Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
338 Кб
Скачать
☆

35.Топтық және жеке кеңес беру формаларын жіктеңіз.

Жауап: Топтық кеңес беру уақыты-45 минуттан – 1,5 сағатқа дейін. Топта 7-8 баладан көп болмауы керек. Топты қалышптастырушы критерийлер: -тұлғалық ерекшеліктері; - алғашқы дамуының ерекшеліктері; - отбасылық ара-қатынас динамикасы;

Топтық кеңес беруде назар аударатын ерекшеліктер: - баланың эмоциональды ерікті даму деңгейі; - зияткерлік дамуы; -баланың нақ қазіргі психикалық жағдайын білу; - баланың топтық жұмысқа қарсыласу деңгейі.

Соңғы 20 минутын балалардың өзіндік ара-қатынас жасауға мүмкіндік беру керек.

Топтық кеңес беру 3кезең, 10 модульден тұрады.

1 кезең: Мақсаты – баланы топтың ара-қатынасқа байланыстыру және травмба мәселесі пайда болған ішкі күйзелістер мен сезімдермен жұмыс.

1 модуль; - топқа қош келдің;

2 модуль; - жолдастар табамыз;

3 модуль; - сезімдер керек;

2 кезең: мақсаты- зорлық нәтижесінде болған психологиялық травммамен жұмыс, өзгелерге айта алу.

4 модуль; -болған оқиға туралы бір-бірімізге айтамыз;

5-модуль; - құпия ретінде;

6 модуль; - менің отбасым;

3 кезең; мақсаты – сезілген драмадан қалыпты өмірге көшуіне қалыптастыру.

7 модуль; - өзіңе-өзің қамқор бол;

8 модуль; - қыздар үлкейеді;

9 модуль; - ұлдар үлкейеді;

10 модуль; - қоштасу.

Жеке кеңес беру: Жеке кеңес беріледі, ол адамның бойында қорқыныш сезімінен айырылу үшін, жеке өмірінде сәтсіздік болғанда және т.б. жағдайда кеңес алады.

Жеке кеңес беру барысында кезең:

- даярлық 20-30 минут

- бастапқы 5-7 минут

- диагностика 4-8 сағатқа созылуы мүмкін

- ұсыныстар беру

- бақыла.

Процедуралары: 1. Жағымды психикалық көңіл күйі орнату және психикалық кедергілерді алып тастау. 2. Эмпатиялық ытңдау. 3. Клиенттің есін және ойлауын белсендету. 4. Клиенттің ойын дұрыс және дұрыс еместігін түсіндіру. 5. Конгритизация (нақтылау) 6. Шешім табу процедруасы.

Технологиялары: 1. Әңгіме барысында клиентті вербальды сүймелдеу; 2. Отзеркаливание; 3. Перепразивание; 4 обобщение; 5. Эмоциональдық қолдау көресту; 6. Ойлау процесін белсендіретін сұрақ қою; 7. Клиенттің сөйлеу манерасын стилін пайдалану.

36. Өзіндік тұлғалық даму бағдарламасын әзірлеңіз.

Даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəн- дене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады.Егер адам сана жəне өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-əрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дəреже даму барысында қалыптасады. “Адам” ұғымынан өзгеше “тұлға” түсінігі – адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан əлеуметтік сапа-қасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде əрбір адам əлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы жəне ойластырылған тəрбие барысында қалыптасады. Əрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тəжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық жəне рухани құндылықтар қорына қосқан қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген жəне өмір мен тəрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.Адам дамуы – бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді жəне қарама-қайшылықты процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тəн-дене болмысы мен рухани дүниесі, əсіресе, балалық жəне жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменннен жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес., бұл процестің өзіне тəн ерекшелігі – сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық жəне рухани сапалық қасиеттеріне диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы. Бұл құбылыстарды түсіндіруде əртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір шарттарына тəуелсіз, сондықтан, тумадан берілген күштерге байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму – бұл əуел бастан қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап барады. Өмірге енжар икемдесуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін өз еңбегімен жасай алатындығымен ажыралады.

Дамуды қозғаушы күш – қарама-қарсылықтар тайталасы. Қарама-қарсылықтардың арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді. Қарама-қарсылықтар – бұл өзара екі полярлы күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туындайтын диалектикалық процесс. Адам қайшылықтарды іздеп немесе ойдан шығарып, əлектенуінің қажеті жоқ, олар қадам сайын өмірлік қажеттіктердің өзгеру салдарынан пайда болып отырады. Неліктен кей адамдар өз дамуында өте биік нəтижелерге жетіседі, ал екінші біреулер - ондай мүмкіндікке ие емес? Бұл процестің жəне оның нəтижесі неге байланысты? Ұзаққа созылған зерттеулер осы сұраққа орай жалпы заңдылық ашты: адам дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайларға тəуелді. Ішкі жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық жəне психикалық қасиеттері. Сыртқы жағдайлар – бұл адамның қоршаған ортасы, ол жасаған жəне дамыған аймақ, сыртқы ортамен ықпалды араласу процесінде адамның ішкі мəні өзгереді, жаңа қасиеттері қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде алдағы өзгерістерге жол ашады.

Сонымен, адамның дамуы сандық жəне сапалық өзгерістердің желісі мен нəтижесі. Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес жаңғыртушы іс-əрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші-қарама-қарсылықтар күресі. Адамның дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайлармен анықталады.

Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, А.ЯКоменский, К.А.Гельвеций, Д. Дидро, А.Дистерверг, Л.Д. Ушинский, В.Г. Белинский, Н.Г.Чернышевский, К.Маркс, Ф.Эигельс, З.Фрейд, Д.Дью, Э. Торндайк, Н.К.Крупская, Б.Б. Блоиский, А.С. Макаренко, Л.С. Выготский, Э.И. Моносзон, Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. Давыдов т.б.). Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі.