Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СБМ шпор (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

12. Пигменттердің сапа көрсеткішін анықтайтын қасиеттерін сипаттаңыз.

Қолданылуын анықтайтын, пигменттердің сапа көрсеткішіне қаттылығы, дисперстілігі, оптикалық қасиеттері, пигмент беттерінің қасиеттері, химиялық қасиеттері, улылығы және тығыздығы жатады.

Дисперстілігі микрогетерогенді жүйелердің маңызды сипаттамасына жатады.

Полидисперстілік дәрежесі:

Мұндағы rмакс және rмин – бөлшектердің максималды және минималды радиусы.

Дисперстілік сыр – бояу жабындыларының оптикалық және қорғау қасиеттерін анықтайды.

Пигменттердің қасиеттеріне бөлшектердің өлшемі ғана емес, сонымен қатар олардың пішіні де әсер етеді. Пішінінен бетті жабу қабілеті, майсыйымдылығы, атмосфераға тұрақты және басқа көрсеткіштері. Бөлшектердің келесі пішіндері бар: сфералық, кубты, дәнді, ине тәрізді, пластикалық және қабыршақты.

Оптикалық қасиеттері

Сыну көрсеткіші пигменттің кристалдық құрылысымен анықталады. Неғұрлым тығыз болса, соғұрлым сыну көрсеткіші жоғары болады. Ол пигменттің маңызды техникалық сипаттамасы – бетті жабу қабілетіне елеулі әсер тигізеді.

Түсі негізінен пигменттің химиялық табиғатына және кейде жарықты шағылыстыру жағдайларын анықтайтын, оның дисперстілігіне тәуелді.

Пигменттің бояу қабілеті (интенсивтілігі) оның басқа түс пигменттерімен араластырғанда алынатын қоспа түсіне тигізетін әсерімен анықталады. Интенсивті пигмент деп қоспаға қажетті реңді беру үшін аз мөлшерде жұмсалатын пигментті атаймыз.

Бетті жабу қабілеті – бұл маймен ұнтақталған және тегіс бояу қабатымен жағылған, боялатын беттің түсін көрсетпейтін, пигмент қасиетін атаймыз.

Бетті жабу қабілеті пигменттің табиғатына, оның тығыздығы мен дисперстілігіне, сонымен қатар пигмент пен байланыстырушы заттың сыну көрсеткіштерінің айырмашылығына тәуелді. Пигмент пен үлдіртүзгіш заттың сыну көрсеткіштерінің айырмашылығының аздығы жабу қабілеті төмен үлдір түзілуге әкеледі. Үлдіртүзгіш заттардың сыну көрсеткіші шамамен 1,4-1,8 аралығында болады. Сыну көрсеткіші үлдіртүзгіш заттың сыну көрсеткішіне жақын пигменттерді (1,5-1,65) лессирлейтін немесе жабу қабілетсіз деп атайды. Сыну көрсеткіші 1,65 жоғары пигменттер жабатын деп аталады.

Мұндай бетті жабу қабілетті сыну көрсеткіші жақын (1,60 және 1,47) сыр-бояу құрамдары, мысалы, май мен бор береді. Сондықтан, май мен бор құрамы қолданылмайды. Бордың желімді байланыстырушымен құрамы, керісінше, жақсы нәтижелер береді.

Жарыққа тұрақтылығы – пигменттің жарықтың әсерінен оптикалық қасиеттерін және құрамын әрдайым сақтауы. Барлық пигменттер жарықтың әсерінен өзгеріске ұшырайды. Сипаттамалы өзгеріске түсінің ағаруы, қараюы және пигмент түсінің өзгеруі жатады. Процестердің барлығы фотохимиялық тотығу-тотықсыздану реакцияларымен байланысты.

Жарыққатұрақтылығына кристалды құрылымы мен дисперстілігі және пигменттің шашырату қабілеттілігімен негізделген.

