- •1.Топырақ зерттеудің қысқаша тарихы. Топырақты зерттеу әдістеріне және ғалымдардың еңбектеріне шолу жасаңыз
- •2.Топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3.Топырақ гигиенасы. Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттерін сипаттаңыз.
- •4.Жер қыртысының гиохимиялық құрмы және токсикологиялық маңыздылығын тусіндірініз
- •5.Топырақ түрлері,физика-химиялық қасиеттері және биологиялық маңызы.Топырақтың эпидемиологиялық маңызын түсіндіріңіз.
- •6.Топырақтың өзін өзі тазалауы және жер қыртысын санитарлы қорғау мәселелерін сипаттаңыз
- •8. Топырақтың жалпы микрофлорасының қалыптасуы және түрлерін сипаттап беріңіз.
- •9. Топырақ микрофлорасы. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдердің түрлеріне тоқталыңыз.
- •10. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдерді биологиялық бақылау әдістеріне шолу жасаңыз.
- •12.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер және олардың топырақты ластау сипаттамасын беріңіз.
- •16. Химиялық заттармен ластанған ауылшаруашылығына арналған топырақты бағалаудың әдістерін атаңыз.
- •21.Топырақтың түзілуі процесстерінің және оларға әсер ететін факторларға сипаттама берініз.
- •23. Топырақтың санитарлы бактералогиялық көрсеткіштерін анықтап берініз.
- •24. Топырақтың санитарлы-гигиеналық бағалаудың сапалық көрсеткіштерін анықтаңыз.
- •25.Топырақта кездесетін патогенді микроорганизмдердің негізгі түрлері және эпидемиологиялық рөлін түсіндірініз.
- •26.Топырақтағы табиғи тазарту процестері.Топырақтағы кездесетін қоздырғыштардың биологиясына тоқталыңыз.
- •27.Санитарлы көрсеткішті микроорганиздердің негізгі топтарына сипаттама берініз
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
- •29. Топырақтың химиялық құрамының гигиеналық сипаттама берініз
- •30. Топырақтың ластану жолдарының ластағыштарын тусіндіріп берініз
- •31. Топырақтың физикалық химиялық ластағыштарына сипаттама берініз
- •32.Топырақта кездесетін патогенді микро дің негізгі топторы эпидемиологиялық манызы
- •34. Санитарлы зпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыруда қолданатын ұғымдарға анықтама берініз
- •35. Қр халқының санитарлы эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз етудің құқықтық економикалық әлеметтік жағдайға шолу жасаныз
- •37.Санитарлық – эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының құзыреті. Республикалық санитарлық эпидемиологиялық станция. Сэс- тің жұмысын жоспарлау әдістер мен формаларын түсіндіріңіз.
- •39.Санитарлық індетке қарсы іс – шараларды ұйымдастыру және жүргізу әдістерін түсіндіріп беріңіз
- •40. Жұқпалы, паразиттік аурулар таралуының және халықтың улануының алдын алу мәселелерін қарастыру
- •46.Топырақ гигиенасы . Топырақтың механикалық және физикалық қасиеттеріне сипаттама беріңіз
- •48. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілеріне сипаттама беріңіз
- •49. Санитарлы микробиологиялық зерттеулердің негізгі обьектілерінің микрофлорасын сипаттаңыз
- •50.Санитарлы көрсеткіш микроорганизмдер . Сипаттамасы .Смп ға талаптарын түсіндіріңіз
- •51.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің анықтау әдістері.Скм-индексі скм – титріне түсінік беру.
- •52.Санитарлы – көрсеткіш микроорганизмдердің топтарына сипаттама.
- •53.Санитарлы-көрсеткіш микроорганизмдер – фекальды ластану индикаторларын сипаттау.
- •54.Санитарлы – көрсеркіш микро-дің – оральді ластану индикаторларын сипаттау.
- •55.Санитарлы- көрсеткіш микроорганизмдердің өзін –өзі тазарту процестерін индикаторларын сипаттау.
- •58.Топырақтың сапасын санитарлы эпидемиологиялық бағалауда қолданылатын көрсеткіштерді атаңыз.
- •60.Топырақты санитарлық микробиологиялық зерттеуде қолданылатын көрсеткіштерді сипаттаңыз.
- •1.Кесте Патогенді микробтар және топырақта анықталуы
8. Топырақтың жалпы микрофлорасының қалыптасуы және түрлерін сипаттап беріңіз.
