- •15.Ферменттер жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері.
- •16.Ферменттер активтігіне әсер етуші факторлар.
- •17. Ферменттер жіктелуі. Негізгі топтвары және топшалары
- •19. Пептидогидролазалар тобы:
- •21. Трансферазалар.
- •22. Оксиредуктазалар
- •25.Флавинферменттер.
- •30. Маңызды витаминдердің жіктелуі және оларға жалпы сипаттама
- •28.Энергия алмасуы,сатылары
- •29. Үшкарбонқышқылының циклы......
- •31.Тиамин-(в1)
- •32. Рибофлавин в2
- •33.Никоинамид рр
- •34.Пиридоксин в6
- •36.Р,с витамині
- •37.Қан түзуге қатысатын витаминдер
- •38.Ретинол а витамині
- •39.Д витамині Кальцеферол
- •40.К және е витаминдері
- •41. Тағамдағы көмірсулар және олардың маңызы. Көмірсулардың асқорыту жолдарндағы қорытушы мен сіңіруші. Көмірсу алмасуындағы бауырдың рөлі.
- •42.Гликогеногенез
- •43.Гликогеннің биосинтезі
- •44. Клеткада глюкоза мен гликогеннің тағдыры.
- •45. Тканьдердегі глюкозаның ыдырау жолдары, процесстердің айырмашылығы мен ұқсастығы.
- •46. Гликозаның аэробты жағдайда ыдырауы, реакциялар жүйелігі, физиологиялық маңызы, энергиялық құндылығы.
- •47. Анаэробты гликолиз, реакция жүйелігі, физиологиялық маңызы, соңғы өнімнің тағдыры.
- •48. Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
- •49. Шөрнек механизмдері, цитоплазмалық надн2 тотығуындағы олардың рөлі. Энергетикалық балансы.
- •50. Глюконеогенез, түзілуге қатысатын заттар, реакцияларының жүру бағыты. Кори циклы және глюкоза-аланин цикл; Физиологиялық маңызы.
- •52. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы, мәні, маңызы, кездесетін жері.
- •53. Көмірсу алмасуының соңғы өнімдері. Олар қандай реакциялар нәтижесінде түзілетінін жазыңыз. Бөлінуі.
- •54. Тағам липидтері, биологиялық маңызы, ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі. Мицелланың құрамы мен рөлі.
- •56. Холестриннің биосинтезі және мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз осы этап жайлы тусіндіріңіз.
- •57. Липидтер алмасуындағы өт қышқылдарының ролі (қорытылуы, сіңірілуі)
- •58. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі.
- •59. Липидтер алмасуындағы бауырдың рөлі.
- •60. Липогенез, липолиз,липонеогенезге сипаттама беріңіз және осы прцесстердің рөлі.
- •61. Липопротеидтер, түрлері, түзілетін орны, липопротеидтер құрамының ерекшклігі мен функциялары. Олардың холестерин және таг алмасуындағы ролі.
- •63. Бмқ тағдыры, тотығуы, энергиялық құндылығы.
- •65. Ацетил- КоА түзілуі жолдары мен оның пайдалануы
- •66. Кетон денесінің биосинтезі, өкілдерінің химиялық табиғаты, тағдыры, организмдегі маңызы
- •71.Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы, қасиеттері, касиетері, асқазанда ас қорытылудағы тұз қышқылынынң манызы.
- •72. Ішек қабырғасында белоктардың шіруі, шіру өнімдерінің химиялық табиғаты, шіру өнімдерінің усыздану жолдары және орны.
- •73. Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі
- •74. Тканьдердегі аминқышқылдарының тағдыры
- •77. Жануарлар организміндегі аминқышқылдарының дезаминденуі, түрлері, процесстің маңызы.
- •83. Организмдегі су алмасуы және судың биологиялық ролі, су алмасуының регуляциясы.
- •88.Бауырдағы заттардың залалсыздандырылуының негізгі механизмдері (бауырдың белок,көмірсу, липид алмасуындағы рөлі)
- •93.Қанның азотты қалдығы.Осы топқа кіретін заттардың химиялық табиғаты.
- •94.Қан плазмасының азотсыз құрамы,өкілдері,химиялық табиғаты,олардың қалыпты мөлшері.
- •95. Қан плазмасының бейорганикалық құрамы, маңызы, қалыпты мөлшері.
- •97.Эритроциттер химиясы. Газдар тасымалдауға және рН-ын сақтауға гемоглобиннің қатысуы.
- •98.Қанның қышқыл-сілтілі жағдайы. Қанның құрам бөліктерінің қан рН сақтауға қатысуы,сілтілік резерв.
