Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_bkh.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104 Кб
Скачать
☆

95. Қан плазмасының бейорганикалық құрамы, маңызы, қалыпты мөлшері.

Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά,β,γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады. Бейорганикалық тұздар құрамында оң электр заряды бар Na,Ca,Mg,Fe иондары я болмаса катиондар және теріс зарядты аниондар- хлордың, иодтың, күкірттің, фосфордың т.б. иондары болады. Қан плазмасындағы бейорганикалық заттардың қызметі: 1. Олар плазманың осмостық қысымын құрап, оны тұрақты шамада ұстап тұрады.2. суда ерімейтін белоктарды (глобулиндерді) еритін түріне айналдырады. 3. Клеткаларды бейорганикалық заттарды плазмамен бірге жуа отырып, олар клетканың қалыпты өмір сүруіне жағдай тудырады. (Мысалы: нерв жүйесінің, қан айналу системасының, талшық ет жұмыстары иондардың ара қатынасына тікелей байланысты).

96. Қан плазмасының макроэлементтері олардың концентрациясы. Иондар концентрациясының өзгерісінің минерал алмасуын реттейтін гормондардың синтезне әсері. Бикарбонатты буфер системасы негізгі барлық буферлі сиымдылықтың 10-% ін құрайды. Қалыпты жағдайда-плазмадағы биокарбонаттың концентрациясы нің концентрациясынан 20 есе артық болады. Ал қанда қышқыл заттар көбейсе, олар бикарбонатпен реакцияға түсіп, көмірқышқылын түзеді, ол әрі қарай су мен көмір қышқыл газына бөлінеді. -нің көбеюі дем алу орталықтарын қоздырады. Бұл жағдай тыныс алуды жылдамдатады. Ол арқылы өкпеден бөлініп, сыртқа шығарылып тасталады. Сөйтіп тепе-теңдік сақталып қалады. Ал негізгі иондар көбейсе, олар көмір қышқылымен әрекеттесіп бикарбонаттарға айналады да зәр арқылы шығарылады. Гормондар мен органикалық заттар метаболиттері ерекше орында тұр, сау адамның қан плазмасындағы олардың мөлшері мынадай: 17- оксикортикостериоидтар-140-550 ммоль/л. 11-оксикортикостериоидтар-140-230ммоль/л. Альдостерон -91-185нг/л. Адреналин-0,35-0,4мкг,л. Норадреналин -0,73-0,88 мкг/л. Тироксин-29-64 мкг/л.

97.Эритроциттер химиясы. Газдар тасымалдауға және рН-ын сақтауға гемоглобиннің қатысуы.

Барлық қанның 36-48%эритроцит алады. 1мм 4-5 млн –ғадейін эритроциттер болады. Эритроциттер-эритробластың ядросыз дериваты болып табылады. Жетілген эритроцитте ядро, хроматин және белоктар мен липидтер синтезінің аппараты болмайды. Эритроциттерде митохондрия да жок. Өсуге, органикалық заттарды синтездеуге қабілетті тірі клетка қатарына жатпаса да, эритроцит ұзақ өмір сүруге қабілетті. Эритроциттердің басты биологиялық қызметі – газдарды тасымалдау (оттегіні және көмірқышқыл газын). Эритроциттер аминқышқылдарды,глюкозаны және калий мен натрий иондарын тасымалдауға қатысады. Қан ағымындағы циркуляциясының бүкіл мерзімінде эритроциттің газды тасымалдау үшін екі бүгілген диск тәрізді формасын сақтауы – эритроциттердің химиялық құрамымен, құрылысымен және мембранасының қасиеттерімен түсіндіріледі. Эритроциттердің негізгі химиялық компоненті глобин белогы болып табылады. Эритроциттердің құрғақ затының салмағының 95% гемоглобин құрайды. Сау адамдарда қандағы гемоглобин концентрациясы 132-164г/л. Ағзаның барлық гемоглобині эритоциттерде шоғырланған.Қан плазмасындағы гемоглобиннің мөлшері өте аз. Гемоглобиннен басқа эритроциттерде анаэробты гликолиз бен глюкоза катаболизмінің пентозды жолын қамтамасыз ететін белок-ферменттер, метгемоглобинредуктаза супероксиддисмутаза, каталаза және т.б ферменттер болады.