- •1.Топырақ зерттеудің қысқаша тарихы. Топырақты зерттеу әдістеріне және ғалымдардың еңбектеріне шолу жасаңыз
- •2.Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3.Топырақ гигиенасы. Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •4.Жер қыртысының гиохимиялық құрмы және токсикологиялық маңыздылығын тусіндірініз
- •5.Топырақ түрлері,физика-химиялық қасиеттері және биологиялық маңызы.Топырақтың эпидемиологиялық маңызын түсіндіріңіз.
- •6.Топырақтың өзін өзі тазалауы және жер қыртысын санитарлы қорғау мәселелерін сипаттаңыз
- •8. Топырақтың жалпы микрофлорасының қалыптасуы және түрлерін сипаттап беріңіз.
- •9. Топырақ микрофлорасы. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдердің түрлеріне тоқталыңыз.
- •10. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдерді биологиялық бақылау әдістеріне шолу жасаңыз.
- •12.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер және олардың топырақты ластау сипаттамасын беріңіз.
- •16. Химиялық заттармен ластанған ауылшаруашылығына арналған топырақты бағалаудың әдістерін атаңыз.
- •21.Топырақтың түзілуі процесстерінің және оларға әсер ететін факторларға сипаттама берініз.
- •23. Топырақтың санитарлы бактералогиялық көрсеткіштерін анықтап берініз.
- •24. Топырақтың санитарлы-гигиеналық бағалаудың сапалық көрсеткіштерін анықтаңыз.
- •25.Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің негізгі түрлері және эпидемиологиялық рөлін түсіндірініз.
- •26.Топырақтағы табиғи тазарту процестері.Топырақтағы кездесетін қоздырғыштардың биологиясына тоқталыңыз.
- •27.Санитарлы көрсеткішті микроорганиздердің негізгі топтарына сипаттама берініз
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
- •29. Топырақтың химиялық құрамының гигиеналық сипаттама берініз
- •30. Топырақтың ластану жолдарының ластағыштарын тусіндіріп берініз
- •31. Топырақтың физикалық химиялық ластағыштарына сипаттама берініз
- •32.Топырақта кездесетін патогенді микро дің негізгі топторы эпидемиологиялық манызы
- •34. Санитарлы зпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыруда қолданатын ұғымдарға анықтама берініз
- •35. Қр халқының санитарлы эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз етудің құқықтық економикалық әлеметтік жағдайға шолу жасаныз
- •37.Санитарлық – эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыреті. Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станция. Сэс- тің жұмысын жоспарлау әдістер мен формаларын түсіндіріңіз.
- •39.Санитарлық індетке қарсы іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу әдістерін түсіндіріп беріңіз
- •40. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу мәселелерін қарастыру
- •46.Топырақ гигиенасы . Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттеріне сипаттама беріңіз
- •48. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілеріне сипаттама беріңіз
- •49. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілерінің микрофлорасын сипаттаңыз
- •50.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер . Сипаттамасы .Смп ға талаптарын түсіндіріңіз
- •51.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің анықтау әдістері.Скм-индексі скм – титріне түсінік беру.
- •52.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің топтарына сипаттама.
- •53.Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер – фекальды ластану индикаторларын сипаттау.
- •54.Санитарлы – көрсеркіш микро-дің – оральді ластану индикаторларын сипаттау.
- •55.Санитарлы- көрсеткіш микроорганизмдердің өзін –өзі тазарту процестерін индикаторларын сипаттау.
- •58.Топырақтың сапасын санитарлы эпидемиологиялық бағалауда қолданылатын көрсеткіштерді атаңыз.
- •60.Топырақты санитарлық микробиологиялық зерттеуде қолданылатын көрсеткіштерді сипаттаңыз.
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
39.Санитарлық індетке қарсы іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу әдістерін түсіндіріп беріңіз
Жер қыртысын санитарлы қорғау – топырақ құрамына ластауды шектеу үшін, топырақтың өзін өзі тазалау процессін бұзбайтын, адам өміріне қауіп келтірмейтін көлемде өсімдік құрамында ластаушылардың жиналуына бқгет болатын, ауаны, жер асты, жер үсті суларын ластамайтын іс-шаралар жиынтығы.
