- •1.Топырақ зерттеудің қысқаша тарихы. Топырақты зерттеу әдістеріне және ғалымдардың еңбектеріне шолу жасаңыз
- •2.Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3.Топырақ гигиенасы. Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •4.Жер қыртысының гиохимиялық құрмы және токсикологиялық маңыздылығын тусіндірініз
- •5.Топырақ түрлері,физика-химиялық қасиеттері және биологиялық маңызы.Топырақтың эпидемиологиялық маңызын түсіндіріңіз.
- •6.Топырақтың өзін өзі тазалауы және жер қыртысын санитарлы қорғау мәселелерін сипаттаңыз
- •8. Топырақтың жалпы микрофлорасының қалыптасуы және түрлерін сипаттап беріңіз.
- •9. Топырақ микрофлорасы. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдердің түрлеріне тоқталыңыз.
- •10. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдерді биологиялық бақылау әдістеріне шолу жасаңыз.
- •12.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер және олардың топырақты ластау сипаттамасын беріңіз.
- •16. Химиялық заттармен ластанған ауылшаруашылығына арналған топырақты бағалаудың әдістерін атаңыз.
- •21.Топырақтың түзілуі процесстерінің және оларға әсер ететін факторларға сипаттама берініз.
- •23. Топырақтың санитарлы бактералогиялық көрсеткіштерін анықтап берініз.
- •24. Топырақтың санитарлы-гигиеналық бағалаудың сапалық көрсеткіштерін анықтаңыз.
- •25.Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің негізгі түрлері және эпидемиологиялық рөлін түсіндірініз.
- •26.Топырақтағы табиғи тазарту процестері.Топырақтағы кездесетін қоздырғыштардың биологиясына тоқталыңыз.
- •27.Санитарлы көрсеткішті микроорганиздердің негізгі топтарына сипаттама берініз
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
- •29. Топырақтың химиялық құрамының гигиеналық сипаттама берініз
- •30. Топырақтың ластану жолдарының ластағыштарын тусіндіріп берініз
- •31. Топырақтың физикалық химиялық ластағыштарына сипаттама берініз
- •32.Топырақта кездесетін патогенді микро дің негізгі топторы эпидемиологиялық манызы
- •34. Санитарлы зпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыруда қолданатын ұғымдарға анықтама берініз
- •35. Қр халқының санитарлы эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз етудің құқықтық економикалық әлеметтік жағдайға шолу жасаныз
- •37.Санитарлық – эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыреті. Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станция. Сэс- тің жұмысын жоспарлау әдістер мен формаларын түсіндіріңіз.
- •39.Санитарлық індетке қарсы іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу әдістерін түсіндіріп беріңіз
- •40. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу мәселелерін қарастыру
- •46.Топырақ гигиенасы . Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттеріне сипаттама беріңіз
- •48. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілеріне сипаттама беріңіз
- •49. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілерінің микрофлорасын сипаттаңыз
- •50.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер . Сипаттамасы .Смп ға талаптарын түсіндіріңіз
- •51.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің анықтау әдістері.Скм-индексі скм – титріне түсінік беру.
- •52.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің топтарына сипаттама.
- •53.Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер – фекальды ластану индикаторларын сипаттау.
- •54.Санитарлы – көрсеркіш микро-дің – оральді ластану индикаторларын сипаттау.
- •55.Санитарлы- көрсеткіш микроорганизмдердің өзін –өзі тазарту процестерін индикаторларын сипаттау.
- •58.Топырақтың сапасын санитарлы эпидемиологиялық бағалауда қолданылатын көрсеткіштерді атаңыз.
- •60.Топырақты санитарлық микробиологиялық зерттеуде қолданылатын көрсеткіштерді сипаттаңыз.
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
21.Топырақтың түзілуі процесстерінің және оларға әсер ететін факторларға сипаттама берініз.
Топырақ табиғатта микроорганизмдердің тіршілік етуінің шынайы ортасы және бастапқы резервуары болып табылады (азот, көміртек, күкірт, темір және т.б.). Олар топырақтың түзілу және өзіндік тазару процесіне белсенді қатысып, табиғаттағы зат алмасу ға қатысады. Топырақ таулы ортадан желдің, судың тірі организмдердің және олардың органикалық қосындылардың, яғни өсімдіктермен жануарлардың өңімінен пайда болуынан түзіледі. Әртүрлі топырақ микроорганизмдері сулы және коллоидты қабықтарда тіршілік етеді, және олар топырақ бөліктерін бұзады және саңырауқұлақтардың гифтерімен қозғалғыш бактерияларының жылжуы және көшіп жүріп жатады және олардың арасында микроскопиялық жіңішке сулы қабаттар көрінеді.
