Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Office_Word.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы

Қазақстанның көрнекті қаламгері шығармашылығына арналған алғашқы еңбектерінде С.Қирабаев олардың жазушылық ерекшеліктерін тап баса талдап монографиялық үлгіде зерттеудің жолын тапты. Ол Ғабиден Мұстафиннің бүгінгі заман тақырыбын игерудегі табыстарын, С.Көбеевтің ХХ ғасырдың басында қазақ романын тудырудағы және Ыбырай Алтынсариннен басталған педагог-жазушылық дәстүрді жалғастырудағы еңбегін атап көрсетті. Ол С.Көбеевтің негізгі еңбектерін бірінші рет ғылыми айналымға қосып, оның тұңғыш шығармалар жинағын бастырды. Осы материалдар негізінде ол «Қазақ совет әдебиетінің очерктеріне» (1958), «Қазақ әдебиетінің тарихына» (орыс тілінде, 2 том) тараулар жазды. С.Көбеевтің жазушылық жолы жайында кандидаттық диссертация қорғады (1957). С.Қирабаевтің «Сәкен Сейфуллин», «Жүсіпбек Аймауытов» атты кітаптары бір кезде репрессияның құрбаны болып кеткен қазақтың екі ұлы қаламгерінің әдеби мұрасын жинақтап, зерттеуде белгілі белес болып табылады. Ол Сәкеннің қазақтың революцияшыл поэзиясын тудырудағы рөлін, Жүсіпбектің европалық үлгідегі қазақ прозасын бастаудағы, жаңа роман жазудағы орнын дәлелдеп, олардың шығармаларын өз заманы шындығымен салыстыра зерттеп, екі суреткердің өмірі мен шығармашылығына қатысты жоғалған деректерді жинақтады. Екі кітап та қазақ әдебиеттану ғылымында зор бағаға ие болды. «Сәкен Сейфуллин» монографиясы негізінде автор докторлық дисертация қорғады (1964). «Жүсіпбек Аймауытов» атты кітабы Ұлттық Ғылым Академиясының Шоқан Уалиханов атындағы сыйлығына ие болды (1994). Алғашқы монография қазақ, орыс тілдерінде (Алматыда, Москвада) бірнеше рет басылды. С.Қирабаев сонымен бірге Сәкен шығармаларының орыс тіліндегі басылымын «Сәкен Сейфуллин. Стихотворения и поэмы. «Библиотека поэта», Ленинград (1973) құрастырып, алғысөз, түсініктер жазды. Жүсіпбектің таңдамалы шығармаларын (1989) дайындасты. Серіктің басшылығымен жазушының бес томдық шығармалар жинағы жарық көруде. С.Қирабаевтың басқа жұмыстары ішінен оның «Революция және әдебиет» (2 том) атты зерттеуі мен екі томдық таңдамалы шығармаларын бөліп атауға болады. Бұларда автордың қазіргі қазақ әдебиеті жайлы көп жылғы ізденісі жинақталған. Бұл зерттеулерде ұлттық әдебиеттің соңғы 70 жылдық тарихы, әдебиет жанрының туу мен даму мәселелері, реалистік өнердің жетілуі, көрші халықтармен әдеби байланыстың ұлғаюы т.б. маңызды әдеби-теориялық проблемалар қарастырылады. Бұлардан басқа С.Қирабаевтың Қазақстандағы әдеби процесс пен оған үлес қосқан үлкен қаламгерлердің шығармашылық жолын бағалау, зерттеу ісіне арналған еңбектері де көп. Ол Жамбыл, Б.Майлин, С.Мұқанов, С.Шәріпов, Ә.Тәжібаев, М.Дәулетбаев, С.Ерубаев, И.Байзақов, Қ.Аманжолов, А.Тоқмағанбетов, Г.Орманов, Ә.Әбішов, Қ.Бекқожин, Д.Әбілов, М.Қаратаев, Ж.Саин, М.Иманжанов, Т.Молдағалиев, К.Салықов т.б. қаламгерлер шығармашылығы жайлы әдеби-ғылыми очерктер жариялады. Оның зерттеулерінде автордың ұлттық әдебиеттің өткендегісі мен бүгінгісін, әлемдік дамудың жайын терең білетіні, оларды салыстыру арқылы ойлар тұжырымдау өнері әрдайым көзге түседі.С.Қирабаев 1952 жылдан бері орта мектепке (Х-ХІ кластар) қазақ әдебиетінен оқулықтар жазумен шұғылданып келеді. Жас ұрпақты әдебиет арқылы білім мен отаншылдыққа үйретуде бұл оқулықтардың атқарған қызметі зор. Қазақ жастарының талай ұрпағы осы оқулықтардан білім алды. Қазақ мектебі тарихында бірінші рет ол факультатив үшін жазылған құрал болып табылады. Ол ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінен (Б.Кенжебаевпен бірге), қазіргі қазақ әдебиетінен (М.Қаратаев, Т.Нұртазинмен бірге) жоғар мектеп үшін оқулықтар жазуға да қатысты (1968,1971,1987). С.Сейфуллин шығармашылығы жайлы жоғары мектеп үшін семинарий жасады (1982).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]