Бұл іс-шараларға: Халықтың денсаулығын сақтап қалу мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін қолданылатын заң және административтілік іс-шаралар. Санитарлы-қорғау зоналары және басқа да құрылыстарды салу үшін жер бөлігін бөліп беру мақсатында жоспарлау іс-шаралары. Қалдықсыз және аз қалдықты өнеркәсіп орындарын салу үшін технологиялық іс-шаралар. Топырақтың санитарлы тазалануы.
Топырақтың гигиеналық бағалануының мақсаты – оның сапасы мен адамға қауіпсіздігінің дәрежесін анықтау, сонымен қатар химиялық және биологиялық ластануды азайту мақсатында іс-шаралар ұйымдастыр болып таблады.
Жер қыртысының сапасын санитарлы бағалауға санитарлы-химиялық, токсикологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, энтомологиялық және радиометриологиялық зерттеулер жатады.
Химиялық ластану дәрежесі топырақ құрамындағы ПШК тізіміндегі химиялық элементтердің ластаушы компоненттерінің басымдылығы мен олардың қатерлігінің дәрежесі арқылы анықталады.
Жер қыртысындағы химиялық элементтердің ПШК 4 маңызды залалдық көрсеткішімен анықталады:
транслокациялық – заттың өсімдік құрамына өтуі;
су мирациялық – заттың топырақтан жер асты және су қоймаларына өтуі;
ауа миграциялық – заттың топырақтан атмосфераға өтуі;
ортақ санитарлы – ластаушы заттың топырақтың өзін өзі тазарту қабілетіне әсері.
Санитралы-эпидемиологиялық қатынаста қатерлік дәрежесіне қарай топырақ: таза, ұйғарынды, орташа қауіпті, қауіпті және өте қауіпті болып бөдінеді. .
40. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу мәселелерін қарастыру
Топырақтағы патогендік бактериялар мынадай жұқпалы аурулар тудырады: сібірлік жара (қарасан), газдық гангорена, тырысқақ, ботулизм. Жұқпалы ауруды адам топырақты өңдеуде, ауылшаруашылық өнімдерін жинауда, құрылыс жұмыстарында, мал жайылымдарында, жер суаруда (тырысқақ таяқшасы, газдық гангрена, сібір жарасы қоздырғыштары) немесе көкөніске, жемістерге, балыққа, саңырауқұлақтарға микробтар түскенде жұқтырады (ботулизм таяқшасы). Жануарлар мен адамның қауіпті жұқпалы ауруларының қатарына сібір жарасы кіреді. Сібір жарасының қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы, ол ауру малдың шығаратын зәр, тезегімен бірге түсіп, спора жасайды және сол күйінде жылдар бойы, әсіресе қызғылт және қаратопырақты жерлерде сақталады. Осы таяқшалармен ластанған шөпті жануарлар жеп, сібір жарасын жұқтырады. Адам сібір жарасын ауру немесе өлген жануарларды ұстағанда, не ауру жұққан мал өнімдері мен шикізаттарын (ет, жүн, тері) ұстағанда және тікелей топырақпен жұмыс істегенде жұқтырады. Адам ұлпалары жарақаттанса онда топырақпен ластанған газдық гангрена қоздырғышы адам денесіне кіреді. Топырақта жиі кездесетіндер А Перфрингенс тектес клостридий болады. Осы микробтар жараланған жерге түсіп, токсин өндіреді, ол ұлпалардың ісінуіне және өлуіне ұшыратады. Ботулизмді жұқтырту тағам өнімдерін үйде сүрлеп дайындау алараларымен тығыз байланысты болады: балық тұздағанда не қақтағанда, консервіленген саңырауқұлақтар, көкөністер мен жемістер дайындауда болады. Ботулинус таяқшасы тудыратын токсин анаэробтық жағдайларда барлық басқа бактериалдық токсиндер мен химиялық уларға қарағанда адам организміне аса күшті әсер етеді. Актиномицеттер, терінің үстіңгі қабатында және терең микоздар, сондай-ақ туберкулез, алапес, дифтерия микробактерияларын тудырады – топыраққа түскенде әжептәуір қауіп туғызады: топырақта туберкулез таяқшалары 15 айға дейін, дифтериялық таяқшалар 2-3 аптаға дейін тіршілік қабілетігін сақтайды. Адам организміне түскен глисттер-паразиттер-гельминттерден болатын аурулар – гельминтоздардың таралуында топырақтың алатын рөлі аса үлкен болады. Кейбір гельминттердің даму кезеңдерінің бірі (жұмыртқалар жетілуі) топырақта өтеді. Гельминттармен ластанған топырақта өскен көкөніс, жеміс-жидектерді, ластанған суды қолданғанда адам органгизміне гельминттердің жетілген жұмыртқалары түседі. Гельминттер жұмыртқалары (шошқа, өгіз цепеньдері) топырақтан ірі қара мал мен шошқалар азығына түсуі мүмкін.
