Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдиева Г шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

10. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдерді биологиялық бақылау әдістеріне шолу жасаңыз.

Топырақта топырақ түзу және топырақтың өзін – өзі тазарту процесстеріне қатысатын, табиғатта азот, көміртегі және т.б элементтер айналымына қатысатын әртүрлі микроорганизмдер тіршілік етеді. Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, мүктер ( саңырауқұлақ пен цианобактерия симбиозы) және қарапайымдар мекендейді.Топырақтың 1 грамында бактерия саны- 10 млрд. жасауға жетеді. Топырақ беткейінде УК- сәулелері, құрғақшылық т.б факторлардың әсерінен микроорганизмдер салыстырмалы түрде азайып отырады.

Микроорганизмдердің көпшілігі 10 см қалыңдықтағы топырақтың жоғарғы қабатында кездеседі. Тереңдеген сайын микроорганизмдер мөлшері азайып, 3-4 метр тереңдікте олар мүлдем кездеспейді.

Топырақ микрофлорасының құрамы оның типіне және жағдайына, өсімдік құрамына, температурасына, ылғалдылығына және т.б байланысты. Топырақ микроорганизмдерінің көпшілігінің рН- ы бейтарап, салыстырмалы жоғары ылғалдылықта, 25-450 С температурада дамуға қабілетті.

Топырақта азотбекіткіш молекулалы азотты сіңіруге қабілетті бактериялар (Azotobacter, Azomonas,Mycobacterium және т.б.) тіршілік етеді. Азотбекіткіш цианобактериялар түрлерін немесе көк- жасыл балдырларды, күріш алқаптарының өнімділігін арттыру үшін қолданады.

Топырақ- Bacillus және Clostridium туыстығының спора түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады.

Патогенді емес бациллалар (Bac.megaterium. Bac. Subtilis және т.б. ), псевдомонадалармен қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың қатысады.

Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары) ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті (Clostridium botulinum).

Ішек бактериялары ( тұқ. Enterobacteriaceae)- ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары- нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, санитарлық- эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді (ішек жұқпалары қоздырғыштарының берілу тұсында).

Топырақта көптеген саңырауқұлақтар болады. Олар топырақ түзу процесіне, азот қосындыларының айналымдарына қатысады, биологиялық белсенді заттар бөледі, сонымен бірге антибиотиктер және токсиндер бөледі. Токсин түзуші саңырауқұлақтар тағамдық азықтарға түсіп, микотоксикоздар және афлотоксикоздар сияқты уланулар шақырады.

Қарапайымдылар мөлшері 1 г топырақта 500-500 000-ға дейін жетеді. Бактериялармен және органикалық қалдықтармен қоректене отырып, қарапайымдылар топырақтың органикалық заттарының құрамын өзгертеді.

Адам үшін топырақтық құрамы және оның микрофлорасының мәнін білу топырақтың санитарлық-микробиологиялық бағалануын реттеуге қажетті жағдай. Топырақтың санитарлық-микробиологиялық зерттелуі алдын ала қадағалау және ағымды санитарлық қадағалау инструкциясына бағынады.

Алдын ала қадағалау жүргізіледі:

а) құрылысты және тұрғылықты жерлердегі қайта қоныстандыру орындарын қайта салуды жоспарлау кезінде.

б) емдеу-профилактикалық және дәріханалық мекемелердің, санаторилардың, балалар мекемелерінің құрылыс орындарын таңдау кезінде.

в) тұрғылықты жердегі сумен қамтамасыз ету және канализация мәселелерін шешу кезінде.

г) ұжымдық дем алу орындарын және жағажайлардың санитарлық бағалануы кезінде.

Ағымды санитарлық қадағалау жүргізіледі:

а) топырақтың санитарлық жағдайын бағалау кезінде және өзін өзі тазалау қабілетін тексеру кезінде (мысалы балалар бақшасының топырағын, аурухананың, демалу орындарының топырақтарын жылына 2 рет жүргіледі).

