- •1.Әдеби талдаудың мақсат-міндеттері
- •2. Көркем шығарманы талдаудың жалпылама үлгісі
- •4. Көркем шығарманың жазылу тарихын зерттеу жолдары мен әдістері
- •5. Нақты көркем шығарманың жазылу тарихы, тарихи негіздері бойынша талдау жасау (м.Әуезов, с.Мұқанов, ә.Кекілбаев, о.Бөкеев, м.Мағауин, р.Тоқтаров шығармалары негізінде)
- •6. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
- •7. Тақырып туралы түсінік. Көлемді шығармалардағы тақырып пен тақырыпшалар.
- •8. Көркем шығарманың тақырыбын анықтаудың жолдары.
- •9. Идея туралы түсінік және оның түрлері
- •15. Нақты көркем шығарманы тақырыптық-идеялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •17. Көркем бейне туралы түсінік, оның танымдық, эстетикалық мәні.
- •19. Образдың жасалу тәсілдері
- •16. Нақты көркем шығарманы сюжеттік-композициялық тұрғыдан талдау (м.Мағауин, ш.Мұртаза, ә.Кекілбаев, к.Сегізбаев, с.Елубаев, а.Алтай, м.Байғұт, р.Мұқанова, а.Кемелбаева шығармалары негізінде)
- •23.Көркем уақыт пен көркем кеңістік туралы жалпы түсінік.
- •24. Кеңістік пен көркем уақыт аясын анықтайтын тұжырымдар.
- •25. Тарихи уақыт пен Көркем уақыттың қайшылығы.
- •26. Көркем уақытқа сәйкес көркем айғақ, көркем дерек.
- •27. Қазіргі қазақ повестеріндегі көркем уақыт пен кеңістік
- •28.Әдебиет дамуының тарихи сипаты. Тарихи-әдеби процестің ұлттық ерекшеліктері.
- •29. Жанр туралы түсінік.
- •30. Эпос, лирика, драмаға бөлу мәселелері.
- •31. Түр анықтау мәселесі. Жанрлық түрлердің өзара байланысы.
- •32. Жанр және тарихи жағдай. Жанр және автор.
- •33. Әңгіме жанрын талдау жолдары
- •34. Роман жанрын талдау жолдары
- •35. Повесть жанрын талдау жолдары
- •36. Психологиялық прозаның зерттелу тарихы
- •37. Түс көрудің қазақ әдебиетіндегі көркемдік қызметі (ж.Аймауытов, м.Әуезов, б.Майлин т.Б. Шығармалары негізінде)
- •38. Жанама мінездеудің қазіргі прозадағы көрінісі (ғ.Мүсірепов, а.Сүлейменов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •39. Кейіпкер психологиясын бейнелеудегі суреткерлік ізденістер (м.Жұмабаев, ә.Кекілбаев, ә.Нүрпейісов т.Б. Шығармалары негізінде)
- •40. Көркем прозадағы заттық әлем (ә.Тарази, о.Бөкеев т.Б. Шығармалары негізінде)
- •41. Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу құралы:
- •42. Текстологияның негізгі міндеті
- •45. Орыс және қазақ әдебиеттану ғылымдарындағы текстологияның зерттелу жайы.
- •46. Қазақ қаламгерлері туындыларының текстологиясына қатысты зерттеулер
- •47. Автор және кейіпкер
- •48. Автор және баяндаушы
- •52.Ұ.Есдәулеттің «Киіз кітап» жинағы
- •56. Өмірзақ Қожамұратовтың «Күн астында – құдірет» жинағы
- •59. Ж.Әбдірашевтің «Құлпытас» жинағын талдау
- •65. Буын және бунақ
- •66.Ұйқас өзгешеліктері
- •68. Әдеби бағыт, ағымдар жайлы пікірталастар.
- •70. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт-ағымдар, композиция құруда, сюжет дамытуда, ішкі сезімді танытудағы амал-тәсілдер.
- •69. Әдеби бағыт, әдеби ағымның әдеби процестегі орны, байланыстылығы.
- •71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
- •72. С.Қирабаев және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •73. Ғ.Мүсірепов және қазақ әдебиеттану ғылымы
- •74. Қаламгердің көркемдік әлемі.
- •75. Әлемдік әдебиеттану ғылымының дамуы
71. М.Әуезов және қазақ әдебиеттану мәселелері.
М.Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бiрi болып әдебиет тарихына байланысты зерттеу еңбектер жазып, мол мұра қалдырған. Жазушы өз мақала, еңбектерiнде айтып өткенiндей, әдебиеттi тану, оның тарихын, осы күнге дейiн жүрiп өткен жолын, өсу кезеңдерiн, түрлi заңдылықтарын бiлуден басталады деп түсiнедi. 20-жылдары: “Қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi дәуiрi” (“Шолпан” журналы, 1922-23 ж. № 2-3, 4-5). “Ыбырай Алтынсарыұлы” (“Шолпан” журналы, 1923 ж. №6-7-8, 173-196 б.). “Халық әдебиетi туралы” (“Жас қайрат” журналы, 1924 ж. №3-4, 15-19 б.). “Қобыланды батыр” (“Таң” журналы. 1925 ж. №1, 119-126 б.: №2, 115-118 б.). “Әдебиет ескiлiгiн жинаушыларға” (“Қазақ тiлi” газетi, 1925 ж. 23-апрель) атты мақалалары мен “Әдебиет тарихы” (Қызыл-Орда, 1927 ж.) атты көлемдi зерттеу кiтабын жариялайды.