Пигменттер бетінің қасиеттері

Дымқылданғыштық (смачиваемость). Пигменттердің сұйықтықтармен дымқылдануының үлкен мәні бар, себебі онымен олардың үлдіртүзгіш заттарда оңай диспергирленуі, СБМ сақтауда және сұйылтқанда агрегативті тұрақтылығы осымен негізделеді. Егер адгезия күші (қатты және сұйық заттың молекулааралық әрекеттесуі) когезия күшінен (сұйықтықтың ішіндегі молекулааралық әрекеттесу) артық болса, дымқылдандырғыштық жүреді.

Адсорбциялық қасиеттері. Өзінің бетіне әр түрлі заттарды адсорбциялау қабілетін атайды. Аталған қасиеттің маңызы зор, жоғары сапалы пигменттелген СБМ алу үшін макромолекулалар адсорбция арқылы пигменттің бетінде мономолекулалы қабаттар түзуі тиіс. Адсорбция физикалық және химиялық (хемосорбция) болып бөлінеді.

11. Сыр-бояу материалдарын негізін құрайтын толтырғыштардың негізгі типтерін атап, оларға мысал келтіріңіз.

Толтырғыштардың негізгі түрлері

Оксидтер. Бұл топ толтырғыштарына кремнеземдер, жатады, олардың маңыздылары диатомды кремнезем, кварц және аэросил.

Диатомды кремнеземге (диатомит, кизельгур, инфузорлы топырақ) сумен қаныққан табиғи кремний диоксиді жатады. 850 0С қыздырғаннан кейін құрамында 90-95% SiO2 және Fe2O3, Al2O3, CaO, MgO қоспаларынан тұрады. Ол матты бояулар алуға қолданылады.

Кварц 99% SiO2 және аздаған Fe2O3, Al2O3 қоспалардан тұрады. Төзімділігі жоғары жабындыларға шекті қолданылады.

Аэросил –таза SiO2 құрайтын синтетикалық кремнезем. Аэросил матты толтырғыш ретінде және бояуларға тиксотропты қасиет беру үшін қолданылады.

Карбонаттар. Толтырғыштардың бұл тобына кальций карбонаты – кальцит, табиғи және тұндырылған бор, кальций және магний карбонаты – долмит, магний карбонаты – магнезит, барий карбонаты – витерит жатады. Барлық карбонаттар карбоксил құрамды үлдіртүзгіш заттарға химиялық беленділік көрсетеді. Бұл сыр-бояу материалдарының қорғау қасиеттерін арттырады: суға, коррозияға тұрақтылығы, қаттылық және т.б. Бірақ, карбонаттардың химиялық белсенділігі бояулар мен эмальдарды сақтағанда, олардың тұрақтылығын кемітеді, яғни тұтқырлығы артып, қоюланады.

Сульфаттар. Сульфатты толтырғыштарға табиғи және синтетикалық барий және кальций сульфаттары жатады: табиғи барит, тұндырылған бланфикс, табиғи гипс, тұндырылған кальций сульфаты. Баритті майлы бояуларда, грунтовкаларда, шпатлевкаларда және т.б. қолданылады.Химиялық инерттілігіне байланысты баритті химиялық тұрақты жабындылар алуға қолданады.

Силикаттар. Магний (тальк, асбест), алюминий (каолин, тұндырылған алюминий силикаты), алюминий-калий (слюда), алюминий-натрий-калий-магний (бентонит, саз балшық) кальций (волластонит), алюминий-кальций-натрий (лабродорит) силикаттары және басқалар жатады. Тальк химиялық инертті. Жақсы дымқылданады және көптеген үлдіртүзгіштерде оңай диспергіленеді. Ол бояуларға құрылымды тұтқырлықтбереді жабындылардың атмосфераға тұрақтылығын, сонымен қатар үйкелуге және сырылуға тұрақтылығын арттырады. Слюда атмосфераға тұрақтылығын, адгезиясын және жабындылардың эластикалығын арттыру үшін, сақтауда бояулардың тығыз тұнбалар түзілуін төмендетуге қосылады.