- •1.Сыр бояу материалдар мен жабындыларға анықтама беріп, олардың негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •3.Олифтер, сырлар, бояғыш қоспалар және грунтовка мен шпатлевкаларға анықтама беріп, түсінік беріңіз.
- •8. Табиғи үлдір түзгіштерді атап, оларға мысал келтіріңіз.
- •9.Өсімдік майлары негізіндегі сыр-бояу материалдарын атаңыз. Сипаттама беріңіз.
- •12. Пигменттердің сапа көрсеткішін анықтайтын қасиеттерін сипаттаңыз.
- •13. Пигменттерді ұнтақты бояуларға енгізудің әдістерін атап, оларға түсінік беріңіз.
- •31. Үлдір түзу процесіндегі өсімдік майларының химиялық қасиетіне тоқталып, түйіндеңіз.
- •32. Кебу уақытын арттыру мақсатында қолданылатын өсімдік майларын өңдеу әдістерін құрып, бағалаңыз.
- •34. Сыр бояу материалдарын зерттеу әдістеріне түсінік беріп, оларды құрыңыз.
- •33. Қатты беттің жалпы қасиеттері,беттің макро- және микрорельефі мен беттің гидрофильділігі және гидрофобтылығының шарты.
- •35. Модифицирленген полиэфирлерді алудың химиялық негіздерін құрыңыз.
- •36. Фенолформальдегидті олигомерлерді алу үшін химиялық мүмкін болатын реакцияларды көрсетіп, түсіндіріңіз.
- •37. Ұнтақ бояулар өндірісінің технологиялық схемасын құрыңыз.
- •38. Пигменттерді алудың технологиялық әдістерін жіктеп, әдістердің орындайтын амалдарына болжам жасаңыз.
- •39.Сиккативтерді алудың технологиялық схемасын құрыңыз.
- •40.Cулы эмульсиялы бояулар өндірісінің технологиялық схемасын құрыңыз.
- •42. Қатты беттің сұйық сыр – бояу материалымен ылғалдануын түсіндіріп бағалаңыз.
- •Молекулааралық күштер.
- •43. Бояулардан түзілетін жабындыларды морфологиялық зерттеуде қолданылатын жарықтық және электронды микроскопия әдістерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •45. Құрғақ бояу поливинил бутираль қосылысының алыну жолын көрсетіп, химиялық теңдеуін құрыңыз.
- •46. Сыр бояу өндірісіндегі канифоль шайыры. Канифольды модификациялау әдістерін көрсетіп, құрыңыз.
- •47.Полиуретанды сыр бояу материалдарын алу технологиясы қандай сатыларды қамтиды?
- •48. Алкоголиздік әдіс арқылы алкидтерді модифицирлеу процессі қанша және қандай сатылармен жүзеге асады?Химиялық теңдеуін көрсетіңіз.
- •49. Акрилдік мономерді эмульсиялық полимерлеу әдісімен алудың технологиялық сатыларын құрыңыз және сипаттаңыз.
- •50.Зерттеу әдістерін пайдаланып сыр бояу материалдарының шығынын және сыр бояу үлдірінің қалыңдығын анықтауды сипаттаңыз.
- •Нәтижелерді өңдеу
- •1 Әдіс. Сыр-бояудың бетті жабу қабілеттігін шахматты тақтада анықтау
- •Жұмыс істеу әдісі
- •Жұмыс істеу әдісі:
- •Нәтижелерді өңдеу
- •53. Фенолформальдегидті олигомерлерді модифицирлеңіз. Модифицирленген резолдық олигомерлердің қасиеттерін болжаңыз.
- •54. Табиғи қосылыстар негізінде алынатын сыр бояуларды алуда өсімдік майын тазрту процессіндегі операцияларды құрыңыз.
