- •1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
- •2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
- •4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
- •5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
- •6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- •7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
- •8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
- •9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
- •15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
- •19. Образдың жасалу тәсілдері
- •16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •23.Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
- •24. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
- •25. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
- •26. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
- •27. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
- •28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
- •29. Жанр туралы түсінік.
- •30. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
- •31. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
- •32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
- •33. Әңгіме жанрын талдау жолдары
- •34. Роман жанрын талдау жолдары
- •35. Повесть жанрын талдау жолдары
- •36. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
- •37. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (ж.Аймауытов, м.Әуезов, б.Майлин т.Б. Шығармалары негізінде)
- •38. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (ғ.Мүсірепов, а.Сүлейменов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •39. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (м.Жұмабаев, ә.Кекілбаев, ә.Нүрпейісов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)
- •41. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы:
- •42. Текстологияның негізгі міндеті
- •45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
- •46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
- •47. Автор және кейіпкер
- •48. Автор және баяндаушы
- •52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
- •56. Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
- •59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
- •65. Буын және бунақ
- •66.Ұйқас өзгешеліктері
- •68. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
- •70. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
- •69. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
- •71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
- •72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •73. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
- •75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
1970-жылдары қазақ поэзиясына өзіндік үн, ерекшелігімен келген ақындардың қатарында Жарасқан Әбдірашев есімі ерекше аталары хақ. Ақын лирикасына тән ерекшелік асқақ пафос, өр екпін, шешендік толғамдар.Жарасқан Әбдірашев шығармашылығы туралы әдебиет зерттеушілері мен сыншылары тарапынан пікірлер айтылып келеді. Әдебиетші ғалым, профессор Б. Майтанов: «Қазақ поэзиясына ХХ ғасырдың 70-жылдарына қарай еркіндей басып, еркелей келген дарынды жас Жарасқан Әбдірашев болатын» дей келе, ақын поэзиясының көркемдігі мен тілі, шеберлігі туралы ой қозғайды. Ақынның соңғы мұрасы – «Құлпытас немесе екі дүние: фәниден бақиға дейін...» атты жыр кітабы. Эпитафия (грек. epіtaphіos – қабір үстіндегі) – құлпытасқа жазылған жазу және дүниеден өткен адамға шығарылған жоқтау. Ол көбіне көлемі шағын өлең түрінде жазылады. Әдебиетке ежелгі заманда эпиграмманың бір түрі ретінде енгенҰлттық поэзиямызға үлкен жаңалық болып қосылған бұл жинақтағы эпитафиялық өлеңдер Жарасқан қаламына тән рух асқақтығын барынша айқын танытты. Қайсарлық пен табандылық, тәкаппарлық пен ірілік, асқақ пафос, шешендік толғаныс – осының бәрі бірігіп келіп ақынның романтикасын нақтылай түсті. Романтикаға тән «ерекше жағдайда ерекше характер жасау» принципі Жарасқан Әбдірашевтің «Құлпытас» жыр жинағынан барынша көзге түседі. Жарасқан Әбдірашев поэзиясының бір саласын құрайтыны – ақынның эпиграммалары. Түп тамыры антикалық әдебиеттен басталатын бұл жанр, ақынның өзі сипаттағандай «ежелден мәдениетті Еуропа поэзиясына жеңіл қалжыңның желбегейін сыпырып тастап, сатираның жалаң қылышын жанына байлаған жалаңтөс батырлығын байқата келген. Оның бұл мінезін барынша дамытып, халық алдындағы абыройын аяққа бастырмай, керісінше, «есіктегі басын төрге шығарғандар» француз әдебиетінде Ф. Вольтер, Ж. – Ж. Руссо, Э. Лебрен, орыс әдебиетінде В. Тредиаковский, А. Кантемир, М. Ломоносовтар». Аталмыш жанрда шеберліктерін сынап көрген көптеген ұлылардың есімдерін, олардың ішінде А.С.Пушкинді атауға болады. Ұлттық әдебиетіміздің тарихына назар салсақ, эпиграмманың элементтері ілгеріде-ақ бой көрсеткенін байқаймыз. Бұл салада Абайдың «Көжекбайға», «Шәріпке», «Жақсылыққа», «Қара қатынға», «Дүтбайға» сияқты өлеңдерін атауға болады. Бұл жанрға аздап болса да қалам тартқандар С. Торайғыров, С. Дөнентаев, М. Жұмабаевтар болды. М. Жұмабаев эпиграммалары белгілі дәрежеде кәсіби тұрғыда жазылған туындылар. Сондай-ақ С. Сейфуллин, І. Жансүгіров қаламдарынан да эпиграммалар туды. С. Ерубаев, Қ. Аманжолов эпиграммалары осы жанрдағы биік деңгейдегі туындылар болды. Қазақ әдебиетіндегі эпиграмма жанры туралы айтқанда Ж. Әбдірашев есімі алдымен аталады. Себеп – бұл жанрдың ұлттық әдебиетімізде жанр ретінде тамыр жаюына ақынның үлесі зор.