“Қазақ әдебиетiнiң бүгiнгi дәуiрi” атты алғашқы мақалада автор қазақ ауыз әдебиетiне, оның ерекшелiгi мен маңыз-мәнiне қысқаша шолу жасап өтедi. Өйткенi жазушы: “Ескi әдебиеттiң түрiн бiлу, бетiн ұғу, ағымына түсiну бiздiң өзiмiз үшiн керек” [1] - дейдi. Яғни, бұл бiздiң бүгiнгi әдебиетiмiздiң жай-жапсарын терең танып, келешек бағыт-бетiн дұрыс белгiлеу үшiн өте қажет деп бiледi. М.Әуезов: “Орыс жазушыларының қысқаша сындарына қарағанда, бiздiң ескi ауызша әдебиетiмiз бай өрнектi, түрлi, тарауы көп кестелi, қысқасын айтқанда, қазақтың даласы секiлдi кең, келешегi көрiктi үлкен, жалпы түрiк әдебиетiнiң iшiнде үлкен орын алатын әдебиет секiлдi көрiнедi... Себебi, әдебиетiмiзде өзге көп жұрттың ауызша әдебиетiнде жоқ нәрселер табылып отыр. Ауызша әдебиет бiр заманда тәртiптi жазба әдебиеттiң қызметiн атқарғандығы бiлiнiп отыр. Сол мiндетiн ұққандықтан ауызша әдебиет өз өрiсiн кеңейтiп әкеткенiн көрiп отырмыз. Сол ескi сөздiң iшiнде ескi қазақ өмiрiнiң әрбiр дәуiрi, әрбiр мезгiлi және жеке-жеке суреттерi де айтылған”[1,115-б.] — деп жазады. “Халық әдебиетi” атты келесi мақаласында автор осы ой-пiкiрiн ары қарай өрбiтiп, қазақ халық әдебиетiнiң, яғни ауыз әдебиетiнiң осылайша өте жоғары сапалы болуы — әдебиетiмiздiң келешегi үшiн де жалпы халқымыздың “болашағы гүлдi, түбiнде iргелi ел болуына” негiзгi тұлға, себепшi деп түсiнедi. Сондықтан мақалада қазiр сол халық әдебиетiнiң үлгiлерiн ертерек қамдастырып, төгiлiп-шашылып, жоғалмай тұрғанда жинақтап, жүйелеп хатқа түсiрiп алу қажеттiгiн баса айтады. Бұл iсте, әсiресе, оқып жүрген шәкiрттердiң көп қолқабыс тигiзе алатынын жазушы өте дұрыс ескертедi. “Қобыланды батыр” атты мақалада М.Әуезов ауыз әдебиетiнiң халықтың азаматтық тарихымен байланысы жайлы өте қызықты, әрi ғылыми тұрғыдан құнды ой-пiкiрлер айтқан. Автор жалпы ауыз әдебиетi шығармаларының, соның iшiнде батырлар жырының да негiзiнен ел хиялынан, арманынан туатындығын, бiрақ солай бола тұра олардың өмiрлiк, тарихи белгiлi бiр негiзi болатындығын “бiзге тiптi анық қылып тарих бетiн ашып бередi десек те, сол ескi тарих көлемiнде болған iрi мезгiлдердiң барлығының да ұлы суретiн нобаймен, тұспалмен көрсететiндiгiн” [2] атап айтады. Бұл шағын мақалаларда ауыз әдебиетi, әдебиет тарихының кейбiр мәселелерi, жеке өкiлдерi мен шығармалары жайлы қысқаша барлау, шолу түрiнде көрiнген алғашқы қадам жасалса, “Әдебиет тарихы” кiтабы жазушының сол ой-пiкiрлерiнiң жинақталып, жүйеленген тұңғыш тұлғалы зерттеу еңбектiң үлгiсі бола алған едi. М.Әуезов бұл кiтапты жазуға үлкен дайындықпен келген деуге болады. 1923 жылы Ленинград университетiне оқуға түскенiмен сол жылдың аяғынан 1925 жылдың қыркүйегiне дейiн жазушы Семей қазпедтехникумында, мұғалiмдердi қайта дайындайтын курстарда қазақ әдебиетiнен сабақ бергенi белгiлi. Сол жылдары жазушы “Таң” журналында өзiнiң көркем шығармалары,мақала-зерттеулерiмен қатар ел арасынан жинаған көптеген ауыз әдебиетiнiң, әдебиет тарихының үлгiлерiн жариялайды. Істiмiздегi ғасырдың бастапқы жылдарында, әсiресе кеңес үкiметiнiң орнаған кезеңiнен бастап жер-жерде бiрiншi басқыш мектептермен қоса бiртiндеп орта буын мектеп, техникум, институт, әр алуан мамандық жолындағы курстар ашыла бастады. Сондықтан М.Әуезовтiң “Әдебиет тарихы” атты бұл кiтабы қазақ ауыз әдебиетi туралы тұңғыш күрделi зерттеу еңбек болумен қатар сол дәуiр талабына сай мектеп, оқу орындарына арналған алғашқы оқулық та болып табылады. Сол алғашқы басылымдағы арнау сөзiнде жазушы: “Қазақ шөлiндегi бiлiм бұлағының күрекшiсi — қазақ оқушыларына арнадым” — деп жазыпты. Автор кiтаптың “Сөз басы” деп аталатын бөлімінде...