- •99.Гемоглобиннің физиологиялық туындылары, олардың түзілуі, сіңіру спектрлері.
- •111. Гормондар, химиялық табиғаты жалпы қасиеттері. Клетка мембранасы мен гормондар рецепторлары туралы түсінік.
- •112. Зат алмасудың нейрогуморальды реттелуі. Гормондардың мүшелердің қызметі мен метабализм жүйесіндегі орны.
- •116.Қалқанша безі гормондары, құрылысы, түзілуі, әсер ету механизмдері, жануарлар организміне әсері.
- •117. Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары, түзілуі, химиялық табиғаты, әсер ету механизмдері, заттар алмасуына әсері.
- •123. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары, құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
- •125. Қандағы глюкозаның дейгейін реттейтін гормондар
- •126. Кальций мен фосфор алмасуының реттелуіндегі гормондар мен витаминдердің рөлі
- •127. Простогландиндер құрылысы, түзілу жолдары, маңызы.
88.Бауырдағы заттардың залалсыздандырылуының негізгі механизмдері (бауырдың белок,көмірсу, липид алмасуындағы рөлі)
Бауырдыңерекше қызметтерінің бірі-оның детоксикациялық қызметі болып табылады, оның нәтижесінде әртүрлі заттардың метаболитикалық айналымында ткандерде түзілген әр түрлі улы заттардың залалсыздандырылуы, ішекте аминқышкылдарының шіруі кезінде түзілген токсиндердің, биологиялық белсенді заттардың(гормондар,биогенді аминдер) инактивациясы жүреді. Бауырда аминқышқылдардың дезаминденуі кезінде түзілген аммиак мочевинаға айналу арқылы залалсыздандырылады. Бауырдағы залалсыздандыру, инактивация процестері екі негізгімеханизм арқылы жүреді: 1.Гидроксильдену реакциялары (тотығу) 2.Коньюгация реакциялары Гидроксильдену реакциялары. Улы заттардың гидроксильденуі – молекулярлық оттегіні және НАДФН ні пайдалана отырып, эндоплазматикалық ретикулумда орналасқан «микросомальды» тыныс алу тізбегінің ферменттерімен катализденеді. Бұл жағдайда оттегінің бир атомы токсин молекуласында R-(OH) тобын қалыптастыруға жұмсалады, ал екіншісі суды түзе отырып, HADФН ні пайдаланып, тотықсызданады. Бұл жүйенің негізгі ферменттері мыналар: -флавопротеид НАДФН2 цитохром Р450-редуктаза. –адренодоксин. – цитохром Р450 Коньюгация реакциялары.Бауырда залалсыздандыру процесі улы заттарға әр түрлі қосылыстардың қосылуы арқылы жүруі мүмкін. Соның нәтижесінде улы емес коньюганттар түзіледі. Улы заттарға қосылатын заттар ретінде бауырда мыналар пайдаланылады. –глюкурон қышқылы. -фосфо-аденозил-фосфо-сульфат құрамында болатын күкірт қышқылы. -глицин,глутамин. -таурин,цистеин. -ацетил КоА-дан ацетильді топ . –S-аденозилметиониннен метильді топ . Мысалы, глюкурон қышқылымен коньюгация реакциясы арқылы гемнің ыдырау өнімі-билирубин залалсыздандырылаы.Индол-күкірт қышқылы көмегімен, бензол-гликоколдың көмегімен залалсыздандырылады. Әр түрлі себептерге байланысты липидтер , әсіресе үшацилглицеридтер, бауырда жинақталуы мүмкін. Бауырда майлар көп мөлшерде жинақталған кезде фиброзды өзгерістер жүреді, бұл циррозға және бауыр қызметінің зақымдалуына әкеледі. Бауырдың майлы қайта құрылуының екі түрі бар: 1.Қан плазмасында бос май қышқылдарының мөлшері артқан кезде дамиды, ол май қорларынан майлардың ыдырауы немесе хиломикрондар мен липопротеиндердің құрамына кіретін ушацилглицеридтердің бауырдан тыс липопротеид липазаның әсерінен гидролазаға ұшырауынан туындайды. 2. Қан плазмасы липопротеиндері түзілуінің метаболитикалық тежелуіне байланысты, соның нәтижесінде үшацилглицерид жинақталады.