Топырақ түзілуде өсімдіктермен қатар, микроағзалар мен жануарлардың алатын орны зор. Топырақ микрофлорасы. Аналық тау жынысында бірінші орналасып тіршілік ететін тірі ағзалар микроағзалар болып табылады және олар топырақты құнарлы ететін ағзалар тобына жатады. Олар атмосфера азотын сіңіреді де, оны күрделі ақуыз (белок) денесіне айналдырады, органикалық қалдықтарды ыдыратады және оларды өсімдік сіңіре алатын қарапайым тұз күйіне дейін минералдайды. Сондай –ақ, микроағзалар қарашірік түзуге, көптеген минералдарды синтездеуге, бұзуға қатысады.
Топырақта бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер және балдырлар сияқты әр түрлі микроағзалар өмір сүреді. О лардың саны өте көп.Мысалы, олардың 1 г құнарлы топырақтағы саны миллионнан миллиардқа дейін жетеді.
Бактериялар- топырақта ең көп тараған микроағзалар тобы. Қоректендіру жағдайына қарай олар гетеротрофты және антотрофты болып екі топқа бөлінеді. Гетеротрофты бактериялардың бейорганикалық заттарды органикалық заттарға айналдыру қабілеті жоқ, сондықтан олар дайын органикалық қосылыстармен қоректенеді.Антотрофты бактериялар органикалық заттарды өздері синтездеп алады. Т опырақта бос оттегіні пайдаланатын аэробты бактериялар және оттегісіз тіршілік етіп, көбеюге қабілетті анаэробты бактериялар болады.
Бактериялар топырақта органикалық және минералды қосылыстарды ыдыратуда әртүрлі рөл атқарады.
Актиномициттер, кейде оларды сәулелі саңырауқұлаұқтар деп те атайды. О лар топырақтағы шіріген заттарды, жасұнықтарды (клечаткаларды) ыдыратады.
Актиномициттер құнарлы, органикалық заттарға бай, бейтарап реакциялы топырақта жақсы дамиды.
Саңырауқұлақтар-жіпше тәрізді гетеротрофты ағзалар, олар топырақта көптеп кездеседі.Мысалы, 1 г жердегі олардың саны 1 млн-ға дейін жетеді.Олар органикалық заттарды минералдандыруға және гумификациялауға белсенді қатысады. Топырақ саңырауқұлаұ\қтары арасында патогендер де кездеседі. Олар әр түрлі аурулар қоздырады. Саңырауқұлақтың жоғары сатыдағы көптеген түрі өсімдіктермен симбиозда болады да, олардың қоректенуін жақсартады.
Балдырлар – топырақтың барлық түрлерінің жоғарғы қабатында тараған. Олардың жасушасында хлорофилл бар , сондықтан көмірқышқылын сіңіріп, топыраққа оттегін бөліп шығарады.Бактериялардың шамадан тыс көбеюі «топырақтың гүлдену» құбылысына әкеліп соқтырады.
Қыналар- саңырауқұлақтар мен балдырлардан тұрады. Саңырауқұлақтар балдырларды сумен және онда еріген минералды заттармн қамтамасыз етеді, ал балдырлар саңырауқұлаққа олар пайдаланатын көміртегін синтездейді. Қыналар алғашқы топырақ түзілуге және биологиялық мүжілудің жылдам жүруіне көмектеседі.
9. Топырақ микрофлорасы. Топырақта кездесетін патогенді микрооргнаизмдердің түрлеріне тоқталыңыз.
Топырақ- Bacillus және Clostridium туыстығының спора түзетін таяқшаларының тіршілік ету ортасы болып табылады. Патогенді емес бациллалар (Bac.megaterium. Bac. Subtilis және т.б. ), псевдомонадалармен қатар, протей және кейбір бактериялар аммонифицирлейтін, шіріткіш бактериялар тобын құрап, органикалық заттардың қатысады. Патогенді спора түзетін таяқшалар (күйдіргі, ботулизм, сіреспе, газды гангрена қоздырғыштары) ұзақ уақыт сақталып, кейбіреуі топырақта көбеюге қабілетті (Clostridium botulinum).
Ішек бактериялары (тұқ. Enterobacteriaceae)- ішек таяқшасы, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия (жерше) қоздырғыштары- нәжіспен топыраққа түсуі мүмкін. Бірақ мұнда көбеюге қолайлы жағдай болмағандықтан, олар біртіндеп жойылады. Таза топырақта ішек таяқшасы және протей сирек кездеседі, олардың көлемді мөлшерде анықталуы топырақтың адамның және жануарлардың нәжісімен ластану көрсеткіші болып, санитарлық- эпидемиологиялық қолайсыздығын дәлелдейді (ішек жұқпалары қоздырғыштарының берілу тұсында).