б)ағын сулар мен қалдықтарды топырақтық және биотермиялық залалсыздандыру әдістерімен қадағалау кезінде жүргізіледі (айына 4 ретке дейін)

в) эпидемиялық көрсеткіштер бойынша инфекциялық аурулардың берілуін анықтау.

Ағымды-санитарлық қадағалауды жүргізу кезінде тағайындалады, оған: ЖМС, ІТТБ, қатал анаэробтар титрі, термофильді бактериялар, нитрификациялайтын бактериялар. Толық санитарлы микробиологиялық анализге қосымша енгізіледі: микробтардың жалпы санына споралардың, актиномицеттердің, саңырауқұлақтардың, целюлоза ыдыратушы микроорганизмдердің және аммонификаторлардың, топырақ микробиоценозының негізгі топтарының пайыздық қатынасын анықтау. Эпидемиялық көрсеткіштер зерттеу барысында патагеді микроорганизмдерді анықтау жүргізіледі.

Сынама алу: Сынаманы 5×5 метр, 5 нүктеден (конверт әдісі) аламыз.

Асептика жағдайында 1 кг сынаманы 20-25см тереңдіктен аламыз.

Зерттеу әдістері: Топырақтағы ЖМС-ны терең егумен анықтаймыз (тығыз ортада) 10 еселенген сұйылтуда және тікелей микроскопиялау әдісі (Перфильев бойынша).

Егер нәжістік ластану деңгейі жоғары болмаса, топырақтағы ІТТБ-ны ащыту сынамасы әдісімен анықтаймыз немесе мембраналық фильтр әдісімен; жоғары дәрежеде - тікелей топырақтық суспензияны егу жүргізіледі (1:10) Эндо ортасына. Топырақтың санитарлық жағдайының және оның өзін өзі тазалау қасиетінің маңызды критериі болып топырақтың перфингенс-титрі болып табылады (топырақтың Clostridium perfringens анықталып жатқан минималды мөлшері). Топырақтың нәжістік ластануынан 4-5 айдан кейін эшерихиялар жойылады, ал клостридиялар 0,01 титрде анықталады. Перфрингенс-титрді Вильсон-Блер ортасына топырақтық суспензияны 10 есе сұйылтып терең егеміз. Термофильді бактериялар санын тығыз ортада 60° С та 1 тәулік бойы инкубациялап санаймыз. Ал нитрифицирлейтін бактериялар титрін топырақтық суспензияны 10-есе сұйылтып сұйық синтетикалық Виноградский ортасына егіп анықтаймыз. Жаңа нәжістік зақымдану көрсетеді: Энтерококктардың табылуы, нитрифицирлейтін бактериялар және термофильдердің болмауы ІТТБ санының көптігін және клостридиялардың вегетативті пішіндерінің жоғарылауына алып келеді. Термофильді бактериялардың анықталуы топырақтың көңмен, шыммен немесе ағын сумен ластануын және органикалық субстраттың ыдырау стадиясын көрсетеді. Нитрифицирлейтін бактериялардың пайда болуы өздігінен тазару процесінің дамуын көрсетеді. Өздігінен тазарудың толық бағасын беру үшін топырақта органикалық субстраттардың жылдам ыдырытатын микроорганизмдерді анықтаймыз: Бациллаларды, актиномицеттерді.

11. Топырақты биологиялық контаминациясы және өзіндік тазарудағы микробтардың рөлін түсіндіріңіз. Адам және жануарлардың әртүрлі шаруашылық және өнеркәсіптік қалдықтарының шығуы мен топыраққа үлкен көлемде әртүрлі органиканың түуі. Адамның фикцациясында 60 түрлі микроорганизмдер анықталған, олар әртүрлі 8-10 туыстыққа жатады. Ең көп түрде анаэробтылар 96%, бифидобактериялар, лактобактериялар, пептококтар,аз көлемде эшерихи, энтерококтар, пртей, клостридилер, кандида және т.б. микроорганизмдер кездеседі. Топырақтың биологиялық ластануы әсіресе каналданбаған жерлерде және де өнеркәсіп территориясында, яғни органикалық қалдықтаржиналатын жерлерде, шаруашылық аулаларында, мал шаруашылық комплекстерінде, жағажайда болады.Тұрып қалған суларда микроорганизмдер лайлы тұнбалар түзеді, содан тазартылмаған тұнбаларды қолданбаған кезде топырақтың инфекцирленуі жүреді. Сонымен қатар мұндай жағдай жеміс өсіретін егістерде болады. Тұрып қалған сулардығы бөлшектерде бактериялар адсорбцияланып бірнеше уақыт өздерінің тіршілігіне және вируленттілігін сақтап. Сынаманы алу, сақтау және тасымалдау.