- •Жұмысқа дайындық
- •Жұмыс істеу әдісі
- •Нәтижелерді өңдеу
- •Параллель тіліктер әдісі
- •Жұмысқа дайындық
- •Жұмыс істеу әдісі
- •58. Талдау әдістерін пайдаланып, дайын сыр бояу материалдарын анықтау жолдарын сипаттаңыз.
- •59. Эмаль өндірісі технологиялық процесстерінің негізгі операциялары. Өндірістің технологиялық схемасын божамда (сипатта).
- •60. Сыр бояу жабындының статикалық әсерге тұрақтылығын анықтау жолдарын көрсетіп, олардың тиімділігін сипаттаңыз.
- •Жұмыс істеу әдісі
- •Жабындының судың статикалық әсеріне тұрақтылығын анықтау
- •Жабындының жуғыш заттың ерітіндісіне статикалық әсеріне тұрақтылығын анықтау
- •Жабындының трансформатор майының статикалық әсеріне тұрақтылығын анықтау
Нәтижелерді өңдеу
Эмальдың (сырдың) шығынын келесі формула бойынша анықтау:
X = (G12 - G1)/S;
мұндағы, G1 - пластинаның бастапқы массасы, G12 - сырды жаққаннан кейінгі пластинаның массасы, S - беттің ауданы.
Үлдірдің қалыңдығын t ұшпайтын материалдың шығыны Х және үлдір тығыздығы бойынша анықтау:
;
Өз кезінде ұшпайтын материалдың шығынын келесі формула бойынша анықтау:
;
Тығыздықты пикнометрлік әдіспен анықтау.
53. Фенолформальдегидті олигомерлерді модифицирлеңіз. Модифицирленген резолдық олигомерлердің қасиеттерін болжаңыз.
Модифицирлеудің негізгі мақсаты жабындылардың механикалық қасиеттерін модифицерленбеген резольді және новолакты олигомерлер негізіндегі жабындылармен салыстырғанда жақсарту. Сыр-бояу материалдарының өндірісінде келесі модификация әдістері қолданылады: спирттермен этерификаттау, канифоль және өсімдік майларының қышқылдарымен әрекеттестіру.
Модифицирлейтін компонентті фенолформальдегидті олигомер молекуласына енгізу күнделікті қолданылатын органикалық еріткіштерде ерігіштігін және басқа үлдіртүзгіштермен үйлесімділігін арттырады. Резоль олигомерінің метилольді топтарын этерификаттауды әдетте бутанолмен жүргізеді, себебі көміртек атом саны аз спирттерді қолданғанда жабындының эластикалығы және олигомердің ерігіштігі тиімді дәрежесіне жетпейді.
Олар көбінесе эпоксидті олигомерлермен композициясында қолданылады. Алынған жабындылардың химиялық тұрақтылығы және эластикалығы жоғары болады. Бутонолдау фенолфоромиальдегидтер олигомерлерінің өсімдік майларымен үйлесімділігін арттыруға мүмкіндік береді және оларды резоль олигомерлерінің модификаторлары ретінде қолдануға болады.
Канифольмен модифицирленген резольді олигомерлерді сырларға, алкидтерге және алуан түрлі синтетикалық үлдіртүзгіш заттарға қоспа ретінде қолданады. Олар жабындылардың қаттылығын және химиялық тұрақтылығын арттырады. Бірақ канифольмен модификаттауда олигомер молекуласына көп мөлшерде карбоксил топтары енгізіледі, және ол өз кезегінде жабындының суға төзімділігін кемітеді. Сондықтан модификацияға глицеринді немесе канифольдің пентаэритритті эфирлерін қолдануға ұсынады. Фенолды олигомерлерді өсімдік майларымен модификаттауда жабындының эластикалығы және адгезиясы артады.
Резольді олигомерлер майларымен модифицирленген жабындылар адгезиясы және эластикалығы жақсы, қышқыл-, май, және бензотұрақтылығы және электроизоляциялық қасиеттері жоғары болады.
54. Табиғи қосылыстар негізінде алынатын сыр бояуларды алуда өсімдік майын тазрту процессіндегі операцияларды құрыңыз.
