- •1.Сыр бояу материалдар мен жабындыларға анықтама беріп, олардың негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3.Олифтер, сырлар, бояғыш қоспалар және грунтовка мен шпатлевкаларға анықтама беріп, түсінік беріңіз.
- •8. Табиғи үлдір түзгіштерді атап, оларға мысал келтіріңіз.
- •9.Өсімдік майлары негізіндегі сыр-бояу материалдарын атаңыз. Сипаттама беріңіз.
- •12. Пигменттердің сапа көрсеткішін анықтайтын қасиеттерін сипаттаңыз.
- •13. Пигменттерді ұнтақты бояуларға енгізудің әдістерін атап, оларға түсінік беріңіз.
- •31. Үлдір түзу процесіндегі өсімдік майларының химиялық қасиетіне тоқталып, түйіндеңіз.
- •32. Кебу уақытын арттыру мақсатында қолданылатын өсімдік майларын өңдеу әдістерін құрып, бағалаңыз.
- •34. Сыр бояу материалдарын зерттеу әдістеріне түсінік беріп, оларды құрыңыз.
- •33. Қатты беттің жалпы қасиеттері,беттің макро- және микрорельефі мен беттің гидрофильділігі және гидрофобтылығының шарты.
- •35. Модифицирленген полиэфирлерді алудың химиялық негіздерін құрыңыз.
- •36. Фенолформальдегидті олигомерлерді алу үшін химиялық мүмкін болатын реакцияларды көрсетіп, түсіндіріңіз.
- •37. Ұнтақ бояулар өндірісінің технологиялық схемасын құрыңыз.
- •38. Пигменттерді алудың технологиялық әдістерін жіктеп, әдістердің орындайтын амалдарына болжам жасаңыз.
- •39.Сиккативтерді алудың технологиялық схемасын құрыңыз.
- •40.Cулы эмульсиялы бояулар өндірісінің технологиялық схемасын құрыңыз.
- •42. Қатты беттің сұйық сыр – бояу материалымен ылғалдануын түсіндіріп бағалаңыз.
- •Молекулааралық күштер.
- •43. Бояулардан түзілетін жабындыларды морфологиялық зерттеуде қолданылатын жарықтық және электронды микроскопия әдістерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •45. Құрғақ бояу поливинил бутираль қосылысының алыну жолын көрсетіп, химиялық теңдеуін құрыңыз.
- •46. Сыр бояу өндірісіндегі канифоль шайыры. Канифольды модификациялау әдістерін көрсетіп, құрыңыз.
- •47.Полиуретанды сыр бояу материалдарын алу технологиясы қандай сатыларды қамтиды?
- •48. Алкоголиздік әдіс арқылы алкидтерді модифицирлеу процессі қанша және қандай сатылармен жүзеге асады?Химиялық теңдеуін көрсетіңіз.
- •49. Акрилдік мономерді эмульсиялық полимерлеу әдісімен алудың технологиялық сатыларын құрыңыз және сипаттаңыз.
- •50.Зерттеу әдістерін пайдаланып сыр бояу материалдарының шығынын және сыр бояу үлдірінің қалыңдығын анықтауды сипаттаңыз.
- •Нәтижелерді өңдеу
- •1 Әдіс. Сыр-бояудың бетті жабу қабілеттігін шахматты тақтада анықтау
- •Жұмыс істеу әдісі
- •Жұмыс істеу әдісі:
- •Нәтижелерді өңдеу
- •53. Фенолформальдегидті олигомерлерді модифицирлеңіз. Модифицирленген резолдық олигомерлердің қасиеттерін болжаңыз.
- •54. Табиғи қосылыстар негізінде алынатын сыр бояуларды алуда өсімдік майын тазрту процессіндегі операцияларды құрыңыз.
- •Жұмысқа дайындық
- •Жұмыс істеу әдісі
- •Нәтижелерді өңдеу
- •Параллель тіліктер әдісі
- •Жұмысқа дайындық
- •Жұмыс істеу әдісі
- •58. Талдау әдістерін пайдаланып, дайын сыр бояу материалдарын анықтау жолдарын сипаттаңыз.
- •59. Эмаль өндірісі технологиялық процесстерінің негізгі операциялары. Өндірістің технологиялық схемасын божамда (сипатта).
- •60. Сыр бояу жабындының статикалық әсерге тұрақтылығын анықтау жолдарын көрсетіп, олардың тиімділігін сипаттаңыз.
- •Жұмыс істеу әдісі
- •Жабындының судың статикалық әсеріне тұрақтылығын анықтау
- •Жабындының жуғыш заттың ерітіндісіне статикалық әсеріне тұрақтылығын анықтау
- •Жабындының трансформатор майының статикалық әсеріне тұрақтылығын анықтау
1 Әдіс. Сыр-бояудың бетті жабу қабілеттігін шахматты тақтада анықтау
Материалдар: эмаль, суэмульсиялы бояу, шыны пластиналар. Құралдар: шахматты тақта. Құрал-жабдықтар: техникалық таразы.
