- •Ә.П білім беру кешені ретінде
- •Ә.П тәжірибе ретінде
- •1.Карвасарский б.Д:
- •2.Кочюнас р.:
- •3.Немов р.С.:
- •9. Кеңес берушілік арақатынастың ұстанымдарын жіктеңіз.
- •10. Кеңес берушілік арақатынас үлгілерін жүйелеңіз.
- •11. Кеңес берудің емдік және барьерлік үлгісін түсіндіріңіз.
- •12. Кеңес берудің ережелік және ынталандырушы үлгісінің мәнін ашыңыз.
- •15.Кенес берудегі трансактілі талдау әдісін негіздеңіз.
- •Трансактілік анализ
- •17. Кеңес беруде еркін ассоциациялар әдісін түсіндіріңіз.
- •18. Кеңес беруде қарсыласурлармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін сипаттаңыз.
- •19.Кеңес беруде қорғаныстармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін анықтаңыз.
- •20. Кеңес беруде вербализация тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •22. Мультимодалды кеңес беру ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Балаға кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің түрі ретінде негіздіңіз.
- •26. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі буллинг анықтамасын түсіндіріңіз.
- •27. Отбасылық кеңес беру тұжырымдары мен үлгілерін сипаттаңыз.
- •28.Отбасылық кеңес беру тактикасы.
- •29.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру барысында кәсіби қайшылықтарды шешу жолдарын айқындаңыз.
- •30.Мұғалімдерге кеңес беру формаларын негіздеңіз.
- •32.Кеңес берудің этикалық принциптерін жүйелеңіз.
- •33. Агрессиялық мінез құлық, зорлық және түрлі ауытқуларға байланысты кеңес беру ерекшеліктерін табыңыз.
- •Зорлықтың түрлері:
- •34. Кәсіби және тұлғалық даму бойынша кеңес беру ерекшеліктерін табыңыз.
- •35.Топтық және жеке кеңес беру формаларын жіктеңіз.
- •36. Өзіндік тұлғалық даму бағдарламасын әзірлеңіз.
- •37. Парадокстық ниеттер әдісінің мазмұнын (логотерапия) сипаттаңыз
- •38. Кеңес беруде ауыстыру мен контрауыстыру ерекшеліктерін айқындаңыз
- •40. Кеңес берудегі эмпатия мен конгруэнттілікті орнату, сендіру, қатынастарды өзгерту тәсілдерінің ерекшеліктерін жүйелеңіз
- •41.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі психодрама әдісінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •§ 3. Психодраманың әдістемелері
- •43. «Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің қайнар көздері» атты салыстырмалы кесте құрастырыңыз.
- •44. «Кеңес беру идеяларының пайда болуы мен генезисі» атты сызба құрастырыңыз.
- •45. Gilland, р.Качюнас және а.Н.Елизаров бойынша «Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің түрлері, үлгілері» атты салыстырмалы кесте құрастырыңыз. Эклектикалықкеңес беру (е. Gilland)
- •Р.Кочюнас кеңес берудің мақсаты
- •А.Н. Елизаров бойынша
- •Түрлері.
- •46. «Шебер-кеңес беруші. Білім, білік, дағдылар, құзырлар» атты үлгі құрастырыңыз.
- •47. Кеңес берушілік әрекетті ұйымдастыру жоспарын құрастырыңыз (уақыттық, кеңістік және мазмұндық көрсеткіштері
- •48. Баламен кеңес берушілік интервью құрылымын құрастырыңыз.
- •57. Көп балалы отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бағдарламасын даярлаңыз.
- •58. Қауып тобындағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Қауып тобындағы балаларға кеңес беру көпшілікпен мақұлданған үлгі арқылы жүзеге асырылады:
- •Қауып тобындағы жасөспірімдерге кеңес берудің ерекшеліктері
- •59. «Кеңес берушілік әңгі
- •60. Жеткіншектерге топтық кеңес беру картасын құрастырыңыз (қарастырылатын мәселені өзіңіз таңдайсыз).
27. Отбасылық кеңес беру тұжырымдары мен үлгілерін сипаттаңыз.
Отбасылық кеңес беру мәселердің кең шеңберін қамтитын ақыл-кеңес беру бағыттарының бірі ретінде ерлі-зайыптылардың, бала мен ата-аналар, ерлі-зайыптылар мен олардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қарастырады. Көбінесе мұнымен қазіргі кезде белсенді түрде бастау алып, қарқынды дамып келе жатқан психологиялық-педагогикалық кеңес беру қызметімен айналысады. Әдетте 14-15 жасқа дейінгі балалар мен ата-аналарының қатысуында кеңес беру жүргізіледі, өйкені олардың мәселелерін отбасының қатысуынсыз шешу қиындыққа түседі. Ата-аналарға кеңес беруде жағдайға қатцысты көз қарас обьективті және субъективті болуы тиіс, яғни мәселелер отбасы көзқарасы тұрғысынан және кеңес беруші көзқарас тұрғысынан бекітілуі керек.