89.Қан плазмасының химиялық құрамы. Олардың қалыпты мөлшері. Қан дегеніміз-клетка сыртындағы сұйықтық. Плазмадан тұратын сұйық ткань болып табылады. Ересек адамның ағзасындағы қанның жалпы көлемі: ерлерде -4,9-5,2 литр. Әйелдерде 3,8-4,5литр. Көлемі бойынша қан клеткалары 45%, қалғанын 55% плазма құрайды.Егер қан бірнеше минут тұрып қалса, онда қан ұйиды, жиырылады да, сыққан кезде одан сұйықтық - қан сары суы шығады. Плазмадан өзгешелігі,қан сары суында фибриноген болмайды. Қан мынадай биологиялық қызметтер атқарады: -тасымалдаушы. –трофикалық. –реттеуші. –қорғаныс. –тыныс алу... Қан плазмасы – бұл ақшыл, сары сұйықтық,оның 90% -су, ал 1% суда еріген заттар құрайды. Қалыпты жағдайда плазмада кейбір еріген заттардың концентрациясы тұрақты болады,ал басқаларының мөлшері олардың қаннан алыну жылдамдығы мен оның басқа мүшелерден келіп түсуіне байланысты ауытқып отырады. Жалпы сау адамның қанының белгілі бір константалары бар, олардың өзгерістері әр түрлі аурулар кезінде байқалады. Қан плазмасының химиялық заттарын мынадай топтарға бөлеміз. –қан плазмасының минералды заттары. –қан плазмасының органикалық заттары. Жалпы белок 65-85г/л. Альбумин 40-50 г/л. Глобулин 25-30 г/л. Фибриноген 2-4 г/л .
90.Қан плазмасының органикалық құрам бөліктері, өкілдері,қалыпты мөлшері. Қан плазмасының органикалық заттары құрамында азот бар заттар және азотсыз органикалық қосылыстар түрінде болады. Қанның азотсыз органикалық компоненттер тобына көмірсулар және липидтер алмасуларының метаболитері жатады.Адам тканінің негізгі көмірсулары-гомополисахарид гликоген, гетерополисахаридтер-гиалурон қышқылы,креатинсульфаттар, гепарин, моносахаридтер-глюкоза, фруктоза,рибоза,дезоксирибоза болып табылады. Адамның қанында және ткандерде дисахарид сахароза болмайды. Дисахарид лактоза тек сүтте кездеседі. Адамның қан плазмасында тек моносахарид глюкоза мен көмірсулар алмасуының метаболиттері болады. Глюкоза-адам мен жануарлар ағзасының барлық клеткаларының негізгі энергетикалық материалы болып табылады. Қан сары суында көмірсулар алмасуының мынадай метаболиттері бар: Глюкоза 3,3-5,7моль/л. Сүт қышқылы 1ммоль/л. Белоктармен байланысқан гексозалар 5,8-6,6 ммоль/л. Серомукоидпен байланысқан гексоза 1,2-1,6ммоль/л. Сиал қышқылдары 2,0-2,33ммоль/л. Клетканың плазматикалық мембранасы тек бос глюкозаны өткізеді де, оның фосфорлы эфирлерін өткізбейді. Клеткалық мембрана арқылы глюкозаны тасымалдау-концентрация градиенті бойынша, тасымалдаушының қатысуымен іске асырылады және инсулинмен белсендіріледі. Гипергликемия-қанда глюкоза мөлшерінің 6ммоль/л-ден жоғары болуы.
91.Қан плазмасының белоктары,өкілдері, қасиеттері, қандағы қалыпты мөлшері. Маңызы. Элетрофорез әдісін пайдалана отырып, қан плазмасының белоктарын 3 топқа бөлуге болады: альбуминдер,глобулиндер, фибриноген.Қазіргі кезде клиникалық зертханаларда қағазға қан сары суы белоктарын электрофорездік бөлу әдісі кеңінен пайдаланылуда.Бұл жағдайда қан сары суының белоктары альбуминдерге және глобулиндердің 4 фракциясына (альфа1, альфа2, бета, гамма) бөлінеді.Альбуминдер – қанның ең жеңіл белоктары, салыстырмалы молекулярлы салмағы-70000. Альбуминдер гормондарды, холестеринді,өт пигменттерін, бос май қышқылдарын, кальцийді,емді заттарды, бояуларды тасымалдайды. Альфа1-глобулинді фракцияда альфа-липопротеидтер(ТЖЛП), трипсинді ингибиторлайтын белоктар, металл иондарымен байланысқан белоктар бар. Альфа2-глобулинді фракцияда альфа-липопротеидтер, гликопротеидтер,гаптоглобин, С-реактивті белок, металдарионын тасымалдайтын белоктар, трипсин ингибиторы бар. Сау адамның қан сары суында С-реактивті белок болмайды, бірақ қабыну және тканьдер некрозымен сипатталатын патологиялық жғдайлар кезінде анықталады.