Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абдиева Г шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

50.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер . Сипаттамасы .Смп ға талаптарын түсіндіріңіз

2-топтағы санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдер

Осы топтағы бактериалар жоғарғы аталғандарға қарағанда, олардың СКМ суда , ауада, сүт өнімдерінде. Стафилококктар – бактериялардың ішінде кең тараған топтарының бірі. Алтын стафилококк қоздырғыш топырақта, ауада, теріде, тыныс алу жолдары мен сілемей қабығында тіршілік етеді, ішектің қалыпты микрофлорасының бір бөлігі болып табылады. Стафилококк тез бұзылатын тағам өнімдерінде бірден көбейеді. Негізінен кремнен жасалған тәтті өнімдер, көкөніс және еттен жасалған салаттар, сүт және сүт өнімдері, майға жасалған балық консервілері, дайын аспаздық өнімдерде болады. Тағамдар мен дайын өнімдерді 4-6 С температурасында сақталуы тиіс. Бұндай температурада стафилококктардың көбеюі және олардың энтеротоксин бөлуі тоқтатылады. Басқа санитарлы- көрсеткіштік стрептококк (гемолитикалық стрептококк). Оны жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларымен ауыратын адамдардың 80%-де табылады. Ол гемолитикалық қасиетке ие

3-топтағы санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдер

Бделловибриодары-1962ж.СКМ ретінде ұсынылған. Бұл аэробты грам теріс таяқшар, өлшемі 0,25-1,5 мкм. Қозғалады, талшықтары бар, басқа бактериялармен салыстырғында жыртқыштар, тек грам теріс таяқшаларды зақымдайды. Олар суды биологиялық тазарту барысында қолданады (жүзу бассейіндеріне суды жасанды жолмен жібереді), сонымен қатар СКМ-дағы ластанған суларда да қолданады.Тұрып қалған сулардың қалдықтарында бделловибриондардың мөлшері 3000 КОЕ/см3 жетеді, жекленген қалдықтарда 10 КОЕ/см3 жетеді.Бделловибриондарды Грация әдісімен бөледі, бірақ оларға сынама қою үшін индикаторы E.coli K-12 индикаторлы штаммы қажет. Олардын санын ақтаңдақ түзуші бірліктермен анықтауға болады. (АТБ/см3). Аэромонадтар – 1969ж. СКМ-ны аэромонадалар ретінде қолдану ұсынылды. Олар тұрып қалған суларда өте көп мөлшерде кездеседі және олар күшті көбею энергиясына қабілетті. Олар тұрып қалған суда, су құбырларындағы көрсеткіштерге ЖМС тәрізді әсер етуімен көрінеді. Суда аэромонадалар көп болған жағдайда тағамдық улануға әкелуі мүмкін.

СКМ-ға қойылатын талаптар

 Үнемі адам мен жануардың табиғи қуыстарында тіршілік етіп ,үнемі сыртқы ортаға бөліну

 Сыртқы ортада көбеймеуі

 Патогенді микроорганизмдерге қарағанда сыртқы ортада тіршілік ету ұзақтығы және тұрақтылығ аз емес немесе тіпті жоғары

 СКМ –ны шатастырып алатындай “сыңарлар “ болмауы

 Сыртқы ортаға қатысты төмен өзгергіштігі

 Орындалуы қарапайым және сонымен қоса сенімді индукция әдістерінің болуы

51.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің анықтау әдістері.Скм-индексі скм – титріне түсінік беру.

