Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
vmm.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

72 Түйіндерінің өсу ыңғайына байланысты болаттардың негізгі түрлері

Болаттар депқұрамында 0,025 –ден 2,14 % дейін көміртегі бар темір – көміртекті қорытпаларды айтады. Болаттар әртүрлі қасиеттері бойынша сыныпталады: химиялық құрамы, сапасы, тотығу әдісі, қолданылуы, құрылымы бойынша. Химиялық құрамы бойынша болаттар көміртекті және қосындыланған болып бөлінеді. Сапасы бойынша: әдеттегі сапасымен, сапалы, жоғары сапасымен және ерекше жоғары сапасымен болаттарға бөлінеді. Болаттардың сапасы металлургиялық ісамалға байланысты және газдар - оттегі, азот, сутегі зиянды, қоспалардың-күкірт, фосфор құрамымен анықталады. Әдеттегі сапасымен болаттардың құрамында 0,06% S және 0,07 % P, сапалыларда 0,035 S және 0,035 Р, жоғары сапалыларда 0,025% аспайтын S және 0,025 % Р.

Өндіру әдістері бойынша мартендік , конверторлық (бессемерлік) және электр болаттары.

Аспаптық болат, кескiш, өлшеуiш, металқалып және басқа аспап жасауға қолданылады. Аспаптық болаттар шартты мына төрт дәрежеге бөлiнедi: көмiртектi, қосынды, металқалыптылар және тез кесушi.

Ерекше қасиеттермен болаттар мен қорытпалар.

Оларға қандай да болсын айқын қалыптасқан қасиетiне ие болатын болаттар жатады: тоттанбайтын, қызуға берiк және жылуға төзiмдi, тозуға берік, жылулық кеңею ерекшелiктерiмен, ерекше магниттi және электрлiк қасиеттерiмен т.б.

Тұрақсыз жоғары берiктi аустенит болаттарын ТБС-болаттары немесе АIС-болаттары деп атайды. Бұл болаттар 814%Cr-н, 832%Nі-н, 0,52,5%Mn-н, 26Mo-н 2% дейiн Si–н (мысалы, 30Х9Н8М4Г2С2, 25Н25М4Г1) тұрады.

Болат 30ХГСА перлит сыныбына жатады. Қосындылау элементтерінің салыстырмалы аздаған мөлшерімен сипатталады және феррит пен цементитте ериді (кремний тек ферритте ериді). 860 0С жасытудан кейін болат 30ХГСА перлит пен ферриттен тұрады (1-үлгі). 8600 С-ден майда шынықтырудың және 520 0С жұмсартудың нәтижесінде мартенсит бойынша бағдарланған цементит пен ферриттің шашыранды жарақтылық қоспасы болып келетін жұмсарту сорбиті қалыптасады (2-үлгі).

Болат Н18К9М5Т мартенситті ескірген (3-үлгі). Болат 850 0С-тан суда шынықтыруға және 500 0С ескіруге түседі. Көміртексіз мартенсит құрылымын алады. Көміртексіз мартенсит ескіруден кейін жарақтылық қасиеттерінің жоғары кешенін қамтамасыз ететін екінші күйтүрлердің шашыранды бекітетін бөлшектерінен тұрады.

Болат 18Х2Н4ВА (4-үлгі) мартенсит сыныбына жатады. Көміртектенетін және жақсартылатын ретінде қолданылады; соңғы жағдайда 860 0С-дан майда шынықтыруға және 550 0С жоғары жұмсартуға түседі (құрылымы жұмсарту сорбиты).

Болат Р18 ледебурит сыныбына жатады. Құйылған күйжайында ледебуриттен, сорбит пен карбидтен тұратын құрылымы бар (5-үлгі). Тез кесуші болаттың ледебуриті, аустенит пен қаңқа тәрізді пайда болған карбидтерден тұрады. Шынықтырудан кейін Р18 болаттың құрылымы инесіз мартенситтен, карбидтерден және қалдық аустениттен тұрады. Көміртекті сапалы болаттарды бірнеше топқа бөлуге болады.

Көміртекті сапалы болаттар 05 кп, 08кп 10кп (жылумен өңдеусіз ) жоғары созылымдылықтары салдарынан жақсы қалыпталады, көміртегінің мөлшері аздығынан жақсы пісіріледі . Олар пісіру құрылғыларынан және мәшиненің ең аз күш түсетін тетік бөлшектерін өндіру үшін қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]