- •Ә.П білім беру кешені ретінде
- •Ә.П тәжірибе ретінде
- •1.Карвасарский б.Д:
- •2.Кочюнас р.:
- •3.Немов р.С.:
- •9. Кеңес берушілік арақатынастың ұстанымдарын жіктеңіз.
- •10. Кеңес берушілік арақатынас үлгілерін жүйелеңіз.
- •11. Кеңес берудің емдік және барьерлік үлгісін түсіндіріңіз.
- •12. Кеңес берудің ережелік және ынталандырушы үлгісінің мәнін ашыңыз.
- •15.Кенес берудегі трансактілі талдау әдісін негіздеңіз.
- •Трансактілік анализ
- •17. Кеңес беруде еркін ассоциациялар әдісін түсіндіріңіз.
- •18. Кеңес беруде қарсыласурлармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін сипаттаңыз.
- •19.Кеңес беруде қорғаныстармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін анықтаңыз.
- •20. Кеңес беруде вербализация тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •22. Мультимодалды кеңес беру ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •25.Балаға кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсетудің түрі ретінде негіздіңіз.
- •26. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі буллинг анықтамасын түсіндіріңіз.
- •27. Отбасылық кеңес беру тұжырымдары мен үлгілерін сипаттаңыз.
- •28.Отбасылық кеңес беру тактикасы.
- •29.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру барысында кәсіби қайшылықтарды шешу жолдарын айқындаңыз.
- •30.Мұғалімдерге кеңес беру формаларын негіздеңіз.
- •32.Кеңес берудің этикалық принциптерін жүйелеңіз.
- •33. Агрессиялық мінез құлық, зорлық және түрлі ауытқуларға байланысты кеңес беру ерекшеліктерін табыңыз.
- •Зорлықтың түрлері:
- •34. Кәсіби және тұлғалық даму бойынша кеңес беру ерекшеліктерін табыңыз.
- •35.Топтық және жеке кеңес беру формаларын жіктеңіз.
- •36. Өзіндік тұлғалық даму бағдарламасын әзірлеңіз.
- •37. Парадокстық ниеттер әдісінің мазмұнын (логотерапия) сипаттаңыз
- •38. Кеңес беруде ауыстыру мен контрауыстыру ерекшеліктерін айқындаңыз
- •40. Кеңес берудегі эмпатия мен конгруэнттілікті орнату, сендіру, қатынастарды өзгерту тәсілдерінің ерекшеліктерін жүйелеңіз
- •41.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудегі психодрама әдісінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •§ 3. Психодраманың әдістемелері
- •43. «Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің қайнар көздері» атты салыстырмалы кесте құрастырыңыз.
- •44. «Кеңес беру идеяларының пайда болуы мен генезисі» атты сызба құрастырыңыз.
- •45. Gilland, р.Качюнас және а.Н.Елизаров бойынша «Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің түрлері, үлгілері» атты салыстырмалы кесте құрастырыңыз. Эклектикалықкеңес беру (е. Gilland)
- •Р.Кочюнас кеңес берудің мақсаты
- •А.Н. Елизаров бойынша
- •Түрлері.
- •46. «Шебер-кеңес беруші. Білім, білік, дағдылар, құзырлар» атты үлгі құрастырыңыз.
- •47. Кеңес берушілік әрекетті ұйымдастыру жоспарын құрастырыңыз (уақыттық, кеңістік және мазмұндық көрсеткіштері
- •48. Баламен кеңес берушілік интервью құрылымын құрастырыңыз.
- •57. Көп балалы отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бағдарламасын даярлаңыз.
- •58. Қауып тобындағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Қауып тобындағы балаларға кеңес беру көпшілікпен мақұлданған үлгі арқылы жүзеге асырылады:
- •Қауып тобындағы жасөспірімдерге кеңес берудің ерекшеліктері
- •59. «Кеңес берушілік әңгі
- •60. Жеткіншектерге топтық кеңес беру картасын құрастырыңыз (қарастырылатын мәселені өзіңіз таңдайсыз).
15.Кенес берудегі трансактілі талдау әдісін негіздеңіз.
Трансактілі анализ.
Психологиялық кеңес берудегі трансактілі анализ.Э.Берн-бағыттың негізін қалаушы. Негізгі түсініктер; эго жағдайлар («Ата-ана»; «ересек»; «бала»),трансакция, трансакция түрлері, ерте қабылданған шешім және алдын-ала болжау, сипау, ойындар, өмірлік сценарий, ерте қабылданған шешімдерді қарастыру және сценарийдің шегінен шығу. Кеңес беру процесі; мақсаты, кеңес берушінің ролі және қызметі, клиенттің өзара әрекеттесуі, кеңес беруші техникалары және жүргізілу барысы. Бағыттың бағалауы, жетістіктері және шектеулері.