Жұмыс істеу әдісі
Шахматты тақтаны келесі әдіспен дайындайды: өлшемі 90х120 мм ақ типографиялық қағаздың бір тілімін өлшемдері 20х30 мм 18 шаршыларға бөліп сызып, шахматты рет бойынша қара бояумен бояйды. Кепкеннен кейін қағазды өлшемі 90х120 мм шыны пластинаға жабыстырып, таразыда өлшейді. Сынақ үшін алдын ала ацетонмен тазартылған, өлшенген заттық шыныға зерттелетін сырды (бояуды) тез, әрі біркелкі етіп жаққышпен жағады. Материалды пластинаға алдымен горизонталь бағытта, содан кейін вертикаль бағытта жағады. Шашырата шағылысқан күн жарығында шахматты тақтасымен боялған шыны пластина үшін қара шаршылар бояу астынан көрінетіндігін бақылайды. Егер шаршылар көрінсе, қара және ақ шаршылар арасындағы айырмашылық жойылғанша тағы да эмаль жағады. Пластина беті толық жабылғаннан кейін боялған пластинаның массасын өлшейді. Одан кейін қолдануға дайын сыр-бояу материалындағы ұшпайтын заттардың үлесін анықтайды. Әдіс сыналатын материал үлгісін 95-100 0С кезінде тұрақты массаға дейін қыздыруға негізделген.
Нәтижелерді өңдеу
Бояудың (сырдың) бетті жабу қабілетін V (г/м2) келесі формула бойынша есептеу:
;
Өз кезегінде,
мұндағы, m1- шыны пластинаның эмальмен қоса өлшенген массасы, г; m0 - боялмаған шыны пластинаның массасы, г; S- шыны пластинаның ауданы, см2; Х - қолдануға дайын сыр-бояу материалындағы ұшпайтын заттардың үлесі, %. Сынақ нәтижесі ретінде екі параллель өлшеудің орташа арифметикалық мәнін алады. Сынақ нәтижелерін төменде көрсетілген кесте түрінде жазу:
52. Сыр-бояу материалдарының тығыздығын және қалыңдығын анықтайтын әдістерге тоқталып, сипаттаңыз.
Материалдың тығыздығын анықтау
Материалдар: эмаль, дистилденген су.
Құрал-жабдықтар: аналитикалық таразы, кептіргіш шкаф, эксикатор, пикнометр.
Жұмыс істеу әдісі:
Заттың тығыздығын анықтар алдында оның «сулы санын» анықтап алу қажет, яғни 20 0C температура кезіндегі пикнометр көлеміндегі су массасы. Бұл үшін пикнометрді хром қоспасымен, дистилденген сумен, спиртпен жуып кептіреді. Пикнометрді 0,0002 г дәлдікке дейін өлшейді. Содан соң t = 20 0C кезінде пикнометрді термостатқа орналастырады. Пикнометрді термостатта 30 мин. бойы ұстайды. Пикнометрдегі судың көлемі өзгеруін тоқтатқанда, судың артығын фильтр қағазымен алып тастайды. Пикнометрдегі судың көлемін менискінің жоғарғы бөлігімен қарайды. Пикнометрдің сыртын жақсылап сүртіп, 0,0002 г дәлдікке дейін өлшейді. Пикнометрдің сулы санын m мына теңдеу бойынша есептейді:
m = m2 - m1
мұндағы, m2 - пикнометрдің сумен бірге өлшенген массасы; m1 - бос пикнометр массасы.
Сулы саны анықталған құрғақ және таза пикнометрді 20 0C-та пипетканың көмегімен абайлап зерттелетін үлгімен толтырып, пикнометрдегі зерттелетін үлгінің деңгейі тұрақтанғанша ұстайды. Үлгінің артығын фильтр қағазымен алып тастау керек. Пикнометрдің сыртын жақсылап сүртіп, өлшейді. Заттың тығыздығы мына теңдеу бойынша есептеледі:
Сыр-бояу материалының қалыңдығын анықтау
Материалдар: заттық шыны, сыр, эмаль, сольвент.
Құралдар: бояу жаққыш қылқалам.
Аспаптар: аналитикалық таразы, кептіргіш шкаф.
Сыр-бояу материалдарының шығынын анықтау.
Сыр-бояу үлдірінің қалыңдығын ұшпайтын материал шығыны бойынша анықтау.
Өлшеу нәтижесі ретінде екі анықтаудың орташа арифметикалық мәнін алу. Сынақ үшін пластинаның ұзындығын және енін өлшеп алып, оның ауданын есептеп алу қажет, одан кейін ацетонмен тазалап, аналитикалық таразыда өлшеп, боялған пластинаның массасын анықтайды. Эмальды сольвентпен жұмыс тұтқырлығына дейін сұйылтады. Эмальды жаққышпен алдымен горизонталь бағытта, содан соң вертикаль бағытта жағып, массасын өлшейді. Эмальды (сырды) 95 - 100 0C-де 1 сағат бойы кептіреді. Пластинаны үлдірмен өлшейді және кепкен үлдірі бар пластинаның массасын G2 өлшейді.
