Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Test_dets_bolezni.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
949 Кб
Скачать
☆

*Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы» *4*25*1

#226

*!2 жасар балада несеп шығару жолдарының инфекциясы. Пиелонефритті төменгі несеп жолдарының инфекциясынан ажыратуға мүмкіндік беретін симптомдар? (2 жауап)

*+фебрилді температура

*бактериурия дәрежесі

*лейкоцитурия дәрежесі

*+интоксикация

#227

*!15 жастағы қыз бала, жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Әлсіздікке, бас ауруына, оң жақтан белдегі ауру-сезіміне, дене қызуының 38,5◦С-қа жоғарылауына, қалтырауға шағымданады. Күн бұрын ғана ауырды. Қарағанда: терісі таза, бозғылт, ыстық. Температурасы 38°С, пульсі 88 минутына, АҚҚ 120/80, 120/85 мм с.б. Іші жұмсақ, несепағар бойымен ауырады. Несеп шығару ауру-сезімінсіз. Несеп талдауы: зәрі лайлы, салыстырмалы тығыздығы 1017, белок 0,066 г/л, лейкоциттер және бактериялар көру аймағында жаппай, оксалаттар. Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы ең бірінші жүргізіледі? (2 жауап)

*+бүйрек УДЗ

*+несепті бак.себу

*цистография

*экскреторлық урография

#228

*!5 жастағы ұл балада дизуриялық белгілер қайталануда, анамнезінде несепте өзгерістер бар. Ауру басталғанда жоғары температура, интоксикация болды. «Жедел пиелонефрит» диагнозымен емделді, содан кейін дизурияның қайталама эпизодтары, несепте лейкоцитурия. Қараған кезде баланың жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, температура – 37оС, жиі ауру-сезімімен зәр шығару, қасаға үстіндегі ауру-сезімі. ЖҚТ патологиялық өзгерістерсіз, ЖНТ-да белок 0,06, Лейк. - 12-15 к/а., Эр.- 3-4к/а, бактериялар+++. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі көрсетілген? (2 жауап)

*+құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ

*экскреторлық урография

*микциялық цистоуретерография диагностика жүргізу кезінде

*+микциялық цистография несепті санациялағаннан кейін

#229

*!3 жастағы қыз балада уросепсиске күдік. Уросепсисті дәлелдейтін диагностикалық критерийлерді көрсетіңіз: (2 жауап)

*протеинурия

*гематурия

*+пиелонефрит

*+пиелиттік ошақтар

#230

*!13 жасар қыз балада несептің 2 талдауында лейкоцит 8-10 к/а анықталды. Күмәнді лейкоцитурияда науқасты дұрыс жүргізу тактикасы қандай? (3 жауап)

*бүйрек УДЗ

*цистография

*экскреторлы урография

*+ЖНТ қайталау

*+несепті бак.себу

*+гинеколог кеңесі

#231

*!Клиникаға 7 жастағы ұл жедел нефритикалық синдроммен түсті. Науқастың мамандандырылған медициналық көмек алуға құқығы: (4 жауап)

*циклофосмамидпен пульстерапия

*+тұзды шектей отырып емдәм

*+ААФ тежегіштері

*циклоспорин А

*преднизолон

*+антибиотик

*+фуросемид

*альбумин

#232

*!Клиникаға 7 жастағы ұл жедел нефритикалық синдромға күдіктенумен түсті. Жедел нефритикалық синдром үшін қандай көрсеткіштер тән: (4 жауап)

*анемия

*+азотемия

*полиурия

*+тығыз ісінулер

*макрогематурия

*гипопротеинемия

*протеинурия 3,5 г/л

*анасаркаға дейін ісінулер

*+артериалды гипертензия

*+протеинурия 2 г/тәул. дейін

#233

*!7 жастағы қызда 3 күн бойы айқын ісінулер, несепте – белок 3 г/л. Клиникалық диагнозды анықтау үшін қандай зерттеулер қажет? (3 жауап)

*+қандағы холестеринді анықтау

* қандағы электрорлиттерді анықтау

*нефросцинтиграфия жасау

*қандағы иммуноглобулиндерді анықтау

*+жалпы белок, альбуминді анықтау

*+белоктың тәуліктік экскрециясын анықтау

*несепті бактериологиялық зерттеу

#234

*!15 жастағы жасөспірім, бөлімшеге бас ауруына, қабақтарының, аяқтарының ісінуіне шағымданумен түсті. Қарағанда: қабақтары және аяқтарында аздаған ісінулер бар, АҚҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; зәрде белок 2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде к/а, лейкоциттер 2-3 к/а. Аз зәр бөле бастады. Бақылау қан анализдерінде креатинин 360 мкмоль/л-ден 500 мкмоль/л-ге дейін, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 50 г/л., несепте белок 2,5 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. Тез үдемелі гломерулонефритке күдіктенді. Биопсия кезінде бүйрек зақымдалуының мейілінше болатын морфологиялық варианты қандай? (2 жауап)

*+нефритикалық синдром

*+креатининнің 360 мкмоль/л-ден 500 мкмоль/л-ге дейін өсуі

*АҚ 160/90 мм с.б.

