- •Ә.П білім беру кешені ретінде
- •Ә.П тәжірибе ретінде
- •1.Карвасарский б.Д:
- •2.Кочюнас р.:
- •3.Немов р.С.:
- •9. Кеңес берушілік арақатынастың ұстанымдарын жіктеңіз.
- •10. Кеңес берушілік арақатынас үлгілерін жүйелеңіз.
- •11. Кеңес берудің емдік және барьерлік үлгісін түсіндіріңіз.
- •12. Кеңес берудің ережелік және ынталандырушы үлгісінің мәнін ашыңыз.
- •15.Кенес берудегі трансактілі талдау әдісін негіздеңіз.
- •Трансактілік анализ
- •17. Кеңес беруде еркін ассоциациялар әдісін түсіндіріңіз.
- •18. Кеңес беруде қарсыласурлармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін сипаттаңыз.
- •19.Кеңес беруде қорғаныстармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін анықтаңыз.
- •20. Кеңес беруде вербализация тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •22. Мультимодалды кеңес беру ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Балаға кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің түрі ретінде негіздіңіз.
- •26. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі буллинг анықтамасын түсіндіріңіз.
- •27. Отбасылық кеңес беру тұжырымдары мен үлгілерін сипаттаңыз.
- •28.Отбасылық кеңес беру тактикасы.
- •29.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру барысында кәсіби қайшылықтарды шешу жолдарын айқындаңыз.
- •30.Мұғалімдерге кеңес беру формаларын негіздеңіз.
- •32.Кеңес берудің этикалық принциптерін жүйелеңіз.
- •33. Агрессиялық мінез құлық, зорлық және түрлі ауытқуларға байланысты кеңес беру ерекшеліктерін табыңыз.
- •Зорлықтың түрлері:
- •34. Кәсіби және тұлғалық даму бойынша кеңес беру ерекшеліктерін табыңыз.
- •35.Топтық және жеке кеңес беру формаларын жіктеңіз.
- •36. Өзіндік тұлғалық даму бағдарламасын әзірлеңіз.
- •37. Парадокстық ниеттер әдісінің мазмұнын (логотерапия) сипаттаңыз
- •38. Кеңес беруде ауыстыру мен контрауыстыру ерекшеліктерін айқындаңыз
- •40. Кеңес берудегі эмпатия мен конгруэнттілікті орнату, сендіру, қатынастарды өзгерту тәсілдерінің ерекшеліктерін жүйелеңіз
- •41.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі психодрама әдісінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •§ 3. Психодраманың әдістемелері
- •43. «Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің қайнар көздері» атты салыстырмалы кесте құрастырыңыз.
- •44. «Кеңес беру идеяларының пайда болуы мен генезисі» атты сызба құрастырыңыз.
- •45. Gilland, р.Качюнас және а.Н.Елизаров бойынша «Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің түрлері, үлгілері» атты салыстырмалы кесте құрастырыңыз. Эклектикалықкеңес беру (е. Gilland)
- •Р.Кочюнас кеңес берудің мақсаты
- •А.Н. Елизаров бойынша
- •Түрлері.
- •46. «Шебер-кеңес беруші. Білім, білік, дағдылар, құзырлар» атты үлгі құрастырыңыз.
- •47. Кеңес берушілік әрекетті ұйымдастыру жоспарын құрастырыңыз (уақыттық, кеңістік және мазмұндық көрсеткіштері
- •48. Баламен кеңес берушілік интервью құрылымын құрастырыңыз.
- •57. Көп балалы отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бағдарламасын даярлаңыз.
- •58. Қауып тобындағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Қауып тобындағы балаларға кеңес беру көпшілікпен мақұлданған үлгі арқылы жүзеге асырылады:
- •Қауып тобындағы жасөспірімдерге кеңес берудің ерекшеліктері
- •59. «Кеңес берушілік әңгі
- •60. Жеткіншектерге топтық кеңес беру картасын құрастырыңыз (қарастырылатын мәселені өзіңіз таңдайсыз).
11. Кеңес берудің емдік және барьерлік үлгісін түсіндіріңіз.
Кеңес берушілік арақатынасты қандай жағдайлар емдік, мәселелерді шешуге эффективті жасайды? Ең алдымен кеңес беруші мен клиент арасындағы қатынастың ерекшелігі клиенттің басқа адамдармен қарым-қатынасын, оның араласу стилін және стереотиптерін көрсетеді- клиенттің мәселелерін көруге болады.