41.Топырақта жұқпалы аурулар індеті пайда болу қаупі төнген жағдайда шектеу шараларын қарастыру. Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді. Жұқпалы аурулар — жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады(індет).Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.Іңдетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады. Індетке қарсы шаралардың басты негізі - олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.Екінші бір негіз - індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі - олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік оргаңдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу жергілікті әкімшіліктің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (полиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Жануарлардың жұқпалы ауруларының адамға жұғу қауіптілігін инфекцияның зоонотикалық потенциалы деп атайды. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек. Қажетті шаралар мынадай үш бағыт бойына жоспарланып, жүргізілуі тиіс: инфекцияның тарау жолдарын үзу, адамдардың жұқпалы ауруларға қарсы тұрушылық, қабылдамауылық қабілетін арттыру. Инфекцияның көзіне әсер етуде жұқпалы ауруларды дер кезінде анықтау, оларды ертерек оқшаулау және ауруханаға жеткізу айрықша маңызды. Сонымен бірге халықтың санитарлық сауаттылығын арттыру, жұқпалы аурулардың негізгі белгілерін білу, дәрігерге дер кезінде қаралу зор роль атқарады. Инфекцияны жұқтырудың көзін анықтау үшін медицина құрамы ауру шыққан ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізеді
42-Инфекциялық аурулар алдын алу мақсатында профилактикалық егуді жүргізудің міндеттілігін қарастырыңыз. Инфекциялық ауруларға қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы (бұдан әрі - қағида) алдын ала егулер жүргізілетін жұқпалы аурулармен (дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамық, полиомиелит, эпидемиялық паротит, туберкулез, гемофильдік және пневмококктық инфекциялар) ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, олардың орындалмауы салдарынан пайда болуы мен таралу қаупі бар жүқпалы ауруларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. Басқа жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егулерді жүргізуге арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қолданыстағы сәйкес нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген. Ауруханаішілік инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талапта 212. Ауруханішілік инфекциялық аурулардың (бұдан әрі – АІИА) алдын алу жөніндегі іс-шараларды тиімді ұйымдастыру және жүргізу үшін әрбір медициналық ұйымда инфекциялық бақылау бағдарламасы әзірленеді, ол:1) ауруханаішілік инфекцияларды есепке алу мен тіркеуді;2) АІИА-мен сырқаттанушылықты талдауды, тәуекел факторларын анықтауды, АІИА-ның белең алуын тексеруді, оларды таратпау бойынша шаралар қабылдауды;3) микробиологиялық мониторингті ұйымдастыруды және жүргізуді;4) антибиотикалық-профилактикалық және антибиотикалық-терапия тәсілдерін әзірлеуді;5) кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды;6) инфекциялық бақылау мәселелері бойынша персоналды оқытуды;7) санитариялық-эпидемияға қарсы режимді ұйымдастыруды және бақылауды;) медициналық қалдықтарды жинауды, зарарсыздандыруды, уақытша сақтауды, тасымалдауды және кәдеге жаратуды ұйымдастыруды көздейді.213. Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.214. Инфекциялық емес бейіндегі медициналық ұйымдарда пациентте айналасына эпидемиологиялық қауіп төндіретін инфекциялық ауру анықталған кезде ол изоляторға ауыстырылады. Изолятор болмаған кезде инфекциялық аурулармен ауыратын пациенттер тиісті инфекциялық ауруханаларға ауыстырылуы тиіс.215. Эпидемиялық көрсеткіштері бойынша жабылатын стационарды ашу тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісім бойынша жүргізіледі.216. Терінің және сілемейлі қабықтардың тұтастығының бұзылуымен байланысты барлық медициналық манипуляциялар бір рет пайдаланылатын қолғаптармен жүргізіледі.217. Медициналық персонал әрбір медициналық манипуляцияның алдында қолдарын өңдеуі тиіс.18. Вирустық гепатиттердің алдын алу бойыншасанитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық)іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар 218. Вирустық гепатиттермен ауыратын адамдарды немесе күдіктілерді анықтауды амбулаториялық қабылдаулар, стационарға жатқызу, үйге келу кезінде, медициналық тексеріп-қараулар, диспансерлеу және басқа да медициналық ұйымдарға бару кезінде меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жүргізеді. 219. Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды диагностикалау, емдеуге жатқызу және диспансерлеу осы Санитариялық қағидаларға қосымшаға сәйкес жүргізіледі. 220. Вирустық гепатиттер тіркелген кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының мамандары вирустық гепатиттермен ауырған науқастар ошақтарына эпидемиологиялық зерттеп-қарау және В мен С жіті вирустық гепатиттерінің, С созылмалы вирустық гепатитінің және алғаш анықталған В созылмалы вирустық гепатитінің әр жағдайына эпидемиологиялық тексеру, берілу жолдарына анықтау және медициналық және басқа да ұйымдарда жұқтырудың тәуекел факторларына бағалау жүргізеді. 221. Вирустық гепатиттермен анықталған науқастар медициналық ұйымдарға зерттеліп-қарауға және емделуге жіберіледі.Медициналық ұйымдарда вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.222. Вирустық гепатиттер ошақтарында дезинфекциялау іс-шаралары жүргізіледі.