*нефротикалық синдром

#235

*!7 жастағы ұл бала, баспамен ауырып, ол бактериалды фарингитпен асқынған. Арнайы ем қабылдамаған. Екі аптадан кейін әлсіздік, бас ауруы, шаршағыштық пайда бола бастады. Таңертеңгі уақыттарда бетінде, кешкі уақыттарда балтыр, табандарындағы ісіктерді байқады. Аймақтық дәрігерге қаралғанда АҚҚ 130/90 мм с.б., несеп несеп талдауларында 1,2 г/л-ге дейін протеинурия, 30-40 к/а эритроциттер, 3-4 к/а лейкоциттер анықталды. Мейілінше ықтимал клиникалық диагноз және оның морфологиясы? (2 жауап)

*+гломерулонефрит, нефритикалық синдром

*+эндокапиллярлы пролиферативті ГН

*IgA-нефропатия

*стероидрезистентті нефротикалық синдром

#236

*!Амбулаторлық тексеру кезінде 14 жастағы жасөспірімде созылмалы бүйрек ауруының белгілері, естудің төмендеуі, несепте протеинурия, гематурия анықталды, атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, 12 жасар қарындасында микрогематурия анықталған. Мейілінше дұрыс клиникалық диагноз және патогенетикалық ем? (2 жауап)

*стероидтар

*нефритикалық синдром

*+Альпорт синдромы

*+нефропротекторлар

#237

*!15 жастағы науқаста бала кезінен жедел респираторлы инфекциядан кейін немесе инфекция фонында макрогематурия эпизодтары байқалады. Несеп жүйесіндегі тастар мен басқа себептер жоққа шығарылды. Ажырату диагнозы жүргізіледі: (3 жауап)

*бүйректегі ісіктермен

*+IgA-нефропатиямен

*+тұқым қуалайтын нефриттермен

*+нефритикалық синдроммен

*тубулоинтерстициалды нефритпен

*тез үдемелі гломерулонефритпен

#238

*!16 жастағы жасөспірім, клиникаға ісінулерге шағымданумен, 3,7г/л протеинуриямен түсті. Қарағанда: анасаркаға дейін массивті ісінулер, АҚҚ 120/80 мм.с.б. Анализдерде: қан сарысуындағы креатинин 70 мкмоль/л, жалпы белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ-да: протеинурия 4 г/тәу., эр. 4-5 к/а. Преднизолонмен емдеу нәтижесі тиімсіз. Бүйрек биопсиясын өткізу тағайындалды. Қандай гломерулонефриттер арасында ажырату диагностикасы жүргізіледі:

(2 жауап)

*IgA-нефропатиямен

*+минималды өзгерістер ауруымен

*бүйректің тұқым қуалайтын ауруларымен

*+фокалді-сегментарлы гломерулонефритпен

#239

*!9 жастағы балада нефротикалық синдром, стероидтәуелді түрі. Осыған байланысты, ұзақ уақыт преднизолон per os қабылдады. Стероидты емнің жанама әсерлері: (4 жауап)

*перифериялық нейропатия

*+артериалдық гипертензия

*+АІЖ ойық жаралары

*гиперкреатининемия

*гиперкалиемия

*+остеопороз

*+катаракта

*анемия

#240

*!12 жастағы ұл бала бөлімшеге бас ауруына, қабақтарының, аяқтарының ісінуіне шағымданумен түсті. Қарағанда: қабақтары және аяқтарында аздаған ісінулер бар, АҚҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, жалпы белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; зәрде белок 2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде к/а, лейкоциттер 2-3 к/а. Бақылау қан анализдерінде креатинин 300 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 56 г/л., несепте белок 2,2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. Мейілінше дұрыс клиникалық диагноз және патогенетикалық ем? (2 жауап)