Топырақ микрофлорасын зерттеуде сәтті нәтижелер мына жағдайда беріледі,егер алынған сынама дұрыс өткізілсе.Осы алынған үлгініге жергілікті сипаттамалар беріледі.Онда рельефтің өтімталдығының,климат,канализацияның санын,агротехниканың қолданылғаны туралы анықтамалар т.б. сипаттамалар көрсетеді.Аймақты қолдану алдында санитар дәрігер сол зерттелетін тарриторияның кестелік жоспарын құрып,сынаманы алады.Бүлінген көздердің орнын анықтайды.(жалпы қолданылатын дәретханалар,шұңқырлар,қоқысы бар контейнерлер және т.б.)

Зерттелетін 100м територияны 2аймаққа 25м-тан бөледі.1-ші-бүлінген аймаққа жақын жер және 2-ші (бақылаудағы)-алыстағы.Топырақ үлгісін 5 жерден алып конверт типінде,територияның 4 бұрышынан 4және орталығынан 1.Алынған 200-300гр мөлшердегі сынаманы стерильді ыдысқа орналастырады.Содан кейін ортанғы үлгіні мақта марлісі бар стерильді пробиркаға саладынемесе пергаментті пакет.Топырақтың көлемі 300гр болуы осы үлгіні тасымалдаған кезде және зерттеуге дейін сақтауда оны ылғалды етіп ұстайды.Осы алынған жердің сынамасының бірқабатын күрекпен алып,кейін бүйір бетінен алады.Беткейінен пломбирленген пышақпен жерді 1-1,5см қалыңдықта кеседі.Пышақты қайта кесілген аймақ тереңдігінде тағы да топырақ үлгісін алады.Осы кесілген топырақтың сынама қабатын Некросов құралымен алады.Ол ұстайтыны бар штанга тәрізді .Оның төменгі болігінде топырақты алатын каробкасы болады.Бура мен алу кезінде бур қақпасы келесі жағына айналып,қуысы ашылып топырақты толтырады.Осы бура көмегімен 3мтереңдікке дейінгі сыныманы алуға болады.Осы алынған топырақ сынамасын стерильді ыдысқа орналастырып маркиробка жасайды және бірге келетін құжатымен бастырылады.Яғни онда үлгі нөмірі көрсетілген.Сонымен қатар алынған жерлердің орны мен қанша қалыңдықта алынғаны және сынаманы алған уақыты беріледі.Сынаманы қайта жүргізу зерттелетін күні жүргізіледі.Оны 24 сағатқа 4-5С температурада сақтайды.

Топырақ сыпамасын дайындау.Топырақтың үлгісін жасар алдында оны оте ірі заттардан тазартады,тастардан,шөптерден,тамырлардан,әйнек сынықтарынан,өсімдік жапырақтарынан және т.б.Содан кейін топырақты фафороваланған стерильді орынға салады.Яғни онда стерильді ыдыста диаметрі 3мл болатын пор болады.Осы порларды себелеп алады яғни ол топырақтың суспензиясын дайындау үшін зерттеу мақсатына ол әртүрлі болуы мүмкін,1-30г ол санитарлы көрсеткішті микроорганизмдерді анықтау үшін,1-10гр.Топырақ микроорганизмдердің санын анықтау үшін алынады.Осы стерильді колбоға алынған топырақты ағынды стерильді су құйып алады.Ол 1:10 қатынаста алу укрек.Алынған топырақтың суспензиясын қалмен немесе механикалық қозғағышпен 10-15мин аралығында қозғайды және 2-3мин ағымында қалдырады.Осындай тазартудан кейін топырақ бөлшегінен микроорганизмдерді бөліп алады.1-ші топырақтың суспензия ерітіндісін(1:10)келесі 10 кратты ерітіндіні 1:10-тан 1:1000-ға дейінгі зерттелетін топырақ бөлшектерін алады және 1:1000000-нан және одан да қатты бүлінген топырақты зерттейді.

