- •Мазмұны
- •Тақырыбы«кіріспе. Негізгі анықтамалар»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «энергетикалық ресурстар»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы«су электр станциясы»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «су аккумуляциялық электр станциялары (саэс).
- •Тақырыбы«сэс электр энергиясын алудың технологиялық үдерісі»
- •Су энергетика қорлар.
- •Су энергетикасы.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «атом электр станциясы»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «материия мен энергияның сақталу заңы сақтау заңы. Термодинамиканың заңы»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «карно циклы. Ренкин циклы»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «жылу машиналарының пәк-і. Жэс жылу балансы»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «конденсациялық электр станцияларының негізгі жабдықтары»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «кэс-те технологиялық процесс арқылы электр энергияны алу»
- •1 Отын беру құрылысы, 2. Бункер, 3. Тозаң дайындайтын құрылгы 4. Деаэратор блогы, 5. Машина залы. 6 қазан, 7 ауа жылытқыш, 8. Күл ұстағыш. 9. Түтін сорғыш. 10. Түтін мұржасы.
- •Әдебиттер тізімі:
- •Тақырыбы «жэо электр энергияны алудың технологиялық процесі»
- •Әдебиттер тізімі
- •Тақырыбы«атомдық қуаты алудың физикалық негіздері»
- •5. Биолосиялық қорған (детои). 6. Жылу тасушы.
- •1. Уран ядролары. 2. Нейтроидар.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы«газ-турбиналық және пар-газдық қондырғылар»
- •15.2 Сурет Бу-газ қондырғыларының ұстанымдық сұлбасы.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «мгд-генераторлары. Термоэлектрлық генераторлары»
- •Ток өткізгіш. 2. Пластинкалар
- •1.Темір пластиналар.
- •1. Жану камерасы. 2. Жылу алмастыргыш. 3. Мгд-генератор. 4. Электромагнит орамы. 5. Бу генераторы. 6. Турбина. 7. Электргенераторы. 8. Бу салкындаткыш (конденсатор).
- •9. Соргы.
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «гелио электр қондырғылар, жел электр қондырғылар, құйылыу электр станциялары»
- •Жел электр станциялары (жэс)
- •1. Желқалақшалары. 2. Электр генераторы. 3. Тоқ өткізгіш (кавелі). 4. Биік мунара. 5. Электр энергыясын тарататын үй. 6. Найзағай қайтарғыш. Дизель электр станциялары(дэс)
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «геотермалдық қондарғылар, биогаздақы қондырғылар, электр-химиялық генераторлар»
- •Биогаз қондырғылары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «электр жүктеменің кестесі»
- •Әдебиеттер тізімі
- •Тақырыбы «электр станциялардың және косалқы станциялардың құрылымдық сұлбалар»
- •Грэс, гэс құрылым схемасы құрағанда келесі шарттар орындалу керек
- •Электр станциясының құрылым сұлбасы
- •Тэц жэо құрылым схемасынқұрағанда келесі шарттар орындалу керек;
- •Тақырыбы «электрстанциялардың және қосалқы станциялардың техника-экономикалық есеп»
Әдебиеттер тізімі
1. Веников В.А., Путятин Е.В. Введение в специальность.Электроэнергетика.-М:Высшая школа, 1988г.
2.Хожин Г. «Электроэнергетика», Алматы, 2011ж.
ДӘРІС № 5
Тақырыбы«сэс электр энергиясын алудың технологиялық үдерісі»
Жоспар
СЭС электр энергиясын алудың технологиялық үдерісі
Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС1902 жылы Зырян кенішін энергиямен қамтамасыз ету мақсатында Тұрғысын өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы Үлбі СЭС-і (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. Үлкен Алматы өзенінде 10 каскадтан тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде Өскемен СЭС-і (куаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-і (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа СЭС салынған. Қазақстандағы ірі СЭС-тердің барлығы энергия жүйесі құрамындағы жылу станцияларымен үйлестіріле пайдаланылады. Бұл жағдайда олардың жоғары дәрежедегі кешенді үнемділігі, пайдаланудағы сенімділігі артады. Сондықтан СЭС салу өзеннің ағын суын су көлігі, ирригация және сумен қамтамасыз ету және т.б. мақсаттарда кешенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Су энергетика қорлар.
Су энергетика қорлары — өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық түрғыдан таза түрі болып табылады. Су энергиясының қоры жөнінен Қытай, АҚШ, Канада дүние жүзіндегі алғашқы орындарды иеленеді.
Су энергетикасы.