Кеңес берушілік арақатынастың түрі процесс барысындағы кеңес берушінің теорилық біліктілігіне байланысты.
Қазіргі заманғы кеңес берушілік арақатынас түрлері:
Психоаналитикалық бағыт - кеңес беруші жеке анонимділікті сақтайды, клиент өз мәселелерін толықтай ашу үшін. Ең негізгі назар клиенттің ауыстыру реакциясына анализ жасау кезінде туындаған қарсыласудың азаюына аударылады және рационалды бақылаудың орнатылуына.
Адлерлік бағыт – клиен пен кеңес берушінің арасындағы жауап кершіліктің бөлінуіне, екі жақты сыйластық және сенімділікке, позициялардың бірдейлігі, кеңес берудің ортақ мақсатының қойылуына назар аударады.
Клиентке бағытталған терапия- кеңес беруішілік арақатынас кеңес беру процесінің негізі болады. Шынайылық, эмпатия, сыйластық, жылылық, кеңес беруші тарапынан қолдау көрсету және осылардың клиенке берілуі ерекше көрсетіледі.
Экзистенционалды терапия – кеңес берушінің негізгі мақсаты клиенттің экзистенциясына кіру және аутентикалық қарым-қатынас орнату. Кеңес берушімен қарым-қатынасқа түсе отырып клиент өзіндік ерекшеліктерін ашады. Кеңес берушілік қарым-қатынас барысында клиентпен бірге кеңес берушіде өзгереді.
Рационалды-эмоционалдық терапия – кеңес беруші мұғалім рөлін, ал клиент оқушы рөлін атқарады. Кеңес беруші мен клиент арасындағы жеке қарым-қатынастарға мән берілмейді.
Емдік климат.
Кеңес берушілік арақатынастың сапасы екі негізгі факторға байланысты: емдік климат, кеңес берушінің қарым-қатынас орнатудағы (вербалды және бейвербалды) іскерлігіне.
Емдік климат өз кезегінде бірнеше эмоционалды маңызды компоненттерден тұрады. Физикалық құрастырушылардан кеңес беру орнының жабдықталуы, кеңес берушінің және клиенттің кеңістікте орналасуы, кеңес беруге арналған уақыттың жүйеленуі жатады. Ал емдік климттың эмоционалдық компоненттеріне екі жақты сенімділік атмосферасының жасалуы, кеңес берушінің шынайылығы, оның эмпатияға қабілеттілігі және клиентке деген құрметпен қарау жатады.
12. Кеңес берудің ережелік және ынталандырушы үлгісінің мәнін ашыңыз.
Кеңес берушілік тәжірибесі көрсеткендей кеңес беруді өткізуде маңызды шарттардың біріне оны ұйымдастыру жатады. Кеңес беруді ұйымдастыру процессіне формальді және үдерістік бөліктер кіреді. Формальді бөлігіне ережелік-құқұқтық негіздер кірсе, ал үдерістікке – кеңес беруді құрылымдық ұйымдастыру жатады.
Кеңес берудің ережелік моделінің құрамын ережелік-құқықтық негізер кіреді. Ережелік – құқықтықтық негіздерге әр түрлі заңдар, қаулылар, үкімдер, тәртәптер және т.б. құжаттарда жатады. («Жалпы адам құқықтары туралы декларация», «Бала құқтары туралы конвенция», «Қ.Р. –ның Конституциясы», «Білім беру туралы заң», «Неке және отбасы туралы заңы», «ҚР баланың құқықтары туралы заңы» және т.б.)
Кеңес берудің этикалық принциптері
Кеңес беру барысында клиенттің құқығы. Клиенттің кеңес берушіге тәуелділігі этикалық мәселе түрінде.Кеңес берушінің кәсіби және этикалық құқы мен міндеттері. Кеңес берудің құпиялылығы және оның шектеулері. Психологтың клиентпен кеңес беру және басқа да қатынастарының этикалық және құқықтық сұрақтары. Кеңес берушінің кәсіби білім және іскерліктерін психологиялық ықпал ету құралдары ретінде сәйкестік мәселесі. Кәсіби мен-кеңес берушінің бейнесі, жеке бас тәжірибесі. Кәсіби кеңес берушілердің жеке бас қасиеттері. Кеңес берушінің жеке бас құндылықтарының және өмірлік философиясының іс-әрекетіне әсер ету мәселесі. Кеңес беруші-психотерапевт түсініктерін салыстыру.