43.Жұқпалы ауруларға қарсы егудің :міндетті егу ,жоспарлы кәсіби егу және эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу түрлеріне сипаттама беріңіз. Егу, вакцинация – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс. Түрлері Жұқпалы ауруларға қарсы егудің бірнеше түрі бар:
міндетті егу – балаларға (туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, гепатит, т.б. ауруларға қарсы), нәрестелі бола алатын әйелдер және қыздарға қызамыққа қарсы;
жоспарлы-кәсіби егу – мал шаруашылығымен айналысатын немесе олардың өнімін өңдейтін адамдарға күйдіргіге қарсы;
эпидемиялық көрсеткіш бойынша егу – нақты аймақтағы тұрғындар арасында індет қаупі төнген кезде жүргізіледі. Егу көбінесе инфекциялық тәсілмен (тері астына, бұлшық етке) атқарылады.
Қазіргі кезде алдын ала егудің нәтижесінде көптеген жұқпалы аурулар (мысалы, шешек) жойылды.[2] Бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, жылына 500 млн. адам жұқпалы ауруға шалдықса, оның 400 млн-дайы егілмегендер екені анықталып отыр (2007). Сондықтан әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресте егудің маңызы зор екеніне ешбір күмән келтірілмейді. Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.Іңдетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады.
44.Қоршаған орта факторларының гигиеналық сипаттамаларын түсіндріңіз. Қоршаған ортадағы зиянды химиялық заттектердің ШРЕК анықтау кезінде нақты гигиеналық нормалау принциптерін ұстану қажет, оларға:
1) кезеңдік принципі
2) табалдырықтық принц Кезеңдік – нормалау кезінде зерттеудің сәйкес кезеңіне байланысты нақты реттілікпен атқарылады. Химиялық заттар үшін біінші кезең – аналитикалық.Аналитикалық кезең кезінде физико-химиялық қасиеттері бағаланады: химиялық заттың құрылымы, параметрлері – балқыту температурасы, қайнау нүктесі, суда ерігіштігі, өзге еріткіштерде ерігіштігі жөнінде мәліметтер. Аналитикалық зерттеулер жүрнгізу үшін анықтаудың спецификалық әдістері болуы талап етіледі. Екінші кезең – токсикометрия. Токсикометрия – өткір токсикометрия – салыстырмалы эксперимент – созылмалы санитарлық-токсикологиялық эксперимент.Өткір токсикометрия – ең жоғары дозаларының қауіптілік деңгейін анықтау.Салыстырмалы эксперимент – сандық және сапалық қасиеттерін, кумулятивті қасиеттерін анықтау. Нерв жүйесіне, АІЖ-не, ТАЖ-на, ЖҚЖ-ға әсерін анықтау.Созылмалы санитарлық-токсикологиялық эксперимент кезінде нормаланушы фактордың адам ағзасында өзгерістерді пайда ететін табалдырықтық конценирациясы анықталады. Созылмалы санитарлық-токсикологиялық эксперимент нәтижесі бойынша токсикалық әсері бар факторларға ШРЕК анықталады. Гигиеналық нормалау – қоршаған орта факторларының адам өміріне зиянсыз және қауіпсіз деңгейлерінің заңды түрде қабылданған бекітулері. Оларға: шаң-тозаңдағы химиялық заттардың ШРЕК, физикалық факторлардың ШРЕД жатады. Гигиеналық норматив – бұл зиянды фактордың ағза үшін максимальді физиологиялық қауіпсіз сандық деңгейі. Қазіргі кезде гигиеналық нормалаудың көмегімен су арналарындағы суларда 1300 заттектің, атмосфералық ауада 600, тағамдық заттарда 100-ден аса, топырақта 100-ден аса, өндірістік орындар ауасында 1500 заттектердің бар екендігі дәлелденген. Заманауи деңгейде гигиеналық диагностика қарқынды