Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Жұмсарту кезіндегі бірінші, екінші және үшінші түрленулерден кейінгі болаттардың фазалық құрамы

 Жұмсартуды шыныққан болаттың соғылу тұтқырлығы мен созылғыштығын арттыру, қаттылығы мен ішкі кернеулерін кеміту үшін қолданады. Болатты жұмсарту үшін Ас1(РSК сызығы) төмен қыздырып ауада салқындатады.

Жұмсартудың үш түрі болады: төменгі жұмсарту (150-2500 С) қаттылығы өте жоғары(НВ≈600), мысалы созылмайтын кесу аспаптарын (егеулер, плашкалар, метчиктер және т.б.) өңдеуде қолданылады. Жұмсартудың бұл түрі негізінен бұйымның ішкі кернеулерін азайту үшін қажет.

Орташа жұмсарту (300-4000С)-НВ≈450. Орташа температурада жұмсартуда болаттың ішкі кернеуі жойылып, қаттылығы мен беріктігі төмендеп, пластикалық қасиеттері жоғарылайды [серіппе (пружина), солқылдақ (рессор)].

Жоғары жұмсарту (450°-650°С)-НВ≈350. Нәтижесінде өңделетін бұйымдардың беріктігі жоғары және қатты болады. Жұмсартудың мұндай түрімен білік, дөңгелек және т.б. жауапкершілігі жол, жұмыс бабында көп күш түсетін машина бөлшектері өңделеді.

  1. Қосындылау болаттардағы қатты күйтүрлер. Феррит қасиеттеріне қэ әсері. Инелі ферриттің түзілуі. Карбиттік күйтүрге қэ әсері.

Қосындылау элементтерінің болат түзілуіне әсері. Қосындылау элементтерінің аустениттің кинетикалық ыдырауына әсері. Аустениттің кинетикалық ыдырауы болатты термиялық өңдеудегі қылығы арқылы анықтайды. Қоспаланған элементтердің ықпалы өте үлкен болып табылады. Феррит (3.1-сурет) пен цементитте еритін элементтер арнайы карбидтерді түзбей өзгеру процесіне тек мөлшерлік ықпал етеді.

Болаттың тесілгіштігі бірнеше қоспаланған элементтерде қолданғанда жоғарылайды. Мысалы, никель мен хромның бірігіп әсер етуі.

Элементтердің морт сынғыштығы үлкен рольге ие. Ол болаттың морт сынғыштығының белгісін көрсетеді. Темірде хромның болуы морт сынғыштық қасиетінің ұлғаюының белгісі, ал никель болса морттылықты интенсивті төмендетеді. Соның нәтижесінде темірдің морт сыну қаупін төмендетеді

1-сурет. Темірдің суықтай сынғыштық табалдырығына қосындылау элементтерінің әсері.

Сонымен, қарастырылып өткен алты қосындылау элементтерден ең бағалысы никель болып табылады. Ол ферритті жеткілікті берікті қыла отырып, оның тұтқырлығын төмендетпейді және сонымен қатар оның морттылығын төмендетеді.

Инелікті ферриттің қаттылығы 100 -150 НВ ол полигдриялық феррит қаттылығынан әлде қайда жоғары болады.

Қосындылау болаттардағы карбидті фаза. Болатта карбидтер тек металдармен қосылады, ол периодтық жүйедегі темірдің сол жағындағы элементтерге (279 сурет) ғана қатысты. Бұл металдар темір сияқты ауыспалы топ элементтеріне жатады. Олар - электрондық жолағын толтырады. Неғұрлым периодтық жүйеде элемент солға қарай орналасқан болса, соғұрлым оның -жолағы толық бұрылған болады.

  1. Динамикалық сынау кезіндегі материалдың механикалық қасиеті. Созу кезіндегі динамикалық қасиеттері. Бұзылудағы динамикалық тұтқырлық параметрлері. Ию кезіндегі соққы тұтқырлығы.

Динамикалық сынау  - деформация жылдамдығы 10−1 с−1-тен көп болғанда механикалық қасиетті анықтау әдісі.

Металды созу арқылы сынау. Мұнда металдың пропорционалдық, серпімділік, аққыштық, беріктік шектері мен үзіліске шын кедергісі, салыстырмалы ұзару, жеңішкеру коэффициенттері сияқты механикалық және пластикалық қасиеттері анықталады.

 Металды ию арқылы сынау. Сынаудың бұл әдісінде металдың көлденең қимасының ауданы дөңгелек немесетөрт бұрышты болып келген үлгісін екі тіреуіштің ортасына қойып, оған біртіндеп баяу өсіп отыратын күш түсіру арқылы оның иілуге беріктік шегі мен максимал иілу биіктігін анықтайды.

Металдарды соғу арқылы сынау. Сынаудың бұл әдісінде металдың динамикалық күшке беріктігі мен әр түрлі температурадағы морттық қасиетін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]