Бұл белок аурудың өткір кезеңінде пайда болады сондықтан оны «өткір кезең» белогы деп атайды. Ауру созылмалы түрге өткен кезде қанда С-реактивті белок жоғалады да,процесс асқынған кезде қайтадан пайда болады. Сау адамның плазмасының ферменттері шартты түрде үш топқа бөлінеді:1.Плазмоөзгешелік ферменттер. 2.Клеткалық ферменттер. 3.Экскреторлы ферменттер. Плазмоөзгешелік ферментер бауырда синтезделеді және өзінің каталитикалық әсерін қан плазмасында көрсетеді. Плазмоөзгешелік ферменттерге: бауырдың липопротеидлипазасы, холинэстераза, лизоцим, қан ұюдың ферменттері, фибринолиз және кининогенез ферменттері,ренин жатады. Клеткалық ферменттер клеткада синтезделеді және өз қызметтерін атқарады. Сау адамның плазмасында олардың концентрациясы төмен және клеткалардың қартаюы мен ыдырауының физиологиялық процестерімен байланысты.Эксекреторлыферменттер негізінен бауырда синтезделеді. Оларға лейцинаминопептидаза, қышқылдық фосфатаза жатады.Олар ағзадан өттің құрамында шығарылады. Патология кезінде қан сары суында, плазмада ферменттердің сандық мөлшері мен белсенділігі артып (гиперферментемия) немесе төмендеп (гипоферментемия) отыруы мүмкін. Изоферменттер дегеніміз-бірдей реакцияларды катализдейтін, бірақ бір-бірінен бірқатар физико-химиялық қасиеттері бойынша ерекшелінетін ферменттер тобы. Әсіресе лактатдегидрогеназа изоферменттері жақсы зерттелген.Оларға ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5 жатады. Жүректе ЛДГ1 мен ЛДГ2 изоферменттерінің белсенділігі жоғары. Бауыырда, қаңқа бұлшықеттерде ЛДГ5 және ЛДГ4 басым болады.
92.Қан плазмасының кининдік системасы,белоктар «жедел кезеңі» және компонентерінің байланысуы, белок-ферменттер, түсініктеме маңызы.
Кининдерді кейде жергілікті гормондар деп те атайды.Олар ішкі секрецияның өзгешелік бездерінде түзілмейді,керісінше бірқатар тканьдардың сұйықтықтарында ж\е қан плазмасында тұрақты кездесетін белсенді емес бастаңғылардан бөлінеді.Қанның маңызды кининдері-брадикиндер,каллидин ж\е метионил-лизил-брадикинин болып табылады.Химиялық табиғаты бойынша кининдер-полипептидтерге жатады,қан плазмасында кининдер денгейі өте төмен ж\е олар кемінде 3 типтікининогендер түрінде кездеседі. Кининогендер бауырда синтезделеді.Қан плазмасында олар белоктардың альфа-2 глобулинды фракциясымен байланысады.Кининогендерден кининдердің түзілуі өзгешелік ферменттер- калликреин деп аталатын кининогеназалар әсерінен жүреді. Калликреиндер трипсин типті протеиназалар болып табылады. Тканьдер калликреиндерінің (ұйқы безінің, бүйректің,ішек қабатының,зәрдің) плазма калликреиндеріне қарағанда субстраттық өзгешелігі төмен болады. Қан плазмасында калликеиндер өзінің бастапқы түрі – калликреиногендер түрінде кездеседі.Хагеман факторы сонымен қатар плазмин, трипсин, адреналин, урокиназа және рН-тың қышқылдық жаққа ауысуы қан плазмасында калликреиногеннің тура активаторы болып табылады. Кининді жүйенің физиологиялық қызметі негізінен гемодинамиканың реттелуі.Брадикинин қан тамырларын кеңейтуші күшті зат болып табылады. Олар тамырдың тегіс мускулатурасына тура әсер етіп, оның босаңсуын тудырады. Кининдердің физиологиялық мәні: -жергілікті қан айналымын реттейді. –қан қысымын реттейді. –тканьдер гиперемиясын тудырады. –жүрек-қан тамырлар қызметін ынталандырады. –ішектің моторикасын реттейді. –ренотропты әсер көрсетеді. –жылу алмасуды реттейді. Патологиялық процестердің қалыптасуына кининдердің қатысуы: -қабынуды күшейтеді(панкреатиттер,артриттер,аллергиялар,инфекциялар сәулелену) -шоктың дамуына септігін тигізеді (эндотоксинді,геморрагиялық, хирургиялық) -ангионневротикалық Квинке ісінуін, карциноидты синдром, демпинг синдром, катарак...
