Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СБМ шпор (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

35. Модифицирленген полиэфирлерді алудың химиялық негіздерін құрыңыз.

Модификация мақсаты ретінде жабындылардағы полиэфирлердің қасиеттерінің өзгеруі болып табылады. Сыр-бояу өндірісінде қолданылатын полимерлер үшін еріткіште жақсы еруі, жабындыда барынша төменгі температурада торлы құрылым түзуінің маңызы зор. Мұндай қасиет полиэфирлерді өсімдік майларының қаныққан май қышқылдарының модификациясымен жақсы алынады.

Алкидті олигоэфирлердің химиясы мен технологиясының дамуымен модифицирлеуші бірнегізді қышқыл ретінде канифоль қышқылы, талл майының қышқылы, тармақталған қышқылдар және т.б. қолданылады.

Алкидті олигоэфирлерді екі әдіспен алады: майқышқылды және алкоголизді. Майқышқылды әдіс бойынша реакторға барлық компоненттерді салады: көпатомды спирт, көпнегізді және бірнегізді майлы модифицирленетін қышқылдар. Бірақ үрдіс өсімдік майларынан май қышқылдарын алудың қиындығынан актуалды емес.

Алкоголизді әдіспен алкидтерді майларды ыдыратпай моноглицеридтің түзілуімен және карбон қышқылымен поликонденсациясымен модифицирлеуге болады. Бұл кезде процесті екі сатыда жүргізеді. Алғашында сілтілік катализатор қатысында 220-250°С-де майдың көпатомды спиртпен алкоголизін жүргізеді:

Екінші сатыда алынған моноглицеридтерді фталь ангидридімен этерифицирлейді:

Алкоголиз сатысының аяқталуын жоғарғы дәлдікпен анықтау қажет, себебі аяқталмаған алкоголизде реакциялық ортада жоғары мөлшерде әрекеттеспеген глицерин қалуы мүмкін. Және реакторға уақыттан ерте фталь ангидридін салатын болса, ол глицериннің барлық үш гидроксил топтарын этерифицирлеп, нашар еритін модифицирленбеген полиэфир түзеді.

Алкидтердің жабындыда қатаюы жай температурада өсімдік майларының қанықпаған май қышқылдарының қос байланыстарымен тотығу полимеризациясы арқылы жүреді.

36. Фенолформальдегидті олигомерлерді алу үшін химиялық мүмкін болатын реакцияларды көрсетіп, түсіндіріңіз.

Фенолформальдегидті олигомерлер фенол мен формальдегидтің қышқылды немесе сілтілік ортадағы поликонденсация өнімі. 1912ж. Орыс ғалымдары Г.С. Петров және И.П. Лосев фенолформальдегидті олигомерлерді қышқыл катализаторлар қатысында алудың өндірістік әдісін алғаш өңдеді.

Фенолформальдегидті олигомерлер термопласты (новолакты) және термореактивті (резолды) болып жіктеледі. Ерігіштігі бойынша спирттееритін, майдаеритін, судаеритін болып болінеді. Сонымен қатар, модифицирленген және модифицирленбеген олигомерлерді ажыратады. Фенолформальдегидті олигомерлерді майлармен, спиртпен, шайырлы және майлы қышқылдармен, сонымен қатар әр түрлі үлдіртүзгіш заттармен модифицирлейді. Фенолформальдегидті олигомерлер тігуші агент ролін атқарады.

Алудың химиялық негіздері

Фенолдың формальдегидпен әрекеттесуі сілтілік және қышқылдық ортада 500С температура қатысында жүреді:

Формальдегидтің қосылуы тек орто және пара жағдайда бола алады. Фенолдың бір молекуласы формальдегидтің үш молекуласына дейін қоса алады және үшметилолфенол түзіледі:

Торлы құрылысты термопласты полимерлер үшметилолфенол қатысында ғана алынады. Сондай полимердің молекула құрылысы:

Катализатор ретінде сірке, тұз, күкірт және фосфор қышқылын қолданады.

Термореактивті резолдарды сілтілік ортада алады. Түзілетін моно,ди, үшметилолфенолдар тұрақты қосылыстар және жеке қосылыстар болып бөліне алады.

Резолдарды алудағы катализатор ретінде натрий, кальций, магний, барий гидроксиді, аммиак, гексаметилентетрамин қолданады. Құрамында көп мөлшерде орто алмасқан фенолы бар формальдегидті олигомерлер синтезін тез қатаятын материалдар алу үшін қолданады