшемдерін өзгертуі мүмкін. Оларды тұрақтандыру үшін мойынтіректерді –70÷–80 °С кезінде салқындай өңдейді. Өңделген болат карбид қоспалы мартенсит қырылымды және жоғары беріктікке (HRC 60 - 64) ие болады.

ШХ4 болаты шектеулі прокаливаемостью ерекшеленеді және темір жол кқліктерінің роликті мойынтіректері үшін кеңінен қолданыс тапқан. Шынықтыру кезінде оны өтпелі индукциялы қыздырумен қңдеп суда суытады. Бұл болаттардан жасалған 14 мм қалыңдықты сақиналарды өңдегенде тек бетіндегі 2-3 мм шынықтырады, мұның арқасында бөлшек өзекшесі тұтқыр болып динамикалық жүктемелерге көбірек шыдайды. 0,5-2 м диаметрлі (прокаттау біліктері, электр генераторлары) үлкен көлемді роликті мойынтіректерді дайындауда 12ХН3А, 12Х2Н4А болаттары қолданылып, оларды үлкен тереңдікке (3-6 мм) дейін цементтейді. Агресивті орталарда істейтін мойынтіректерді жемірілуге тұрақты 95X18 (0,95% С, 18%Сr) хромды болатынан жасайды.

39Тұрақсыз (метастабильные) аустенитті болаттар.

Тұрақсыз жоғары берiктi аустенит болаттарын ТБС-болаттары немесе АIС-болаттары деп атайды. Бұл болаттар 814%Cr-н, 832%Nі-н, 0,52,5%Mn-н, 26Mo-н 2% дейiн Si–н (мысалы, 30Х9Н8М4Г2С2, 25Н25М4Г1) тұрады.

980-1200 С аустениттендiруден кейiнгi мартенситтiк айналудың Мб мен Мт (түрөзгеру мартенситi түзiлуiнiң басталуы) температуралары 20 С төменде болады, яғни болаттардың аустенит құрылымымен өзгешеленетiн ерекшелiктерi болып табылады.

Болатқа жоғары механикалық қасиеттер беру үшiн аустениттендiруден кейiн оны 80%- дық түрөзгеруге түсiредi (қақтау, тарту, сумен сығу т.б.) 250-550 С (қайта қатденелену температурасынан төмен). Түрөзгеру iсамалында аустенит нығаймаға түседi , көмiртекпен кедейленедi, бұл Мб, Мт нүктелерiнiң көтерiлуiне әкеледi. АІС-болаттардың механикалық қасиеттерi: в=15001700МПа, 0,2=14001550МПа, =5060%. Тұтқырлық қираудың К1С және шыдамдылық шегiнiң -1 жоғары мәндерi осы топ болаттарына тән болып табылады. Мартенситтi – ескiретiн болаттарға немесе қосындыланған жоғары берiктi болаттарға қарағанда бiрдей немесе жақын берiктiгiмен АІС-болаттар созымдырақ, ал созымдылығы тең болғанда тұрақсыздану шегi тым көбiрек болады. АІС-болаттардың кеңiнен қолдануына кедергi, олардың көп қосындылануы, салыстырмалы төменгi температураларда түрөзгерту үшiн қуатты жабдықты пайдалану қажеттiлiгi, пiсiру қиындығы, түрөзгерген металдың әр қасиеттiлiк қасиеттерi, т.б. Бұл болаттар көп жүк түсетiн тетiкбөлшектер, сым сымарқандар, бекiту тетiкбөлшектерiн, т.б жасауға пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]