Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311 Кб
Скачать
☆

2.Психологтың этикалық кодексі:

1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.

2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.

3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.

4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.

5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.

6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.

7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.

8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.

9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.

10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!

11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!

3.Оқу ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың диагностикасын зерттеу әдістемесі

Оқу ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың диагностикасын зерттеу әдістемесі  Тұлғааралық диагностиканың негізгі әдісіне социометрия жатады. «Социометрия» ұғымы латын тілінен аударғанда жолдас, әріптес, сыбайлас дегенді білдіреді. Социометрияның негізін салған американ әлеуметтік психологы және психиатр Дж.Морено. Ол әдіс шетелде Мореноның «Кто выживает» деген еңбегінен кейін 30-жылдардан бастап таралады. Социометрия — топтағы тұлғалар арасындағы қатынастардың сандық, графикалық, құрылымын айқыдауға мүмкіндік беретін әдіс. Жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда ұнату мен ұнатпаудың сандық өлшемдеріне көп көңіл бөлінеді. Социометрия ұғымы XIX ғ. әлеуметтік үрдістерді зерттеуде математикалық әдістерді қолдануға байланысты пайда болды. Социометриялық зерттеудің ерекше әдістік техникасының негізін қалаушы - Джекоб Морено. Социометрия социометриялық тесттен, аутосоциометриядан, ретроспективті социометриядан және т.б. әдістерден тұрады. Топ мүшелерінің социометриялық мәртебесін оң және бұрыс таңдауды есептеу арқылы алуға болады. Бұл өз кезегінде топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға мүмкіндік береді. Социометрия топ ішіндегі қатынастар заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік тудырды. Социометриялық сұраудың негізіне: Сен кіммен бір партада отырғың келеді? Кіммен бірге демалғың келеді?; Кіммен ірге жұмыс жасағың келеді? деген сұрақтарды алуға болады.

5 Билет

1.А.Бодолев,в.В.Столин бойынша психодиагностикалық әдістер топтамасы:

А. А. Бодалев, В. В. Столин бойынша психодиагностика- лық əдістер топтамасы: 1. Əдістемелік сипаты бойынша: - Объективті тесттер (дұрыс жауаптың болуы мүмкін, яғни тап- сырма дұрыс орындалуы тиіс) - Стандартты тестер. - Сұрақнамалық ашық тесттер. - Шкалалық-техникалық тесттер (Ч. Осгудтың семантикалық дифференциалдық тесті). Субъективті тестер: жеке-бағдарлық техникалық, сюжетті – рөлдік ойындар. - Проективті əдістемелер; - Диалогтық техникалар (сұқбаттар, диалогты ойындар) 2. Психодиагностика процедурасының жүзеге асуы жəне оның нəтижеге тигізетін əсері: объективті жəне диалогтық болып бөлінеді. Ал енді əдістер топтамасына тоқталайық: 1) Əдістердің нəтижелерін өңдеу – суреттер мен бейнелер негізінде зерттеу. Бұған ТАТ, САТ, Розенцвейгтің фрустрациялық тесті, Жиля тесті, Сонди тесті жатады. 2) Г. Роршах тесті . 3) Конструктивтік əдіс. 4) Шығармашылық əдіс. Психологияда психиканы зерттеу объективті қағида болып табы- лады. Бұл қағида кез келген психикалық құбылыстысол күйінде зерт- теу қажеттілігін білдіреді. Объективті қағида адамның психикалық ерекшеліктері жайлы, оның нақты істері мен қылықтарына қарай, дұрыс пікірге келуге болатын адамды қызмет процесі барысын- да зерттеуді талап етеді. Бұл принципті басшылыққа ала отырып, психикалық құбылыстарды белгілі бір адамға неғұрлым тəн, сондай- ақ тəн емес жағдайларда зерттеу қажет. Объективті принцип жиналған материалдарды өңдеуде де көрініс табуы мүмкін. Алынған фактілердің барлығы, оның ішінде бір-біріне қарама-қайшылық жан-жақты талдауға түсуі керек. Қарама-қайшы фактілерге ерекше назар аударған жөн. Психологиялық зерттеулерді құрудың тағы бір маңыздылығы, психикалық құбылыстарды даму барысында зерттеу принципі болып табылады. Егер объективті дүние ұдайы қозғалыста жəне өзгерісте болса, онда осыған орай, оны бейнелендірудің қозғалыссыз, өзгеріссіз болуы мүмкін емес. Психикалық құбылыстарды олардың даму барысында зерттеу адам бойында қалыптасқан психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен қатар жаңа пайда болып келе жатқан психикалық ерекшеліктерді зерттеудің, əсіресе, оқушы психикасын бақылаудың маңызы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]