Топырақ микрофлорасының сапалық құрамы өте әртүрлі: әртүрлі бактериялар, актиномицеттер, спирохет, архебактериялар, микоплазм, саңырауқұлақтар, вирустар. Әртүрлі топтағы микроорганизмдердің құрамы мен ара қатынасы топырақ түріне, оны өңдеу әдісіне, құрамындағы органикалық заттарға, ылғалдылыққа, климаттық шарттарға және тағы басқа себептерге байланысты болып келеді. Құмды топырақтарда аэробты микроорганизмдер тіршілік етеді, ал сазды, ылғалды (оттегінің кіруі қиын) ол жерде негізінен анаэроты микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақ микроорганизмдер 25-450С көбейе алады, ал термофильдіктер – одан жоғары тампературада.
Микроорганизмдер күрделі биоценозда болады, олар өздерінің араларында өсімдіктермен бірге антагонисттикалық және сембиотикалық ара қатынаста сипатталынады. Өсімдіктердің тамыр аймағында бактерия өте көп: олар резосфера деп аталатын интинсивті көбею зонасын және жоғарғы активтілікті түзеді. Топырақтың ризосфералық зонасының микрофлорасы бай, әртүрлі және әртүрдегі өсімдік үшін өзіндік ерекшелігі болады. Микроорганизмдер өсімдіктердің тамырлық бөліну ара қатынасында дұрыс хемотаксисті болады және олар органикалық қосылыстардың минерализация процесіне қатысады, сонымен қатар өсімдіктерді тез қабылдайтын минералды заттармен, яғни дәрумендермен, ауксиндермен қамтамасыз етеді. Олар өсімдіктердің метаболизміне активациясы қатысады. Топырақтың өзіндік тіршілігі үшін, ауа үшін және тамақ үшін үлкен күрес болып жатады. Көбіне бір топтағы бактериялардың тіршілігі басқа топтағы бактериялардың антибиотикалық бактериоциондық әсерінен басып қалады.
Бір жылда топырақтағы микроорганизмдердің мөлшері бірнеше миллиардқа дейін жетеді. Олардың ең көбі тазартылған топырақта - 4,8-5,2 млрд. Азы орман топырағында, құмда 1,2-0,9 млрд. Микроорганизмдердің тірі үлесі 1 гектар топырақта орташа 1000 кг. құрайды. Микроорганизмдердің мезгіл тербелісіне байланысты: көктемде саны өседі, жазда максимумға жетеді, жаздың ортасында азаяды, (күн сәулесінің активті әсеріне байланысты) күзде тағы да көбейеді және қыста азаяды.
Микроорганизмдердің топырақта таралуы әртүрлі жоғарғы 1-2 мм қабатында микробтар аз (топырақтың құнарлануына қарамастан). Бұл күн сәулесінің ультракүлгін сәулелеріне және құрғату процестеріне байланысты. Жақсы микрофлора 10-20 см тереңдікте дамыған. Бұл қабатта негізінен биохимиялық процестер жүріп жатады, яғни органикалық заттарға ауысу, бір-бірлерін ауыстыратын микроорганизмдердің тіршілік етуінің әртүрлілігі. Одан тереңдеген сайын флорасы азайып, 4-5 м тереңдіктер микроорганизмдерді өте сирек кездестіруге болады. Артезиандық саңылаудан алынатын су стерилді болып келгендіктен құрамында бактериялар қоретенетін аммиорганикалық қосылыстар болмайды.
22.Жер қыртысының геологиялық құрамы және токсиголиялық маңызы. Жер қыртысының химиялық құрамы өте күрделі және минеарлды (органикалық емес) және органикалық заттардан тұрады. Минералды заттардың 60-80 %-ы кристаллды кремнезем немесе кварцтан тұрады. Топырақтың минерологиялық құрамында маңызды орынды ионды алмасуға қаблетті алюмосиликаттар (табиғи саздар) алады.
Органикалық заттар топырақ микроорганизмлерімен синтезделген органикалық заттермен қатар, топыраққа басқа жақтан келген заттардан тұрады.
Жер қыртысының минералды құрамына Д.И. Менделеев таблицасының барлық дерлік элементтері кіреді. Бұл жағдай су мен көптеген өсімдіктердің минералды құрамының өзгеруіне әкеліп соғады, ал бұл адам организмінің микроэлементтермен қамтамасыз етілуіне әсер тигізеді. Микроэлементтердің көп бөлігі организмге азық-түлікпен көптеп түседі, сүт және ет өнімдерінде олардыұ мөлшері аз.