Әр түрлі өсімдіктерден майларды бөлу пресстеу және еріткіштермен экстракциялау арқылы алынады. Мұндай жолмен шикі майлар алынады, яғни құрамында қажетсіз қоспалары бар майлар: бос май қышқылдары (15-дай), майсыз қоспалар (5%- дай). Майсыз қоспаларға май қашқылы глицириннінің күрделі эфирлері, минералды фосфаттар, антиоксиданттар, бояғыш заттар жатады.
Өсімдік майларын тазарту (рафинирлеу) келесі сатылардан тұрады:
Майды қышқылмен өңдеу(слизистый заттар мен фосфатидтерден тазалау үшін)
Бос май қышқылдарын жою үшін сілтімен нейтралдау;
Сілті, май қышқылдарының тұздарын, фосфатидтер мен басқа да суда еритін қоспаларды жою үшін майды сумен жуу;
Майды сусыздандыру;
Майды ағарту;
Майды сумен жуардың алдында реакциондық қоспаға NaCl ерітндісін май қышқылдарының тұздарын каогуляциялау үшін қосады. Сусыздандыруды 90 0- та вакуум астында жүргізеді.
Ағарту адсорбент және каогулянт рөлін атқаратын «ағартқыш жерде» жүргізіледі. Бұл операцияны 100 0 – та вакуумда жүргізеді, содан соң ағыртылған жерлер фильтрленеді, ал майды тараларға жинайды.
55. Сыр-бояу өнімінің қышқылдық және сабындану санын анықтау әдістерін құрыңыз.
Қажетті реактивтер: еріткішті айдағаннан кейін алынған қатты, кептірілген сыр-бояу материалының үлгісі, спирт-бензол қоспасы, 0,1 н және 0,5 н КОН –тың спиртті ерітіндісі, 0,5 н НСl, фенолфталеиннің 1 %-дық спирттегі ерітіндісі, жаңадан қыздырылған калий бромидінің ұнтағы.
Керекті құралдар мен ыдыстар: 50 мл-лік конус тәріздес колбалар, 25 мл-лік өлшегіш цилиндр, кері тоңазытқышпен қыздыруға арналған колба, термометр, май моншасы.
Қышқылдық саны мен сабындану санын анықтау. Қышқыл саны 1 г шайырда табылатын, бос қышқылды бейтараптау үшін қажетті КОН-тың миллиграмм санымен өрнектеледі.
Сабындану саны 1 г май құрамындағы бос және байланысқан барлық қышқылды нейтралдау үшін қажетті миллиграмм санын көрсетеді.
Бейтарап шайырдың сабындануына қажетті КОН-тың миллиграмм санына бағытталған сабындану саны мен қышқыл саны арасындағы айырмашылықты эфир саны деп атайды.
Қышқыл санын анықтау үшін 1,5 – 2 г ұнтақталған шайыр өлшендісін 25 мл спирт және бензолдың (1:1) бейтарап қоспасында 0,5 н КОН-тың спиртті ерітіндісімен титрлейді. Қышқыл саны мына формула арқылы есептеледі:
мұндағы, а - титрлеуге кеткен КОН көлемі, мл; F - 0,5 н КОН титріне келтіру коэффициенті; g - шайыр өлшендісі, г; 28 - 1 мл 0,5 н КОН-тағы КОН санын (мг) көрсететін коэффициент.
