Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311 Кб
Скачать
☆

21Билет

1.Тесттің түрлері.

Тест (ағылшын. –test –сынау, сынама).- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған

тапсырмалар;психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі.Оларды әртүрлі негіздер бойынша саралауға болады: қолданылу мақсаты бойынша-кәсіптік іріктеу, емдік диагноз, мүдделерін анықтау; өткізілунысанына қарай – даралық және топтық; мазмұны бойынша жалпы дарындылық тесті, арнайы қабілеттер тесті. Вербальды және вербальды емес, анализдік және синтездік болып жіктеледі. Пайдаланылатын материал бойынша бланкілік (қарындаш пен қағаз арқылы орындалатын), заттық (белгілі бір заттармен амалдау тесті, мысалы бөлшектерден фигуралар құрау). аппаратуралық (арнайы техникалық жарақтауды талап ететін) түрлері болады. Тапсырмаларының біртектілік дәрежесі бойынша тест гемогендік (тапсырмалар біртекті) және гетерогендік (тапсырмалар әр түрлі) болып бөлінеді. Психикалық қасиеттерді қамтуы бойынша жеке тұлғаны тестілеу және зияттық тестілеу болып сараланады. Сонымен бірге, психологиялық тестің мақсаты. Психологиялық тестің қорытындысындұрыс интерпретациялау және бағалау, оны қандай мақсатта қолданылғанға негізделедіПсихологиялық тестің мазмұны бойынша тестер төрт класқабөлінеді: интеллект тестері, қабілет тестері, жетістік тестері, жеке бас тестері. Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек. Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т. б саны екі – үшеуі артық болғаны.Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]