Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

47. Автор және кейіпкер

Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ. Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де анық байқалатындай етіп суреттейді. Көркем бейненің типтік өзгешелігі қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралық, жекелік сипат-белгілері адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылық қалпында көріп-білу үшін сондайлық қажет. Көркем бейнеге тән типтік және даралық сипат-ерекшеліктер – тұтас ұғым. Кейіпкердің іс-әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік сипат-белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие бола алады. Кейіпкердің типтік бейнесін суреттеу үшін қоғамдық өмірді жан-жақты, терең зерттеп, білу шарт. Өйткені, көркем бейненің типтік қасиет-сипаты неғұрлым жоғары болған сайын, оның танымдық күші де соғұрлым арта түседі. Кейіпкердің драмалық шығармада атқаратын міндеті басымырақ. Мұнда оқиға бастан-аяқ қатысушы персонаждардың айтқан сөздері (реплика) арқылы өрбиді. Әр кейіпкердің көркем бейнесі оның өз сөзі арқылы ашылады. Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер болады. Мыс., “Абай жолы” эпопеясындағы Абай бейнесі. Сонымен қатар, бір шығармадағы басты кейіпкер бірнеше болуы мүмкін. Мыс., М.Әуезовтің “Айман – Шолпан” пьесасында бірнеше кейіпкер бар, онда жеке біреуді басты кейіпкердеп көрсету мүмкін емес. Кейіпкердің тұлғасын, мінезін, іс-әрекетін суреттеу өзгешелігі әдебиетте, көркемөнерде қолданылатын әдіске сәйкес болады. Айталық, романтизм әдісі қолданылған шығармадағы кейіпкерлерді суреттеу тәсілі реалистік әдебиеттегі кейіпкерді бейнелеу тәсілінен бөлек. Реализм әдісі әдебиет пен көркемөнер шығармасында кейіпкерлердің тұлғасын, мінез-әрекетін мейлінше шынайы суреттеуге мүмкіндік береді. Адам мінезін, тұлға бейнесін өзгерісті даму үстінде алып, өмірлік күрес-тартыспен ұштастырып көрсету – реалистік әдістің ең ұтымды жағы.[1]

Автор (лат. auctor — жасаушы, шығарушы) — көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған т.б.) немесе соған қатысқан адам не ұжым (мекеме, ұйым).[1] Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор өнер туындысын жасаушы; қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара, көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға. Автор санаты шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талданады. Әлемдік өнертануда автор санаты туралы ортақ тұжырымның жоқ екенін де ескерту қажет. XIX ғасырда француз ақыны Стефан Малларме басталған («жазу деген жеке тұлға ретіндегі даралыққа қатысы жоқ әрекет») шығармашылық процестегі жеке «менің», автордың дербес тұлға екенін мойындамайтын, терістейтін идея қазіргі структурализм, семитика мектептеріндегі негізгі принциптердің бірі. Көркемдік жүйе түзуші бірегей қабілет, ерік иесі автор шығармашылық процеске қатыстылығы байырғы мифтерден, фольклор туындыларынан да бажалайнады. Алайда ежелгі мәдениеттер кеңістігінде автор тұлғасының дара шығармашылық сипатынан гөрі, медиаторлық белгісі басым еді. Гегельдің айтуынша, мифология - өнердің, қайнар көзі, бірден-бір қойнауы болған көне дәуірде автор үшін дара өмірлік материалды, оны көркемдік тұрғыда қайта қорытудың дара тәсіл, құралдарын іздеудің, мүмкіндігін де, қажеттілігі де болмаған. Яғни, автор тіршілікті, әлем сырын мифтік канондар бойынша жырлайтын абыз-медиум, дәнекерші-түсіндірмеші рөлін орындаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]