Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
338 Кб
Скачать
☆

17. Кеңес беруде еркін ассоциациялар әдісін түсіндіріңіз.

Емін-еркін ассоциациялар-Клиент емін-еркін болып, ойындағы түрлі көріністерді дауыстап айту.«Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады. Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады. Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның «сценарийі» – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады.

Еркін ассоциацияларды әдісінің жүргізлуі:

  • клиентке ауызша нұсқаулар айтылады;

  • жайғасып отырыңыз немесе жату;

  • дененіңізді бос ұстаңыз, басыңызға келген ойлар, қиялдар, сезімдер туралы бәрін түгел айтыңыз;

  • Сіздің басыңызға қандай ой келді? Сіз нені сезіндіңіз? Сіз қалай сезінесіз? Сіз не ойладыңыз?

Бұл әдісті қолданудағы маңызды жайттар:

  • Клиент орынсыз немесе қажетсіз, ұсақ ассоциациялардың, ойлардың, сезімдердің болмай-тынын түсінуі керек.

  • Клиенттің міндеті: ой мен сөздің арасында үзілістің пайда болуына уақыт бермеу, не болса да сын елегінен өткізбей дауыстап айту.

  • Маңызды не маңызсыз, жағымды не жағымсыз, үлкен не ұсақ, мақтанатын не ұялатын, қуантатын не қинайтын ойлар мен сезімдерді іште сақтап қалмай сыртқа шығару үшін емделушінің қолайлы сезімін, талдаушыға деген сенімін нығайтуға жағдай жасау керек.

18. Кеңес беруде қарсыласурлармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін сипаттаңыз.

Қарсыласуды интерпритатциялау - Клиент бейсана деңгейінде конфликтілерге, импульстерге қарсыласуы мүмкін. Қарсыласу термині психоанализден алынған, сондай-ақ, оның З.Фрейд егжей-тегжейлі сипаттаған негізгі түрлері бөлініп көрсетілген. Гештальт терапияда байланыс (контакт) циклінің әр кезеңінде байланысты (контактіні) үзетін белгілі бір қарсыласу іске қосылады. Олардың кейбіреуіне қысқаша сипаттама берейік. Байланыс (контакт) алдындағы кезеңде негізгі ретінде «Қосылыс» қарсыласуы көрінеді, адам нені қалайтындығын, оған не қажет екендігін айта алмайды, өз сезімдерін (сезім бар, бірақ, бұл қандай сезім екендігін анықтай алмайды), өз қажеттілігін айқындап бере алмайды, басқалардың сезімдерін немесе тілектерін өзінікі сияқты жеңіл қабылдайды. Өзінің жеке «Менін» бөліп көрсете алмайды. Контактинг кезеңінде байланысты үзудің негізгі түрі ретінде «интроект»-қарсыласуы іске қосылады: адам қалай болуы тиіс, қайсысы дұрыс екендігін біледі, бұл конструктілерді ол өзіне маңызды адамдардан ұғынбай-ақ иеленеді. Ал неліктен солай болуы тиіс екендігін білмейді. Проекция – басқа адамдардың ойларын оқу. Мысалы, мен жайлы жаман ойлап қалады. Біз басқа адамдарға таңатын ойлар, бейнелер, сезімдер, соның ішінде өзіндегі кейбір қабылданбайтын нәрселерді де жатқызуға болады. Дифлексия - адам тікелей байланысқа (контактіге) түсуден қашады және мақсаттарына айналмалы жолмен қол жеткізеді. Мысалы, біреулерге ашуланды, бірақ ол ашуын басқалардан алды. Энергия басқа жаққа қозғалады. («Таз ашуын тырнадан алады»). Ретрофлексия - бұл басқаларға бағытталған тойтарылған сезімдерді, импульстерді өз адресіне бұру. Бұл негізінен финалдық байланысқа (контактіге) тән. Байланыстан кейінгі контакт (постконтакт) - байланыс циклі өтті, ортамен өзара энергия алмасу жүрді, өзгерістерді иелену және сіңіру (ассимиляциялау), оларды өзінің бір бөлігіне айналдыру кезеңі. Алайда бұл үнемі бола бермейді. Адам көбінесе оқиғалардың өзін немесе оларға қосқан өз үлесін елемей, өз іс-әрекетінің нәтижесін бағаламайды немесе жатсынады. Немесе өзіне маңызды адамдар тарапынан «бағаламауы» болуы мүмкін. Сол кезде бірдеңеге қол жеткізгенмен де, сәтсіздіктерден қашу мақсатында байланыс тезірек орнатылады, адам өз мінез-құлқын, әрине, төмен бағалайды. Адам неліктен өзі шын мәнісінде қалағандарын қанағаттандыра алмағандығын әр түрлі ойлар арқылы өзіне өте қисынды түрде түсіндіреді. Рационализациялау (ақыл-ой таразысына салу) – бұл да қарсыласу механизмдерінің бірі.