Трансактілік анализ
Трансактілік анализ – Эрик Берн жасаған топтық және тұлғалық өсудің психотерапевтік әдіс. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдауына негізделіп жасалған. ТА басты мақсаты тұлғалық өзгерістерге бағытталған. ТА теориясының негізінде бірнеше басты ойлар жатыр.
Эго – қалпы модельі. ТА негізі эго – қалпы модельі болып табылады. Эго – қалпы – бұл қазіргі уақыттағы біздің тұлғамыздың көріну тәсілі, ал бұл тәсіл қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің тәсілдерінің бір-бірімен байланысып бірігуі. Бұл модель үш әртүрлі эго – қалпын сипаттайды.гер мен «қазір және осында» деген принцип ұстансам, бүкіл ересек адам потенциялын қолдансам, онда мен Ересек эго – қалпында болғаным. Кейде мен өзімді ата-анамды немесе ата-анамдай қабылдайтын басқа адамдар тәрізді ұстаймын, ойлаймын. Бұл жағдайда мен Ата-ана эго – қалпында боламын. Кейде мен балалық шақтағы сезімдерге, ойларға, қылық-әрекеттке ораламын. Бұл жағдайда мен Бала эго – қалпында боламын.
Осылай біз тұлғаның үшмүшелі эго – қалпын аламыз.
Бұл модель тұлғаның қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің арасындағы нақты байланысты анықтауға көмектеседі.
Бейімделген Бала және Еркін Бала. Ересек адам бола тұра мен кейде, ата-анамның үмітін ақтау үшін бала кезімдегідей әрекеттерді істеймін. Бұлай істеген кезде мен бейімделген бала эго – қалпында боламын.
Кейде балалық шағымда ата-анама айтқанына қайшы әрекеттер істейтінмін. Бұнда мен ата-анамының үміттеріне бейімделмейтінмін, керісінше қарсы шығатынмын. Мен өзімді өз қалауым бойынша ұстайтынмын. Бұл жағдайда мен еркін бала эго – қалпында боламын
Позитивті және негативті Еркін Бала. Кейде балалық әрекеттерім пайдалы болады, сондықтан оны позитивті, ал керісінше пайдасыз болса, негативті деп атаймыз.
Қадағалаушы Ата-ана және Тәрбиелеуші Ата-ана. Мен бала болған кезімде менің ата-анам мені басқарып, қадағалайтын, олар маған не істеу керек, не істемеу керектігін айтып отыратын. Егер мен осылай әрекет етсем, ата-анамды қайталасам, онда мен Қадағалаушы эго – қалпында болғаным.
Ал керісінше менің ата-анам мені қорғаштап, аялады.. мысалы, мен құлап қалдым да, тіземді ауыртып алдым. Егер мен осындай қылық әркет көрсетсем, онда мен Тәрбиелеуші (қамқоршы) эго – қалпында болғаным.
Біз эго – қалпының функцияларын екі жақты қарастырдық.
Позитивті және негативті Қадағалаушы және Тәрбиелеуші Ата-ана. Позитивті қадағалаушы тип адамның қамын, денсаулығын ойлауға бағытталған, алнегативті қадағалаушы басқа ата-аналық қалыптардан бас тартатын, басқа адамдарды мойындамайтын тип. Позитивті тәрбиелеуші ата-ана қамқор болады, көмек береді, көмек көрсетіп жатқан адамды силайды. Негативті тәрбиелеуші басым боу позициядан көмек көрсетеді де, басқа адамдарды мойындамайды.
Ересек. Кез келген әрекет егер «қазір және осында» жағдайына реакциясы болса, онда ол ересек әрекет ретінде сипатталады.
Джек Дюсей эго – қалпын сипаттайтын интуитивті тәсіл жасады, оны эгограмма деп атады. Дюсей константтылық болжауын ұсынды: «Бір эго – қалпы ұлғайған кезде, компенсация үшін басқалары кішірейу керек. Психологиялық энергия бөлінісінің өзгеруі кезінде жалпы энергия мөлшері бір қалыпта болады».
Функционалды модель көріп тұрған қылық-әрекет тәсілдерді классификациялайды, ал құрылымдық модель – есте қалғандылық пен стратегиялар.
