Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

12. Бақыланатын прокаттаумен беріктендіру.

Қазіргі заманғы өндірісте металдарлы өңдеудің мына түрлері қолданылады: прокаттау, тығыздау, сүйрету, соғу және штамптау .

Прокаттау – айналып тұрған белдіктер арасындағы дайындаманы сығу 2 прокатталған станның дайын размерін көлденең кішірейту мақсатында және оған белгілі пішін беру үшін қолданылады. Рүйк үйкеліс күші дайындаманы валкаға жинақтайды, ал Ғ күші оныде формациялайды.

Созымды деформация кезінде дислокация тығыздығы жоғарлаумен қатар нүктелік ақаулардың – дислокацияланған атомдардың бос орындардың (вакансия) да саны өседі. Созымды деформацияның поликристалды металдың микроқұрылымын туындатады. Алдын – ала ажарланған үлгінің бетінде кішкене деформация болған кезде жеке түйірлердің шекарасында микроскоппен қарағанда деформация өнімдерін – сырғу сызықтары (жолақтар) және қосарлануды байқауға болады. Одан әрі қарай деформация өнімдері байқалатын түйірлер саны көбейеді. Деформация дәрежесі өскен кезде оның даму керегіне қарай әрбір түйірде микроқұрылым біршама өзгереді – созымдылық бағытына байланысты түйірлер ұзарады ( суретке байланысты). Жоғары деформация кезінде талшықты құрылым түзіледі.

а – деформацияға дейін; б – деформациядан кейін

Созымдылық деформациясының металл микроқұрылымына әсері

Пластикалық деформация кезінде өтетін ішкі өзгерістердің барлығы (кристалдық тордың қисаюы, дислокация тығыздығының үлкеюі және бос орындар, құйылған металда микро – және макроқұрылымдары полиэдрліктен деформацияланған металда талшықтыға дейін өзгереді, деформация талшықтары пайда болады), металдың беріктігін тударыды. Уақытша кедергі, аққыштық шегі, қаттылық сияқты беріктік сипаттамалары жоғарлайды, ал созымдылығы – төмендейді. Созымды деформацияның әсерінен металдың беріктенуін прокаттау деп аталады (қақталма дегенді кеңітілген анықтамасы – металдардың пластикалық деформациясы кезінде құрылымы мен оған қатысты қасиеттерінің өзгерісінің жиынтығы). Прокаттауды тетікбөлшектерді беріктендірудің әдісі ретінде кеңінен қолданылады, оларды дайындау суықтай қысыммен өңдеуден тұрады. Созымды деформация металдың физикалық қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі: электр кедергінің жоғарлауына, тығыздықтың төмендеуіне, магниттік қасиеттердің өзгеруіне әкеледі. Прокатталған металдар пайдалану кезіндегі жемірілуге төзімділігі төмен болады. Прокатталған метал деформацияға жұмсалған энергияның 5 – 10 % жинақтайды. Бұл энергия кристалдық құрылымның кемшіліктерін және кристалдық тордың қисаюларын түзету үшін қолданылады.

13. Аз көміртекті бейнитті болаттар.

Аз көміртекті бейнитті болаттар қатты суытылған аустениттің жоғары тұрақтылығына ие болады. Илемдеу температурасынан төмен салқындатқан кезде аустенит инелі феррит пен аз көміртекті бейнитке ыдырайды. Мұндай болаттарға 08Г2МФБ ~ 0,08 % С; ~1,6 % Мn; ~0,2 % Мо; 0,06 % V; 0,05 % Nb). жатады. Көміртекі болаттар. Кұрамында 0,27%-ке дейін көміртегі бар болаттар пісірудің барлық әдістерімен жақсы пісіріледі, ал көміртегінің мөлшері 0,27%-тен артық болаттарды пісіргенде олардың құрамындары көміртегі жанып, пісіру жапсарында майда қуыстар пайда болады және пісіру жапсарының қаттылығы мен морттығы артып, сы-заттар пайда болады. Сондықтан құрамында көміртегінің мөлшері көп болаттарды алдын ала қыздырып, пісіргеннен соң термиялық өңдеуден өткізеді. Мұндай болаттарды пісіру үшін қосымша жадығат ретінде аз көміртекті болаттарды пайдаланады. Бұл жадығат пісіру жапсарын шынығудан сақтайды. Пісіру тігісінің беріктігін оның құрамына марганец, кремний т. б. легірлеуші элементтер енгізу арқылы арттыруға болады. Металдың құрамындағы фосфор 0,04%-тен асып кетсе, пісіру жапсарынын, морттық қасиеті артады, ал күкірт 0,04%-тен асса, пісіру жапсарында сызаттар пайда болып, металдың механикалық қасиеті жоғары температурата нашарлайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]