- •1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
- •2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
- •4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
- •5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
- •6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- •7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
- •8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
- •9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
- •15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
- •19. Образдың жасалу тәсілдері
- •16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •23.Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
- •24. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
- •25. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
- •26. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
- •27. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
- •28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
- •29. Жанр туралы түсінік.
- •30. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
- •31. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
- •32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
- •33. Әңгіме жанрын талдау жолдары
- •34. Роман жанрын талдау жолдары
- •35. Повесть жанрын талдау жолдары
- •36. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
- •37. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (ж.Аймауытов, м.Әуезов, б.Майлин т.Б. Шығармалары негізінде)
- •38. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (ғ.Мүсірепов, а.Сүлейменов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •39. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (м.Жұмабаев, ә.Кекілбаев, ә.Нүрпейісов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)
- •41. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы:
- •42. Текстологияның негізгі міндеті
- •45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
- •46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
- •47. Автор және кейіпкер
- •48. Автор және баяндаушы
- •52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
- •56. Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
- •59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
- •65. Буын және бунақ
- •66.Ұйқас өзгешеліктері
- •68. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
- •70. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
- •69. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
- •71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
- •72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •73. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
- •75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
65. Буын және бунақ
Бунақ — өлең тармағының (жолының) ырғақтық құрылысы жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы; сөз өлшемі, ырғақтық пауза. Өлеңнің әр тармағы екі, үш, төрт буынды Бунақтарға бөлінеді. Мысалы, он бір буынды тармақ үш Бунақтан құралады: Қан-со-нар-да // бүр-кіт-ші // шы-ға-да(а)ң-ға (Абай). Сондай-ақ, жеті буынды тармақ екі Бунақтан, бұдан аз буынды тармақтар бір Бунақтан тұрады. Бунаққа жіктелу түркі тілдес халықтар поэзиясына, соның ішінде қазақ өлеңіне тән құбылыс. Өлеңнің бір жолын алсақ, бірнеше буыннан құралады. Буынға бөлу үшін әуелі бунаққа бөлеміз. Өлеңнің бір тармағы бір не бірнеше бунақтан құралатыны бізге қанық. Әр бунақта буын кемі екеу, көбі төртеу болады. Қазақ өлеңінде бір бунақтағы сөздердің буын саны төрттен аспайды. Аса қалса, жыр өлеңдерінің бунақтарындағы бес буынды бунақ сықылды, біреуі үш буынды, біреуі екі буынды екі сөзден құралатын бунақтар ғана болады. Бұл бір буындас сөздер емес. Мұның жөні өзгешелеу болады (бұл туралы жыр өлеңдердің буынын тексергенде, толығырақ тоқтаймыз). Немесе екі дауысты қатар келсе, кірігіп біреуі жоғалып кететін, кірігу заңына сүйеніп жазылған өлең буындарында ғана болады. Сондықтан кейбір өлеңнің буын саны көзге артық көрінгенмен, өлеңнің өлшемі артпайды. Мысалы, /Бурылша аттан мықтымын/ дегенде де, алдыңғы бунағында 5 буын, соңғы бунағында 3 буын, барлығы 8 буын бар. Бірақ алдыңғы бунақта екі дауысты «а» дыбысы қатар келгендіктен: /бу-рыл-шат-тан мық-ты-мын/ болып, алдыңғы бунағы 4 буынға түсіп тұр. Енді 8 емес, 7 боп қалды. Сөйтіп бір буынның саны кемиді. Мысалы тұ-ра-ал-май-ды - дегенде 5 буын бар: жылдам айтқанда, тұ-рал-май-ды - дегенде бір буын кеміп, 4-ақ буын қалады. Бұны дауысты дыбыстардың кірігуі дейді.
Қазақ өлеңдерін бунағына, бунақ ішіндегі буын санына қарап, негізінде, 5 түрге бөлуге болады: Он бір буынды өлең, Сегіз буынды өлең, .Жеті буынды өлең, Алты буынды өлең, Аралас буынды өлең
Қазақтың «Қара өлең» деп айтатын өлеңдерінің барлығы да үш бунақты 11 буыннан құралады.
Бір тармағы он бір буыннан құралған өлеңдерді, бунақтарының ілгерілі-кейінді келуіне қарай, өзара 3-ке бөлуге болады.
Ақындар өлең жазғанда, бұл ағымдарды өте берік ұстайды. Үш буынды бунақты не ылғи аяқта, не баста, не ортасында келтіріп жазады. Үлкен, ұзақ өлеңдерд алсақ та, бұл принцип сақталып отырылады. Үш буынды бунақ не жолдың аяғында, не басында, не ортасында келеді. Мысалы,ұзақ поэма «Тасқынды! Алсақ, үш буын ылғи баста келеді. Осы сықылды 3 буыны ортада не аяқта келген де ұзақ поэмалар бар.
Он бір буынды өлеңдердің қайсысын алсақ та, әнге келеді. Оның себебі:жоғарғы схемасын салып көрсеткен мысалдарымыз сықылды, бунақтарының тәртіппен келгендігі. Яғни, өлеңнің басқы бунағы 3 буын, басқа бунақтарының 4 буыннан болып немесе басқы бунағы 4 буын, ортасындағы бунағы 3 буын, аяққы бунағы 4 болып келгендігінен. Әйтпесе басқы бунағы 3 буын, басқа бунақтары 4 буын болып, ылғи бірыңғай келгендіктен. Егер бұлай болмай бунақтары араласып келсе, бір шумақ өлең бір әнге келмейді. Дауыс ырғағы бұзыла береді.