Эрик Берн эго – қалпын танудың төрт тәсілін келтіреді: қылық-әрекет диагнозы, әлеуеметтік диагноз, тарихи диагноз, феноменалогиялық диагноз.
Қылық-әрекеттік диагнозда адамның қылық- әрекетін бақылау арқылы біз оның қандай эго – қалпында тұрғаны туралы қорытынды жасаймыз. Бақылау кезінде сөздерді, дауыс ырғағын, қимылдарды, дене тұрысын, бет әлпетін естіп-көре аламыз.
Әлеуеметтік диагнозда мен өзімнің қандай эго – қалпында тұрғанымды басқа адамның қандай эго – қалпында тұрып менімен байланыс жасап тұрғаны арқылы біле аламын.
Тарихи диагнозда біз адамның бала кезнде қандай болғаны туралы сұрақ қоямыз. Біз оның ата-анасы және парентальді тұлғалар жайлы сұраймыз.
Осы барлық төрт диагноз түрінде қолдану керек.
Кейде эго – қалыптарды қате қабылдауымыз мүмкін, бала эго – қалпын ата-ана эго – қалпы, ата-ана эго – қалпын ересек т.с.с. бұл жағдайды контоминдалған («ластанған») дейді.
Берн бойынша адамдар бірнеше эго – қалыптарын қоса алады.
Трансаккциялар. Коммуникация болғанда трансакцияда болады. Коммуникацияның бастамасын стимул, ал жауапты – реакция. Берн бойынша, транакция «әлеуеметтік өзара әрекет етудің негізгі единицасы».
У
ақытты
құрылымдау. Адамдардың
кездесу кезінде өзінің уақытын өткізудің
алты тәсілі бар. Эрик Берн бұл алты
тәсілдерге келесідей сипаттама берді:
кету, рәсімдер,уақытты өткізу, іс-әрекет,
ойын, интимділік.
Кету. Адам кеткен кезде оның тәні топпен бірге қалуы мүмкін, бірақ топтың басқа адамдарымен өзара әрекетке түспейді.
Рәсімдер – бұл кәдімгі әлеуемметтік өзара әрекет ету формасы, ол алдын ала ойластырылған сценари арқылы жүреді.
Уақытты өткізу – таныс бағытта жылжиды, бірақ ритуалдағыдай нақты сценариі болмайды.
Іс-әрекет. Бұл жағдайда топ мүшелерінің арасындағы қарым –қатынасы тек талқылауға емес, сондай-ақ мақсатқа жетуге бағытталған.
Ойындар. Анда-санда бәрімізде ойын ойнаймыз. Барлық ойындар бала стратегиясын ойнауға бағытталған, бірақ бұл ересекке тән емес қылық. Сондықтан ойындар негативті тұрғыдан ойналады: негативті бейімделген бала, негативті қадағалаушы ата-ана немесе негативті тәрбиелеуші ата-ана. Ойындар ересектік тұрғыдан ойнала алмайды.
Интимділік. Мұнда әлеуеметтікжәне психологиялық деңгей бір-біріне сай болған кезде ойындар мен интимділіктің арасындағы айқын айырмашылық көрінеді. Мұндағы «интимділік» терминін арнайы техникалық термин ретіндеи ұғу керек.
Э. Берннің ойының алты басымдылығы.
Ішкі психологиялық басымдылықтар. Ойындар арқылы мен сценарлық пікірімнің тұрақтылығын сақтаймын. Әр кез мен осы ойынды ойнағанда мен өзімнің пікірімді нығайтамын: біреудің көңілін өзіме аударту үшін мені қабылдамау қажет.
Сыртқы психологиялық басымдылықтар. Мен стресстік жағдайлардан қашамын, олар менің дүниетанымыма күмән келтіруі мүмкін. «Мені соқ» ойнын ойнасам, мен мына сұраққажауап беруден жалтарар едім: «Не болады, егер мен тура позитивті сипалауды сұрасам?»
Ішкі әлеуеметтік басымдылық. Берннің айтуынша, ойындар «жеке өмірінде немесе қоғамдағы псевдоинтимдік әлеуеметтену үшін арнайы жүйені ұсынады».
Сыртқы әлеуеметтік басымдылық. Ойындар бізге біздің әлеуеметтік ортамызда әңгімеге және өсекее тақырып береді.
