Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КЕНЕС БЕРУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
338 Кб
Скачать
☆

22. Мультимодалды кеңес беру ерекшеліктерін айқындаңыз.

Мультимодалды кеңес берудің мақсаты – арнайы клиентерге бағытталған, кеңес беруші клиенттің эмоцианалды контекстн, эмоциялық реакцияларын, белглі бір жағдайларды салыстыруға мүмкіндік беретін барлық іс-әрекеттері мен қимылдарын және «қарсыласуларын» барлығын назарға алу.

Негізгі ерекшелі:

1.кеңес берудің бұл этапында, сондай-ақ мақсат қою мен жағдайды бағалауда қатыгездікке жол берілілмеуі керек.

2. Мультимодалды кеңес беру көп жағдайда BASIC I.D. анализіне сүйенеді. Осы анализге сүйене отырып кеңес беруші модалдылық профилін құрып, соның негізінде негізгі проблемаларды анықтап, сол проблемалардан шығудын арнайы жолдарын ұсынады.

3. негізгі көздеген мақсатқат жету маңызды, әсіресе клиенттің әрбір модалдылық профилінде көрсетілген проблемаларының шешілуі маңызды. Мысалы: депрессия клиенттең «эмоциялық» далдылық профилінде берілген проблема. Негізгі мақсат – осы мәселеге қатысты, аранйы әдістерді қолдана отырып клиенттің жабырқау деңгейін азайту.

4. Мультимодалды кеңес беру көбінесе топпен жұмыс істеуге және отбасыға байланысты кеңес беруде қолданылады.

5. оте кең көлемде қолданылады: ата-аналарды қайта оқыту, дарынды балалармен жұмыста, сыныптағы балалармен жұмыста және психиартриялық ауруханадағы стационарлы аурулармен жұмыс кезінде.

6. модалдылық профилінде әсер етуге қатысты нұсқаулықтар айтылады, үдерістің мақсаты айқындалып, әрбір проблемаға қатысты кеңес беріледі.

Кеңес берушінің міндеті – әрбір негізгі мәселені шешуге ең тиімді әдісті таңдау. Жұмыс барысында клиент пен кеңес берушінің арақатынасының әмбебап (универсальный) немесе арнайы түрі ажыратылады. Әббебап қарым-қатынас кезінде әрқашан, мүмкіндігіне қарай клиенттпен арақатынасты орнату өзін ұстаудың бір түрі болып табылады. Мультимодалды кеңес беруші клиентпен бірлесе жұмыс жасауға тырысады.

23. Ата-аналармен бала арасындағы тиімді арақатынас қалыптастыру бойынша кеңес берудін ерекшеліктерін анықтаңыз.

Кеңес берудің ен маңызды бір түрі – отбасылық кеңес беру, соның ішінде аса маңызды бағыты ата-аналармен балалар арасындағы тиімді арақатынас қалыптастыруға кеңес беру. Осындай мақсатта кеңес берудің ерекшеліктері:

  1. Кеңес беу екі жақпен де жүргізіледі;

  2. Туындаған проблемаға байланыста ата-атаның айтқандары мен баласының айтқандары тыңдалып, салыстырылады;

  3. Кеңес берушының көмегіне көбінесе ата-аналар жүгінеді;

  4. Ата-аналарға кеңес беру барысында ұсыныс ретінде беріледі, сондақтан ұсыныстар дайындау керек.

  5. Кеңес берудің психотерапиялық тиімділікке тез қо жеткізу керек.

Психолог Столинның айтуынша: махаббатты қарым-қатынас ретінде қарасақ симпатия, жақындық және сыйластық болу керек. Яғни, ата-ананың махаббаты дегеніміз – өзара түсіністікке, өзіра симпатияға, өзара сыйластыққа құрыған ата-аналар мен балалардың екі жақты қарым-қатынасы. Егерде отбасында ата-аналар мн балалар осы қарым-қатынасты сақтасы, онда балалар ақылды және бақытты болып өседі. Сол үшін көбінесе арақатынсты тиімді қалыптастыру үшін, қарым-қатынасты нығайту үшін ата-аналардың рөлі ерекше, сол себептіде ата-аналарға кеңес:

  1. Балаңыздың дүниеге келіун жоспарлаңыз, дайындалыңыз.