Отбасылық кеңес беру процесі конгитивті және эмоционалды аспектілерді қамтиды. Кеңес беру барысында кеңес алушының немесе жалпы отбасының мәселелері шешіліп қана қоймайды, оларды шешудің тиімді деңгейдегі жолдары да іздестіріледі. Отбасылық кеңес беру – бұл ең алдымен тұлғаның ішкі байлықтарын эмоционалды тиімді факторлардың көмегімен аша білу үшін жағдай туғызатын өзара араласу, отбасының эмоцианолды байланыстарын қалыптастыру, осы байланыстардың белгілі бір қозғалыстары.
Мұндай жағдайда отбасылық кеңес беруді бірнеше бағытқа бөлуге болады. Мұндай жіктеу отбасылық проблемаларға кеңес беру тәжірибесінде кездесетін төмендегідей бөлулерден туындайды:
некелескенге дейінгі проблемалар: жынысаралық қатынастардағы махаббат пен өзара түсіністік, некелік іздеу салу, неке таңдау, жалғыздық және тағысын тағы проблемаларға түсінік беру. Мұндай жаңдайдағы проблемалар жігітттік кезде де, сонымен бірге ересек кезде де жиі кездеседі, мысалы, бірінші некеден кейін қайтадан үй болу, өмірлік серік іздеу, ерлі-зайыптылардың көзге шөп салушылықтарынан кейін шешім қабылдаулары;
жас отау иелері өмірлерінің бастапқы кезеңіндегі проблемаларына кеңес беру. Бұл кезеңде отбасылық өмірге деген тәжірибенің жоқтығы салдарынан жанжалдың болып тұруы, ерлі-зайыптылардың ата-аналары арасындағы өзара қарым-қатынастары, бала туу жөніндегі мәселені шешу туралы сөз қозғалады;
бала – ата-ана проблемаларына кеңес беру: баланың мектептегі оқуы мен тәртібі, дамуының ауытқушылығы, отбасындағы тәрбие беру мәселесі және басқалар;
неке бұзысу мен ажырасқаннан кейінгі алаңдаушылық;
отбасылық жанжал мен дағдарысқа кеңес беру.
Отбасылық кеңес берудің техникасы
Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады: байланыс орнату, проблемаларды анықтау, жұмыс фазасы, шешім мен әрекет фазасы және кері байланыс фазасы.
Бірінші фазасы — өтініш иесімен байланыс орнату. Қорытындысы: олармен өзара әрекеттесу шегін анықтау. Ол бастапқы әңгіме-кеңес барысында жүзеге асырылады. Бұл фазада араласу мен оны құрайтын арақашықтық анықталады.
Екінші фаза — өтініш иесінің проблемаларын, отбасының проблемаларын анықтау. Қорытындысы: кеңес алушы мен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері. Кеңесші нақты проблеманы бағдарлап, оның мәнісін анықтап түсіндіреді. Кеңес алушы мен кеңесші баламалы амалдарды талқылай келе, бір жақты пікірге тоқталады. Кеңес алушы проблеманы қабылдауы тиіс. Кеңесші кеңес алушыға проблеманы өзінің атынан ғана емес, үшінші біреудің атынан да ұсыну құқығын бере алады. Бұл кезеңдегі маңызды проблема – дилеммаларды түсіне отырып, біршама келісімге келу болып табылады.
Үшінші фаза – жұмыстық. Қорытындысы: кеңес алушымен бірге проблемаларды жаңаша түсіну.
Бұл фаза үшін мынандай динамика тән: кеңес алушы мен кеңесшінің арасындағы байланысты құрылымдарға бөлу, кеңес алушының жүйесі тарылуы, төзуі мен қарсы тұра білуі үшін бақыланатынын жағдайлар жасау, кеңес алушының төзімнен шығуы мен өз иелігін табуы.
Төрітінші фаза – шешім мен әрекет қабылдау. Қорытындысы: қалыпты табиғи жағдайдағы кеңес алушының тиімді мінез-құлқы.
Бұл фазада белгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стратегиясын құрады. Өзі үшін қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінікіндей қабылдап, дербестік пен сенімге ие болған соң, іске кіріседі.
Бесінші фаза – кері байланыс. Қорытындысы: кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағатттандырады.
Кеңесші ішінара мұндай ақпараттарды кеңес беру барысындағы төзімділіктің белгілерін қадағалау кезінде алады. Сондай-ақ ол жағдайды анықтай отырып, көріністері қайталанбалы кездесулер өткізеді.
