Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
338 Кб
Скачать
☆

1.Карвасарский б.Д:

♥ мәселеге бағытталған;

♥ тұлғаға бағытталған;

♥ шешімге бағытталған.

2.Кочюнас р.:

♥ индивидуалды және топтық;

♥ бір реттік және көпреттік;

♥ жекешақыртуменберілетін;

♥ қосымшатесттікжәнетестсіз;

♥ псхологиялық коррекция әдісінсіз;

♥ әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы.

3.Немов р.С.:

♥ жеке бас-интимдік (тұлғалық) – кеңес берудің бұл түрі жиі әрі көп кездеседі.Адамның тұлғалық сұрақтарымен,уайымдарымен айналысады.Кеңес алуға келген клиент айналадағыларынан өз проблемасын жасыруға тырысады.Мыс:адамдармен қарым-қатынас,әртүрлі қорқыныш,сәтсіздіктер.Бұндай кеңес беруде адамның өз-өзіне көңіл толмаушылығы,интеллектік мәселелерін жатқызуға болады.

♥ отбасылық – адамның өзінің және басқасының,туысының жанұясындағы мәселелерімен айналысады.Болашақ жар таңдау,отбасындағы қарым-қатынас,конфликтерді шешу жолдары,әйелі мен күйеуі туыстарымен қарым-қатынасы,ажырасу сұрақтары.

Кеңес беру процесін 5 фазаға бөлуге болады.

  1. байланыс тудыру;

  2. мәселені анықтау;

  3. арнайы жұмыс фазасы;

  4. шешім қабылдау;

  5. кері байланыс фазасы.

1 фаза – клиентпен байланыс тудыру , яғни бұл фазада қарым – қатынас дистанциясы анықталады. Сонымен қоса байланыс кезіндегі мінез – құлық осы кездегі реакциялар ерекшеліктері вербалды және вербалды емес қарым – қатынас мінезі және мінез – құлықты бағалау, реттеу жүреді.

2 фаза – мәселені анықтау, бұл кезде клиент пен психолог арасында мәселені түсіну кезінде келісушіліктері болу керек. Бұл кезде клиент өз мәселесін анықтайды, ал песихолог оны түсіндіріп, келіседі. Яғни клиент пен кеңес беруші бірдей ойға келеді. Альтернитивті гипотезаларды талқылайды.

3 фаза – арнайы жұмыс фазасы, бұл кезде кеңес берудің ең негізгі қорытындысы клиенттің мәселені жаңалай түсіне алуы.

4 фаза – шешім қабылдау фазасы, бұл кезде клиенттің кеңес алудан кейін тиімді әрі өнімді мінез – құлқы көрінуі керек. Клиенттің шешім қабылдауы сенімділікке, оптимизмге, жауапкершілікке сүйенуі қажетү Бұл фазада психолог пен клиент болашақ әрекетінің әдіс – тәсілдерін дұрыс таңдауы қажет, ол әдіс – тәсілдерді нақты жағдайда қолдануы шарт.

5 фаза – кері байланыс фазасы, мұның негізгі қорытындысы клиентке кеңес беру және кеңес берудегі нақты процесс клиентті қанағаттандыру керек.

♥ психологиялық-педагогикалық – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге байланысты сұрақтар,ересектердің педагогикалық біліктілігін көтеру,балалар мен ересектер ұжымын

Кеңес беру үрдісінің құрылымы(структура)

Кеңес беру үрдісінің құрылымының ең кең тараған үлгісі (В.Е.Gilland және оның қызмететстері, 1989) – эклектикалық үлгі. Бір бірімен тығыз байланысқан алты деңгейден тұрады.

1.Мәселені зерттеу. Бұл сатыда кеңес беруші клиентпен байланыс орнатып, өзара сенімге негізделген қатынас құрады. Клиентті мұқият тыңдау шарт, оған барынша жанашырлық, мұңына ортақтастық таныту маңызды, эмпатия, қамқорлық көрсете білу және бұл аталған жайттарды еш бағалаусыз, басқарусыз жасау керек. Клиенттің туындаған мәселені терең түсінуін ұйымдастыру қажет, оның сезімдерін тұрақтандыра білу осыған алып келеді. Клиент өзін ұстауы мен мәселені баяндауына көп көңіл бөлу керек.

2.Мәселенің екі өлшемді анықтамасы. Кеңес беруші клиент мәселесін оның эмоционалдық және когнитивті қырларын қарастыра отырып дәл сипаттауға тырысады. Мәселені дәл анықтау клиент пен кеңес беруші ортақ түсінікке келгенге дейін жалғасады. Мәселені дәл анықтау мәселенің туындау себебін толық түсінуге мүмкіндік береді, тіпті кейбір жағдайларда мәселені шешу жолдарын да көрсетеді. Мәселені дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда зерттеу сатысына оралу керек.

3.Мәселені теңестіру. Бұл сатыда мәселенің шешілуі мүмкін жағдайлар анықталады және ашық талқыланады. Ашық түрде сұрақтар қою арқылы кеңес беруші клиенттің мәселені шешу нұсқаларын атауға итермелейді, бірақ өз ұсыныстарын клиентке таңбайды. Әңгімелесу кезінде ол нұсқалардың жазбаша түрін де жасауға болады, бұл түрлі нұсқаларды қарастыруға және оларды салыстыруға мүмкіндік береді.

4.Жоспарлау.Жоғарыда таңдалған нұсқаларды бағалау жүзеге асады. Кеңес беруші клиентке дұрыс нұсқаны таңдауға көмек көрсетеді. Мәселені шешудің нақты нұсқаларын жоспарлау клиентке барлық мәселелердің шешіле бермейтіндігін түсінуіне көмектеседі. Қайсібір мәселелер шешімін табуы үшін уақыт өтуін талап етсе, ендігі бір мәселелер толық емес бөлшекті түрде шешімін табуы мүмкін.

5.Әрекет ету кезеңі. Жоспарлану бойынша мәселені шешуді жүзеге асыру. Кеңес беруші клиенттің нақты жағдайларды есепке ала отырып, сондай-ақ, болуы мүмкін сәтсіздіктер, уақыт, эмоциялық шығындалу сынды жайттарды есепке ала отырып әрекер етуіне көмектеседі. Клиент мәселені шешу барысында кездесетін сәтсіздіктердің түпкілікті сәтсіздік емес екендігін түсінуі керек және мұндай жағдайларға қарамастан өз жоспарын жүзеге асырудан тайынбауы керек.

6.Бағалау және кері байланыс. Бұл сатыды клиент кеңес берушімен бірге жеткен нәтиженің деңгейін анықтайды. Қажет болған жағдайда мәселені шешу жоспарына қайта оралады. Тереңдеген жаңа, жасырын мәселелер туындап жатса алдыңғы сатыларды қайталап шығу керек.