дамуда. Оның негізгі мақсаты – қоршаған орта факторлары мен денсаулық жағдайы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау. Гигиеналық диагностиканың клиникалық диагностикадан айырмашылығы – гигиеналық диагностика қоршаған ортаны зерттеу мен бағалаудан басталады, ал адам денсаулығы популяциялық деңгейде қарастырылады. Гигиеналық диагностика ағзаның резервтік мүмкіншіліктерін пайдалана отырып жүзеге асатын жұмыста қызмет атқаратын жеке мамандық топтары арасында жоғары нәтижеге ие болуда. Гигиеналық диагностиканың маңызды аспектілерінің бірі – қоршаған ортаның ағзаға зиянды әсер етуінің қаупін бағалау.Денсаулық үшін қауіп – бұл белгілі бір уақыт ішінде адамда қандай да бір аурудың пайда болу мүмкіншілігі. Қауіп дәрежесі тікелей қоршаған орта жағдайына байланысты.
45.Топырақтың эпидимиологиялық маңызы.Топырақтың сапасын санитарлы –эпидимиологиялық бағалауға анықтама беріңіз. Топырақтаң эпидемиологиялық маңызы өте зор. Сол арқылы адамға тікелей немесе жанама жолмен көптеген инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғышы өмір сүріп және тарала алады. Аурулар қоздырғышының таралуына: шаң, қолдың ластануы, азық-түліктер (;жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар және т.б.), су, құрал-жабдықтар, ыдыс-аяқтар тасымалдаушы болады. Қоздырғыштар жануарлар, кеміргіштер және құрт-құмырсқалар арқылы тарала алады.
Топырақтың патогенді микроорганизмдер мен гельминттер жұмыртқаларымен ластануының басты көзі адам мен жануарлардың, ағын сулардың және т.б. болып табылады. Уақыт өте келе топырақтың өзін-өзі тазарту қасиеті арқасында олар өледі, алайда біраз уақыт бойы өзінің өмір сүру қаблетін сақтап тұрады.
Топырақтың орнықты және ұзақ уақытты мекендеушілері споропайда болдырушы патогенді микроағзалар болып табылады, олардың ұрықтары топырақта ондаған жылдар бойы өмір сүре алады. Негізінен, бұлар жарақат жұқпалары (сіреспе, газды гангрена), ботулизм, сібір күйдіргілерінің қоздырғышы.
Топырақ, әсіресе органикалық заттармен ластанған топырақ, бактериалды және вирусты ішек инфекциялары - дизентерия, іш сүзек, А және В паратифтары, сальмонеллеза, вирусты гепатит, псевдотуберкулез және т.б. қоздырғыштарының таралу факторы бола алады. Осылайша, топырақта тифо-паратифоз бактериялар тобы 400 күнге дейін бола алады, ал дизентерия – 100 күнге дейін.
Топырақ шартты-детті микроағзалармен ластана алады, олар адам ағзасынан бөлінетін заттар арқылы түседі (БГКП, E.coli, B.cereus, Proteus, Cl.perfringens және т.б.).Топырақ геогельминттердің (аскаридтер, қылдырықбас) жылжуында рөлі ерекше. Ерекшелігі – геогельминттердің жұмыртқасы адам ағзасынан шығарылатын заттармен бірге топыраққа сіңіп, онда даму сатысының белгілі бөлігін өтіп, инвазиялық қасиеттерге ие болады. Тек аскарида жұмыртқаларының «дамып-жетілуінен» кейін ғана адамда инвания ауруын тудыра алады. Аскарид жұмыртқалары топырақта 1 жыл бойы өмір сүре алады, топырақ бөлшектерімен термикалық залалсыздандырылмайтын тағамдарды инфекциялайды.
Органикалық заттармен ластанған топырақ құтыру, оба, туляремия сияқты инфекцияларды таратушы кеміргіштердің өмір сүру ортасы болып табылады, сонымен қатар шыбындардың қолайлы өмір сүру ортасы, ал олар ішек инфекциясының қоздырғыштарын таратушылар.