Ішек таяқшасы тобындағы бактерияларды анықтау.

ІТТБ рекомендациясы бойынша топырақты зерттегенде яғни оның фекальді бүліну кезеңін титрлеуші әдісті қолданылады.Бұл әдіс өз бүлінген топырақ анализіне мембраналық филтрацияны қолданылады.Жоғарғы колемде бүлінген аимақты Эндо ортасында топырақтың суспензиясын себу арқылы анықталады.(1:10)

Титрлік әдіс.Осы ерітілген топырақ суспензиясын флакон немесе пробиркада ,сұйық қоректік Кесслер ортасында дайындайды.10мл(1:10)ерітіндісінде,50мл ортада келесі 10мл ерітіндіні 9мл ортада жасайды.Осы ортаны 48сағ 30Стемпературасында инкубирлейді.Егер осы пробиркада немесе флаконда бактериялар болмаса газ немесе лайлануы немесе бұлынғыр болуында.Теріс көрсеткіш ІТТБ-да болады.Егер егілген ыдыста ортаның лайлануы немесе бұлыңғырлауы және газ түзілуі болса ол микроорганизмдердің өскенін көрсетеді.Осы егілген ортадан кішкене бөлшкгін алып Петри табақшасында және Эндо ортасында және розальді агары бар ортаға 37С темпертурасында 24сағинкубирлейді.Кейін Эндо ортасында идентификация ІТТБ-да анықтама беріледі.Эшерихиялар қызыл немесе күлгін металды жарқыраған калониялар түрінде сипаттамалар беріледі.Сонымен қатар резолді ортада қызыл неиесе қоңыр калониялар түзеді.Нәтижесінде ІТТБ-да колониялардың мөлшері анықталады.

Мембраналық филтр әдісі.Бұл әдісте ІТТБ-да жылдам анықтау үшін қолданылады.1:10топырақ суспенэиясын 2000об/мин-5мин аралығында центрифуга жасап ірі бөлшектерін рааластырып содан кейін 5-10мл суспензияны №3 мембрананы фильтр арқылы сүзеді.Кейін зерттеуді суды анықтау үшін қолданылады.

Топыраққа тіке себу арқылы.Бүлінген топырақ орнын алып оған 0,1 немесе 0,05мл мөлшерде суспензияны құяды.Ерітіндіні 1:10-нан 1:000000-на дейін алады яғни они Петри табақшасында немесе Эндо ортасында жасайды.Осы топыраққа тіке себу әдісін де өз бүлінген топырақты да қолдануға болады.Бұл жағдайда топырақ суспензиясын 1:10-нан 1:1000-на дейін ерітіндіні алады.Осы егілген ортаны термостатта 30С температурада 24сағ ұстайды.Кейін осы өскен калонияға жалпы әдіс қолданып идентификация жүргізеді.Топыраққа санитарлы миробиологиялық баға беру көрсеткіші кезеңдерімен жүргізіледі:сапрофитті микрооргаизмдердің жалпы мөлшері санитарлы көрсеткіштердің көп болуынан.Табиғи жағдайда микробты және органикалық бөліністер1 уақытта өтіп жатады.Осы көрсеткіштер тобына сонымен қатар топырақтың өзіндік тазару процестері бүлінулердің органикалық табиғаты және энтеробактериялар жатады. Осы топырақтың санитарлы микробиологиялық анализ жасау топырақтың бүлінуін алдын-алу үшін жасалады.Осылардың әсерін зерттегенде ол бактерияның топырақ микрабиотына әсерін анықтау үшін қолданылады.Сонымен қатар топырақтың ферментативті белсенділігі эпидемиологялық көрсеткіштері потагенді микробиоттардың индикациясын жүргізу үшін қолданвлады.