Су энергетикасы (Гидроэнергетика; грек, "һydor" — су, ылғал, energia — қызмет, әрекет) — 1) бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз ағын судан энергия алу. Дүние жүзіндегі ең үлкен СЭС Венесуэлада (Гури бөгеті, 10 млн кВт) және Бразилияда Парана өзенінде (Итайпу ГЭС-і, 12,6 млн кВт) салынған. Қазақстанда Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і, т.б. бар. Су энергетикасының энергия көздері сарқылмайтын (трубина арқылы өтетін су ағынының орны өзенге немесе көлге құятын өзен және бұлақ суымен толтырылады) болуы мүмкін. СЭС-тердің экологияға нұқсан келтіретін факторлары да бірталай. Мысалы, жазық жерлерде СЭС салу құнарлы жерлерді пайдалануға жарамсыз етіп қана қоймай, өзеннің экожүйесін толық бұзады. Су қойма түбінде мыңдаған тонна шөгінділер (өнеркәсіп және тұрмыстық ақаба суымен бірге өзенге түсетін улы заттектер) жиналады. Бұл су қойманы жойғанның өзінде аумақты пайдалануға жарамсыз етеді. Таулы жердегі өзендер СЭС-тер салуға қолайлы. Бірақ сейсмикалық қауіпті аудандарда алапат ықтималдығы жоғары болуы мүмкін. Жер сілкіністері орасан зор зиян келтіреді. Мысалы, Италиядағы Вайонда 1993 жылы бөгетті су жарып өткенде 2118 адам, ал Индияда Гуджерат бөгетін су жарып өткенде 16 мың адам қаза болды. Қазіргі уақытга үлкен СЭС-тер салудың келешегі жоқ, оларды бөгет салуды қажет етпейтін ағыны жылдам шағын немесе үлкен өзендерде салу ыңғайлы деп есептеледі. Кіші су энергетикасы дәстүрлі емес энергетикаға жатады; 2) бөгет салу арқылы не салмай, аққан судан энергия алу. Су энергиясының біршама арзандығына қарамастан, ресурстардың шектеулілігіне және энергия қондырғыларының көп аумақты алатынына байланысты болашақта ол дүние жүзіндегі энергетиканың 5%-ынан аспайтын болады.Су электростанциялары (СЭС) аудандық жылу электр станциялары сияқты генераторлық кернеуде жүктемесі болмайды және энергияның көп бөлігін жоғары кернеулі торапқа береді. Сондық-тан СЭС сүлбалары белгілі дәрежеде КЭС сүлбаларына үқсас. Қуатты СЭС сүлбалары блокты принцип бойынша қүрылады.
Сурет 5.1. СЭС технологиялық сұлбасы
Бірақ сұлба құраудаСЭС-тің бірнеше ерекшеліктерін ескерген жөн:
1.СЭС-ның қуатын есепті су ағынымен және өзен ағынының кысымымен анықтайды. СЭС-ті бірден су ағынының барлық қуатына қүрайды және де артынан кеңейтуге болмайды. Сондық-тан СЭС-ның сүлбасы КЭС сүлбасына қарағанда түрақты болып келеді.
СЭС аі регаттары жүйенің ең жоғаргы бөлігін жауып жатады, ауыспалы жүктемемен жүмыс істейді және салыстырмалы түрде тораптан жиі ажыратылады.
СЭС-те тарату күрылымдарын орнатуға алаңдар шектелген. СЭС-тің басты трансформаторлары СЭС-тің басты корпустарын-да қондырылады. Ал ашық тарату қүрылғылары трансформатор-лардан айтарлықтай қашықтықта өзен жағасында қондырылады.
Осы көрсетілген ерекшеліктеріне қарай СЭС-тің жоғары кер-неуінде әртүрлі сүлбалар қолданылады. Мүндай сүлбаларға көп-бүрыштар (үшбүрыш, төртбүрыш, алты бүрыш), қосарланған көпбүрыштар, сонымен бірге қарапайым сүлбалар: шиналар-желі-лер, шиналар-трансформаторлар, қарапайым және қосарланған көпірлі сүлбалары жатады.
СЭС-ті генератор тізбегіндегі ажыратқышты ірі блоктар си-паттайды.
СЭС-тің өтпелі желіден тарамдалған түрдегі, көптеген сүлба-лары бар. Соңғы кездерде СЭС-те жеңілдетілген ажыратқышсыз электрлік сүлбалар қолданылады, қысқа түйықтағыштар және бөлектеуіштер аркылы тізбекке қосылады.СЭС сүлбасының барлық түрлері толығырақ қаралған.
СЭС-те екі жоғары кернеу болса, мақсатына сәйкес АТ-ды қолданады. Осы кезде СЭС-те генераторды қосқанға АТ-дағы үшінші ораманы қолданады. Себебі СЭС-те максималды және минималды режімдер тәулік бойы кезектесіп отырады және АТ арқылы қуаттың реверсивті ағыны бар.
СЭС үшін генераторлық кернеуден қуатты беру сүлбасын қолдану аймагы шектелген. Бүл негізінен қуаты аз станцияларға арналған сонымен бірге генерагорлық кернеуде жеңілдетілген типтегі ВМП типіндегі ажыратқыштарды кейбір кезде вакуумды, элегазды ажыраткыштарымен комплектті тарату қүрылығыларын қолдануға тырысады.
Бақылау сұрақтары:
СЭС электр энергияны алу процессі