Жер қыртысының өзін өзі тазалауы – бұл топырақтың бастапқы қалпына келтірілуіне бағытталған өзгерістер. Өзін-өзі тазалаудың санитарлы-гигиеналық және эпидемиологиялық маңызы зор. Топырақ қалдықтарды залалсыздандыру үшін табиғи орта болып табылады. Онда экзогенді органикалық заттардың көп бөлігінде детоксикация (залалсыздандыру, бұзылу, уытты емес заттарға айналу) жүріп жатады. Бұл заттар ақуыз, май, көмірсу және оның алмасу заттарының органикалық емес заттарға айналғанша (минерализация процессі) ыдырауына әкеп соғады. Осы процесспен қатар топырақта гумификация процессі – органикалық заттар қалдықтарынан жаңа қиын органикалық қосылыс түзілу процессі жүріп жатады, оның атауы – гумус(қарашірік). Қарашіріктің құрамында көміртектің мөлшері өте көп. Көміпртектің органикалық қосылыстардың құрамында 2-3 есе артуы топырақтың ластануына әкеп соғуы мүмкін. Қарашіріктің құрамындағы көміртектің өсімдік құрамындағы көмңртекке қатынасы гумификация коэффициенті деп аталады.Топырақ құрамына түскен басқа заттарды майсыздандыру процессі өте қиын және микроағзалар көмегімен іске асады. Көмірсудың біраз бөлігі аэроб жағдайында CO2 күйіне дейін қышқылданып, энергия бөлінді, ал басқа бөлігі (моносахаридтер) микробты жасушалардың гликогенін синтездейді. Аэробты жағдайларда майлардың ыдырауы май қышқылдарының пайда болуы мен энергия бөлініне дейін, ал анаэробты жағдайларда - H2, CO2 және т.б. пайда болғанша өте баяу жүреді. Ақуыздар аминқышықылдарына дейін ыдырайды. Аминқышқылдарының бір бөлігі микробты жасушалардың өмір сүруіне жұмсалады. Азот алмасуының өнімі аэроб бактерияларының көмегімен биохимиялық қышқылданады. Бұл процессті нитрификация деп атайды. Қышқылдау процесстерімен бірге топырақта қайта құрылу процессі де жүреді. Денитрификация процессі газ бөлінуімен жүреді. Бактериялардың қайта құру әрекеттерінің дәрежесі олардың биохимиялық ерекшеліктеріне қарамастан ортаның құрамына, оның реакциясына және басқа жағдайларға тәуелді.
Топырақтың гигиеналық ерекше рөлі патогенді микроағзаларды, ең алдымен спора түзбейтін ағзаларды залалсыздандыру процессімен байланысты. Бактериялардың жойылуына себепші сапрофиттердің бәсекелестігі, механикалық факторың әсері, күн көзінің бактерицидтік әсері, электрохимиялық энергияның сыртқы қарым-қатынастары. Залалсыздандырудың тиімділігі бактерия түріне, топырақ құрамы мен құрылысына және т.б. байланысты. Топырақтың бұл ерекшелігі шаруа-тұрмыстық және өнеркәсіптік жер асты суларын тазарту үшін фильтрация алаңдарын салу үшін қолданылады.
Топырақтың өзін өзі тазартуы үнемі болмайтынын айта кеткен жөн, тым қатты ластану бүкіл жарамды микрофлораның бүлінуіне әкеп соғады. Жер қыртысын санитарлы қорғау – топырақ құрамына ластауды шектеу үшін, топырақтың өзін өзі тазалау процессін бұзбайтын, адам өміріне қауіп келтірмейтін көлемде өсімдік құрамында ластаушылардың жиналуына бқгет болатын, ауаны, жер асты, жер үсті суларын ластамайтын іс-шаралар жиынтығы. Бұл іс-шараларға:
Халықтың денсаулығын сақтап қалу мақсатында жер ресурстарын тиімді пайдалану үшін қолданылатын заң және административтілік іс-шаралар.Санитарлы-қорғау зоналары және басқа да құрылыстарды салу үшін жер бөлігін бөліп беру мақсатында жоспарлау іс-шаралары.
Қалдықсыз және аз қалдықты өнеркәсіп орындарын салу үшін технологиялық іс-шаралар.
Топырақтың санитарлы тазалануы.
