Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_bkh.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

58. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі.

Май тканьдерінің ролі: Осы жерде липидтер қор ретінде жиналады. Мынадай реакциялар өтеді. а) липогенез, б)липонеогенез в) липолиз.

Соңғы процесс кезінде БМҚ мен глицерин әрі қарай өзгерістерге ұшырамай қанға түседі. БМҚ улы зат, сондықтан да қанда альбуминге адсорбцияланып, осы күйінде қанда жүреді, клетка мен тканьдер қажет кезінде БМҚ-ын алып қалады. Энергия пайдалану төмендесе және тағаммен бірге көп мөлшерде көмірсулар мен липидтер организмге түссе май тканьдерінде ТАГ-ның мөлшері көбейеді, себебі липогенездің жылдамдығы жоғарылайды, ал липолиз тежеледі. Керісінше, бауырда гликогеннің концентрациясы азайса, май тканьдерінде липолиздің жылдамдығы артды, БМҚ, глицерин бауырға келіп тотығады да, энергия көзі ретінде пайдаланылды.

59. Липидтер алмасуындағы бауырдың рөлі.

Бауырда липогенез өтеді. ТАГ-нің синтезі фосфатидді жолмен жүреді. Алдымен глицерин активтенеді АТФ-пен әрекеттесіп, глицерофосфаттүзеді, ал сөңғы өнім екі активті БМҚ қосып, ТАГ түзеді. Бұл реакция азотты негіздер көп болса, шамалы жүреді, себебі, фосфатид қышқылы ФЛ түзу үшін жұмсалады. ФЛ-тер өте керекті заттар, бауырдан жеңіл бөлініп шығады, қан арқылы көп мөлшерде басқа тканьдерге еніп, оларды мембрана құрауына пайдаланылады. Ал азотты негіздері жоқ болса, фосфатид қышқылы ТАГ синтездеу үшін жұмсалады. ТАН-оқшау зат, бауырда көп жиналса бұл органды май басып кетеді. Сонымен, бауырда ТАГ мен ФЛ синтезделеді. Бірақ фосфолипидтердің синтезі жылдам жүрсе ТАГ-нің синтезі тежеледі немесе керісінше

60. Липогенез, липолиз,липонеогенезге сипаттама беріңіз және осы прцесстердің рөлі.

61. Липопротеидтер, түрлері, түзілетін орны, липопротеидтер құрамының ерекшклігі мен функциялары. Олардың холестерин және таг алмасуындағы ролі.

63. Бмқ тағдыры, тотығуы, энергиялық құндылығы.

Клеткаға түскен БМҚ-ның біршамасы қан тамырларының ішіндегі липолиз арқылы ЛП-пен ХМ-нан бөлінген БМҚ болып табылады. Басқалары осы клеткада синтезделетін БМҚ-дар. БМҚ-дарда липидтердің синтез процессіне жұмсалады. Әрбір органның спецификалық липидтерін түзуге қажет. БМҚ-ның негізгі мөлшері g-тотығу нәтижесінде энергия бөледі. БМҚның тотығуын g-тотығу дейтін себебіміз орындарындағы көміртегі өзгеріске ұшырап тотығады, БМҚның тотығуының тағыда басқа түрлері бар. Бірақ негізгі тотығу g-тотығу болып саналады. G-тотығу митохондрияларда, май тканьдерінен басқа барлық тканьдерде, әсіресе бауырда, бүйректе, жүрек бұлшықеттерінде, өкпеде өте интенсивті жүретін, көп энергия бөлетін катаболикалық процесс, тек қаныққан, тізбектері тармақталынбаған БМҚ-ы тотығады. Құрамындағы бір қос байланыс бар қанықпаған БМҚ-ы алдын-ала тотықсызданады. Жұп көміртегі атомдары бар БМҚ-ы біздің организмде көп болғандықтан, ең алдымен олардың тотығуын қарастырайық:

g-тотығудың принціпі көптеген реакциялардың нәтижесінде тотығатын БМҚнан жүйелі түрде екі көміртектен тұратын компрнент ацетил-КоА түрінде бөлініп, БМҚ-дардың тізбегі қысқарады.

  1. Тотығар алдында БМҚ АТФ пен HSKoA аралық активтенеді. Сөйтіп активті карбон қышқылы түзіледі, бұл қосылысты ацил-SКоА деп атайды. Бұл процесс митохондрияның сыртқы мембранасының бетінде өтеді. Карнитин деген витаминге ұқсас тасымалдайтын зат карбон қышқылының қалдығын митохондрияның мембранасынан өткізеді, сонда құрам бөліктеріне ыдырап кетеді. Басқа реакциялар митохондрияда жүреді.

  2. Ацил-SКоА ФП-пен(ФАД) дегидрленіп, дегидроацил SКоА түзеді. ФП ФПН2-ге айналады. Түзілген дегидроацил SКоА суды қосып алып(дегидратацияланып)g-гидроксиацил SКоАға айналады. Су қосылғанда және g-көміртегі атомдарның арасындағы қос байланыс үзіліп, сутегі атомы g-көміртекке ал ОН тобы g-көміртегіне жалғасады. G-гидроксиацил КоА ПФ-термен тотығып, g-кетоацил КоА түзеді. ПФ гидрленеді. G-кетоацил-КоА НSКоА-ны қосып алады, бұл кезде a-және g-көміртектері арасындағы байланыс үзіліп кетеді, соңғы екі көміртегі ацетил-КоА түрінде бөлінеді, ал БМҚ-ның қалдығы КоА-ны қосып алып активті түріне айналады.