Қышқыл санын анықтағанда алынған ерітіндінің сабындану санын анықтау үшін 0,5 н КОН-тың спиртті ерітіндісін 30 мл-ге дейін қосады, содан соң оны су моншасына кері тоңазытқышпен 30 мин, бойы қыздырады. Сол сәтте сілті қалдығын 0,5 н HCl ерітіндісімен кері титрлейді. Шайырдың екі үлгісімен қатар, құрамында барлық еріткіші бар, бірақ шайырсыз үшінші бақылау үлгісін қояды. Сабындану санын мына формула бойынша анықтайды:
мұндағы, а - бақылау үлгісіндегі сілті қалдығын кері титрлеуге кеткен HCl көлемі, мл; b - шайыр үлгісіндегі сілті қалдығын кері титрлеуге кеткен HCl көлемі, мл; F - 0,5 н КОН титріне келтіру коэффициенті; g - шайыр өлшендісі, г; 28 - 1 мл 0,5 н КОН-тағы КОН санын (мг) көрсететін коэффициент.
Пигменттелген материалдарды бір және екі фазалы сұйық үлдіртүзгіш жүйелердің негізінде дайындайды. Біріншісіне органикалық еріткіштердегі олигомерлер ерітінділері (полимерлер), олифтер және табиғи қосылыстардың ерітінділері (целлюлоза эфирлері, шайырлар, битумдар) жатады. Екіншісіне – полимерлердің сулы және органодисперсиялары (органозольдер мен пластизольдер) жатады.
56. Сыр-бояу материалына қатайтқыш ретінде қолданылатын полиамидтік қосылыстарды алудың технологиялық сатыларын көрсетіп, сипаттаңыз.
Негізгі тізбекте амидті топтар қайталанатын гетеротізбекті полимерлер полиамидтер деп аталады:
Полиамидтерді полиаминдердің көп негізді карбон қышқылдарының поликонденсациясы арқылы немесе лактамдармен полимерлеу арқылы алады:
Бояулар мен сырлар технологиясында төмен молекулалы полиамидтер эпоксидті полимерлердің қатайтқыштары ретінде қолданылады. Полиамидті қатайтқыштарды алу үшін бастапқы шикізаттар ретінде полиаминдер (полиэтиленполиамин, этилендиамин, диэтилентриамин, триэтилентетрамин) және май қышықлдарының метил эфирлері қолданылады.
Полиамидті қатайтқыштарды бірнеше технологиялық сатылармен алады: өсімдік майының метанолизі; май қышқылдарының метил эфирлерінің димерленуі; май қышқылдарының эфирлерінің және полиаминнің поликонденсациясы.
Өсімдік майының метанолизі:
Май қышқылдарының метил эфирлерінің димерленуі:
Димерленген метил эфирі:
Полиамидті алудың жалпы реакциясы:
57. Сыр-бояу материалының адгезиясын анықтау әдістерін құрыңыз.
Сыр-бояу материалдарының металл бетке адгезиясын анықтау әдістері: 1- қабыршықтануы; 2 – торлы тіліктер әдісі; 3 – кері ұру арқылы торлы тіліктер әдісі; 4 – паралель тіліктер әдісі.
Торлы тіліктер әдісі
Әдістің мәні дайын сыр-бояу жабындыға торлы тіліктерді жүргізіп, төрт баллды жүйемен жабындының күйін көзбен шолу арқылы бағалау.
Үлгілер және реактивтер: сыр-бояу материалы (эмаль, сыр және т.б.); сольвент.
Құрал-жабдықтар: өлшемдері 60150 мм, қалыңдығы 0,9 - 1,0 мм болаттан жасалған немесе қара қалайыдан жасалған өлшемдері 70150 мм, қалыңдығы 0,2 - 0,35 мм табақша пластиналары; Кесетін құрал: кез-келген ұсталатын ұстара жүзі; кесетін бөлігін 20 - 300 бұрышта қайрайтын және жүзінің жиегінің қалыңдығы 0,05 - 0,1 мм болатын бір- немесе көпжүзді пышақ. Металл сызғыш немесе бір-бірінен 1, 2 немесе 3 мм қашықтықта орналасқан ойықты үлгі. Қылқалам, жалпақ, жұмсақ, қалыңдығы 10 мм-ден кем емес, қылының ұзындығы 15 мм-ден кем емес. Қателігі 10%-дан көп емес жабындының қалыңдығын өлшейтін құрал.
