Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пр диагностика.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311 Кб
Скачать
☆

38 Билет

1. Психодиагностиканың жағдайы (мәселелері) және олардың шешілуі

Қазіргі таңда психодиагностика ғылыми және практикалық психологиялық білімнің жеке саласы болып бөлінді. Көптеген психодиагностикалық әдістемелер пайда болып, тез арада көбейіп кетті. Математика мен физиканың қазіргі әдістері, электрондық психодиагностиканың құралдары яғни ЭВМ кеңінен қолданылуда.Көптеген елдерде, мысалы АҚШ та, Германияда көптеген ғылыми және практикалық баспаларда жүйелі түрде психологиялық әдістерді сипаттаған. Соңғы жылдары мұндай әрекеттер Ресейде де жасалынған. Бірақ оның ешқандай тұжырымдамасы мен ғылыми негізі жоқ еді. Бұл жағдайда тұжырымдама дегеніміз негізделген , психодиагностикалық әдістемелердің классификациялау негізіне салынған жүйе. Ғылыми негіз ретінде психодиагностикалық әдістер , олардың ауқаттылығын , күшті және әлсіз жақтарын айтамыз. Баспаларда шығатын әдістемелер ешқандай керек мәліметтермен толықтырылмаған. Бұл формальдық талап емес. Көптеген психодиагностикалық әдістемелер белгілі психологтармен баспаға шығарылған болса да, жоғарыда аталған талаптарға сай келмейді. Педагогикалық іс - әрекетте өзінің мақсаттары, мазмұны, формасы, әдістері және нәтижелері бар. Педагогикалық диагностика мұғалімнің кәсіби жұмысының бір бөлігі ретінде мектепке дейінгі, бастауыш сыныптағы оқушыны,жеткіншекті және жоғары сыныптағы оқушыны , оның дамып жатқан жеке тұлғасын зерттейді.Сондықтан кәсіби диагностикалық жұмыстың практикасы мен теориясын білем деушілер жеке тұлға ұғымының қазіргі түсінігімен таныс болу керек. Социологиялық , психологиялық зерттеу ешқандай өзінің педагогикалық талдауын ауыстыра алмайды. Кешендік зерттеу тұлғаны зерттеу барысында әлеуметтік , психологиялық және педагогикалық зерттеудің бірлігін қамтамасыз етеді. Жүелілік жағынан педагогика тұлғаны жүйелі ұйымдастырудың спецификалық денгейін басқа ғылымдардың адам туралы алынған нәтижелері мен біргелікте қарастырады. Тұлға дегеніміз үнемі өзгеріп дамитын жүйе , ол белгілі әлеуметтік түрде қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы саналы өзін - өзі басқаруына қабілетінің дамуымен ғана сипатталып қоймайды, ол керекті тәртібін қамтамасыз ететін сәйкес мотивацияны қалыптастырумен сипатталады. Мотивация (себеп) ішкі конфликттерді жеңіп шығуды қамтамасыз етеді. Адам тұлға болып тек өзінің тәртібі мен іс - әрекетін басқаруға қабілетті ететін психологиялық дамуының денгейіне жеткен кезде ғана қалыптасады. (Л.И.Божович) Психикалық іс-әрекеттің дамуы динамикалық пен тұрақсыздан тұрақтыға қарай жүреді. Сыртқы әсерлер психикалық процестер мен жағдайларды тұрақты қасиеттерге айналдырады. Жағдайлардың фонында психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттері пайда болады. Қасиеттер белсенділіктің белгілі бір адамға қатысты тұрақты және орнықты денгейін сипаттайды. Бұл денгей тұлғаның әлеуметтік құндылығын анықтайды және оның әрі қарай дамуына субъективтік жағдай жасайды. Қалыптасқан жүйе ситуациялық әсерлер мен өзгерістердің тәртіптің егеменділігін қамтамасыз етеді. Бұл егеменділік тұлғаның анықтығы мен жетілуінің көрсеткіші болып табылады.(А.Г.Ковалев).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]