Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311 Кб
Скачать
☆

29 Билет

1. Кіші мектеп жастағы балалар жұмысында қолданылатын графикалық әдістер туралы айтып беріңіз.

Оқушылардың танымдық процестерін дамытуда жүргізілетін жұмыстары арқылы зейіннің қасиеттерінде, ес пен қабылдауды, сөйлеу мен ойлауда және т.б. процестерде орын алуы тиіс. Кіші мектеп жасындағы балаларда ырықты зейін басымырақ қалыптасады және сөздік қоры дами бастайды, бұл құбылыстар әдістердің жиынтығы мен нақты қимылдары арқылы іске асады. Баланың назарын тексеріп, зерттегенде, іріктеу мен нәтижелерді қайта тестілеу үшін классикалық Бурдон тестісінің балаларға арналған түрі қолданылады. Бұл үлгі еркін түрде балаларға жаұсы таныс және қарапайым пішіндер, мысалы, жұлдызша,квадрат, шеңбер, үшбұрыш, жарты шеңбер, жалауша орналасқан парақтан тұрады. Балалардың назар аудару деңгейін, жіберілген қателерге қарап бағалайды. Мұны орындау үшін бір фигураны есте сақтап, бір істі есте сақтап, парақтағы барлық дөңгелектерді көріп алуы керек. Графикалық әдістер балалардың зейінің, есте сақтау қабілеттерін жақсартуға, логикалық ойлауын, есін, интеллектуалдық ойын дамытады.

2. Логикалық ойлау мен есті дамытуда қолданылатын зерттеу әдістемелері

Логикалық ойлау мен есті дамытуда оқущылардың танымдық процестерінің психодиагностикалауға арналған. Бюллердің логикалық есті зерттеу әдістемесінде, екі қатар сөз және осы сөздерден құралған сөйлемдер материалдары қолданылады. Мысалға, Барабан қабырғада ілулі тұр.Ара гүлге қонды.Тауда күн батты сиқты сөйлемдер беріледі. Эксперимен жүргізуші бірінші қатардың сөздерін бес секундтық үзіліспен оқиды. Ол тәжірбиеге қатысушыларға сөздерді есте сақтау керектегін және олардан сөйлем құрайтындығын ескертеді.

10 секунттан кейін екінші қатарды үзіліспен оқиды. Содан соң сөздерден сөйлем құрайды. Және де графикалық ассоциация тәсілдермен баланың есте сақтауын зерттеуге болады. Бұл жерде сөз және сөз тіркестері беріледі. Мысалға, бала, ашулы мқғалім, қате, жазушы сиқты сөздер қолданылады. Жүргізуші осы сөздерді оқиды, сөздерді оқыған кезде тыңдаушы сол сөздің суреттерін салу керек. Сонан соң сол суреттердің астына аттарын жазу керек. Және де артық сөздерді тап, төртінші артық, ұғымдарды салыстыру әдістемелерін қолдануға болады. Бұл әдістемелер арқылы баланың есін, логикалық ойлауын, ақыл-ойының артта қалуын аңықтауға болады.

3. Оқу ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың диагностикасын зерттеу әдістемесі.

Тұлғааралық қарым-қатынастарды зерттеуге арналған «Аяқталмаған сөйлем» әдістемесі сауалнама арқылы жүргізіледі. Зерттеу қорытындысының дұрыстығы жуаптардың дұрыстығына, нақтылығына байланысты. 28 аяқталмаған сөйлем берілген. Олардың әрқайсысын оқып, ойынызды бірінші келген сөзбен аяқтау керек. Ойлануға көп уақыт жіберіп алмау керек. Мысалға, Менің анам....., Менің ойымша нағыз дос......, Мен өмірде ........қалаймын. деген сияқты сұрақтар қойылады. Бұл әдістеме арқылы баланың жанұясына деген қарым-қатынасын, өзіне қатынасын, өмірлік мақсаттары, анасына әкесіне қатынасын аңықтауға болады. Және де Сакс пен Левидің әдістемесінде тест бланкі арқылы берілген. Бұл жерде сөйлемдерді бір немесе бірнеше сөзбен аяқтау қажет. Мысалға, Менің басшылығым. Менің анам,Менің ең әлсіз жерім секілді сұрақтар беріледі. Б.Басстың «Тұлғаның бағыттылығын анықтау» анкетасы. Анкета 27 пункт – түсіндірмелерден тұрады, әрқайсысына үш түрлі жауап нұсқалары берілген, жауаптар тұлғаның бағыттылығына сәкестендірілген. Респондент өзінің ой пікірін білдіретін, шынайы өмірге сәйкес жауапты таңдап алады және керісінше, шындыққа сәйкес емес, өзінің ой пікіріне қайшы келетін жауапты таңдайды. Әдістеме көмегімен тұлғаның мынандай бағыттары анықталады: «өзіне» (М), «сөйлесуге» (Қ), «іске» (І).1.Нұсқау: сұрақ парағы 27 пункттен тұрады әрқайсысында А, Ә, Б деген жауаптың үш нұсқасы бар. Жауаптардың ішінен өзіңіздің көзқарасыңызды білдіретінін таңдайсыз. Кейбір жауаптардың мазмұны бір-біріне ұқсас көрінуі мүмкін. Алайда, өзіңіздің көңіліңізден шығатынын таңдаңыздар, (А,Ә,Б) әріптің бірін «бәрінен де көп» деген сәйкесті номер тұсына жазыңыздар. 2. Сіздің көңіліңізден шықпайтынын таңдап «бәрінен де аз» деген пункт тұсына жазыңыздар. Жауабыңызды білдіретін әріпті сәйкес номер тұсына жазып көрсетіңіздер.3.Сөйтіп, әрбір сұрақ жауабына сіз 2 әріп қолданасыз және оны сәйкесті бағанаға жазасыз. Қалған жауаптар ешжерге жазылмайды. Барынша шынайы болуға тырысыңыз. Жауаптың «жақсы», «жаман» дегені жоқ. Сондықтан «дұрыс» жауап іздеп әуреленбеңіз. Жауаптың тиісті жерге жазылуын қадағалап отырыңыз. Егер қате кеткенін байқасаңыз айқын көрінетіндей етіп жөндеңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]