Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдиева Г шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

34. Санитарлы зпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыруда қолданатын ұғымдарға анықтама берініз

Жер қыртысының эпидемиялық қатерін келесі көрсеткіштер бойынша бағалайды:

  1. Санитралы-биологиялық көрсеткіштер:

  • Жанама көрсеткіштер – ішек таяқшалары микроағзалаырың тобының санитарлы-көрсеткіштері (БГКП индексі) және нәжістік стрептококктар (энтерококк индексі);

  • Тікелей көрсеткіштер – ішек инфекцияларының қоздырғыштарының табылуы, сонымен қатар сальмонелл.

  1. Санитарлы-паразитологиялық көрсеткіштер – геогельминдердің жұмыртқаларының табылуы (аскарид, қылдырықбас және т.б.)

  2. Санитарлы-энтомологиялық көрсеткіштер – синантропты шыбындардың дернәсілі мен қуыршақтары.

Жер қыртысының эпидемиологиялық көрсеткіштері 8 кестеде көрсетілген.

Топырақтың сапасын бақылау қысқартылған, стандартты немесе кеңейтілген көрсеткіш тізімін жобалау кезеңі мен нысанның салынуына байланысты, сонымен қатар оның қатерлігін ескере отырып жүргізіледі.

Химиялық көрсеткіштердің стандартты тізімі ауыр металлдар құрамы (қорғасын, кадмий, мырыш, никель, күшәла, сынап), 3,4-бенз(а)пирен, рН, жиынтық көрсеткіш (металлдар жиынтығы) және санитарлы сандардан тұрады.

Тұрғылықты жерлер мен қаупі жоғары жерлерде (автомагистральдер, полигондар мен қалдықтарды көметін жерлер маңы) топырақ жағдайын бақылау жүргізіледі.

Жер қыртысының эпидемиологиялық қаупінің деңгейін бағалау

Топырақтың ластануының категориясы

БГКП индексі

энтерококк индексі

Патогенді

бактериялар,

с.қ.

сальмонелдер

Геогельминт жұмыртқалары

экз/кг

Дернәсілер - Д және

қуыршақтар - Қ , экз.

20х20см аудан көлемінде

Таза

1-10

1-10

0

0

0

Жартылай қауіпті

10-100

10-100

0

10 дейін

Д 10-ға дейін

Қ - жоқ

Қауіпті

100-1000

100-1000

0

100-ға дейін

Д 100-ге дейін

Қ 10-ға дейін

Өте қауіпті

1000 және одан да көп

1000

Және одан да көп

0

100-ден көп

Д 100-ден көп

Қ 10-нан көп

35. Қр халқының санитарлы эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз етудің құқықтық економикалық әлеметтік жағдайға шолу жасаныз

Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 ақпандағы N 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2723. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы 2 желтоқсандағы № 813 Бұйрығымен

Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайын белгілейдi. 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:  Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  1) санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсi - объектiнiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгін тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретiн құжат;  2) адамның тiршілік етуiне қолайлы жағдайлар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегi жай-күйi;  3) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi белгілі бiр жағдайда жұмыс iстеушiнің еңбекке қабiлеттілiгiнің кәсiби тұрғыда, уақытша немесе тұрақты түрде төмендеуiн тудыруы, соматикалық және жұқпалы аурулардың жиiлiгiн арттыруы, денсаулығының бұзылуына әкелуi мүмкiн ортаның және еңбек процесiнiң факторы;  4) адамға зиянды әсер - тiршiлiк ету ортасының адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн әсерi;  5) гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бiр факторын адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi;  6) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөнiндегi қызметi;  2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды  6-1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелері бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;  7) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндiрiстiк, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың үй-жайларында және аумақтарда жүйелi түрде жүргiзiлетiн, жұқпалы және паразиттiк аурулардың қоздырғыштарын, тұрмыстағы жәндiктер мен кемiргiштердi жоюға бағытталған шаралар кешенi;  8) дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсету - дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен препараттарын дайындауға, өндiруге, өңдеуге және көтерме саудада сатуға байланысты қызмет, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерi;  9) халықтың декреттелген тобы - қызмет көрсету саласында жұмыс iстейтiн, айналасындағы адамдарға жұқпалы және паразиттiк аурулар жұқтыру қаупiн көбiрек төндiретiн адамдар;  10) жұқпалы және паразиттiк аурулар - тiршiлiк ету ортасы биологиялық факторларының адамға әсер етуi себептi туындайтын және таралатын адам аурулары;  11) жеке медициналық кiтапша - мiндеттi медициналық қараулардың нәтижелерi енгiзiлетiн, халықтың декреттелген тобының өкiлiне берiлетiн жеке құжат;  12) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерi - жеке және заңды тұлғалар, қызметi, қолданылуы мен пайдалануға берiлуi адам денсаулығының жай-күйiне және қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн ғимараттар, құрылыстар, өнiмдер және өзге де объектiлер;  13) шектеу iс-шаралары, оның iшiнде карантин - жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған және шаруашылық пен өзге де қызметтің ерекшe режимiн көздейтiн шаралар;  14) улану - тiршiлiк ету ортасының химиялық, биологиялық және өзге де факторларының қатты немесе созылмалы әсер етуi кезiнде туындайтын адам аурулары;  2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды  14-1) тәуекелді бағалау - жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштар мен жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қолданылуы мүмкін санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) шараларды және осыларға байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарды есепке ала отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргізетін, химиялық, микробиологиялық, радиологиялық ластануға байланысты халықтың денсаулығына қауіп төндіретін тауарларды өндіру мен әкелуге ғылыми негізделген баға беру;  2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 15) мерзiмдi медициналық қарау - денсаулықтың жай-күйiн ширақ қадағалауды қамтамасыз ету, аурудың бастапқы белгiлерiн дер кезiнде анықтау, жалпы, кәсiби, жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жүргiзiлетiн халықтың денсаулығын қарау;  36.Республикалық санитарлы эпидемиологиялық станциялардың құрылымы мен қызметіне сипаттама берініз

Гигиена санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ғылыми тұрғыдан негіздеуменайналысады. Гигиеналық іс-әрекеттердің практикалық жағы - санитария деп аталады (латын сөзінен «sanitas» -«денсаулық»). Жалпы алғанда, санитария – бұл, гигиеналық нормативтердің, талаптардың, ережелердің сақталуын бақылайтын жүйе, оны санитарлық –эпидемиологиялық қызмет іске асырады. Қазақстан Республикасындағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің органдары мен мекемелер жүйесіне кіретіндері: ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің қарамағына кіретін Қазақ Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, қалалық департаменттер мен басқармалар, аудандық сан-эпид бақылау басқармасы. Әрбір басқарма өздеріне тиісті сан-эпид сараптау Орталықтарымен қатар жұмыс істейді.Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі міндеті санитарлық заңнамалардың сақталуын және

· қоршаған табиғи ортаның – атмосфералық ауаның, су көздерінің және топырақтың ластануының алдын алуға және оны жоюға;

· елді мекендердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, тұрғын үйлердің, мәдени-тұрмыстық және емдеу-алдын алу мекемелерінің құрылысын салу және абаттандыру кезінде санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге;

· жалпы және кәсіби аурушаңдықтың алдын алу және оны азайту мақсатында халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істейтіндердің жұмыс жағдайын сауықтыруға;

· балалар мен жасөспірімдердің дамуы, оларды оқыту және тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасауға;

· халықтың тұрмысын санитарлық қорғауға және халықты санитарлық ағартуға;

· халықтың әр түрлі топтары үшін ұтымды тамақтануды ұйымдастыруға, тамақтану жағдайын сауықтыруға, алиментарлық аурулардың, оның ішінде, тамақтан уланулардың да алдын алуға;