Биологиялық басымдылық. Бұл ойынның мақсатымен байланысты – сипалауды алу. «Мені ұр» ойынында негативтісипалау басым болғандықтан және мен балалық шақта шешіп қойғам, пазитивті сипалауды алу өте қиын, сондықтан мен негативті сипалаудың жолдарын қарастырғаным жөн.
экзистенционалды басымдылық. Бұл ойынның функциясы өмірлік позицияларды растауда жатыр.
Шарт жасасу. Берн бйынша, контракт бұл екі жақты нақты әрекет ету жоспары.
Контракқа кретіні:
қатысушы жақтар;
олар бірге не істемекші;
бұл қанша уақыт алады;
бұл процесстің мақсаты немесе нәтижесі қандай болмақ;
олар мақсатқа жеткенін қалай біледі;
клиентке қаншалықты пайдалы және ұнамды болады.
Ашық коммуникация. Эрик Берн клиентте, терапевтте істеліп жатқан жұмыс жайлы толық мәліметке ие болғанын қалады. Терапевт пен клиент жеңіл, түсінікті тілде сөйлесулері керек.
Автономдылық. Эрик Берн бойынша идеал автономдылықта деген, бірақ оған нақты анықтама бермеді. Бірақ ол «үш адамның қасиетінің босауы мен толықтырылумен сипатталады: санамен ұғу, аяқ асты ой, интимділік».
Санамен ұғу – бұл жаңа туған нәрестедей сезіп, естіп, көріп, сезіну қабілеттері. Мұндай адам өзінің сезімдерін түсіндірмейді, ата-ана тұрғысынан сипаттамайды.
Аяқ асты ой – қылық-әрекет, ойлар, сезімдердің алуан түрлілігінің ішінен таңдау қабілеті.
Интимділік - өзінің және басқа бір адам арасындағы ашық, айқын сезімдерінің көріністерімен көрсетіледі.
Сонымен біз автонмдылыққа келесідей анықтама бере аламыз – бұл қылық-әрекет, ойлар, сезімдер «қазір және мұнда» шындығына реакциясы болып табылады.
16.Кеңес беруде сублимациялармен жұмыс мазмұны мен тәсілдерін жіктеңіз.
Сублимация - бір психологиялық қорғаныстық тетіктерден таңбалаушы психоаналитиялық термин. С. адаммен бір, астам маңызды, бірақ емес толығымен ауаландыр- ара ауыстырушылықта көрсетіледі, қажеттіліктер, сырттың, азырақ маңызды, бірақ астам толы ауаландыр- қажеттілік, қарамастан немесе, сәйкесінше,,, бір астам пішінді нысан,,, сырт азырақ пішінді нысан. С. арада ана уақиғада, егер адамға почему-то басып алу сәтті болмеппін ол пішінді нысанмен болып жатады және жарыт- ана ең, өзінің көкейкесті қажеттілігін.
Сублима́ция – психиканың қорғаныс механизмі, өзіндік ішкі ауырпашылақтан арылудың жолын өзіндік бағыттау көмегімен жүзеге асатын,әлеуметтік мақсаттқа табысты жететін, шығармашылықты ұсынатын қорғаныстық тетік. Сублимацияны тұңғыш рет суреттеген Фрейд.
А. емдеу әрекетінің басқа механизмдері жауап қайтару (елеу) және сублимация болып табылады. Көркем сублимация адамның түйсікті серпіні көру, көркем-бейнелік елеспен ауыстырылған жағдайда пайда болады. Бұл тұжырымдаманың жақтаушылары шығармашылық сублимацияның бір формасы ретінде өнерде айқындауға, тануға және әртүрлі түйсіктік серпіндерді (жеңсіктік, өзбыр) және эмоциональдық жағдайларға (торығу, сағыныш, ашу, қанағатсыздық және т.б.) жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Солай, белгіленген күйзелістердің әлеуметтік жағымсыз қызметте ішкі көріну қаупі төмендейді. Шығармашылық науқастың өзін жазбада немесе сөйеуден гөрі өзін неғұрлы ашық көрсетуге мүмкіндік беретін, ал дәрігерге санасыздыққа тікелей рұқсатты қамтамасыз ететін максимальды өзін-өзі айқындау құралы ретінде қарастырылады. Кляйн (Klein M.) бейнелеуді науқастың брутальдық агрессияны басуға мүмкіндік беретін орынын толтыру актісі ретінде қарастырады. Бұл саналы шығармашылық қызмет жолымен және оның сублимация үдерісінде ішкі кикілжіңдер мен танылмаған талаптардың символдық түрде айқындалуы арқылы жүзеге асады.
