- •1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
- •2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
- •4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
- •5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
- •6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- •7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
- •8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
- •9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
- •15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
- •19. Образдың жасалу тәсілдері
- •16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •23.Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
- •24. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
- •25. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
- •26. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
- •27. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
- •28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
- •29. Жанр туралы түсінік.
- •30. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
- •31. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
- •32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
- •33. Әңгіме жанрын талдау жолдары
- •34. Роман жанрын талдау жолдары
- •35. Повесть жанрын талдау жолдары
- •36. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
- •37. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (ж.Аймауытов, м.Әуезов, б.Майлин т.Б. Шығармалары негізінде)
- •38. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (ғ.Мүсірепов, а.Сүлейменов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •39. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (м.Жұмабаев, ә.Кекілбаев, ә.Нүрпейісов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)
- •41. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы:
- •42. Текстологияның негізгі міндеті
- •45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
- •46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
- •47. Автор және кейіпкер
- •48. Автор және баяндаушы
- •52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
- •56. Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
- •59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
- •65. Буын және бунақ
- •66.Ұйқас өзгешеліктері
- •68. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
- •70. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
- •69. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
- •71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
- •72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •73. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
- •75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
Қаламгерге тән суреткерлік шеберлік, терең философиялық таным сияқты сипат-ерекшеліктерді О.Бөкейдің «Сайтан көпір» повесінен де байқау қиын болмас. Повестің «Айқай-жаңғырық» деп басталуы да кездейсоқтық емес. Жаратылыс заңы екіге жарылудан, екіге бөлінуден тұрмай ма?! Күн-түн, адал-арам, зұлымдық-ізгілік, жақсы-жаман, шындық- өтірік, т.б. Қаламгер ұдайы кейіпкер табиғатынан осы екі ұдай сезімді қатар іздеп, көңіл түкпіріне үңіліп, ішкі жан әлеміне терең бойлайды. Ол кейіпкерлеріне «жағымды», «жағымсыз» деп айдар тағуға жаны қас. Ұнамдысына іш тартып, ұнамсызын жер қылудан аулақ. Жазушы жақсылық пен жамандықты кейіпкер табиғатынан іздеп табуға құштар. Ой-қиялға ерік беруге құлқы жоқ. Осы повестегі Аспан шалдың образы да өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Ол қар көшкінінің астында қалып, екі аяғынан айрылып, өмір мен өлімнің арасында қалғандай әрі-сәрі күй кешеді. Аспан шалдың мүшкіл халін суреттей келе, жазушы өмір туралы өзінің философиялық топшылауларын шығарманың өн бойына тармақтандыра дарытқан. Қаламгер Айқай мен Анаулар арқылы қазақ қоғамындағы кереғар көріністерді астарлап, жұмбақтай жеткізеді. Қаламгердің түпкі қазықты ойы туынды табиғатының терең тылсымында. Оның оқиға мен әрекеттің себеп-салдарын тәпсірлеп түсіндіріп беруге жаны қас. Өйткені, бұл шығарма – қаламгердің астарлы терең ойларымен көмкерілген өзіндік философиялық тұжырымдамасының көркемдік әлемі. Қаламгер әңгімелері тақырып пен оқиға таңдауда, психо-философиялық толғаныстарды, ұлттық характерлер сомдауда жаңаша үлгі іздеумен, қиял мен шындық, әсерлеу мен символдық бейнелеу тәсілдерін қабыстыра бедерлеуімен ерекшеленеді. Әр қаламгердің өз көркемдік әлемі бар десек, Оралханның суреттеу объектісі – өзі туып-өскен Алтай өңірі. Оның қатал табиғаты аясында ғұмыр кешіп жатқан қилы тағдырлы адамдары. Адам табиғатындағы жақсылық-жамандық, мінездеріндегі түрлі ерекшеліктер туған жер табиғатына қатысты деген жазушы ойы шығармаларында қылаң беріп отырады. Қаламгер «Мұзтауда» елеусіз қалған кен орны Көккөл мен Ақтан тағдырының сәйкестігіне көңіл аударса, «Сайтан көпірде» бұл көзқарас Еріктің қиялы арқылы нақтыланады. Адам белгілі бір ортада өмір сүріп, ғұмыр кешеді. Оның шығармасында осындай табиғат дүниесінің бір бөлігі суреттеледі.
Ол – Алтай өлкесінің шет аймағындағы қазақ ауылдарының хал-ахуалы. «Сайтан көпірде» орталықтан шалғай жатқан қазақ ауылының тағдыры шынайы бейнеленсе, «Атау кереде» елден жырақ қонған омарташылар тыныс-тіршілігі де көркемдікпен бедерленеді. Суреткер «Қар қызы» повесінде кеңістік пен адам арақатынасы байланысын ашуға қалам қуатын жұмсайды. Адам мен ғалам сыры құпиялары да көркемдікпен бейнеленеді. Жалғыздық пен кеңістік сипаты кейіпкерлер табиғатынан жақсы танылады. Жазушы кеңістікті әбден пісуі жеткенше ширатып, оған біршама салмақты мән-мағына үстемелеп, жандандырғаннан кейін ғана негізгі оқиғаға, бас кейіпкердің табиғатын танытуға ауысады. Өмір күресте шыныққан адамдар тағдырына көңіл аударады. Сөйтіп, адам жалғыз қалғанда ғана, оның рухани әлемінің өре-деңгейі байқалады деген ой сабақтайды.Қаламгер шығармаларында қазақы болмыс, ұлттық психология айқын сезіледі. Оны ұлт болашағы – қазіргі қазақ жастарының бойындағы жағымсыз қылықтар ойландырып-толғандырған. Ұлт тағдырына бей-жай қарамайтын қаламгер мұндай келеңсіздіктерді дер кезінде көтереді. Ол ата-ананың наласына ұшырау, қарсылық көрсету мәселесін «Атау кереде» Гүлия мен Нүркенің басындағы жағдаймен байланыстырса, «Өз отыңды өшірме» романындағы Дарханның тағдырымен сабақтастырады. Жазушы кейіпкер-бейнелерге жақсылықты үйіп төкпей-ақ, олардың қарапайым да адал ғұмыры арқылы үлгі-өнегелік сипатын таныта алған. Ол жастарды ата-баба дәстүрін ұстануға шақырады. Халықтың өмір тарихындағы сан ғасырлар бойы қалыптасып, орныққан озық дәстүрін құрметтей отырып, олардан айрылып қалмау, ілгері дамыту мақсатын міндеттейді.