64.Ырғақ және оның мәні
Өлең ырғағы – өлеңдегі белгілі ырғақты үлгі-өрнекті қолданудан туатын өлшемділік. Ол алдымен өлеңнің жеке жолдарға, яғни мөлшерлі тармақтарға бөлінуіне байланысты болады. Өлең тармақтарының көлемі әдетте тұрақты. Мысалы, қазақ поэзиясында тармақ көбіне 6, 7 – 8, 11 буынды болып келеді. Өлең ырғағы өлшемділіктен туса да, жеке сөйлемдердің интонациялық-синтаксистік құрылысының сан алуан болуына орай, өлең сөздің нақтылы айтылуындағы ырғақ-үні үнемі құбылып, өзгеріп отырады. Өлең ырғағын байыту үшін сөзде бай мазмұн-мағына болуы керек, сонда интонация, дауыс толқыны түрленіп, жанданады, сөздің ырғақтылық-әуезділігі арта түседі. Ырғақ мәселесіне қатысты қазақ филологиясында тек поэзиялық шығармалар төңірегінде пікірлер болып, прозаға қатысты әңгіме айтылмауы да «қазақ прозасында ырғақ жоқ па, бар болса қарастырылмауына не себеп» деген сауалдарды күн тәртібіне қояры анық. Қазақ көркем аудармасы мәселелеріне де қатысты «түпнұсқа ырғағы сақталған» немесе «ырғақ сақталмаған» деген сияқты пікірлер айтылғанмен, сол «ырғақ» дегенді қалай анықтаймыз, ол қалай сақталуы керек, ырғақтың бұзылу себебі неде – деген сұрақтарға жауап ала алмаймыз. Сондықтан мәселені жан-жақты қарауға тура келеді. Ырғақ, яки ритм – қимылдың, құбылыстың, үннің, жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануы. Ырғақ – жасанды емес,- дейді З.Қабдолов – табиғи нәрсе, өнерге ғана емес, өмірдің өзіне де тән нәрсе, мезгілімен келіп, мерзімінен кетіп тұратын жаз бен қыс, көктем мен күз, күннің шығуы мен батуы, толқынның жағаға соғуы мен қайтуы,- Тютчевше айтсақ, мәңгілік тасу, тартылу – түп түгел ырғақты құбылыстар. Өлеңнің әр сөзі – ырғақты сөз. Өлеңді оқу, тыңдау, түсіну, өлеңге тұшыну, толқу, тебірену – бәрі ырғаққа байланысты. Сөз өнерінің өзге түрінен өлеңнің басты өзгешелігі де ырғақта жатыр. Проза ырғағы поэзиядағыдай біркелкі тең бітімдердің заңды түрдегі қайталамасы арқылы емес, мағыналық екпіндердің қайталамасы арқылы, үн екпіндерінің дәйектілікпен жоғарлатылуы не төмендетілуі арқылы, сөйлемдердің өлшемдестік құрылымы – синтагмалардың орналастырылуы арқылы және осыдан бұрын ырғақтың көп қырлылығына байланысты біз атап өткен жағдайларға қатысты жасалады. Проза ырғағындағы осы нәзіктік пен күрделілік, маңыздылық пен сан қырлылық тұтаса келіп, автордың негізгі ойы мен өзі суреттегелі отырған өмір құбылысына берген бағасына ой өзегі – идеясына келіп тіреледі. Сонымен қатар, ырғақтар үндестігіне тоқталған жөн. ырғақтар үндестігіне – жазушы мен тәржімашы шығармашылық даралықтарына, олардың стильдік ерекшеліктеріне тікелей қатысты, сондықтан кейбір жәйттер алдыңғы бөлімдерде әңгіме де етіледі. М.М.Гиршманның ырғаққа байланысты әр тілдің өзіндік ерекшеліктері бар деген жоғарыда айтылған пікіріне қосыла отырып, бұл бөлімде, табиғаты бөлек екі тілдегі ырғақтардың көркем прозадағы көрінісіне, қазақшаға аудару кезінде орысша нұсқа ырғағының сақталуы мәселелеріне назар аудармақпыз, тілдің грамматикалық құрылымының ұлт тілдеріндегі әр түрлілігі аударма жағдайында прозадағы ырғақ пен интонацияның түрлілігіне әкелетіндігін ескере отырып, аударма нұсқа ырғағының түпнұсқа ырғағымен үндесуін қарастырмақпыз.
