Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция ВВС.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер тізімі

1. Веников В.А., Путятин Е.В. Введение в специальность.Электроэнергетика.-М:Высшая школа, 1988г.

2.Хожин Г. «Электроэнергетика», Алматы, 2011ж.

ДӘРІС № 2

Тақырыбы «энергетикалық ресурстар»

Жоспар

  1. Энергетикалық ресурстардың түрлері.

  2. Қазақстандағы энрегетикалық ресурстардың түрлері

Дүниежүзінің табиғат ресурстары Ресурстарға шаруашылық баға беру. Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы елдердін, аумақтарында орналасқан. Дүниежүзіндегі табиғат ресурстарының тендестігі, олардың корлары, жағдайы және пайдалану болашағы қосымшадағы 4-кестеде көрсетілген. Осы кестеде теңдестіктің маңызды құрамына жеке-жеке тоқталамыз. Энергетикалық ресурстар. XIX ғасырдың басына дейін негізгі энергетикалык ресурс түрі — ағаш болып келді. Содан соң оның маңызы біртіндеп темендей бастады да, көмірді кеңінен пайдалану байқалды. Дегенмен көмірдің басымдылығы ұзаққа созылмады, себебі оның орнына мұнай мен табиғи газ игеріліп пайдаланылды. Қазіргі замандағы жалпы дүниежүзілік отын қорлары бірінші кезекте көмір қорынан (жылу өндіру мүмкіндігінің 60%-ына дейін), мұнай мен газдан (шамамен 27%) тұрады (2-қосарбеттегі картаны қараңдар). Жалпы әлемдік өндірісте сұраныс басқандай: көмірге шамамен 30%, ал мұнай мен газға 67%-дан артық. 2000 жылы дүниежүзіндегі шынайы мұнай қоры 140 млрд т (жалпы барланғаны 250—300 млрд т) деп анықталған. Оның ішінде ОПЕК (мүнай экспорттаушы елдер ұйымы) елдерінің үлесіне өндірілген мүнай корының 77%-ы тиесілі болды. Дүниежүзілік табиғи газ қоры 146 млрд м3 деңгейінде анықталған. Оның ішінде ОПЕК елдерінің үлесіне табиғи газ корының 41%-ы тиесіл.

Егер артық айтсақ дүниежүзілік мұнай қоры 200—300 жылға жетеді, ал шындығында колда бар мұнай қоры тек бірнеше жылға ғана жетуі мүмкін. Өйткені мүнай өндіру көлемі жыл сайын артып отыр. Мысалы, 1960 жылдары мүнай мен газ конденсатын өндіру мелшері шамамен 1 млрд т, ал табиғи газ ендірісі 5 трлн м3 болған. Ал 2000 жылы бүл көрсеткіштер тиісінше 3,5 млрд т жонө 23 трлн м3-ге жеткен (косымшаны карандар).

Энергия не болса содан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.

Энергия деген ұғым бір бірімен барлық құбылыстарды қосады.

Адаммен мүмкіншілігінше тәжірибиде қолданылатын материалды объектісіне бағытталған энергия энергетикалық ресурс деп аталады.

Энергия түрлері:

  • Механикалық;

  • Электрлі;

  • Электрмагинтті;

  • Химиялық;

  • Ядролық.

Табиғатта көп түрлі энергоресурстар негізін көп мөлшерде тәжірибелік қажеттілікте қолданады.

Оларға органикалық отын, оның ішінде көмір, мұнай, газ, өзен, теңіз, күн, жел, жер қойнауының жылу энергиясы(геотермалды) энергиялары жатады.

Энергоресурстар түрлері

  • Жаңғыртылатын

  • Жаңғыртылмайтын

Жаңғыртылған энергоресурсына табиғатпен үздіксіз қалпына келтірілетін (су, жел, күн) жатады.

Жаңғыртылмайтын энергоре-сурсына табиғатта ертеден жиналған, бірақ тәжірибеде пайда болмайтын (тас көмірі, мұнай, газ, торф) жатады.

Табиғаттан алынатын энергия (отын энергиясы, жел, су, жердің жылу энергиясы, ядерлық) бірінші энергия деп аталады.

Бірінші энергиядан түрлендіріліп арнайы құрылғылардан- станция-лардан адам көмегімен алынатын энергия екінші энергия деп аталады. Оған (электрлік энергия, ыстық сулар) жатады.

Мысалы: ЖЭС (бірінші) жылу энергиясын түрлендіріп (екінші) электр энергиясына айналдырады.

ГЭС- су энергиясын электрге, АЭС- атомды энергияны электрге айналдырады. Және де бірінші энергиясының көтерілуін Көтерілу электрстанциясы(ПЭС) түрлендіріп электрлендіреді.

Тұтынушыларды энергетикалық өнеркәсіптік үдерісімен қамтамасыз етуде энергияның керекті түрі алынады.

Оның бес сатысы бар:

1.Энергетикалық ресурстарды концентрациялау және алу;

2. Энергетикалық ресурстарды энергияға түрлендіріетін қондырғыларға тарату;

3. Бірінші энергияны екінші энергияға түрлендіру;

4. Түрлендірілген энергияны тарату және үлестіру;

5. Тұтынушыларға жеткізілген түрінде сондай ақ түрлендірілген түрінде энергияны тұтыну.

Бақылау сұрақтары:

      1. Энергетикалық ресурс деп нені айтамыз?

      2. Энергетикалық ғылым деп нені айтамыз?