*нефритикалық синдром

*+тез үдемелі гломерулонефрит

*+преднизолон + циклофосфамидпен пульс-терапия

*преднизолон 2 мг/кг

#241

*!3 жастағы балада гастроэнтерит. Дегидратация, ісіну, петехиялар, анурия. Жалпы қан талдауында: гиперхромды анемия 3 дәр. ГУС диагностикасы үшін қандай зерттеулер жүргізу керек: (2 жауап)

*+тромбоциттер

*+қандағы креатинин

*бүйрек УДЗ

*цистография

#242

*!3 айлық балаға БЖЗ диагнозы қойылды. БЖЗ диагностикасы үшін RIFLE критерийлері: (2 жауап)

*+шумақшалық фильтрация

*ісінулер

*+диурез

*анемия

#243

*!14 жастағы қыз бала артериалды гипертензия бойынша бақыланады, фозиноприл 20 мг/тәул алады. Ем фонында АҚ 140/80 мм с.б. дейін. Соңғы кездері тізе буындары ауырып, балтыр бұлшық еттері тырысып қалады. Өз бетінше үйде ибуфен, аспаркам, магний препараттарын, дәрумендер кешенін қабылдаған. Емді реттеу мақсатында дәрігерге келген. Қандай дәрілік препараттарды біріктіріп қолданғанда БЖЗ дамуының қаупі жоғарылайды? (2 жауап)

*+ААФт

*+ибуфен

*аспаркам

*магний препараттары, В6 дәрумені

#244

*!3 жастағы бала кардиохирургиялық бөлімшеге ота жасау үшін түсті. Отадан кейін жағдайы нашарлады: диурезі азайып, улану белгілері күшейді. Талдауларда: 3-ші күні креатинин 60-тан 158 мкмоль/л-ге дейін, мочевина 4,7-ден 15 ммоль/л-ге дейін жоғарылады, натрий 142 ммоль/л, калий 6,0 ммоль/л, хлор 120 ммоль/л; рН-7,22, рСО2-19 мм с.б., НСО3-15 ммоль/л. ЭКГ жасау жоспарланды. Гиперкалиемия кезінде ЭКГ-да қандай өзгерістер мейілінше ықтимал болады?

(2 жауап)

*+Т тісшесінің төмендеуі

*Т тісшесінің жоғарылауы

*патологиялық U тісшесі

*+ырғақтың бұзылуы

#245

*!7 күндік балаға постренальді ОПП 3 диагнозы қойылды. Постреналді бүйрек жеткіліксіздігі мынаның салдарынан дамиды: (2 жауап)

*+ҚНР

*+мегауретер

*цистит

*пиелоэктазии

#246

*!Амбулаторлық тексеру кезінде 15 жасар ұл баланың естуі төмендеген, несепте – протеинурия, гематурия. Атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, әпкесінде микрогематурия бар. Сіздің диагнозыңыз: (2 жауап)

*қатерсіз жанұялық гематурия

*+БСА 3 сатысы

*+Альпорт синдромы

*Берже ауруы

#247

*!11 жасар ұл бала. Балалық шақта бүйректің туа біткен ақауы фонындағы қайталаушы НШЖИ-нан зардап шеккен. Ота жасалынған. Қазіргі кезде несепте: белок-0,3 г/л, лейкоциттер 3-4 к/а, эритроциттер 2-3 к/а. ШФЖ 45 мл/мин. Нв-90г/л. БСА-ң осы сатысында қандай бұзылыстарды емдеу керек? (2 жауап)

*гормоналдық

*гемокоагуляциялық

*+анемияны

*+протеинурияны

#248

*!9 жастағы қыз балаға 5 жасында ФСГС диагнозы қойылған. Қазіргі кезде ШСЖ 5 мл/мин. Мамандандырылған білікті медициналық көмек алуға науқастың құқығы: (2 жауап)

*фозиноприл

*ЦсА

*+бағдарламалық гемодиализ

*+бүйрек трансплантациясы

#249

*!17 жасар жасөспірім созылмалы гломерулонефриттен зардап шегеді. ШФЖ – 78 мл/мин, несепте белок – 1,32 г/л. Фозиноприлді тағайындау мақсаты? (2 жауап)

*иммуносупрессия

*+антипротеинуриялық

*+склерозға қарсы

*қабынуға қарсы

#250

*!14 жасар жасөспірімде созылмалы гломерулонефрит. Бүйрек қызметі төмендеген: ШФЖ – 78 мл/мин, несепте белок – 1,32 г/л. Қандай препарат нефропротективті емнің алтын стандарты болып табылады? (2 жауап)

*конкор

*+фозиноприл

*+лозартан

*циклофосфамид

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]