Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311 Кб
Скачать
☆

40 Билет

1.Тесттің түрлері.

Тест (ағылшын. –test –сынау, сынама).- жеке тұлғаның даралық психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған

тапсырмалар;психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі.Оларды әртүрлі негіздер бойынша саралауға болады: қолданылу мақсаты бойынша-кәсіптік іріктеу, емдік диагноз, мүдделерін анықтау; өткізілунысанына қарай – даралық және топтық; мазмұны бойынша жалпы дарындылық тесті, арнайы қабілеттер тесті. Вербальды және вербальды емес, анализдік және синтездік болып жіктеледі. Пайдаланылатын материал бойынша бланкілік (қарындаш пен қағаз арқылы орындалатын), заттық (белгілі бір заттармен амалдау тесті, мысалы бөлшектерден фигуралар құрау). аппаратуралық (арнайы техникалық жарақтауды талап ететін) түрлері болады. Тапсырмаларының біртектілік дәрежесі бойынша тест гемогендік (тапсырмалар біртекті) және гетерогендік (тапсырмалар әр түрлі) болып бөлінеді. Психикалық қасиеттерді қамтуы бойынша жеке тұлғаны тестілеу және зияттық тестілеу болып сараланады. Сонымен бірге, психологиялық тестің мақсаты. Психологиялық тестің қорытындысындұрыс интерпретациялау және бағалау, оны қандай мақсатта қолданылғанға негізделедіПсихологиялық тестің мазмұны бойынша тестер төрт класқа бөлінеді: интеллект тестері, қабілет тестері, жетістік тестері, жеке бас тестері. Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т. б саны екі – үшеуі артық болғаны.Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.

2. Көңіл – күйді басқару

Сіз лас киімді киесіз бе?Әрине, оны жууға тастайсыз.Онда не үшін лас ойлармен және нашар көңіл-күймен өмір сүруді жалғастыра бересіз? Көңіл-күйді басқаруға болады және басқару керек.Өзіңіздің жағымсыз қасиеттеріңізбен өз өміріңізді улайсыз және адамдармен қарым-қатынастарыңызды бұзып аласыз. Көңіл-күйіңізді бақылау мүлде қиын емес.Ең бастысы-кімнің қожайын екенін білу. Көңіл күй-«нөлде»… Жооқ, ыдыс-аяқтарды сындырып, жақын адамдарға айғайлап, жылаудың қажеті жоқ.Бұл көңіл-күй мәңгілік емес.Ол бүгінгі күннің тарихында жазылып қалады, ертең-ақ өмірдің келесі беті ашылады.Ертең жаңа күн, жаңа тарих, жаңа көңіл-күй басталады.Міне, солай өмірдің қиын есебі де өзінің жауабын табады.Ең бастысы-шешілмейтін түйін болмайды.Айнаға қарап күлімдеуді үйреніңіз.Көңіл күйді бақылау.Біздің көңіл күйімізге үнемі сыртқы ортадағы жайлардың әсер ететіні шындық. Әлдекімдермен ара қатынасымыз, басшылардың қас-қабағы, тіпті ауа райы жағдайы да көңіл күйімізге әсерін тигізіп жатады. Содан болар, адамдар көңілді көтеру үшін арақ-шарап ішу немесе жақын адамдармен дастархан басында әңгіме-дүкен құру сияқты шаралар қажет деп санайды. Шындығында медитацияны меңгерген адам сыртқы ортаға еш тәуелсіз-ақ көңіл күйін қалаған жағына бұрып, өзгерте алады. Көңіл күйді өзгерту үшін дұрыс тыныс алуды үйрену қажет. Терең және бірқалыпты тыныс алу, тәннің бұлшық еттерін босату арқылы көңіл күйімізді бақылауға және басқаруға мүмкіндік аламыз.

Рэйки тәсілі бойынша көңіл күйді басқару деген «қазіргі сәтте, осы арада болу» деп саналады. Өткен шақ пен болашақтың арасын үнемі кезіп кететін ақыл-ойымызды қазіргі шаққа шоғырлау арқылы шынайы бақыт пен қуанышты сезіне аламыз.1.«Қол алысу» жаттығуы

Қазір біз сынып ішінде ары-бері жүреміз. Қатысушылардың қолын көбірек қысып үлгеруіміз қажет. Әрбір қатысушы минут ішінде қанша адамның қолын қысып үлгергенін санаймыз.2. «Менің ерке есімім» жаттығуы.Қатысушылар өзінің ата-анасы, құрбы-достары оны еркелетіп айтатын есімін айтып шығуы тиіс. Әр адам өзінің есімін жиі қайталап айтып, өзіне мадақтау сөздер айтып тұрғаны жөн.3. «Көңіл-күй неге ұқсас» жаттығуы Ойыншылар бүгінгі көңіл-күйлері неге ұқсас екенін айтады. (Қай жыл мезгіліне, ауа-райына, жануарға). Көңілді, көңілсіз, жабыраңқы, түңілген. Бұл – көніл-күй түрі. Психологиялық зерттеулердің көрсетуі бойынша адам өзінің суық көңіл-күйін қарым-қатынас жасайтын адамына таратады екен. Біреумен әзілдескісі, сөйлескісі, өз әсерімен бөліскісі, ой идея келмегенде, адам жанын жабыңқы көңіл-күй жаулап алады. Ал бір жағынан үнемі көтеріңкі көңіл күйде болып жүру ортадағы адамға кері әсер етеді, оны жолықтырады. Басқа сөзбен айтқанда көңіл-күй сізді емес, сіз көңіл-күйді сол ортаға сай басқару керек екенін есте ұстау керек.5. «Сезімді тап» жаттығуы.Жағымда сезім: қуану, шаттану, сабырлылық, таң қалу.Жағымсыз сезім: қорқу, уайым, күйзеліс, кінәләу. Мұнан кейін аз ғана уақыт беріліп кез келген сезім түрін ым-ишара, қимылмен көрсетуін сұрайды. Басқасы бұл қандай сезімді бейнелеп тұрғанын табуы қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]