Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311 Кб
Скачать
☆

3. Сенімділік нақты өлшемді орындауы ретінде

Сенімділік – зерттеудің шарттары өзгергенде , әр түрлі эквивалентті тапсырмалар жиынтығын қолданған кезде, әр түрлі уақытта тестті қайталап жүргізген кезде көрінетін, тест нәтижелерінің турақтылығы. Сенімділік тесттің кездейсоқ факторларға қатысты турақтылығы. Қаншалықты тест көрсеткіштеріндегі анықталған жеке дара айырмашылықтарды «нағыз» айырмашылықтарға жатқызуға, ал қаншалықты кездейсоқ қателердің әсеріне жатқызуға болатындығын сенімділік көрсетеді. Психометрика тілімен айтқанда сенімділік өлшемдері жалпы дисперссияның (жалпы өзгергіштік) қандай бөлігін қателер дисперссиясы құрайтынын көрсетеді. Сенімділік түрлері.1.Ретесттік сенімділік. 2. Тесттің параллельді формаларының сенімділігі.3. Тесттің гомогендігі, немесе тест тапсырмаларының үйлесімділігі.

Ретесттік сенімділік – бір таңдау тобында тестті қайталап жүргізу арқылы, содан кейін екі тест көрсеткіштері арасындағы корреляция коэффициентін есептеу арқылы анықталады. Егер тест интервалды шкала деңгейінде болса, онда Пирсонның корреляция коэффициенті қолданылады. Егер тест реттік шкала деңгейінде болса, онда Спирменнің корреляция коэфициенті қолданылады. Егер корреляция коэффициенті 0,8 тең немесе жоғары болса, онда тест сенімді деп қарастырылады. Сенімділік коэфициенті негізінде «өлшеудің стандартты қатесі» есептеледі. Өлшеудің стандартты қатесі неғұрлым аз болса, тесттің сенімділігі сол ғұрлым жоғары.Тесттің параллельді формаларының сенімділігі. Мұнда тесттің параллельді формалары арсындағы корреляция есептеледі. Негізінен тесттің параллельді формалары тестті екі тақ және жуп бөліктерге бөлу арқылы алынады. Тұтастай тесттің сенімділігін анықтау үшін Спирмен-Браун формуласы қолданылады. Осындай сенімділкті есептеу тек қана тапсырмалары гомогенді тесттер үшін пайдаланады. Тесттің гомогендігі, немесе тест тапсырмаларының үйлесімділігі. Дихотомиялық жауаптары (ия және жоқ) бар тесттер үшін қолданылады. Ол үшін бірінші және екінші тестілеу барысында алынған нәтижелердің матрицасы жасалады

22Билет

1.Тесттердің әлеуметтік - мәдени бейімділігі.

Психодиагностикалық тесттерге ерекше талаптар қойылады. Бірінші талап- тесттің әлеуметтік- мәдени бейімділігі. Ол дегеніміз- тест тапсырмалары мен бағаларының сәйкес келуі. Егерде тест басқа елден алынған жағдайда, зерттелетін адам тапсырмаларды орындау барысында олардың мәдени ерекшеліктеріне мән беруі керек. Мысалы, бір елде құрылған тесттің танымдық құрамында сөздік – логикалық емес, бейнелік және практикалық ойлау басым болып тұрса және ол тест Европада пайда болып, басқа елде қолданылса, онда ол міндетті түрде сол елдің әлеуметтік-мәдени жағдайына бейімделуі керек. Керісінше, ол ортаға икемделмеген жағдайда қолданатын болсақ, біз басқа елдің тұрғындарының ойлауының даму деңгейіне сәйкес келмейтін өте төмен нәтижелер аламыз. Егер де ақыл-ой тестінде практикалық ойлауға арналған тапсырмалар көп болып, оны вербальдық танымы басым елде қолданса, біз ол жерде ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштеріне ие боламыз. Егер тест қайта қолданған жағдайда, алғашқы құрылған кездегіден өзгеше болса, мұндай жағдайда тестті бір-бірімен салыстыру немесе жаңа жағдайға бейімдеу талап етіледі. Әсіресе мұндай жағдай өзге елде құрылып, басқа тілде жазылған бланк тесттерге қатысты. Бір тілден басқа тілге аударма ешқашан нақты болмайды.Ол үшін сөзбе- сөз аударудан гөрі мағынасына қарай аудару нақтырақ болады.

Екінші - тұжырымдамалардың қарапайымдылығы мен тест тапсырмалардың бірегейлігі. Бұл талапқа сәйкес сөздік және басқа тапсырмаларды орындау барысында адамдар әртүрлі қабылдайтын нәрселер болмауы керек( мыс: сөздер, суреттер т.б.).

Үшінші - тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт. Тестті орындау үшін 1- 1,5 сағаттан көп бөлінбеу керек. Өйткені бұдан көп уақыт орындаса, адам өзінің жұмыс істеу қабілетінің жоғары деңгейін сақтай алмайды.

Төртінші - тест үшін берілген тест мөлшері. Тест мөлшері дегеніміз- бір топ адамдармен жеке тұлғаның көрсеткіштерін салыстыруды айтамыз. Мұнда жеке тұлғаның психологиялық даму деңгейі бағаланады, яғни мөлшер дегеніміз нақты бір тесттің репрезентативтік орта көрсеткіштері. Тест мөлшері әдеттегідей, зерттелетін адамдардың жасы мен жынысына қарай таңдап алынған тест нәтижелерімен және жасына, жынысына қарай келесі релеванттық дифференциациясы көрсеткіштерінің орташа алынған бағасымен анықталады. Сонымен тест мөлшері дегеніміз-зерттелетін адамға әлеуметтік-демографиялық мінездемелері бойынша ұқсайтын адамдардың үлкен жиынтығы дамуының орта деңгейі. Жылдан жылға адамдардың психологиялық дамуы өзгеріп тұрады, сондықтан тест мөлшері де өзгеріп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]