Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Жұмсарту кезіндегі карбиттердің коагуляциясы. Түйірлі перлит.

Жұмсарту соңғы термиялық өңдеу болып табылады.

Жұмсартудің мақсаты болып аққыштығымен және пластикалығын жоғарлату, қаттылығын төмендетіп және шынықтырылған болаттың ішкі кернеуін азайту болып табылады. Қыздыру температурасын жоғарылатқан сайын қаттылығы төмендейді, ал аққыштығымен пластикалығы жоғарылайды.Жұмсарту температурасын нақты бөлшектің төзімділігіне байланысты болады.

Жұмсарту процесінде болаттың қаттылығы, беріктігі, үйкеліске беріктігі төмендеп, тұтқырлығы мен пластикалық қасиеттері жоғарылайды.

Жоғары жұмсарту мен шынықтыру (нормализация немесе күйдіруге қарағанда) уақытша кедергіні, аққыштық шегін, салыстырмалы тартылуды және әсіресе соққы тұтқырлығын арттырады. Жоғары жұмсартудан және шынықтырудан тұратын термоөңдеуді жақсару д. а.

Жұмсартудың ұзақтығы нақты бұйымдарға байланысты. Әдетте 1, 5сағат ішінде қысым жұмсартудың қазіргі температурасына сай минималды дәрежеге дейін төмендейді. Кейбір бұйымдарға (өлшегім құралдар) тым ұзақ жұмсарту жұргізіледі.

  1. Болаттың аумалы нүктелеріне қосындылау элементердің /қэ/ ықпалы.Темірдің полиморфизіміне қэ әсері. Болаттағы қэ таралуы.

Қосындылау элементтері (ҚЭ). Болаттың құрылымы мен қасиетін өзгерту мақсатында қосылатын арнайы элементтер, олар қосындылау деп аталады. Соған байланысты болаттар қосындылау болаттар (қосындылау болаттарды кейде арнайы деп атайды) деп аталады.

Алғашқы үш топтың қоспалары болат өндірісіндегі технологиялық процестердің табиғи нәтижесі сондықтан оларды қосындылау элементтер ретінде қарастырған қате. Ал осы қоспаларды үлкен мөлшердегі болаттарды қосындылау болаттарға жатқызған дұрыс болады.

Элементтердің темір полиморфизіміне әсер етуі. Темірде еритін барлық элементтер оның аллотропиялық модификациясының температуралық интервалына әсер етеді, яғни A3 және A4 нүтелерін температуралық межелікте орнын ауыстырады.

Элементтердің көбісі A4 нүктесін ұлғайтады және A3 нүктесінтөмендетеді, сол арқылы γ – модификацияның (2.1.а - сурет) өмір сүру аймағын ұлғайтады немесе A4 төмендетіп A3 –ті көтереді γ- модификацияның бар аймағын қысады (2.1.б - сурет).

2.1 – сурет. Темір полиморфизіміне қосындылау элементтердің ықпалының сұлбасы.

Қосындылау элементтерінің болатта орналасуы. Болатты өндірісте қосындылау, ол көп компонентті жүйе болып табылады, қосындылау элементі келесідегідей:

а) бос қалыпта;

б) темірмен не өз -өзіменинтерметалдық күйде;

в) оксидтер, сульфидтер және басқа да бейметалл қоспалар түрінде;

г) карбидті фазада – цементті қоспа түрінде немесе көміртегінің – арнайы карбидттерімен қосылу түрінде;

д) темірдегі қоспа түрінде.

Сонымен, қорыта келгенде, келесі нәрсені айтуға болады: қосындылау элементтері қоспалардағы негізгі фазаларда ериді (феррит, аустенит, цементит) немесе арнайы карбидтер түзеді.

  1. Статикалық және шаршау сынағы кезіндегі материалдың механикалық сипаттамалары. Үзу жолымен бұзған кездегі серпімділік шегі, шартты аққыштық шегі, физикалық аққыштық шегі, уақытша кедергі, салыстырмалы ұзару және салыстырмалы тарылу. Металдарды жылжыпсырғымалыққа сынау.

Үзу жолымен бұзған кездегі серпімділік шегі , МПа – деформация өлшеуішінің бөліміне тең үлгі аймағының ұзындығын 0,05%-ға жететін қалдықты ұзарудағы кернеу.

Шартты аққыштық шегі , МПа- үлгінің есепті ұзындығының 0,2% құрайтын қалдықты ұзаруындағы кернеу.

Үзілгеннен кейінгі салымтырмалы ұзару , % - үзілгеннен кейінгі үлгінің есепті ұзындығының өсімшесінің бастапқы есепті ұзындығына қатынасымен анықталады.

Үзілгеннен кейінгі салымтырмалы тарылу - үлгінің үзілген жеріндегі кесе-көлденең қимасы ауданының бастапқы кесе-көлденең қимасының ауданына қатынасының кішіреюі түрінде анықталады.

Уақытша кедергі – үлгінің қирау алдындағы ең үлкен жүктемеге сәйкес келетін және сынауға дейінгі оның кесе-көлденең қимасының бастапқы ауданына қатынасты кернеу.

Сынау температурасы төмен болған сайын соғұрлым бекітілген жылжыпсырғымалық сатысы ұзақ және толық іске асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]