Ландшафты мен табиғи зоналардың әртүрлілігі топырақта химиялық элементтердің айналымы мен жиналымының ерекшеліктерін анықтайды. Бұл жағдай А.П. Виноградовқа биогеохимиялық аудандар – геологиялық және топырақ құру факторлары бойынша жер бетінде химиялық элементтердің біркелкі орналаспауы туралы ілімін негіздеуге көмектесті. Осылайша, бәр аудандарда кейбір элементтердің жетіспеушілігі байқалса, кейбіреулерінде, керісінше, тым көп. Бұл әр аймақтағы халықта әртүрлі спецификалық аурулардың – эндемикалық аурулар(геохимикалық эндемия) дамуына әкеліп соғады.
Қазіргі кезде гипофтороз және флюороз, - фтордың жетіспеушілігі немесе тым көп болып кетуінен пайда болатын, эндемикалық зоб – йод жетіспеушілігнен пайда болатын аурулар жақсы зерттелген. Молибденнің топырақта тым көп болуы молибденоз (эндемикалық құяң), стронций – хондро- және остеодистрофия, бор – бор энтеритының пайда болуына себепші болады.
Ресей жер қыртысының микроэлементтер мөлшеріне қарай эталоны ретінде Курск облысындағы орталық қорықтың қара топырағы саналады. Жер қыртысындағы химиялық элементтер мөлшерін эталонды (ластанбаған) топырақтардағы заттардың орташа мөлшерін көрсететін кларкпен есептейді.
Жер қыртысының ластануы – топырақта оған тән емес химиялық қоспалардың пайда болуы. Топыраққа көптеп өнеркәсіп қалдықтарының, химиялық тыңайтқыштардың, пистицидтердің және т.б. төгілуі топырақтың құрамы мен сипаты өзгерен жасанды биогеохимиялық аудандардың пайда болуына себепші болады. Өнеркәсіп орталықтарының жанында биосферада адам организміне тікелей және жанама әсер етіп шынымен үлкен қауіп төндіретін (канцерогенді, мутагенді, аллергенді, эмбриотоксикалық және т.б.) қорғасын, күшәла, фтор, сынап, кадмий, марганецғ никель, молибден және басқа элементтердің мөлшері көбейейді.
Көптеген зертетулер ластанған топырақтың токсикологиялық қаупін дәлелдеді. Зиянды әсерлер қоректік тармақ бойынша, яғни су, өсімдіктер, сонымен қатар ластанған жем-шөппен қоректенген жануарлардың еті мен сүті арқылы беріле алады.
Өнеркәсіп орындарының шаң-газ қалдықтары жер қыртысының 60-100 шақырым радиусы көлеміндегі жерді ластайды. Осылайша, түсті металлургия өнеркәсіп орындарының айналасындағы жер қыртысында қорғасын, күшәла, мырыш, мыс, күкірт мөлшері нормадан 2,5-200 есе асып түседі. Топырақтың ауыр металлдармен ластануы РШК 1,2-дан 8,3 есе асып кеткен завод маңындағы 5 шақырым жердегі жер асты суларының ластануына, сонымен қатар өсімдіктер мен азық-түлік құрамында металлдың тұрып қалуына да әсер етеді. Аталған кәсіпорындардың жанында өмір сүретін халық қорғасынның – орташа алғанда 0,7 мг, мырыштың – 16 мг-дан аса, мыстың – 2,3 мг көлемінде және күшәланың – 0,5 мг-ға жуық мөлшері тағаммен бірге қабылдайды. Осылайша, топырақ құрамындағы қорғасынның адам организміне түсуінен қан айналым және репродуктивті жүйенің өзгеруі, сонымен қатар кері әсерлі өзгерістер пайда бола басттайды. Топырақтағы күшәла мөлшері мен асқазан қатерлі ісігі арасындағы, молибден мөлшері мен молибден құяңы және өңеш қатерлі ісігі арасынағы байланыс және т.б. анықталды.
Мұнай-химиялық және коксохимиялық кәсіпорындар маңында канцерогенді көмірсутектің бенз(а)пиреннің концентрациясы бірден өсіп келе жатыр. Осы жер қыртысыында өсірілген жеміс-жидектерді пайдалану онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін туғызады.
Сынап комбинанттарының маңындағы жер қыртысында сынаптың белгілі концентрациясы (0,15 мг/кг) 330 есе өсіп кеткен. Топырақта шамамен 30-40 мг/кг сынап болған жағдайда, оның жеміс-жидектердегі мөлшері 0,4-1,4 мг/кг жетіп, ең жоғарғы көрсеткіштен 25-87 есе асып түседі. Сынаптың көп мөлшері адам организміне ұзақ уақыт бой түсіп тұрса, организмің иммуннобиологиялық белсенділігі төмендеп, жүйке және эндокринді жүйенің аурулары жиілеп, ұрпақ жалғастыру қаблетін төмендетеді.
