Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.

Ә. ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, ежелгі Мысырдағы “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі”, байырғы Вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 — 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетик. ұғымға көше берген. Эллада эстет-сы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның “сәбилик” филос-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 — 322 ж.) “Поэтикасына” келіп ұласады. Ал “Поэтика” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш филос.-эстетик. трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Батыс Еуропадағы әдеби-эстетик. ілімнің әбден жетіліп, ғылым мен өнердің дүр сілкінген, дүрілдей дамыған тұсы — қайта өркендеу (ренессанс) дәуірі екенін Италия суретшісі Леонардо да Винчи, француз философы Рене Декарт, эстетигі Никола Буало, ағартушысы Дени Дидро еңбектерінен көріп-білуге болады. Осыдан былай қарай неміс ағартушылары Готхолд Лессинг пен Иоганн Гердер әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең алаңға — қалың бұқара арасына алып шықты. Ә-дың ендігі дамуы Иммануил Канттың эстет-сына, одан әрі дүниенің түп діңгегі — абс. идея, абс. рух деп білген Гегельдің атышулы тридасына барып тіреледі. Қазақ топырағындағы төлтума қоғамдық ой, оның ішінде эстет. пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Ш. Уәлихановтың, атақты ағартушысы Ы. Алтынсариннің, ұлы ақыны А. Құнанбаевтың алатын орындары айырықша. “Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан” (Веселовский) Ш. Уәлихановтың сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектерін ауыз әдебиетін жинау және жинаған нұсқаларын өзінше парықтау деп екі салаға бөлуге болады. Бұл ретте, Шоқанның өзі “дала Илиадасы” деп бағалаған әйгілі қырғыз эпосы “Манастың” бір тарауын тұңғыш жазып алуы, өз халқының ұлаңғайыр өлең-жырларын ел аузынан іздеп-тауып, талдап-тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келе қазақ поэзиясы — саф таза сұлу поэзия екенін, қазақ тілі араб тіліндей бояма, күлді-балам емес, татаусыз төгілген тұнық, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі — соншалық байсалды, парасатты, ғылым тұрғысынан әбден піскен, кәмелетті пікір. Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы өзара тығыз бірлікте болатыны, әдебиеттің теориясын нәзік түснбей тұрып, тарихы жайлы әңгіме қозғау; тарихын білмей тұрып, сынын өрбіту мүмкін емес.Ол өзге ғылымдардың жетістіктерімен тығыз байланыста дамиды. әдебиет тарихы — әдебиеттану ғылымындағы көркемсөз өнерінің даму жолын әлемдік немесе белгілі бір халықтық деңгейдегі идеялық бағыт-бағдарларды, әдеби ағым-бағыттарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық-саяси құрылысымен тығыз байланыста танып білуге бағытталған басты сала. Бір уақытта қатар өмір сүріп, шығармашылықпен шұғылданған қаламгерлер шығармалары сол тұстағы әдебиеттің бет-бейнесін белгілейді. Әдеби шыгарма – улттык тіл мадениеттін жемісі,улттык дуниетанымның тарихи-поэтикалык зерденің аясында калыптаскан өз ұлтының шығармасы арқылы көрінетін қаламгерлердің туындысы.Әдебиет халықтығы –көп мағыналы ұғым яғни 1) жеке шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы; шығармашылық алмасу мен кәсіби әдебиеттің халықтық шығармашылықтағы поэтика, образ, сарындары мұра ету деңгейі; 2) көркем шығармалардағы халық бейнесі мен оның дүниеге көзқарасының өнердегі көрінісінің тереңдігі мен сәйкестігіні өлшемі; 3) өнердің қалың бұқараға эстетикалық және леуметік тұрғыдан түсініктілігінің өлшемі. Әдебиеттің халықтығы дегеніміз халықтың ой-санасы мен жан дүниесін бейнелеу және халыққа қызмет ету болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]