  2. Балаңызға үлгі болыңыз.

  3. Балаңызды сыйлаңыз, басқалардан үйренуді де ұмытпаңыз.

  4. Балаңызды тыңдай біліңіз, сыр бөлісер ең жақын досына айналыңыз.

  5. Балаңызбен бірге өсіңіз.

  6. Белгілі бір шектеулер қойып, шартқа отырыңыз.

  7. Бос уақыттарыңызды бірге өткізіңіздер.

  8. Бірге киноға, театрға барыңыздар, балаңызда қтуындағын ойын, пікірін сұраңыз.

  9. Балаңыздың достарына балаңызды жақсы көретініңізді көрсетіңіз.

  10. Балаңыздың болашағына қатысты мәселелерді бірге жоспарлаңыздар.

  11. Балаңыздың қызығушылығына қатысты үйірмелерге жіберіңіз, қажет болса бірге барыңыздар.

  12. Жиі демалыстарға шығып тұрыңыздар.

  13. Балаңыздың кемшіліктерін жай сөзбен түсіндіріп, жақсы істерін мақтап, марапаттап тұрыңыз.

  14. Балаңызға сіздей қамқоршысы бар екенін сезіндіріңіз.

  15. Сіздің махаббатыңызға бөленіп жүргенін сезінсін.

24. Баламен кеңес беру түрлері мен тактикаларын сипаттаңыз.

Балаларға кеңес беру өте маңызды болып табылады.

Балаларға кеңес берудің мынадай негізгі түрлері бар, олар мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Жас ерекшелік дағдарысына байланысты кеңес беру. Выготский бойынша балалардың бойындағы дағдарыс жасы: 6-8 жас, 11-12 жас. Көптеген психологтардың зерттеуіне қарағанда балалардың бойындағы дағдарыс кезеңдері бастауыш мектепке барғанда 6-7жас, орта мектепке барған кезде 10-11 жас және жасөспірім шақта, яғни психологиялық және физиологиялық жағынан өте күрделі өзгерістерге ұшырайтын өтпелі кезеңде 15-16 жаста.

  2. Қатарластарынан зорлық-қомбылық көрген жеткіншектерге кеңес беру. Кеңес беру көбінесе жеткіншектердің жеке өзімен және топпен өткізлуі мүмкін.

  3. Буллинг құрбаны болған орта сынып оқушыларына кеңес беру. Психологиялық және физиологиялық зорлық құрбаны болған балалармен жұмыс жүргізу жатады.

  4. Отбасындағы туындаған мәселелерге байланысты балаларға кеңес беру. Кеңес берудіңі бұл түрінде кеңес беру мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: ата-анасымен қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған немесе отбасына жаңадан келген отбасы мүшесін қабылдауына байланысты болуы мүмкін.

  5. Мамандақ таңдауға байланысты кеңес беру. Ата-анамен балалар арасындағы конфликті шешуге бағытталып, арнайы диагностика, тест жүргізу арқылы баланың бойындағы қабілеттерді анықтап, кеңес беріледі.

Баларға кеңес беру барысында қолданылатын негізгі тактикалар:

  1. Бала өз проблемасын айту барысында вербалды сүйемелдеу. Мысалы: әбден мүмкін; сіз дұрыс айтасыз, бірақ қайта қарастырсақ; мен сізге мынадай вариант ұсынар едім.

  2. Вербалды емес іс әркеттерін қайталау, әрине бірдірмей жүзеге асыру керек. Кеңес беруде бұл «отзеркаливание» деп аталады.

  3. Эмоционалды қолдау көрсету.

  4. Баламен шартқа отыру, егер сен осылай жасасаң.....

  5. Ойлау процессін белсенді ететін сұрақтар қою.

  6. Баламен сөйлесу барысында ашық алақан принцпін пайдаану сонымен қатар баланың сөйлеу стилінде қодану.

  7. Баланың күткенін нақтылау.

  8. Белсенді тыңдау арқылы мәселенің өзегін табуға тырысу.