Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ВВС.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Ток өткізгіш. 2. Пластинкалар

Қазіргі МГД - генераторының жүмыс істеу принципі осы кел-тірілген Кельвиннің теориясына негізделген. Осы жағдайды МГД - генераторының жұмыс істеу сүлбасынан көруге болады (17.2-сурет). Металл пластинаның (1) арасынан белгілі бағытта және кинетикалық энергиясы бар ион-далған газ өткізіледі. Иондалған газдың өткізгіш екендігі бізге белгілі.

17.2-сурет. МГД-генераторыныңұстанымдық сұлбасы.

1.Темір пластиналар.

Екі пластинаны (1) өте күшті магнит өрісіне орналастыра-ды (N-S). Сонда электромагниттік индукция құбылысы бойынша екі пластинаның арасында электр қозғаушы күш (ЭҚК) пайда болады. Егерде осы пластиналарды (1) сыртқы кедергімен (R) қоссақ тізбекте электр тоғы жүреді (17.2-суретте стрелкамен көрсетілген).

Тоқтаусыз өткізіліп жатқан иондалған газ плазмадағы тоқпен магнит өрісінің әсерінен пайда болатын электрдинамикалық күшпен тежеледі. Осы көрсетілген процесті бу немесе газ турбинасындағы тежеуіш күштермен салыстырсақ, олардың ұқсастығын байқауға болады. Бу және газ турбинасындағы тежеуіш күштер, олардың жүмыс қалақшаларының бу немесе газ бөлшектеріне тигізетін күштерінің әсерінен пайда болатындығы белгілі. Сонымен, бу және газ турбинасында немесе МГД - генераторында да энергияны түрлендіру тежеуіш күшті жеңу үшін атқарылатын жұмысқа байланысты.

Қандай болса да бір газды жоғары температураға дейін (3000°С) қыздырсақ, оның ішкі энергиясы артады. Егерде осы газды өткізгіш ретінде қолданып және оны МГД-генераторының жұмыс денелерінде қыздырып ұлғайтсақ, онда газдың жылу энергиясы тікелей электр энергиясына айналады.

Бұндай электр станцияларына алдымен магнитогидродинамикалық генераторлы (МГД-генераторы) электр станциялары жатады. Мұндағы МГД-генераторларын КЭС типті станцияларға қосымша салу жобаланады. Олар кәдімгі қазандарда қолданылмайтын 2500-3000°К жылу потенциалдарын қолданады.

17.3-сурет. МГД генератордың ұстанымдық сұлбасы.

1. Жану камерасы. 2. Жылу алмастыргыш. 3. Мгд-генератор. 4. Электро­магнит орамы. 5. Бу генераторы. 6. Турбина. 7. Электргенераторы. 8. Бу салкындаткыш (конденсатор).

9. Соргы.

Отынның газ түріндегі өнімдері (оған тез иондалатын «присадка», кіреді) жоғары кернеулі магнит өрісімен МГД-нің каналына бағытталады. Каналдағы иондалған газдардың кинетикалық энергиясы тұрақты токтың электр энергиясына, сонан соң үш фазалы айнымалы энергияға айналып, тұтынушылар пайдалану үшін энергетикалық жүйеге бағытталады.

МГД-ның каналының пайдаланылған 2000°К шамасындағы температурадағы газдары қазанға, одан жылу электр станцияларының бу турбинасына жіберіледі.

МГД-генераторын қолданатын жылу электр станциясының пайдалы әсер коэффициента 50-60 пайызға жетеді. Сөйтіп, МГД-генераторы жылу электр станциясының экономикалық көрсеткіштерін жоғарылатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Магнитогидродинамика (МГД) деп нені атайды?

2. МГД генератордың ұстанымдық сұлбасы.

Әдебиеттер тізімі

1. Веников В.А., Путятин Е.В. Введение в специальность.Электроэнергетика.-М:Высшая школа, 1988г.

2.Хожин Г. «Электроэнергетика», Алматы, 2011ж.

ДӘРІС № 18