13.Көкейкесті диалог пен сценалық кеңес берудің мәнін сипаттаңыз
Көкейкесті диалог деп біз кеңес берушімен клиенттің арасындағы диалогты айтамыз.Диологтың дұрыс құралуы жұмыстың жүру бағытын жақсартады және нәтижеге қол жеткізу барысында сапалы құрал.Кеңес беруші клиентпен мейлінше сабырлы әрі сыпайы,мәдениетті сөйлескені абзал.Яғни көкейкесті диалог негізіне амандасудан шығарып салуға дейінгі кезеңдер кіреді.
Клиентті қарсы алу формасына жататын диалогтар:
Сәлеметсізбе?
Өтінем,төрлетіңіз!
Қайырлы күн!
Өтінем,кіріңіз!
Сізді көргеніме қуаныштымын!
Өтінем сізден...
Қош келдіңіз!
Көріскен кездегі қуанышты сезім формасы:
Қандай қуанышты кездесу?!
Әйтеуір келдіңіз ғой,қуаныштымын!
Сізді көргеніме қуаныштымын!
Танысу формасы:
Менің сізбен танысқым келіп тұрғаны
Таныса отырайық
Таныс болайық
Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз.Менің ес ісім...
Сіздің есіміңіз?Өтінем таныстырып өтсеңіз
Клиентпен қарым қатынас формасында:
Өтінем,айтыңызшы
Сізге айту қиын болмаса...
Сұрауға болама?
Мүмкін болса айта алмаспекенсіз
14.Кенес берудегі түстерді талдау әдісін түсіндіріңіз.
Түстерді талдау.Біріншіден, түс көру жарияланатын және жасырын (соңғысына «жабыраңқы, астарлы түрде ұсынылған күйзелістер» кіреді”) мазмұнды болып ажыратылады. Екіншіден, түс көру кезінде эго-қорғаныс механизмдер әлсіреп, санадан жасырынған күйзелістер өз көрінісін табатынының маңызы зор. Үшіншіден, түс көру — жабыраңқы күйзелістердің айқын көрінісі ғана емес, сонымен қатар олардың қабылдауға және өзін-өзі ұстауға болардық нысанға өзгеру үдерісі болып табылады. Түс көрудің дәл осы қызметін З.Фрейд «түс көру жұмысы» деп белгілеген.
Түсіндіру, яғни мағынасын ашу, талдауға үш процедура кіреді: эмоциялық сәйкестендіру (белгілеу),түсінік беру (жеке талдау) және клиенттің күнделікті өмір тіліне аудару.
Қарсыласу талдауы. Бұл техниканың негізгі қызметі— клиенттің өз эго-қорғаныс механизмдерін жете түсінуін қамтамасыз ету және дәл осы Эго қарсыласуы түрлі мәселелерді жете түсіну жолындағы негізгі кедергі болатынын есепке ала отыра, оларға қатысты қажетті конфронтацияны қабылдау. Қарсыласу талдауындағы маңызды жағдай оған төзу емес, өйткені психологиялық қорғаныс қажет, атап айтқанда, эго-қорғаныс қызметінің қажеті жоқ жерлерде бас жоқ, көз жоқ әрекет ететін, психологиялық механизм ретінде түсінуі.
Ауыстыру талдауы(«трансфер»). Классикалық психоталдауда ауыстыру психотерапияның міндетті ерекшелігі ретінде негізге алынады және арнайы сарапшының ерекше ұстанымымен марапатталады (араласпаушылық, алшақтық, жабықтық). Талдау “ауыстыру неврозы” — психотерапияның негізгі сәті, себебі белгілерді түсінуге жәрдемдеседі, сол белгілер клиенттің мінез-құлқы мен күйзелістерін өмірдің алғашқы бес жылдық эмоционалдық жаралармен байланысты қатынастар мен күйзелістер қосылатын психотерапевт фигурасы елес сияқты болатындай анықтайды. Ауыстыру талдауының мәні мінез-құлықтың белгіленген формаларының түпнұсқалық психикалық-эмоционалдық негіздерді табуда, олардың түсінігін ашуда, сонымен қатар оларды қайта өңдеу мен жоюға көмек көрсетуінде болады.
Кеңес беруде осы түстерді талдауда кеңес беру негізінде
1.Клиентпен ара қатынасты дұрыс орнату
2.Клиентке түсті талдап беру кезінде нақты деректерге сүйену
3.Ұсыныс беру барысында сақ болу
4.Клиенттің нәтижені қабылдауына жағдай жасау