Топыраққа түскен адам мен жануарлардың қалыпты микрофлорасы, сонымен қатар, патогенді микроорганизмдер әдетте ұзақ өмір сүрмейді. Дегенмен, адамның қалыпты микрофлорасы өкілдері топырақ биоценозы құрамына қосылуға қабілетті. Ал бөлек түрлері тұрақты мекенетушілері болып қала береді. Осыған байланысты, топырақтан табылған адам мен жануарлардың қалыпты микрофлорасы осы биотоптың ластанғанының белгісі. Мұндай микроорганизмдерді санитарлық – көрсеткіштік микроорганизмдер деп атайды. Санитарлық – көрсеткіштік микроорганизмдер (СКМ) – қоршаған ортаның, СКМ-нің түсу жолымен түсіп отыратын, патогенді микроорганизмдермен жанама ластануын көрсететін өзіндік индикаторлар.

СКМ – дардың едәуір ақпараттық тобына ішек таяқшалары бактериялары жатады (ІТТБ). Оған жұқпалы ауруларды (тиф, дизентерия және т.б.), тағамнан улануды (Salmonella туысының кейбір бактериялары) туғызатын микроорганизмдер және адам мен жануарлардың ішегіндегі тұрақты қалыптысы – ішек таяқшасы (Escherichia) мен оның түрлері жатады. Ішек таяқшасы – барлық аталған микроорганизмдер ішінде санитарлық көрсеткіш болып есептеледі. Себебі, олардың қоршаған ортада өзгеріссіз сақталу мерзімі патогенді микроорганизмдердің тіршілік мерзімдерімен сәйкес келеді. Сонымен қатар, ішек таяқшаларын анықтау әдістері де тиімді болып табылады. Ішек таяқшалары тобының бактерияларының бөлек туыстарының санитарлық – көрсеткіштік мәні бірдей болмайды. Escherichia туысы бактерияларының тағам өнімдерінде, суда, топырақта, жабдықтарда табылуы бұл объектілердің жуық арада фекальді ластанудың болуының көрсеткіші. Ол үлкен санитарлық және эпидемиологиялық мәнге ие. Citrobacter мен Enterobacter туысының бактериялары едәуір ескі фекальді ластану көрсеткіші болып табылады. Сондықтан олардың санитарлық – көрсеткіштік мәні Escherichia туысының бактерияларына қарағанда төмен шамаға тең болады.

Ішек таяқшалары тобының бактерияларын (ІТТБ), микроорганизмдердің 3 туысына бөледі.: Escherichia, Citrobacter, Enterobacter, олар Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады. Escherichia туысына микроорганизмдердің 5 түрі кіреді. Олар: E.coli, E.blattae, E.fergussonii, E.hermanii и E. vulneris. Citrobacter туысына үш түр кіреді: C.amalonaticus, C.diversus, C.freundii, ал Enterobacter туысы 12 түрді біріктіреді. Олар көптеген ортақ морфологиялық, дақылдық және ферментативті қасиеттерге ие. ІТТБ құрамына ұсақ қозғалғыш, грамтеріс, спора түзбейтін таяқшаларды жатқызады. Олар 37оС температурада (5 – 24сағат ішінде) қышқыл мен газ түзе отырып, лактоза мен галактозаны ферменттеуші және оксидазалық белсенділікке ие болмайтын микроорганизмдер. Топырақтың жалпы бактериалды ластануы маңызды көрсеткіштерге жатады. Ол үшін мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер санын (КМАиФАМ) анықтайды. Сапрофитті микроорганизмдердің жоғары саны органикалық ластануды көрсетеді, микробтық контаминацияда санитарлық – көрсеткіштік микроорганизмдер саны басым болады.Микробтық сан – салмақ бірлігінде немесе зерттелетін объектіде болатын микроорганизмдердің жалпы мөлшері. (1 г топырақ, 1 мл Н2О, 1 м3 ауа)

  • Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдер- қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негізделіп қолданады.

  • Олардың анықталуы адамдар мен жануарлар бөлінділерімен объектінің ластанғандығын дәлелдейді. Мысалы, ішек инфекциясы қоздырғыштарының бөліну жолы ішек таяқшасы тобындағы бактериялар мен – ІТТБ (бұл топқа, ішек таяқшасынан басқа , қасиеттері ұқсас Citrobacter, Enterobacter, Klebsiella туыстастығының бактериялары кіреді), энтерококтармен, перфрингенс клостридиясымен бірдей.

  • Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерге келесі шарттар қойылады:

  • Адам немесе жануар организмінде мекендеп, бөлінділерінде тұрақты анықталуы керек.

  • Топырақ пен суда мекендеп көбеймеуі керек.

  • Қоршаған ортаға организмнен бөлінген соң әртүрлі факторларға төзімділігі мен тіршілік ету ұзақтығы патогенді микробтармен бірдей немесе олардан жоғары болу керек.

  • Патогенді микроорганизмдерді анықтау эпидемиологиялық жағдайды бағалауға және жұқпалы аурудың алдын-алу және тиісті күресу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

  • Шартты-патогенді микроорганизмдер –әлсіреген организмде іріңді-қабыну процесін қоздырады. Сонымен қатар, олар тағам өнімдеріне түсіп, жылдам көбейіп, токсиндер бөліп, адамдарда микробтық этиологиялы тағамнан уланулар қоздыруға себепкер болады.

  • Оларды анықтау және ол ажырату тәсілдері қарапайым, тиімді болуы керек.

  • Қоршаған ортада патогенді микроорганизмдерге қарағанда көп мөлшерде болуы керек.

  • Қоршаған ортада оларға ұқсас мекендейтін микроорганизмдер болмауы керек.

Санитарлық – көрсеткіш бактерияларының белгілері.

  • 1.Адам және жануардың облигатты қалыпты микрофлорасы.

  • 2.Тұрақты мекен ету ортасы – тік ішекте, тыныс жолында.

  • 3.Патогенді бактерияларға қарағанда, көп мөлшерде бөлінеді.

  • 4.Патогенді бактериялар сияқты, қоршаған ортада ұзақ сақталады.

  • 5.Организмнен тыс көбеюге қабілетсіз.

  • 6.Қарапайым тәсілдермен идентификациялауға болады.

  • Санитарлық - көрсеткіш бактериялардың санын анықтау негізінде ІТТБ индексін ( 1л судағы ІТТБ саны), перфрингенс титрді, энтероккк титрін және т.б. есептеп шығарады. Мысалы, судың энтерококк титрі - бір энтерококк анықталатын судың ең аз мөлшері.

  • СКМ анықтап табу үшін сол объектілердің жұғу көздерін болжамдауға көмектеседі.

  • Ауру тарау қауіпі бар екенін көрсететін сигналы ретінде есте сақтап қалу керек.

Топырақ сыпамасын дайындау.Топырақтың үлгісін жасар алдында оны оте ірі заттардан тазартады,тастардан,шөптерден,тамырлардан,әйнек сынықтарынан,өсімдік жапырақтарынан және т.б.Содан кейін топырақты фафороваланған стерильді орынға салады.Яғни онда стерильді ыдыста диаметрі 3мл болатын пор болады.Осы порларды себелеп алады яғни ол топырақтың суспензиясын дайындау үшін зерттеу мақсатына ол әртүрлі болуы мүмкін,1-30г ол санитарлы көрсеткішті микроорганизмдерді анықтау үшін,1-10гр.Топырақ микроорганизмдердің санын анықтау үшін алынады.Осы стерильді колбоға алынған топырақты ағынды стерильді су құйып алады.Ол 1:10 қатынаста алу укрек.Алынған топырақтың суспензиясын қалмен немесе механикалық қозғағышпен 10-15мин аралығында қозғайды және 2-3мин ағымында қалдырады.Осындай тазартудан кейін топырақ бөлшегінен микроорганизмдерді бөліп алады.1-ші топырақтың суспензия ерітіндісін(1:10)келесі 10 кратты ерітіндіні 1:10-тан 1:1000-ға дейінгі зерттелетін топырақ бөлшектерін алады және 1:1000000-нан және одан да қатты бүлінген топырақты зерттейді.